Сыни
тұрғыдан ойлау стратегияларының әдебиетті
оқытудағы тиімділігі
аға оқытушы Сейсембай
Г.А., пед. ғылымд. магистрі Ерманова С.Б.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
Сын
тұрғысынан ойлау дегеніміз - бақылау, тәжірибе,
толғану және пайымдау нәтижесінде алынған
ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде
қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол
әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. [1]
Бағдарламаны меңгеру барысында түсіндірілген
модульдардың бірі сын тұрғысынан ойлау. Бұл модульды
меңгерудегі менің мақсатым -
оқытудың заманауи талаптарына сәйкес студентті
оқу мен оқытуда сыни ойлауға үйрету, соның
нәтижесінде болашақ маман болып табылатын студенттердің өзіндік
дәлел-уәждерін дәлелді жеткізе білетін, ынталы, өзіне
сенімі мол, сыни көзқарастары қалыптасқан,
оқытудың жаңа әдістерін меңгерген, өзіндік
шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті жеке
тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосу.
Осы модульдің
өзегі болып табылатын «ойлау туралы ойлану» деген тұжырым
маған ерекше ой салды. Осыған дейінгі сабақ беру
әдістерімді саралай отырып сыни ойлауға ең алдымен өзім
қадам жасауым керек пе деген ойға қалдым. Өйткені сыни
ойлауға үйретуші, соған бағыт беруші оқытушы
ретінде өзімнің ой көкжиегімді кеңейту, сыни ойлау
қабілетімді жетілдіру бұл әдісті жүзеге асырудағы
алғашқы қадам деп санаймын. Сондықтан тәжірибе
кезеңіндегі өткізілген сабақтарда мен жұмысты
өзімнен бастадым десем болады. Сабақтың қысқа
мерзімді жоспарларын дайындау барысында әдістерді ұтымды
жүзеге асыру, студентке ой салу, шешімді іздеудің барынша
оңтайлы тәсілдерін ұсыну мәселелері маған ой
салды. Өтілген әрбір сабаққа ерекше дайындық жасап, сыни ойға үйретуде
маңызды болып саналатын әдістерді таңдап, талғап
алуға назар аудардым.
Тәжірибелік
сабақтарды жүргізуде негізгі нысан болған 2 курс
студенттерімен ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
пәнінен өткізілген дәріс, семинар сабақтарында СТО
стратегияларын тиімді қолдануға болатынын байқадым.
«Миға шабуыл»,
«Сұраққа жетіп ал», «Ыстық орындық 1, 2», «Бір минуттық
әңгіме», «Дәліз» әдістерін
қызығушылықты ояту кезеңінде қолдансам.
«Ақылдың
алты ойлау қалпағы», «Галереяны шарлау», соның негізінде
«Кластер», «Өрмекші», «Фишбоун» әдістерін, «Джигсо»,
«Кинометафора», «Ашық микрофон», «Биопоэма», «Буклет», «Автобус
аялдамасы», «Эйлер шеңбері» әдістерін сабақтың
мағынаны ажырату кезеңінде пайдаландым.
Ал «SWOT» талдау,
«Бэкроним», «МИКС», «Ыстамбул», «Сұраққа жетіп ал»,
«Ыстық орындық 1, 2»,
әдістерін сабақтың ойтолғаныс сәттерінде
жүзеге асырудың ұтымды екендігін аңғардым.
Әдебиет
сабағында қызығушылықты ояту кезеңінен кейін
дәріс, семинар мәселелерін талқылау, мағынаны ажырату
кезеңдерінде СТО әдістерінің барлығы тиімді екендігін
нақты тәжірибеде анықтадым.
ХІХ
ғасырдағы қазақ әдебиеті бойынша өткізілген
«Зар заман ақындары» тақырыбындағы семинар сабағында
мағынаны ажырату «Эйлер шеңбері» әдісімен көркем туынды
талдау арқылы жүргізілсе, «Кинометафора» әдісімен
көрсетілген бейнесюжетке қатысты топтық талқылау сыни
ойлау арқылы жүзеге асырылды. Көркем шығарманы Эйлер
шеңбері әдісімен талдау студенттерде ерекше
қызығушылық туғызды, талдау жолының
өзгешелігі оларға мәселеге басқаша, сыни
көзқараспен қарауына мүмкіндік берді.
СТО
стратегияларының ішіндегі сабақ барысында нәтижелі
қолданылғаны «Буклет» және «Автобус аялдамасы» әдістері
болды. Талдауды топтық түрде «Буклет» әдісімен жасатып,
топтар арасында ақпаратпен «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы
алмасу уақыт үнемдеу, студенттер белсенділігін арттыру, мәселені
терең талқылау үшін ең тиімді әдіс деген шешімге
келдім.
Студенттің
сыни ойлауын дамытуда оңтайлы әдістердің бірі –
«Кинометафора». ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
пәнінен «Зар заман ақындары» тақырыбында өтілген
семинар сабағында студенттерге тақырыпқа сәйкес,
ақындар шығармаларының мазмұнын ашатын бейнесюжет
көрсетіліп, соның негізінде адамгершілік қасиеттер туралы
ақындар ойы мен бүгінгі заман көрінісі байланыстырылып,
талқыланды.
