Бұршақ
тұқымдас шөптер тұқымын сіңіргішке көптармақпен
бөліп жеткізу жолдарын қарастыру
Сепкішпен
тұқым сепкенде себушіден түскен дәнді
көптармақты жолмен сіңіргішке жеткізу – жасалымгершілік
әдістер ішіндегі өсімдіктің тығыз өсуін
қалыптастыратын, еңбек шығынын азайтатын және
қажетті агротехникалық шараларға қол жеткізетін
жұмыстардың бірі болып саналады. Дәнді сіңіргішке
көптармақты жолмен жеткізудің негізгі мақсаты
тұқымды қажетті мөлшерде жер бетіне біркелкі себуді
қамтамассыз ету. Бұл жұмысты шешуді қажет ететін
күрделі мәселе дәнді тең бөліп себу мен
топыраққа қажетті тереңдікте сіңіру болып екі
бағытта атқарылады. Осы бағыттағы сепкіштерді
тұқымының бөлініп жүрілуін және сепкіш
сіңіргішінің атқаратын жұмысын жіктеу 1 және 2
суреттерден көруге болады. Тұқымды сепкенде
дәннің жерге біркелкі себілуіндегі бірқалыпты, кідіріссіз
үздіксіз жүріп тұруы арқылы тең бөлінуі
болса, екіншісінде дән жер қыртысына енгенде өсімдіктің
өсіп-өнуіне қолайлы жағдай мен орта жасау.
Дәнді
қажетті мөлшерде бөліп беруде себуші мен
сіңірушінің атқаратын жұмыс сапасының өте
жоғары болуы тұқымды біркелкі бөліп себуі мен жер
қыртысына қажетті тереңдікте көміп кету деңгейін
жоғарылату болмақ. Механикалық себу процесіндегі дәнді
қажетті тереңдікте жер қыртысына сіңіру мақсатын
талдауды 3-суреттен көруге болады. Тұқым себу
жұмыстарының дәрежесін жоғары деңгейде шешудегі атқарылатын
жасалымгершілік жұмыс түрлерін күрделі төрт
бөлікке бөліп жинақтауға болады. Оның біріншісі –
сепкіш себушісінен түскен дән ағынының тоқтаусыз
бірқалыпты жүруін қамтамасыз ету мақсатында майда
дәнді шарғылы себушіге себетін қондырғы
құралын орнату арқылы бөлуге қол жеткізу.
Екіншісі – сепкіш енінің алымына бір себушіден себілетін дән
ағынын бірдей бөлуді қамтамасыз ететін, дән
толқыны ағынының жолына әр түрлі бұрышты
бағыттағыш, сәуле түсіргіш орнату арқылы
қол жеткізу. Үшіншісі – сепкіштегі дән толқынының
біркелкі бөлінуі үшін сырт құрылымы мен
қиыстырмасы бөлек дән себу процесіндегі жағдайды
жақсартатын бөлгіш қондырғының тармақтарын
қажетті санына қарай орнату арқылы қол жеткізу.
Төртіншісі – сепкіштің жұмыс атқаратын
бөлгіштеріндегі ішкі қисайған бағытының
әсерсіз, бөлгіштің алдына бағыттағыш
қондырғы орнату арқылы сіңіргіш алымының еніне
жеткізу болмақ.
Дәнді
топыраққа сіңірудегі негізгі процесстерінің бірі –
оның өніп, өсуіне қолайлы жағдай туғызатын
дән түсетін арықша тереңдігі бірдей және түскен
дән жермен тығыз байланысатындай болып көмілуі саналады.
Сепкіш жұмысы органдарының толық енінде дәнді
ылғалы бар, қажетті тереңдікке біркелкі нығыздап
көмуіне әсер ететін аңыздың көлденең
құрылымының тегістігіне де байланысты. Негізінен, осы саладағы
ізденіс жұмыстары сепкіш машинасының, оның ішінде
сіңіргіш атқаратын жұмыстың сапалы істелуін талдауда 1;
2 және 3 суреттердегі өзгеру сатылары басшылыққа
алынады.
Сепкіш
құрылымының, негізгі дән жүру жолдарын
қарастырғанда тұқымның толқынды
құйылу түрлеріне – x1(t),
оның бұрыш жасай қисая жүруіне – x2(t) және түтіктер бойынша бойлай
түсуіне – x3(t)
байласныстыра ізденістер жұмысын жүргізу керек. Сепкіш себушісінен
түскен майда жоңышқа дәні, себу мөлшеріне сай,
бірқалыптылықты сақтай, бірдей бөлініп жүретін,
біркелкі сіңіргішке жететін және жер қыртысына дәнді
таяз сіңіретін жолдар қарастырылды.

