ҚР Минералды шикізат қорлары және оларды игерудің жаңа геоэкологиялық мәселелері

 

Ғылыми жетекші: Садыбекова Л.С., Пірәлі А

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Қазақстан мұнайы елімізді әлемдегі үлкен экспортты елдердің біріне қосты. Мұнай – байлық, үлкен қазына. Кейінгі жылдары орасан зор қарқынмен дамып келе жатқан мұнай саласы Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы рөлін көрсетпек.

«Қазақстан - 2030» бағдарламасында энергетикалық ресурстарды пайдалануда көптеген бағыт-бағдарлар белгіленген. Соның ішінде ең маңыздысы: «Отын ресурстарын пайдалану жөніндегі біздің стратегиялық әлемдік қауымдастықтығы ірі елдерінің мүддесін Қазақстанға, оның әлемдік отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау». Бұл ретте біздің мұнай-газ бизнесімізді инвестициялауға тиіс компаниялар мен елдер АҚШ-ты, Ресейді, Қытайды, Жапонияны, Батыс Еуропа мемлекеттерін қамтиды [1].

Қазақстан Республикасындағы көмірсутек шикізатының жалпы болжамды алынатын ресурстары 17 млрд. тоннаны құрайды, оның 8 млрд. тоннасы Каспий теңізінің қазақстандық секторына (бұдан әрі - КТҚС) тиесілі. Расталған мұнай қорлары бойынша Қазақстан әлемдегі 15 жетекші елдердің қатарына кіреді. Қазақстан көмірсутек шикізатының елеулі қорларына - әлемдік қордың 3,3%-на иелік етеді (алынатын мұнай қорлары 4,8 млрд. тонна және алынатын газ қорлары Каспий қайраңындағы жаңа кен орындарын есептегенде, 3 трлн. текше метрден асты, ал ықтимал ресурстары 6-8 трлн. текше метр деп бағаланады).

Республиканың 172 мұнай және 42 газ конденсатты кен орны орналасқан (оның ішінде, 80-нен астамы игерілуде) мұнай-газды аудандары, оның алаңы шамамен Қазақстан аумағының 62%-ын алып жатыр. Қазақстандағы мұнайдың негізгі қорлары (90%-дан астамы) ең ірі 15 кен орнында, олар - Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кеңқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозашы, Әлібекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское, жартысы - екі ірі мұнай кен орны Қашаған мен Теңізде шоғырланған .

Кен орындары Қазақстанның он төрт облысының алтауының аумағында орналасқан. Бұл Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Бұл ретте көмірсутек қорларының шамамен 70% Қазақстанның батысында шоғырланған.

Географиялық тұрғыдан барлық газ қорының 98% - ы аумақтық тиесілілігі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына жататын Батыс Қазақстанның жер қойнауында орналасқан [2] .

Республика аумағындағы көмірсутек шикізатының құрылықта игеріліп жатқан кен орындарының көбі жылдық өндірудің ең жоғары деңгейіне жетті. Құрылықтағы өндірістің одан әрі өсуі бірінші кезекте Теңіз және Қарашығанақ кен орындарының интенсивті игерілуіне байланысты. 2012 жылдың аяғында Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді іске асыруды бастау жоспарланған болатын. Құрылықтағы қалған кен орындарында (Теңіз бен Қарашығанақты есептемегенде) өндіру көлемі 45,0 млн. тоннаны немесе 2009 жылғы жалпы өндіру көлемінің 58,8%-ын құрайды, 2014 жылы бұл көрсеткіш 44,9 млн. тоннаға дейін немесе жалпы өндіру көлемінің 52,8%-на дейін төмендейді [3].

2009 жылы нақты мұнай өңдеу көлемі 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 12,1 млн.тоннаны немесе 98,8 % құрады.

Республикада 2000 және 2010 жылдары мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін тұтыну өндіріс құрылымы мен мұнай өнімдерін тұтыну арасындағы белгілі бір дисбалансты көрсетті (1-кесте).