Талдау кезіндегі
студенттердің терең мағыналы сөздері, ақындар
туындыларынан осы сюжетке қатысты үзінділер келтіре отырып сарабдал
ойлар айтуы бұл әдістің студенттің сыни ойлауын,
әдебиетші ретінде шебер сөйлеу дағдысын дамытуда
маңыздылығына дәлел болды.
«Галереяны шарлау» әдісі ХІХ
ғасырдағы қазақ әдебиеті пәні бойынша
«Көтеріліс тақырыбын жырлаушы ақындар» тақырыбы бойынша
өтілген семинар сабағында қолданыс тапты. Топтық
жұмыс барысында студенттер материалды талдап, «Кластер», «Өрмекші»,
«Балық қаңқасы», «Кемпірқосақ»
әдістерімен талдау қорытындысын жинақтады.
Шығармашылық қабілет, ойды, ғылыми деректерді
жинақтай білу шеберліктері, ерекше шешім жасау дағдыларын дамытуда
«Галереяны шарлау» әдісінің ұтымдылығы ерекше.
Бұл әдістің қорытындысында студенттердің өз
жұмысын, өзгенің жұмысын қайта қарап,
бағалауға да мүмкіндіктері болды. Бұл олардың
өз дағдыларын әрі қарай дамытып, тәжірибе
жинақтауына негіз бола алады.
СТО
стратегияларының ішінде студенттің ойлау дағдысын
дамытуға маңызды деп «Ақылдың алты ойлау
қалпағы» әдісін атап өткім келеді. Атына заты сай
бұл әдіс материалды талдауда топтарға ойдың өзін
нақтылап беріп (нақты фактілік, эмоциялық, т.б.), ойлай
білуге, ол ойдан нақты нәтиже алуға, мәселені ерекше
жолдармен шешуге мүмкіндік туғызып, бағыттайды.
Әдісті
студенттер қызығушылықпен қабылдап, белсенді талдау
жүргізіп, өз түсіндегі ойлау қалпағына
сәйкес ерекше ой-пікір білдірді. Кейбір айтылған пікірлер
тәжірибелі оқытушы маған да ой салды.
Болашақта мен
бұл әдіс арқылы студенттердің осы әдіске
тән ойлау дағдыларын қалыптастырып, оны шеберлікпен
қолданғым келеді.
Өткізілген
сабақтарда СТО стратегияларын мақсатқа сәйкес түрлендіре
қолдана келіп, әрқайсысының өзіндік
артықшылығы, студентті сыни ойлауға үйретуде,
өзіндік ізденіске, топтық жұмысқа бейімдеуде,
шығармашылық қабілеттерін шыңдауда, мәселені сыни
оймен қабылдап, оны шешудің ерекше тәсілдерін табуда, жеке
тұлғалық қасиеттерін дамытуда әрбір
әдістің атқарар рөлінің маңызды екенін
ұғындым. Осы әдістерді сабақта жүзеге асыру
барысында студенттердің көзқарастары мен әрекеттерін
жіті бақылауда ұстай отырып, сабақта СТО әдістерін
қолдануым олардың тарапынан да қолдау тапқанына,
сабаққа деген қызығушылықтарының артып,
әр студенттің өз қабілет-қарымын жүзеге
асыра алғандығына, сабақтың сапалы өтуіне мол
үлес қосып, нәтижесіне
қанағаттанғандығына куә болдым. Бұл –
менің жұмысыма ерекше шабыт беріп, одан әрі ізденуіме
әсерін тигізетін факторлардың бірі.
Сыни тұрғыдан ойлау үнемі жетілдіруге
тиісті зияткерлік шеберлік, олай болса әдіскер ретінде сыни
тұрғыдан ойлауға үйрену және СТО стратегияларын
ұтымды қолданып, студенттің сыни ойлау дағдысын
дамытуға күш жұмсау менің болашақтағы
жұмыс жоспарымда басты орын алады және соған сәйкес
қарқынды жұмыс жасалады деген сенімге ие болудың
өзі мен үшін үлкен жетістік.
Сыни
тұрғыдан ойлау қабілеттерін қадағалау мен арттыру
мақсатында үздіксіз бағалау мен рефлексияны жүзеге
асырып отыру қажет.
Сыни
тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдану барысындағы
проблемаларды әр қадам сайын анықтап, оны жоюдың, СТО
әдістерін барынша шебер, ұтымды қолданудың жолдарын
үздіксіз анықтау менің келешекте жүзеге асырар басты
міндеттерімнің бірі болмақ.
Қазіргі
таңдағы еліміздің ең басты мақсаты
өркениетті елдердің қатарында болып, бүкіл
әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып отыр. Мұның
өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму
бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға
жеткізудің қажеттілігін алға тартады.
Білімді де білікті,
креативті, бала жүрегіне жол тауып, оны биіктерге жетелей алатын
ұстаз іске кіріскенде ғана жас ұрпақты сапалы
оқыту проблемасы өз шешімін таппақ. Өйткені кешегі, бүгінгі
және болашақтағы өз маңызын жоймайтын
көкейтесті мәселе – жас буынды ізгілікке, сыни ойлауға
тәрбиелеу арқылы оқытуды жаңа сапаға көтеру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Студентке арналған
нұсқаулық. ҚР педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының
негізінде əзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу
орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кəсіби білім
беру бағдарламасы. Бірінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ, 2015
2.
Бітібаева Қ.
Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А.,1994.
3.
Құрманбаева
Г.,Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының
үлгілері.А.,1999