Емдік сауықтыру орындарында сервистік қызметті қалыптастыру

 

Қ.Е.Қожахметова, А.Е.Есенова, Сейдахметов М.К.

 

Қазіргі уақытта қандай-да бір аумақтарда рекреациялық ресурстарды игерудің қол жеткізген деңгейі туралы логикалық байланысты мәліметтерге деген қажеттілік өсе түсіп отыр. Бұл мәліметтерді, белгілі аумақтарда туристік-рекреациялық ресурстарды игерудегі қол жеткізген деңгейдің жағымды жақтарын айқындау негізгі мақсаты болып саналатын, сипаттамалар беру нәтижесінде алуға болады. Соның көмегімен кеңістік орналастырудың аймақтық ерекшеліктері мен рекреациялық ресурстардың алуан түрлерінің үйлесімі анықталады.

Әртүрлі зерттеушілер аумақтардың туристік игерілу деңгейін анықтауға әртүрлі тұрғыдан таянады. Зерттеушілердің бірі алаң бірлігіне ішкі жалпы өнім өндіру арқылы көрінген шаруашылық қызметінің тығыздығын есептеп шығырады, негізгі корлар қүны түрінде көрсетілген, аумақтағы жинақталған материмдық-техникалық байлықты өлшейді. Зерттеушілердің енді бірі жалпы өнімнің тығыздық көрсеткіштерінің, негізгі қорлардың және өндірісте жұмыс істейтіндер санының жиынтығын алады.

Қазақстанның бай минералдық су көздері және шипалық сазды жерлері бір-бірімен үйлестікте адамның физиологиялық жағдайыйа әсер ететін және көптеген сырқат түрлерін емдеуге көмектесетін климаттық факторлар кешенін құрайды. Дегенмен де, республика аумағында анықталған 120 -дан аса сазбен емдеу қорының тек 10 % - на жуығы ғана сауықтыру мақсатында пайдаланылады. Минералды сулардың емдік қасиеті туралы деректер өте ерте кездерден белгілі. Қазақстанда 500-ден аса минералды су көздері бар. Минералды сулар базасында курорттар мен больнеологиялық емдеу жүйелері келушілерге қызмет көрсетеді. Туристік инфрақұрылымдардың дамымауынан минералды сулардың көптеген орындары әлі де зеттелмеген қалпында қалуда. Мысалға, минералды сулардың сульфидтік, йодтық, бромдық, радондық, темір, кремний бальнеологиялық топтарының ішінен радондық және кремний минералдық сулары ғана пайдаланылады. «Жабайы курорттар» олардың көпшілігіне тән болып саналады.

Қолайлы табиғи-климаттық жағдай, минералдық көздердегі сулардың химиялық құрамы, ауданда халықтың тығыз қоныстануы, табиғат көркінің алуандығы сол жерлерге санаторий мен курорттар құрылысын салуға негіз болуы мүмкін.

Рекреация түсінігі «демалыс» түсінігімен байланысты. «Демалыс» адамның қандайда бір қызметі болмасын физиологиялық қажеттілігін (саяхаттау, хобби, балық аулау, емделу және т.б.) қанағаттандырылуға бағытталған.

Демалыс - адамның өз территориясында немесе одан тыс жерде күшін қалыпқа келтіруге бағытталған қандайда бір қызмет.

Адамның өзінің қызмет сипатына, жеке қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай мазмұны бойынша демалыс түрін таңдайды. Берілген көз қарасқа қарай, адам демалысын келесі қызметтерге бөлуге болады:

-   физикалық жүктемеге байланысты қызмет (дене шынықтыру, серуендеу, туризм, альпинизм);

-   интеллектуальды қызмет (кітап оқу, өз бетімен білім алу);

-   өнер әлемімен танысу,

-   өз қызығушылығына қарай;

-   саяхаттау және экскурсия;

-   демалыс уақытында емделу.

