Педагогика / 5. Современные методы преподавания
Туретаев А. Қ.
№ 4 жалпы орта білім беретін мектебінің
бейнелеу өнері және
сызу пәнінің мұғалімі
Шалқар қаласы,
Қазақстан
Жаңа
технология - бейнелеу өнері сабағында
Сурет – бейнелеу өнері түрлерінің: графиканың,
мүсіннің, сәндік-қолданбалы өнердің негізін
құрайды. Сурет адамның қоршаған ортаны танып
білуде және зерттеуде қажетті құралдарының бірі
болып есептеледі.Оның көптеген түрлері бар, яғни, ол - техника,
әдістері, жанрлар мен бағыттары және тақырыптарына
байланысты ажыратылады.
Көркем қолданбалы өнерде кездесетін сурет,
тұйық өрнек тәрізді композицияға сүйеніп
салынады. Мұндай композициялық құрылымды
құру жолында оқушы табиғи формалардан қолданбалы
өнердің образын жасау үшін, жалпылау және
қарапайымдау сияқты талаптарды орындайды. Бұл жұмысты
орындау жолында, оқушыларға бейнелеу өнерінен алған
білімі мен тәжірибесі көмектеседі. Сонымен бірге, бейнелеу
өнерінің қағаз бетіне заттың көлемін, бейнеленетін
нәрсенің шынайы бейнесін, кеңістік әсерін, сызықтық
және кеңістік перспективасын, жарық пен көлеңке
ережелерін шешу т. б. заңдылықтарын көркем композицияны құру
кезінде қолданбайтынын естен шығармау керек. Қолданбалы
өнер үйірмесінде немесе сабақта затты жазықтық
бетіне әсерлі дақтармен ырғақты құрылым
құрып бейнелейді.
Ағаш пен металды немесе басқа қолданбалы өнерде
қолданылатын шикізаттардың кенеп пен бояудын көркемдік
және технологиялық мүмкіндік қасиеттері мүлде
бөлек. Бояуды өзара араластыру арқылы алынған әр
түрлі түстік реңктердің қолданып, бір
түстен екінші түске жұмсақ ауыстыруға болады. Көркем
қолданбалы өнерде құралдар: қайшы, пышақ, әр
түрлі кескіштер. Материялдық: ағаш, металл, тері, сүйек.
Орындалу технологиясы: ою, балқыту, жону т. б.
Бөлек эстетикалық үндестік және дербес
қолданыс бағыты бар қолданбалы өнерде, өзіне
тән әсерлеу әдісі бар. Мұны ескермей бейнелеу
өнерінің басқа түрлерінен көшіру, оларға
еліктеу осал, ішкі дүниесі таяз, көрерменге берері жоқ туынды
пайда болады.
Композиция мазмұнын
оқушылар қоршаған ортадан алады. Ол үшін бақылай білу және
әрдайым суреттеме салып жүруі қажет. Ұнаған ағаш
бұтағы, оның діңі немесе қызық формалы
жапырақтары, сондай-ақ көңілі түскен
нәрселерді қойын дәптеріне түртіп алынады. Кейінірек,
бұл суреттер керек болуы мүмкін.
Оқытушы оқушыларға қарап сурет салу арқылы, қол
ептілігін дамытуды, күнделікті қоршаған ортадан табиғи
өрнектерді байқап көре білу қабілетін тәрбиелеуі
керек.
Оқушыларда шығармашылық шешім кездескен
материалдардың көркемдік және әсемдік мүмкіндігін
зерттеу кезінде пайда болады. Бұл әсіресе ағаш ою
сабағында, әр түрлі ағаш тамырлары
құраған бұтақ түрлерін
қолданған кезде болады. Сонымен бірге композициялық ізденіс
кезінде, орындалар көркем қолданбалы өнердің формасын,
көрерменнің қабылдау әсері де ескеріледі. Форманы
қабылдау әсеріне көптеген нәрселер жатады. Олардың
ішінде ең маңызды болып, бұйымның өлшемі мен
формасы, түсі мен материалдардың фактурасы орналасқан жердегі
жарық пен көрерменнің қашықтығы жатады. Жобамен
жұмыс кезінде көркем қолданбалы өнерде маңызды
нәрсе қосымша эргономикалық талаптар және жергілікті
дәстүрді сақтай отырып, эстетикалық талаптар
ескеріледі. Қолданбалы өнердің композициясын ойластыру
кезеңіне, бұрыннан белгілі өнер туындылары да ой түркі
болуы мүмкін. Алайда орындалар жұмыс өнер туындысының
көшірмесі болмай, қолданбалы өнердің
заңдылықтарына сәйкес өзге шешіммен орындалуы тиіс.
Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында
оқушылардың өздігінен жүргізілетін танымдық
іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт
деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық
деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты
мазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады.
Жаңа технология бойынша сабақ берген мұғалімдер
оқушылар үзіліс кезінде де сабақтан бас алмағандарын
байқаған. Өйткені олар бейнелеу өнер туралы өзара
жұмбақ, сөзжұмбақтар сияқты
әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылған.
Бұл жаңа технологиямен оқытудың ерекшелігі, мәселен,
бейнелеу өнері сабағында мұғалім берген тапсырмаларды
мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге
көмектеседі. Деңгейлік тапсырмаларды енгізудің басты
мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті» және
«қабілетсіз» деп жасанды әртүрлі жіктерге бөлуді
болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту,
сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру
ұстанымы сақталады. Алғашқы деңгейді толық
және дұрыс орындамайынша оқушылар келесі деңгейге
көшпейді, толық меңгерген оқушылар әрі
қарай ілгері ұмтылып, өз - өздеріне деген сенімдері
артады. Орындалған тапсырмалар есепке алынып отырады. Әрбір
педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін - өзі
дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық
қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі
дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективті
әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Қазіргі таңда қоғамда және білім мен
мәдениет саласында туындаған іргелі өзгерістер жалпы білім
беретін мектепте оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі
қайта қарауды, оны жүргізудің жаңа
әдіс-тәсілдерін қолдануды алға тартуда. Бұл
үшін әліде жоғары сапалы жаңа бағдарламалармен,
оқулықтар ауадай қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қ. Әбдіғалиев. Осы заманғы педагогикалық
технология А. 2001
2. К. Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология
А. 2004
3. Қ. О. Жеделов, А. К. Кәрімов. Бейнелеу өнері.
Бағдарлама А. 2008
4. Б. Ж. Жиентаева. Халық арасындағы ұлттық
қолданбалы өнерді оқытудың тиімді әдістері Ж. 2000
5. С. Қалиев, Қ. Жарықбаев. Қазақ тәлім
тәрбиесі А. 1995