ӘОЖ 008:78.01

музыкалық мәдениетінің дамуында ҚАзақ ҰЛТТЫҚ салт-дәстүрлер мұрасы

 

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті

Жомартова Г.Р.

 

РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматриваются историко-педагогические аспекты формирования музыкальной культуры сквозь призму казахского традиционного народного наследия

SUMMARY

This article deals historical-pedagogical aspects of formation musical culture trough a prism of the kazokh traditional national heritage

 

Мәдениет белгісі - «дәстүр» сөзінің мағынасына келе, С. Кенжеахметұлының қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы еңбегінде – «Халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады.» пікірі айтылған[1].

«Ұлттық» ұғымы кең мағынада, жеке этникалық топтарға тән және бірқатар біріктірілген қауымдарға тән болатын жоғары қатардағы әлеуметтік-этникалық ұғымын білдіреді[2]. Ал, «мәдениет» ұғымын қоғамдық, әлеуметтік өмір көрсеткіші ретінде тәрбие мен рухани дамуы мағыналарына сай болатын болса,[3] сонда «Ұлттық мәдениеті» ұғымын былай деп тұжырымдауға болады – қай ұлттың болмасын мәдениетінің дәрежесі сол ұлттың әдеп, әдет-ғұрпына байланысты, егер салт-дәстүр ұлттың мәдени жағдайын күнделікті тұрмыста орын алса, мұның қажетті шаруа екендігі даусыз.

Бұл мәселе музыкалық мәдениетке де тиісті. Қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған. Күй деген – музыкадан сөзсіз бөлініп шыққан дыбыс, музыкалық жанрдың дүниеге келуі. Бұл бейнелеп айтқанда сөз өнерінде роман, эпопея жанрының дүниеге келгені сияқты. Қазақ музыкасына үлес қосқан зерттеуші Борис Григориевич Ерзакович ескі нотадағы аталған музыканы бүгінгі нотаға түсіргенде «Ақсақ құлан» күйі шығады. Кетбұғадан кейін сары Салтық, одан бері қарай Байжігіт, Абылай хан кезіндегі атақты күйшілер, XIX ғасырдағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет сияқты ондаған-жүздеген классикалық күйшілер өткен. Демек, қазақтың рухани мәдениетінің бүгінге дейін ұлтымызға айрықша қызмет етіп келе жатыр. [4]

Қазақ дейтін халықты құрсағында тербеткен ұлы даланың аумағы қазіргі шекарадан әлдеқайда кең болатын. Біз отаршылдықтың қақпанына түскен кездегі жеріміздің үштен бір бөлігінен айырылып, тәуелсіздік алдық. Осы орайда, шекара сыртында жатқан мынадай мәдени 5 түрлі рухани асылдарымызға біз ұдайы назар аударып жүруіміз керек. Бірінші – атамекен жұрттарымыз, екінші – сол жұрттарда сүйегі қалған ата-баба әруақтары, үшінші – шекара сыртында жатқан жалпы мұралар, төртінші – шекара сыртында аналарымыздың, аталарымыздың қолымен жасалған материалдық мәдениеттер, бесінші – шекара сыртында әлемнің қырықтан астам елінде бас сауғалап жүрген қандас бауырларымыздың қолынан туған музыкалық өнер туындылары. Осының барлығы біздің төл тарихымыздың, төл мәдениетіміздің құрамдас бөлігі болып табылады. [5]

Тарихи-мәдени зерттеулерде жасаған талдау дәстүрлі музыкалық мәдениетке бірқатар қазақ ұлы қайраткерлерінің - Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, А. Жұбанов, Б. Сарыбаев және қазіргі замаңғы зерттеушілердің - Қ. Жұмалиев, Т. Жұмағалиева, Д. Ахметбекова, Б. Ысқақов, Ә.  Қарамедина, З. Қоспақов, Б. Қосбасаров, И.Т. Тасмағанбетов, А. Құдабаев, Е. Дүйсебайұлы және т.б. аса назар аударғанын, өнердің халықтық негізін және ұлттық музыкалық дәстүрлерінің тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздегенін, сондай-ақ өз еңбектерінде ұтымды пайдаланғанын көрсетеді.

Халқымыздың музыкалық қоры өте бай, игерiлiп бiтпеген мол қазына. Атадан балаға мұра болған «Қыз Жiбек», «Ер Тарғын» секiлдi әдеби мұраларға жаңаша бiр өң бiтiп, олар музыкалық шығармаға айналды. Ал бүгiнгi заман тудырған мұралар тiптi көп. Солардың қай-қайсысы да өмiрдегi оқиға, құбылыстардың, ренiш-қуаныш секiлдi адам бойындағы сезiмдердiң сырын ашады. Музыка үнiн естiгенде ерекше әсерленетiмiз де содан. Ат шабысты көзге елестететiн «Сарыарқа», «Адай» сияқты күйлердi естiгенде өзiң де бiр тұлпарға мiнiп ап жүйткiлiп бара жатқандай сезiнесiң.

Дәстүрлі музыкалық мәдениетінің қайнар көзінен сусындап, мәдени мұраны біліктілік пен кәсіпқойлық деңгейде шыңдап, жетілдірген мамандарымыздың шығармашылығы да назардан тыс қалмады. Мәселен, Қазақстанның композиторлық мектебі, Қазақстан композиторларының камералық-вокалды жанрдағы музыка мен мәтіннің өзара ауқымды байланысы, Қазақстан композиторларының шығармаларындағы ән-вальстер туралы қызу да пайдалы пікір алысулар өтті.

 

Әдебиеттер

1.       Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. –Алматы, Атамұра, 2010. – 137 бет.

2.       Қожахметова К.Ж. Этнопедагогика. Оқу құралы. –Алматы: Қарасай, 2012. –57 бет.

3.       Энциклопедический словарь по культурологии. /Под общей редакцией д.филос.н., профессора А.А. Радугина. –Москва: Центр, 1997. –С. 209-210.

4.       Ерзакович Б, Каракұлов Б, Қоспақов З. Қазақтың музыкалық фольклоры. – Алма-Ата: Наука, 1982

5.       Жұбанов Қ. Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жәйлі // Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999