 

1-кесте – 2000 және 2010 жылдардағы мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру мен тұтынуды салыстыру, мың тонна

 

Атауы

2000 ж.

2010 ж.

Тұтыну

Өндіру

Тұтыну

Өндіру

Бензин

1833,0

1266,1

3412,0

2589,1

Дизотын

2383,0

1971,4

3582,8

3795,3

Керосин

183,0

60,1

415,8

373,5

Мазут

1180,0

2142,1

1252,2

3237,0

Жиыны

5579,0

5439,7

8662,8

9994,9

 

Мұнай өнімдерін өндіру тапшылығы мен оның импортының көлемі жұмыс істеп тұрған МӨЗ-тарының Қазақстанның ішкі тұтынуын қанағаттандыра алмайтын жалпы жеткіліксіз технологиялық жай-күйін сипаттайды. Атырау және Шымкент МӨЗ-ның технологиялық мүмкіндіктері мұнайды тереңдетіп өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді - мазут пен вакуумдық газойлды өндіру үлесі жоғары .

Көмірсутектерді өндіру көлемдерінің ұлғаюы мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымын қарқынды дамытуды талап етеді. Жұмыс істеп жатқан қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыттары Атырау - Самара құбыры, Каспий Құбыр Консорциумы құбыры (бұдан әрі - КҚК), Атасу - Алашанькоу құбыры, Ақтау порты болып табылады.

Жаңа экспорт жүйелерін құру және қолда барларын кеңейту өзекті жұмыс болып табылады. 2009 жылы КҚК акционерлері жүйені кезең-кезеңмен кеңейту туралы шешімді қабылдады, Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесін құру жөніндегі жұмыс, сондай-ақ Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жобасының 2-ші кезеңін салу жалғасуда .

Мұнайдың мол қоры еліміз үшін үлкен байлық болуымен қатар күрделі қиындықтарды туындатып отыр. Соның бірі – Қазақстан мұнайын тасымалдауға байланысты тәуелділік жағдайы және Каспий мәртебесін әлі күнге дейін шешілмеуі. Мұнай өндіру мұнай өңдеу саласымен тығыз байланысты. Біздегі Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары да өз мүмкіндіктерінше жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Петропавл мен Көкшетауда шағын мұнай зауыттары салынбақ. Малайзия мен Қазақстан арасындағы біраздан бергі келіссөз нәтижесінде бұған да қол жетті. 

Бұл кезде республикалық деңгейде өндірілетін мұнай мен салыстырғанда олардың өндіретін мұнайдың көлемі 85% және табиғи газы 90% құрайды. Соңғы жылдары республиканың оңтүстігінде мұнай газ кен орындары өндірілуде, кейбір мәліметтер бойынша шамамен мұнайдың қоры 300 млн. тонна және газ қорлары шамамен 100 млрд м3 құрайды.

Газ өндірісін ұлғайту негізінен жаңа және негізгі базалық: Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, Толқын және ҚМГ-га тиесілі тағы бірқатар кәсіпорындарды, сондай-ақ Каспий қайраңы кен орындарын (Қашаған және т.б.) дамыту жолымен қамтамасыз етіледі. Өндірілетін газ негізінен ілеспе газ болып табылатындығын ескере отырып, тауарлық газды өндіру және шығару қарқыны мұнай өңдеу қарқынымен және кен орнын игеру бойынша қабылданған технологиялық шешімдермен (мысалы, газды кері айдау) айқындалады .

Болжам бойынша 2010 жылы республикадағы газ өндіру деңгейі - 37,0 млрд. тек. метрді құрады, ал 2012 жылға қарай - шамамен 55,8 млрд. тек.метрді құрайтын болады (1,2- суреттер).

