Аға оқытушы, магистр Сүйменова  Маржан  Кузембаевна

 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

 

АЗАМАТТЫҚ ҒИМАРАТТАР ҚАБЫРҒАЛАРЫ ЖӘНЕ БӨЛЕК ТІРЕКТЕРІ. ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ.

 

Қабырғалар ғимараттардың маңызды конструкциялық элементтері болып табылады. Қабырғалар  келесі  талаптарды қанағаттандыруы керек: берік және орнықты болуы; ғимараттың өртке тұрақтылық дәрежесіне сәйкес болуы; жану тобы мен өртке тұрақтылық шегі нормадан төмен болуы; бөлмелердегі қажетті температуралы-ылғалдық режимді ұстауды қамтамасыз ету; жеткілікті дыбысизоляциялық қасиеттерінің болуы; экономикалық үнемді, яғни материалдар шығыны мен аудын бірлігінің салмағының, еңбек пен жабдықтардың шығындарының аз болуы; сәулеттік-суреттік шешімдеріне жауап беруі керек.

Қабырғалар келесі белгілері бойынша топталады: орналасуы бойынша: сыртқы  және  ішкі; жұмыс сипаты бойынша: сүйенетін жабу немесе жабын конструкцияларынан күштерді қабылдайтын көтеруші; жоғарыда орналасқан қабырғалардан күштерді қабылдайтын өзін көтеруші; тек қана қорғау функциясын орындайтын ілмелі; конструкциясы және тұрғызу әдісі бойынша қабырғалар төрт топқа бөлінеді: ұсақтүйірлі элементтерден (кірпіштен), ірі тастардан (блоктардан), тұтас, іріпанельді; қолданылатын материалдар тегі бойынша: тасты, ағашты, синтетикалық материалдар. [1]

Кірпіштен қалау. Калау дегеніміз арасындағы жіктері құрылыс ерітінділерімен (әктасты-цементті, цементті-сазды немесе цементті) толтырылатын бөлек тастардан (табиғи немесе жасанды) орындалатын конструкция. Қалау беріктігі тас пен ерітінді беріктігіне, тастар  арасындағы вертикальды  жіктерді  байлау  жүйесіне, сондай-ақ  ылғал, температуралар, жел, коррозия  әсерлеріне байланысты.

Конструкцияның дұрыс жұмысы үшін ондағы тастардың орналасуы  қиманың үш ережесіне жауап беруі керекқабырғадағы тастар горизонтальды қатармен, яғни негізгі әсер ететін күштерге перпендикуляр орналасуы қажет; қатардағы тастар бойлық және көлденең вертикальды жіктермен  бөлінуі керек; қатарлас қатардағы вертикальды жіктер беттеспеуі керек, мұндай беттесу жіктерді байлау деп аталадыБайлау қабырғадағы тастардың  біріккен жұмысын  және күштердің біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. [3]

         Кірпішті қабырғалар керамикалық және силикатты кірпіштен орындалады.  Стандартты  кірпіштің өлшемдері 120х65х250, мм. Сонымен қатар  биіктігі 88 мм кірпіште қолданылады ( 1-сурет).

 

http://konspekta.net/lektsiiimg/baza1/2394130899189.files/image012.gif

 1-сурет.  Кірпішті   қабырғада  кірпіштердің   орналасуы:

а - стандартты кірпіш;  б – жанды  қатар; в – бүйірлі қатар; 1 - бүйірі, 2 – төсенді; 3 – жаны 

Өлшемдері 120 х 65, мм немесе 120 х 88 мм, кірпіштің бүйірлік беті  бүйірі  деп аталады.  Осы беттермен төселінген кірпіштер қатары  бүйірлік  деп аталадыӨлшемдері  65 х 250 мм, кірпіш  беті жаны деп аталады. Осы беттермен төселінген кірпіштер қатары  жандық  деп аталады.. Өлшемдері 250 х 120 мм, кірпіш беті  төсенді деп  аталады.

