МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК
ФИЛИАЛ АКЦИОНЕРНОГО ОБЩЕСТВА «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ
«ӨРЛЕУ»
«ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ ПО АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ»
Старший преподаватель кафедры
«Управление и качество образования»
Самарканова А.А.
E-mail: samarkanova89@mail.ru
Бастауыш
сыныпта оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру
«Адамның
бақыты – балада», «Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді
халқымыз. Жалпы қоғамды жақсылыққа апарар
жолдың бірі-білім. Еліміздің ертеңгі болашағы
–бүгінгі мектеп қабырғасында отырып, білім нәрімен
сусындаған жастар. Осы мектеп қабырғасындаға
оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын
қарастыру бүгінгі күннің өзекті
мәселесі.Жаңа ғасырдағы
еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі
өзгерістердің бірі деп білім беру саласындағы реформаны
айтуға болады. Реформа Қазақстанның дамуына
оңтайлы әсер ету үшін білім беру жүйесін талапқа
сай қолдана алу міндеті туындап, жаңаша ізденіске бағыттап
отыр. Осы тұрғыда қәзіргі мұғалімдерде білім
берудің жаңа, тиімді жолдарын таңдай білу еркіндігі бар. Біз
осыны бағалай білуіміз керек. Қазіргі заман талабына сай жаңа
келбетті сабақ беруде тиімді әдіс-тәсілдерді жан-жақты
қолдану ұстаз білігі мен шеберлігі арқасында жүзеге
асады. «Мектептегі басты тұлға-мұғалім» - десек, жас
ұрпақтың шығармашылығын, сыни-ойлауын, талантын
қабілетін, сенімділігін
қалыптастыру, оқушылар есейгенде өз жолын
таңдауға түрткі болу-мұғалімнің абыройлы
борышы болып табылады.Бүгінгі таңда күн тәртібінде
тұрған тәуелсіз елдің талантты ұрпағын
тәрбиелеу болса, сол ұрпақтың білімін
мұғалім әдіс - тәсілдерді шығармашылықпен
қолданса ғана жете алады. Ол үшін мұғалім
үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Ал осыны жүзеге
асырудың бір жолы мұғалім кәсіби және оқыту
курстарынан, шеберлік сыныптардан, семинардан, конференция,
дөңгелек үстелдерге қатысып, өз білімін жетілдіре
алады.
«Ұстаздың
биігі ойлана қарасаң биіктейді, үңіле
қарасаң, тереңдейді, қол созсаң қарсы алдыңда,
айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ
айтқандай , еліміздің алдыңғы қатарлы
мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу
саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі
өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойып отыр. Ел болашағын
айқындайтын-сапалы білім .Соның ішінде басты міндеттердің бірі- келер ұрпаққа әлемдік
деңгейде білім беру. Мақсатына карай білім мазмұнын жаңаша қарау. Қазіргі кезде
білім берудің жаңа жүйесі жасалынуда. Білім мазмұны мен
әдіс-тәсілдер жаңаруда, бәсекелестікке қабілеті
зор, шығармашылық бағытта еңбектене білетін, ой
қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға тәрбиелеуді көздейді. Бүгін мектеп
партасында отырған оқушы
ертең ел тағдырын шешетін
үлкен азамат. Оқушыларына сапалы білім беру, саналы
тәрбиемен қамтамасыз ету –мұғалімнің басты
міндеті болып отыр. Әртүрлі
оқытудың жаңа тиімді технологиялары сарапталып,
жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелері зерттеліп, мектеп өміріне енгізілуде.
Қазіргі заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де
жаңарып, жаңаша технологиялар мен модулдар анықталуда. Мектеп
алдында белсенділікке бағыттап
жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке
тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Оқушылардың белсенділігін
қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің
маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап
өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы,
сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін
бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды
орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің
жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі. Мектептегі
оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық
белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол
ашуы қажет. Оқыту
процесі - екі жақты процесс болғандықтан,
оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс - әрекеті мұғалімнің
басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын,
белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек
етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар
оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі
ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен
әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады. Оқушылардың
өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың
өз еркімен амал - тәсілдер қолданып жасайтын
шығармашылық жұмыстары жатады.
Заман
талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың
біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс —
тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз
біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім
кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.Сонда
ғана өзін — өзі дамыта алатын, өзін — өзі
жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке
тұлғасын қалыптастыра алады.
Оқушылардың белсенділігін, іздемпаздығын
қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар
ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен
ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік
үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы,
таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың
танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық
бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану -
олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра
алады. Сондай - ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар,
көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі
шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін
ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Белсенді
болуға үйрету тұлғаның
интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның
психологиялық, мінез - құлық ерекшеліктерін де
көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға
бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік
пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке
қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік,
ақиқаты іздеудегі және қарым - қатынастағы
адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға
байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету
жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған
қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқу іс
әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста
болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш - жігерін,
педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи
мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы,
шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы
өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген
сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті
қалыптастыра алады. Менің байқағаным, бастауыш
сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген
оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық
жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және
дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады.
Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту
мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Бастауыш
сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың
танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту
олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып,
өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта
түседі.
Белсенділік,
дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы
қиындық туғызады және де олар әлеуметтің
ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген
шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі
оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық
бастауы жатыр.
Әлі де
болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап
айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне,
ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс
қабілеттерін қалыптастыру. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер
ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі,
жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте
естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бабаева Ю. Д.
Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и
одаренности. М. 1997г.
2. Бастауыш мектеп. №7. 2015жыл.
3. Б. А.
Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.
4.
Мұғалімге арналған нұсқаулық 2017
жыл.