Демалыс түрі әр түрлі болуы мүмкін. Ол ең алдымен ең керекті және негізгі форма - ұйқы. Адамның жасына және ерекшелігіне қарай, ұйқыны аз немесе көп мөлшерде керек етеді. Демалыс спорт, көңіл көтеру, емделу, сауықтыру және тағыда басқа қызметтер түрін қамтиды. Бұл демалысқа байланысты қызметтер түрлерін есептеу шексіз. Бірақ бұл демалыс түрлерін үш топқа болуге болады:

1. Медико-биологиялық қызмет - санаторий-курорт емі,сауықтыру. Туризм арқылы сауықтыру - адамның өндірісті және өндірісті емесе психологиялық қажығандығының проблемасын шешеді;

2. Әлеуметтік-мәдени қызмет - бұл демалыстың алдыңғы қатарлы қызметі. Мәдени немесе рухани қажеттілік - ол қоршаған әлемді тану. Туризм - адам үшін өз елінің және бар әлем үшін табиғи, мәдени, тарихи және әлеуметтік құндылықтарды тануға мүмкіндік береді.

3. Экономикалық қызмет - ол өндірістің кең өрлеуі үшін жұмыс күшін сақтап қалады. Демалыс адамның еңбекке деген талабын сақтап, жұмыс қабылеттілігін арттырады.

Сондай-ақ, бос уақытты «рекреациялық уақытпен» шатастыруға болмайды. Рекреациялық уақыт - адамның іс-әрекетінің рекреациялық қызметін жүзеге асырады (өндірістің кең өрлеуі үшін жұмыс күшін қалыпқа келтіреді).

      Рекреациялық ресурстар - бұл халықтың демалысы мен туризмін ұйымдастыру мақсатында пайдалануға болатын табиғи және антропогендік объектілер мен құбылыстардың жиынтығы. Негізінен ол туристік-рекреациялық қызметті «дамыту факторлары мен жағдайлары» түсігіне сәйкес келеді. Табиғи-рекреациялық ресурстар туристік индустрия қызметтерін аумақтық ұйымдастыруға, туристік аудандар мен орталықтар құруға, олардың мамандануына және экономикалық тиімділігіне әсерін тигізеді.

Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға қарағанда табиғи рекреациялық ресурстардың бағалануы кеңінен таралған және оның үш тәжірибелік классикалық үлгісі белгілі. Бұл:

1.           медико - биологиялық;

2.           психология - эстетикалық;

3.           технологиялық.

4.           Демалысты ұйымдастыру үшін қоршаған ортаның жайлылық дәрежесі мен табиғи факторлардың адам организіміне әсері медико-биологиялық немесе физиологиялық үлгімен анықталады. Медико-биологиялық бағалау кезінде жергілікті жердің климаттық жағдайларына айрықша назар аударылады. Демалушыларға табиғи ортаның эмоционалдық әсер ету сипаты, табиғи және әлеуметтік-экономикалық аттрактивтілік психология-эстетикалық бағалау үлгісі жағдайында талданады. Бағалаудың технологиялық үлгісі жағдайында туризмнің алуан түрлерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығы мен аумақтарды туристік қызмет индустриясының объектілерінің құрылысын салу арқылы игеру мүмкіндіктері анықгалады. Табиғи-рекреациялық ресурстар кешенді сипатқа ие, сондықтан да, соның көмегімен ресурстардың интегралдық құнын және оларды тиімді пайдалану формаларын анықтауға болатын бағалаудың барлық үш үлгісін де жүргізу талап етіледі.

Барлық рекреациялық іс формаларының ішіндегі денсаулықты қалыпқа келтірудегі  санаторий-курорттық индустрия айналысады.  Бұл санаторий-курорттық   индустрия   ландшафтты-климатикалық   ресурстар   мен емдік гидроминералдарды қолдануда негізделеді.