1-сурет. Сепкіштегі
тұқымның бөлінуін жіктеу

2-сурет. Сепкіш
сіңіргішінің жұмысын жіктеу

3-сурет.
Механикалық себу процсесіндегі дәнді 2 см тереңдіке
сіңіру мақсатын жоспарлау
Дәнді бірқалыпты жарақаттамай
тұрақтылықта себу үшін, шарғылы себушінің
жұмыс атқаратын бөлігі, оның себілетін дән
көлеміне сай мөлшері де шектеледі. Егер себушінің жұмыс
істейтін ұзындық бөлігі тар, әрі кіші болса, онда
тұқымның тұрақты жүру ағынының
біркелкілігі бұзылады. Мұндай жағдайда шарғының
айналу жылдамдығын азайтып, оның жұмыстық
ұзындығын үлкейту керек. Егер шарғының
жұмыс ұзындығын ұлғайта берсек
тұқымдардың түсуі түйдектеліп,
дәндердің себілуінің біркелкілігі бұзылады. Осындай
заңдылықтарға байланысты, көлемі үлкен
астық сепкіштерімен жоңышқа дәнін сепкенде, сусымалы
майда дәндердің ағу тұрақтылығы сақталынбайды.
Дән қасиетінің өз ерекшеліктеріне байланысты,
тұқымды тұрақты себу үшін, ауыл шаруашылық
өндірістерінде қолданылып жүрген себу тәсілдері де
әртүрлі.
Осындай сусымалы майда дәнді қажетті мөлшерде себуге
болатын жолдарының барлығының да, әр түрлі теріс
көзқарастардың тууына байланысты, осы тәсілдердің
басқаша түрін іздестіру қажет деп ойлаймыз. Осы қолданылатын
тәсілдердің барлығы да, сепкіштердің әр
шарғылы себушісінде мөлшерлі бөлімге дәндер
өздерінің бөлек сіңіргіштері арқылы
атқарылады. Яғни, барлық себушіден түскен
дәннің жүру жолдары тікелей бірден жеке сіңіргіштерге
жету арқылы себіледі.
Біздің бұл ізденіс
жұмыстарымызда бұл себілу жұмыстары басқаша, жаңа
тәсілмен атқарылады. Ұсынылып отырған сусымалы майда
тұқымды себудің жаңа жолы сепкіштің бір себушісінен
шыққан тұрақты тұқымды бірнеше
сіңіргіштерге арнаулы бөлгіш қондырғы көмегімен
бөліп жүргізіледі. Бұл тәсілдің
ақпараттық үлгісін
4-суреттен көруге болады.
Осы
ақпараттық үлгі бойынша негізінен майда бұршақ
тұқымдас шөптер дәнінің шарғылы себушіден
өтуі, сепкішке орнатылған бөлгіш
қондырғының түрі, оның жұмыс істеу
қабілеті және сіңіргішпен майда тұқымды жер
қыртысына көму жұмыстары зерттелінуі тиіс.

4-суреттегі үлгіге сәйкес астық сепкішінің
себушісінен түскен дәнді бірнеше тармаққа бөлетін
бөлгіш қондырғының жаңа түрі
қарастырылады [1,2] және оның жұмыс істеу
мүмкіншіліктері зерттелінеді.
Ұсынылып
отырған бұршақ тұқымдас шөптер
тұқымын себудiң ұтымды жолын толығымен шешу
үшiн төмендегiдей мәселелердi анықтау керек етедi деп
болжаймыз:
а) Бұршақ тұқымдас шөптер
тұқымының қасиетiн зерттеу;
б) Қолайлы себу мөлшерiн сiңiру тереңдiгін
анықтау;
в) Астық сепкiшiнiң жұмысына бұршақ
тұқымдас шөптер тұқымын қажеттi
агротехникалық талапқа сай себуге бейiмдейтiн қосымша
құрылғыларды табу;
г) Астық сепкiшінiң, оның себушiсiнiң,
сiңiргiшiнiң бұршақ тұқымдас шөптер
тұқымын сепкендегi көрсеткiштерiн табу;
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Алшынбай М. Р. Ауыл
шаруашылығы машиналарының теориясы. Қазақ мемлекеттік
аграрлық университеті, Алматы, 1999.
203 б.
2. Тәжібайұлы
Ә. Астық сепкішімен жоңышқаны себу үшін
бөлгіш қондырғы орнатып, тұқымды жер
қыртысына 2 см тереңдікке сіңіре егу. - Қызылорда, 1996
- 26 б.