Қалау қалыңдығы жылутехникалық есептеумен анықталады. Қабырға қалаулары  тұтас  және жеңілдетілген болып бөлінеді. Қабырғаның тұтас қалауы толық біртекті материалдан тұрады. Тұтас қалаудан жасалған қабырғалар ауыр, еңбексиымдылықты  және  жылутехникалық   сапасы төмен болып табылады. [1]

Қалау қалыңдығы әрқашанда кірпіш жартысының тақ және жұп санына қысқыруы керек. Кірпіштік  қабырғалардың  қалыңдығы 120, 250, 380, 510, 640, 770 мм және одан жоғары болады және http://konspekta.net/lektsiiimg/baza1/2394130899189.files/image014.gif , 1, http://konspekta.net/lektsiiimg/baza1/2394130899189.files/image016.gif , 2, http://konspekta.net/lektsiiimg/baza1/2394130899189.files/image018.gif және одан көп кірпішке сәйкес келеді. Кірпіштің 65 мм биіктігінде  горизонтальды  жіктерді қалыңдығы 10-12 мм етіп орындайды; әр 4 қатар 300 мм, ал 88 мм биіктікте қалау қатары 100 мм құрайды.

Қалаудың  қасбетті  бетіне шығатын қатарлары алдыңғы (сыртқы) беті, ал ішкі жағына қарағандары – ішкі беті деп аталадыІшкі және сыртқы қатарлар арасындағы  қалаулар  қатары таса беті деп аталады.

Шынжырлы  қалауда бүйірлік қатары жандықпен кезектеседі. Көпқатарлы  қалауда  бірнеше жандық қатарларды бір бүйірлікпен жабады. Биіктігі = 65 мм кірпіштен  қалауда  әр 5 жандық  қатарлар, ал h = 88 мм-де 4 немесе 3 жандық қатарлар бір бүйірлікпен жабылады. Көпқатарлы қалау  екіқатарлыға  қарағанда қарапайым, сондықтан тас қалаушылардың еңбек өнімділігі осы жүйеде жоғары. [2]

Жеңілдетілген кірпіштік қабырғалар. Көтеруші функцияларын беріктігі жоғары бір материал, ал жылу қорғау функцияларын беріктігі мен жылу өткізгіштігі төменірек басқа мтериал орындайтын қабырғаны жеңілдетілген деп атаймыз.

Қабырғаның бұл конструкциясы  қабырғаның ішкі  сылағын жүргізбей, бояуға немесе түсті қағазбен оларды желімдеуге мүмкіндік береді.

Ұсақ бетонды блоктардан және табиғи тастан қабырғалар. Кірпішпен қатар, қабырғалық материал ретінде керамикалық және жеңілбетонды  ұсақ блоктар кеңінен қолданылуда.

Қуыс денелі керамикалық тастардың (блоктардың) (2-сурет) сыртқы қабырғалар қалыңдығын азайтуға мүмкіндік беретін, кірпішке қарағанда, аз жылу өткізгіштігі болады. Сонымен  қатар, мұндай тастардың көлемі кірпіш көлемінен  екі есе жоғары, бұл қалаудың еңбек сиымдылығын төмендетеді және ерітінді үнемділігін береді. Жеті саңылаулы керамикалық тастар кеңінен тараған. [3]

 

 

http://konspekta.net/lektsiiimg/baza1/2394130899189.files/image022.gif

 2-сурет.  Жеті  саңылаулы керамикалық  тастардан қабырғалар

Ұсақ қабырғалық блоктарды ұяшықты бетондардан орындайды жәнеқабырғалар мен аралық қабырғалар қалауы үшін қолданады. Оларды бүтін  емес блоктарды қолданып, қалаудың бірқатарлы жүйесі бойынша төсейді. Блоктар  өлшемі  600х300х300 мм. Мұндай  блоктардан   қабырғалар, кірпіштік қабырғалармен салыстырғанда, төмен жылу өткізгіштігімен, аз беріктігімен және жоғарғы су сіңіргіштігімен ерекшеленеді, бұл  сыртқы  әрлеуді  немесе  сылақты  қажет  етеді. [4]

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Казбек-Казиев З.А и.др. Архитектурные конструкции. Учебник. Серия: Специальность «Архитектура». М.: Архитектура-С,2009г

2. Шерешевсий И.А. Конструирование гражданских зданий. М.: Архитектура-     С,2005г.;

3.  Маклакова Т.Г. Конструкции гражданских зданий. Москва,2008г.

4.Захаров А.В.,Маклакова Т.Г., Ильясов А.С. Архитектура гражданских и промышленных зданий: Гражданское здание. М.,2003г.