Адамның физикалық және психологиялық денсаулығының профилактикасы табиғи ем ресурстарын қолдану негізінде курорттарда қалыпқа келтіріледі. Курорттар денсаулықты нығайтуға және сақтауға, сонымен қатар, аурулардың пайда болуын ескертуіне мүмкіндік береді.

Курорттық ем тәжірибесінде үлкен орын алатын, ол ауыр халдегі ауруды (инфаркт миокард, қан жолдарының операциялық реконструкциялары, нерв жүйесінің патологиясы, сүйеніш-қозғалтқыш аппараттары және т.б.) басынан кешкен адамның реабилитациалануыактивті өмірге қайтаруға мүмкіндік береді, адамның еңбек қызметіне қайтаруға мүмкіндігін сақтайды.

Курорттық ем халықты аурудан сақтауға және ауру санын төмендетуге күресетін қазіргі заманғы медицинаның негізгі элементі болып табылады, мүгедектіктен сақтауға, еңбек ресурстарын сақтауға және ұдайы өндірісіне үлес қосады.

Курорт уақытысындағы емдеу нәтижесінде аурудан кейін еңбекке жарамсыз адамдар 2-3 есе қысқартылады, еңбек өндірісі бірден өседі. Санаторий-курортті істің негізгі әлеуметтік мақсаты осыдан көруге болады.

Қазіргі уақытта табиғи емдеу ресурстарының эксплуатациясына бақылау жүйесі бұзылған, сол үшін кейбір курорттар минералды су көздерін рационалды қолдануға бақылау қызметін ұйымдастыруға мәжбүр болды. Минералды  суларды  сақтау  мен  зерттеу,  емдік  қасиеті  бар жерлердің перспективалық учаскілерін анықтау мен оларды жаңа технологиялық әдіспен өңдеп және игеру жұмысы қысқартылган.   Курорттық рекреациялық жүйені рекреациялық табиғи қолдану саласы ретінде, сол сияқты әлеуметтік саяси саласындағы  және  денсаулықты  сауықтыру  демалыс орындары ретінде курорттық рекреациялық жүйе қызметтеріне мемлкеттік реттеуді талап етіледі.

Мамандардың пікірі бойынша, мемлекет шеңберінде демалыс қызметін ұйымдастыруға қатысты денсаулықты қалыпқа келтірудегі санаторий-курорт индустриясын игеру жұмысы, сол аймақтың табиғи және мәдени-тарихи әлуетін, сондай-ақ, бағыттық саяхаттарды ұйымдастыру мүмкіндіктерін,   негізгі   материалдық-техникалық   базаның   және   еңбек ресурстармен қамтамасыздық дәрежесін ескере отырып, белгілі бір жалғастықта жүргізілуі тиіс.

    Қорыта келгенде жаһандану заманында сервис сферасындағы кәсіпорындардың мақсаты бәсекелік күресте, нақты бір қызмет нарығындағы үлесі үшін және өндіріс шығындарына бақылау жүргізе отырып, пайдалылық пен бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату болып табылады. Сонымен қатар, сервистік сферадағы кәсіпорынның тұтынушыларға қызметтер ұсыну және тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру сияқты негізгі міндеттері бар. Нарықтық экономикадағы, интенсивті бәсеке жағдайында сервистік кәсіпорынның басты міндеттері, жоғары сапалы қызмет көрсету деңгейлеріне жету және тұтынушыларға тұрмыстық қызметтер көрсету жүйесін ұйымдастыру болып табылады.

Демалыс орындарынының қазіргі кезде Қазақстан Республикасында дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін, осы салада қызмет ететін мамандардың білім сапасын, сервисін, қызмет түрін арттыру қажет. Қонақтарды күтетін орындарда қызмет көрсету- бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты тұтынушы мен сатушы арасындағы байланыс, яғни қызмет көрсетушілердің күш жігерлері демалушыларға арналып, қонақтардың көңілін жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.