Шарипова Г.Т.
ҚР.,Солтүстік-Қазақстан олысы, Тайынша ауданы,
Теңдік орта мектебі
ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ
Қазіргі таңда басқа
салалар сияқты педагогика
ғылымы да алға аяқ
басуда. Ескілікті тәсілдерді жаңарта отырып баланың
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа
оқыту технологияларының оқыту үрдісінде белсенді енуі
ғылымның ары қарай дамуына үлкен септігін тигізуде
.
Жаңа технология түрлерін
сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык,
интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде
пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Қазіргі таңда
оқытудың жаңа әдістерінің ішінен жиі
қолданылатын әдістер қатарына: лекция, тренинг,
қашықтық оқыту, модульдік оқыту,кейс-стади,
коучинг, рольдік оқыту, жұптық оқыту,топтық
оқыту, миға шабуыл, АКТқолдану, ДЖИГСО сияқты бірталай
әдістерді атап айтуға болады.
Лекция – бұл
көрнекіліктердің көмегімен ақпаратты ауызша
берудің түрі. Бұл әдістің жақсы жері
бүкіл сыныпқа жаңа ақпаратты оңай беру жолы.
Кемшілігі – кері байланыс жоқ.
Тренинг – бұл педагогикалық
үрдістің практикалық бөлігі маңызды жағы
болып табылады, теориялық жағы тек тұрлаусыз
бөлігі.Бұл әдісте мәселені жан-жақты
қарастыруға мүмкіндік болады,бірақ оны үнемі
қолдап отыру керек онсыз алынған білім тез ұмытылады.
Қашықтықта оқыту
– бұл техника құрылғыларының көмегімен
қашық жерденоқыту болып табылады. Ерекшелігі мүмкіндігі
шектеулі оқушыларды оқытуға болады. Кемшілігі үрдіс
вертуалды түрде болады.
Модульдік оқыту – бұл оқу
материалын бірнеше модуль болып табылатын бөліктерге бөлу. Әр
бөлік өзіндік мақсаттар мен ақпаратты беру
әдістерінен тұрады.
Кейс-стади – әдісінде
оқушыларға қандай да бір жағдаят туғызылады, сол жағдаятты
қатысушылар талдап, өзіндік баға беруге ұмтылады. Педагогикалық
мақсатқа жетуүшін педагог жоғары білікті маман болу
керек, егер де ондай болмаса жағдайды талдау ұзаққа
созылып кетуі мүмкін.
Коучинг – бұл қаралып
отырған мәселені білетін өте тәжірбиелі
қатысушыларды қажет ететін әдіс.
Рольдік оқыту – қаралып
жатқан тақырып бойынша рольдерге бөліне отырып тапсырмаларды
орындау. Рольдік ойындар қатысушылардың рефлексияларын дамытып,
қателіктерді азайтады.
Жұптық оқыту барысында
қатысушы өзіне жұп таңдап немесе мұғалім
оқушыларды жұпқа бөліп, тапсырма береді. Оқушылар
материалды жұппен қарастырып орындайды, бірін-бірі
толықтырады, үйретеді, кері байланыс орнатады.
Топтық оқыту – сыныпты
белгілі бір топтарға бөлу арқылы топ ішінде ортақ
проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі,
талқылауы, оқушылардың ортақ ойға келуі.
Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар
зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап,
айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар
«мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді
қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген
сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда
«Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Миға
шабуыл – шағын топтармен жұмыс жасау үшін қолданылады.
Ортаға ортақ қарастырылатын мәселе тасталып оны топпен
орындауға шақырады. Жақсы жағы бұл жерде нашар
оқитын оқушылар да өз ойларын ортаға салып бір-бірін
тыңдайды. Минус жағы қиын мәселе шешілмейді,
жақсы идеяларды қай оқушыдан шыққанын
байқамай қаласың.
АКТ – бұл оқыту әдісі аты
айтып тұрғандай оқыту
үрдісінде компьютерлер, ноутбуктер,проекторлар мен мультемедиалық
тақталар қолдану арқылы жүзеге асады. Оқу
материалын демаонстрациялау, кез келген уақытта қайталау үшін
тиімді.
ДЖИГСО әдісі – бұл
әдісте оқушылар топқа бөлініп, әр топқа
белгілі бір материалдар беріледі. Әр топ тақырыпты талқылып
болған соң, топтағы бір оқушы көрші топқа
барып өз білгенін түсіндіреді, тағы келесі топқа барып
түсіндіреді солай барлық топтарға барып түсіндіріп
шығады.
Осы аталған әдістер әсерінен білім, кәсіп,
іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім
жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп
кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп — мамандық
таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу
үшін іскерлік қажет. Іскерлік — оқу, білім, кәсіп,
тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар,
дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру
қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция,
қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс
байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші
пайда болады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа оқыту әдістерін оқып,
үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
— білім алушылардың білім, білік сапасын
арттырудағы жаңа оқыту
әдістерінің түрлері
сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже
оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
— жаңа оқыту
әдістерін енгізу жүйелі
әрі мақсатты түрде жүргізілгенде
ғана жетістікке жетуге болады;
— жаңа оқыту әдістерін енгізу барысында әрбір оқу
орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі
талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық
әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім
алуының бірден-бір
шарты — оқу
орындарындағы білім беру процесіне
жаңа оқыту әдістерін енгізу екендігі
сөзсіз түсінікті. Сондықтан
ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай,
жаңа педагогикалық инновацияларды дер
кезінде қабылдап, өңдеп,
нәтижелі пайдалана білу – әрбір
ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің
ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін
енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.