 

 

1- сурет - Өнеркәсіп өнімінің аса маңызды мұнай түрін  өндіру көлемі

 

2- сурет- Өнеркәсіп өнімінің аса маңызды табиғи газ түрін өндіру көлемі

 

Өндіру көлемдерінің болжамды өсуі минералдық-шикізаттық базаны уақытылы толықтыруға қатысты тиісті саясатты қалыптастыруды талап етеді. Ресурстық базаны көмірсутек шикізатының жаңа кенорындарымен толықтыру жоқ, республиканың дайындалған құрылымдарының қоры бүгінгі күні шын мәнінде таусылды.

Сонымен қатар, үлкен тереңдіктегі мұнай-газдылықтың ғылыми-негізделген болжамы және мұнайдың тұз үсті кешеніне көшу моделдері жоқ.

Жүргізілген зерттеулер барланған қорлардың және көмірсутек шикізатын өндірудің негізгі өсуін Каспий теңізі айдынында күткен жөн екенін көрсетті.

Алдын ала болжау көрсеткіштері көрсеткендей, Қазақстанның құрғақ жерлеріндегі мұнай және газ қоры көмірсутекті шикізат жинақ қорынан көбірек (шамамен 10 млрд.т. мұнай және табиғи газ 2 трил. м3). Сонымен қатар, Маңғыстау, Каспий теңізінің акваторий шельфінің түбкі қабатында 60 м тереңдікте 500 млн мұнай және газ бар, ол Азербайжан мұнай өндіру қорларынан 4 есе көп екенін көрсетеді [4] .

Мұнай мен газды экспорттау қуаттары мен бағыттарының дамуы өндіру мен ішкі тұтынудың перспективті көлемдеріне, транзиттік елдермен ұзақ мерзімді уағдаластықтардың болуына, сұраныс деңгейіне және әлемдік тұтыну нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуі тиіс. Мұнай экспортының болжамды көлемдерін бағалау бойынша 75 млн. тоннаға дейін өсу көзделеді.

«Қара алтын» өндіру жоспарын жоғары орындауда және жоғарғы табыс алуда, жобаларды пайдалануда технологиялық жүйелердің экологиялық талаптарына сай емес келген, іздеу жұмыстарынан басталып және өндіріс өнімін алумен аяқталатын осы аймақтарда ішкі мұнай және мазутталған топырақтар, өндірістік қалдықтардың көптеген мөлшері жиналған.                                        

Бірақ, Қазақстанда көмірсутек шикізат өндірістік кен орындарын игеру мұнай және газды өңдеу, іздеу, өндіру, дайындау, тасымалдау аудандарының экологиялық жағдайының бұзылуына әкеледі. ЖЭК мекемелерінің үлесіне атмосфераның зиянды заттарының ластану үлесі 48%, ақаба суларының 36% дейін және 30% көбірек қатты қоқыстардың ластану үлестерін құрады.

Мұнай кең орындарын игерудің қарқынды өндіріс аймақтарында жерлердің техногендік деградацияға ұшырауы 30% жетті.

Республиканың мұнай газ кешендерінің кері әсерлерінің экологиялық зардаптары қоршаған ортаға әр түрлі сипатта болады.

Сонымен, Батыс Қазақстанда орналасқан көптеген мұнай газ кең орындарын пайдалануда және игеруге байланысты табиғи ортасы түпкілікті өзгерістерге ұшырады .

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1. ҚР Су кодексі 2003 ж. 9 шілде.

      2. . ҚР Экологилық кодексі 2007 ж. 9 қаңтар

3. Бишимбаев В.К., Сакибаева С.А., Тасамбаева Н.Е. Путиразвития нефтехимической и химической отраслей промышленности на юге республики Нефть и газ – 2004, №1-С46-51.

4. Изтилеуова М.Б., Дубинчин П.П., Надиров Н.К. Исследование участков техногенного радиоактивного загрязнения на нефтепромыслах // Нефть и газ – 2000, №2 – С 100-109