Шалтыков А.И.- саяси ғыдымдар докторы, профессор
(Алматы,
Қазақстан Республикасы)
КӨПТЕН КҮТКЕН ЖОЛДАУ
Қвңтардың 10 –ы
Қазақ елі үшін ерекше болды. Осы күні
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан халқына
арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауын
жарияланды. Мемлекет басшысының
биылғы Жолдауы «Қазақстан -2050» Даму стратегиясын
жүзеге асырудағы маңызды қадам ретінде ерекшеленеді.
Жолдауда Елбасы қазіргі кезеңде әлемде жалғасып келе
жатқан жаһандық экономикалық дағдарыс пен алпауыт
елдердің текетіресін, өзара санкциялар алмасуы жағдайында
қоғам мен экономикамыздың тұрақты дамуы,
азаматтарымыздың әл-ауқаты мен мен өмірлік
мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жұзеге асырылатын
асқаралы міндетерді жариялады.
Биылғы Жолдаудың ерекшелігі
– жаһандық дағдарысты жағдайларға байланысты Елбасының аталған
қиындықтардан шығудың нақты 10 негізгі міндеттерді айқындап беруінде.
Елбасы
мұндай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса
маңызды екенін, барша қоғам, ел игілігі үшін аянбай тер
төгуі қажеттігін атап көрсетті. «Бүгінде
баршамызға осы он міндетті шешу жолында жұдырықтай
жұмылу қажет» деп көрсетіті ол. Жолдауда еліміздің,
ұлтымыздың таяу жылдардағы қоғамдық-саяси,
тарихи, мәдени, рухани салаларының барлығында болашақ
даму жоспарын анықтап, айқындап берген. Қайта түлеудің
саяси және экономикалық екі үдерісіне байланысты нақты
мақсат-міндеттер, басымдықтарды талдап, талқылап,
түсіндіріп, тіпті қалай
жүзеге асырудың жолдарына дейін баяндалған. Тәуелсіздік
кезеңіндегі атқарылған зор істерге де баға
берілген.
Еліміз Тәуелсіздік алған
жылдардан бері талай сындарлы белестерден өтіп, көптеген
жетістіктерге жетті. Өркениетті мемлекеттермен тереземіз теңесті.
Экономикамыз индустриялық-инновациялық бағытта өрістеп,
халықтың әл-ауқаты жақсарды. Бір
шаңырақ астына ұйысқан бірлік пен
ынтымақтың арқасында кездескен қиындықтарды
еңсеріп, дүниежүзінде орын алып отырған
қаржы-экономикалық дағдарыстарға да тойтарыс беріп
келеміз. Әлемдік саяси аренада Қазақстан өзінің
нақты орны мен беделін айқындады.
Мемлекет жүргізген ұтымды саясаттың нәтижесінде
қазіргі Қазақстан бүкіл әлем мойындаған
мемлекетке айналды. Бұл жетістіктердің барлығы да ең
алдымен Тұңғыш Президентіміз
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
көреген саясатының табысты жемісі екені сөзсіз.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы, маңызды
стратегиялық бағдарламалары мен ауқымды жобаларының
барлығы да ел болашағын баянды етіп, экономикамызды
өркендетуге бағытталған. Елбасының арқасында
Қазақстан қысқа мерзімде дамыған 50 елдің
қатарынюа еніп, ендігі кезеңде өркениетті 30 мемлекеттің
құрамына кіру мақсатында жаңарған
Қазақстанның жаңа бағытын белгілеген
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында
дамытуға арналған бағытын іске асырмақ.
Себебі, Елбасы атап көрсеткендей,
бүгін адамзат жаңа өнеркәсіптік революция
дәуіріне аяқ басып отыр. Заманауи технологиялар дүниені
өзгеріске ұшыратуда. Әрине, жаһандық
технологиялар ілгерілеушіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де,
сондай-ақ өсімнің
жаңа мүмкіндіктерін де алып келуде деп Жоладауда ерекше атап
айтылған. Әлбетте, бұл
жағдайлар біздің Қазақстан үшін әлемдегі
аса дамыған 30 елдің
қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндігімізге байланысты осы
Жолдау жарияланып отыр.
Қазақстанның жаңа
жаһандық нақты ахуалда өсім, реформалар, даму
мәселелерін кең қамтыған бұл маңызды
құжат – кезекті дағдарысты еңсерудің айқын
жолы екені даусыз.
Үлкен маңызға ие
әрбір жаңа Жолдау – бұл, ең алдымен, егемен
еліміздің жарқын болашағына бастар басты бағыт. Ол
жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік
революция әлеміне бейімделу мен жетістіктерге жету жолын табу үшін
не істеу қажеттігін айқындайды.
Алайда, Мемлекет басшысының
дағдарысты еңсеруге байланысты стратегиялық жоспарлар
құрып, іс-қимыл жасауы арқылы халқымыз бұл
сыннан сүрінбей өтіп келеді. Президент «Қазақстан-2050»
бағдарламасын жариялаған кезде бұл межеге жету жолымызда
қиындықтар кездесетінін, соған дайын болып, тиісті шаралар
қабылдау керектігін айқындап, мақсаттарымызға
мызғымас бірлік пен талмас еңбектің, ізденістің
арқасында жететінімізді айтқан болатын. Осыған дейін де
дағдарыстан шығудың кілтін тапқан Елбасының
көреген саясатының арқасында халқымыз кездесетін
қиындықтарды еңсере білді.