Б-36
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
сабағындағы қозғалыс белсенділігі
Аға оқытушы Омаров К.Ж., магистр Бекбергенова Ж.Е.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Қазақтың ұлттық дене
шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы
мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде
мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны
пайдалану тек қозғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып
қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан
қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген
көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен
ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу- ойын
материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін,
дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қалыптастырады.
Дене шынықтыру- денсаулық көзі, денсаулықты
сақтау үшін әрекет, адамның күш
мүмкіншілігін дамыту, жеңіске деген жігерін шығдау,
қиыншылыққа төзу қимыл- әрекетін шағырландыра
білу, соларға үйрену.
Халқымызда қозғалмалы ойындардың
түрі кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды
төрт топқа бөледі:
Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар:
асық, бестас, лек, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақатай
пісті, жылмаң т.б.;
Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар:
соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр
және т.б.;
Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын
ойындар: шалма, бөрік жасырмақ, түйілген шыт, тақия
телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.;
Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар:
айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлкетотай,
тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.
Халықтың әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін, әдет-дағдыларын жас
ұрпықтың бойына сіңіру, ойын арқылы дарытып,
көңіліне қондыра білу өмір қажеттілігінен туындап
отыр. Өйткені баланы бала шағынан бастап адалдыққа,
батылдылыққа, елін, жерін, тілін сүйе білуге,
отаншылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, еңбек етуге
тәрбиелеудің құралы- ойын. Оның тәрбие
білім берудегі сиқырлы сырын терең меңгеру үшін ежелден
бері өркен жайып, үздіксіз дамып келе жатқан ұлттық
ойындарды оқыту процесінде пайдаланудың тиімді жолдарын
анықтау- бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Ұлттық ойындардың тиімділігі
олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен
мақсат-міндетін дәл анықтауға, оны
қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің
жетік игеруіне, жетік танытуына, ойынға қажетті
материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуы, ойын процесіне
оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.
Дене тәрбиесі мұғалімдері әр
сабақты жүйелі ұйымдастыра отырып, оқушылардың
денсулығын нығайтуға көңіл бөлуі тиіс. Осы
тұрғыдан мынадай ұсыныстар айтуға болады:
қазақ ұлттық ойындары бойынша
дене жаттығулары ендірілген сабақтарды ұйымдастыру;
ұлттық ойындар арқылы
оқушылардың дене дайындығын қалыптастыру үшін
олардың теориялық негіздерін жетік меңгеру;
әрбір ұлттық ойынның
атқаратын қызметі мен педагогикалық мүмкіндіктерне сай
сабақта қолданылу орнын анықтау керек.
Мектептегі дене шынықтыру пәнінің
жұмыс түрлерінің басты бағыттар төмендегідей:
жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды
көбірек тарту.
Оқушылардың денсаулықтарын
нығайтуға, дене қуаты дайындығын
жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы
өткізулерін ұйымдастыру.
Дарынды балаларды анықтауда кешенді қадам
жасау ұтымдырақ болатыны сөзсіз. Бұл түста
кең ауқымды түрлі әдістер
қолданылады:баланың отбасылық жағдайы, оның ерте
балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы
түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу,
балалар шығармалары, күнделік жазбалары және т.б.):арнайы
психодиагностикалық тренингтерарнайы бағдарламалар бойынша
“байқау” сабақтарын өткізу, балаларды арнайы ойын және
пәндік-бейімделген сабақтарға қатыстыру.
Оқушының дамуы мен тәрбиелілік
деңгейін диагностикалаудың барлық түрлері сияқты
бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныпқа сабақ
беретін мұғалімдердің, сондай-ақ мектеп кітапханашысы
мен дәрігерінің пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс.
Бастауыш мектепте басқа
пәндермен қатар дене шынықтыру жөнінен де жүйелі
білім, тәрбие беріліп, балдырғандардың дені сау болып
өсуіне ерекше көңіл бөлініп, қамқорлық
жасалады.
Мектеп жасына дейінгі балалар
үнемі қозғалыста болады: жүреді, жүгіреді,
ойнайды, әйтеуір, қимылдаумен болады. Ұйқыдан
тұрғаннан түнгі ұйқы жатқанга дейін бала
әдетте 6 сағаттан артық уақыт бойында қозғалыста
жүреді. ал мектеп табалдырығын аттаганнан бастап олардың
жүріс-тұрысы, қозғалысы, таза ауада болатын
уақыты әлдеқайда азаяды, тіпті ұйқысы да
бұзылады. Сөйтіп, олардың қозғалыс белсенділігі
50 процентке дейін кемиді де, ағзаның дұрыс өсуіне кері
әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, баршамызға белгілі
мектеп оқушыларының 80 процентінің ағзасында ақау
болады. Әрине, жұмасына ететін 2 сағат дене тәрбиесі
сабағы ағзаның күнделікті қозғалыс
қажеттілігін шамалап болса да қанағаттандыра алмайды.
Ендеше балалардың күнделікті
дене қозғалысының орнын толтырып күнде ғана
Бүлдіршіндерді дені сау етіп тәрбиелей алады екенбіз. Міне,
осыған орай не істеу керек деген сұрақ туындайды.
Мектеп табалдырығын аттаған
бірінші сыныптың оқушысы мектеппен қалай танысса, дене
тәрбиесі сабағымен де солай танысуы қажет. Ал мектептегі
жалпы дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының басқа
пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар.
Оқушылар спорт залға, алаңға, арнайы спорттық
киіммен ғана шығуга болады десек, бұл оларға
қойылатын-алғашқы басты талап.
Адам өзінің күнделікті
тірпілігінде, еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен
әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі
дененің кейбір жекеленген мүшелерінің қалыптасып,
жетілуіне өзіндік әсер етеді. Кей жағдайда мұндай
ықпалдар теріс болуы да мүмкін, бір бағыттағы
артық қозғалыстың әсерінен дененің бір
мүшесі шаршап, немесе деформацияға, яғни ағзаның
қалыпты нормаларын өзгертуге әкеліп соғады,
сондықтан да күнделікті тіршілікте болатын, бір бағытта
ғана жүргізілетін дене қозғалыстары мен
әрекеттерінің бәрін бірдей дене тәрбиесінің
құралы деуге болмайды.
Адамның жеке басының
қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Демек, денені жүйелеп шынықтыру мен денсаулықты
қалыптастыру адамның ой-санасының жетілуі мен шығармашылық
күштерінің дамуының негізгі.
Ағза шамасы келетін
жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған
жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайып жетіледі.
Саналы түрде орындалатын
жаттығулар денсаулыққа,
мінез-құлықтың, белгілі бір мүсіннің
қалыптасуына қалай әсер етеді деген
сұрақтарға жауап бермес бұрын ең алдымен аз да
болса адам ағзасының жұмыс істеу жүйесі мен
құрылысы жайынды бірер сөз айта кеткеніміз жөн, жалпы
білім беретін мектепті бітіретін жасөспірімдер мектеп
бағдарламасына сай адам дене құрылысының негізімен
танысады. Оның себебі адамның барлық ағзасының,
іш құрылысының әрекеті өзара байланысты. Демек,
қандай да болмасын жеке мүшелерге түскен ауыртпашылық
бүкіл денеге әсерін тигізеді.
Дене мүсінің
дұрыс қалыптасуы үшін
күнделікті жаттығуларды неден бастап, қалай аяқтау
керек екендігін білген абзал.