Экология магистрі Шамшеденова С.С., студент Игланова Ұ.С.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

 «Құлсары және Жаңаталап» мұнай кен орындарының топырақ қабатына тигізетін экологиялық әсері

 

     Атырау облысының табиғаты мен экологиясы бүкіл әлемге әйгілі. Біздің

өлкенің табиғат байлығы - жер астында да, жер бетінде де  және су ішіндеде Егеменді елімізді асырауға, халық шаруашылығының өндірісі мен аграрлық салаларды дамытуға, бәріне де мол жетіп жатыр.  

 «Құлсары және Жаңаталап» мұнай кен орындарының топырақ қабатына тигізетін экологиялық әсері,   бұл  облысымыздағы  экологиялық  жағдайдың  біріне  жатады.  Топырақтағы  химиялық  элементтердің  көбею  себебі,  бұл  өндіріс  орындарында  және  полигонды  жерлерде  жұмыс  жүргізу  кезінде  табиғатқа   немқұрайлы  қарағандықтан, болады.   Зерттеу   кезінде  қарағанымыздай,   мұнай  өндіру  алаңы  мен  ауылдың таза  жерлерінің  топырағын  салыстырып  қарағанда,  өндірістік  жерлерде  ауыр  металдардың  жоғары  екені, бірақ  ШРМ  аспағандығы анықталды.

        Химиялық    элементтердің    көптеп  болатын    жері     өндірістік  жерлер екені   белгілі.  Осындай   аймақта    мекен    ететін  адамдардың  денсаулығына,  басқада  тірі  ағзаларға   тексерулер мен бақылау  жасау және  сонымен  қатар, топырақтың  элементтік  құрамын анықтау болып  табылады.

         Сынаманы қарау үшін  атомды  абсорбциялы  спектрофотометриялық   құралы  қолданылды. Сынама  өндірістік    аймақтардан  және  жергілікті халық тұратын  таза алаңдардан     алынды.  Бұл зерттеулердің қорытындысы  алынған топырақтың  құрамында ауыр   металдар болғаны   мен,   шамадан   аспағандығы байқалды. Олардың өсімдіктер, жануарлар және адам денсаулығына кері әсер ететіндігі белгілі.

         Қазіргі   кезде   мұнай  өнеркәсіптерінің  өсуіне  байланысты,  қоршаған  ортаны  қорғау  ең   маңызды  мәселенің  бірі.   Мемлекеттік  облыстық  санитарлы-эпидемиологиялық  қадағалау  мекемесі  өз  жұмысын  атқара  отырып,  басты  назарын  жер  бетінің  ластануына  аударып  отыр. Аймағымыздағы   топырақтағы      ауыр  металдың  тіршілікке қаншалықты   әсер ететіндігін қарай отырып,  үш  ауданның  топырағын  салыстырмалы  түрде  қарап,    мұнай  өндіретін  жерлерде  ауыр  металл мөлшері  жоғары  екені, ал жергілікті тұрғындардың тұратын жерінде, олардың мөлшері аз екенін байқадық.  Нәтижесінде ШРМ  аспайтындығы анықталды.

        Атырау облысы бойынша 1,3 млн га жер техногендік мұнаймен ластануға ұшыраған, ластанған топырақтың қалыңдығы кей жерлерде 10 м-ге дейін жетеді. 1 млрд куб м. ілеспе сулар жер бетіне төгілген. Сондықтан мұнаймен ластанған жердерді тазалау негізгі шаралардың бірі болып табылады. Атырау облысының топырақ жамылғысы өте күрделі. Облыс территориясының биоклиматтық зонасы екіге бөлінеді. Шөл дала және дала. Топырақ зонасы ашық қоңыр, қою және сұр қою болып келеді. Бұнда ең үлкен алаңды сор құм алып жатыр. Атырау аймағының экологиялық жағдайын топырақ құрамындағы химиялық элементтерге қарағанда адам төзгісіз жағдайда деп қарастыруға болады. Әсіресе, төменгі жағдайдағы аймаққа ШРМ есебімен қорғасын, бор, фосфор, хром, цинк, сурьма, темір, скандийі көп мөлшерде кездесетін қала орталығының топырақ қабатын айтуға болады. Бұл, әрине, адам денсаулығына зиян антропогендік және техногенді фактор болып табылады.

          Ауыр металдар ең қауіпті ластағыштар қатарына жатады. Оларды әр түрлі ортадан бақылаған жөн. Ауыр метал термині лас заттардың ең кең тобына жатады. Әр түрлі ғылыми және қолданбалы жұмыстарының иелері осы ұғымның мағынасын әр түрлі талқылайды. Осыған байланысты ауыр металдарға жататын элементтердің саны, кең көлемде өзгереді. Көпсанды пікірлер пайдаланылады: атом массасы, тығыздығы, улылығы, табиғатта таралуы.       Экологиялық бақылау және қоршаған ортаның ластануы туралы жұмыстарда күні бүгінге дейін ауыр металдарға  Д.И. Менделеев периодтық  жүйесінен атомдық массасы 50 бірліктен жоғары 40 металл жатқызды. Менделеевтің таблицасында адам өміріне қауіпті элементтерге қорғасын, кадмий және сынап жатады. Бұл элементтердің қоршаған ортаның ластанғыш  элемент ретінде деңгейі жоғары элемент екені белгілі.

    Адам организміне металдар тамақтан - 70%, ауадан - 20%, судан - 10% түсетіндігі медециналық зерттеулер бойынша анықталған. Әсіресе, бұл металдардың ішінде қорғасын өте зиянды, оның әсерінен жоғары дәрежеде қозғалғыштық, ұйқысыздық, шаршау депрессиясына ұшырайды. Бұнымен қатар жүйке жүйесінің функциялары бұзылып, миға үлкен әсерін тигізеді. Қорғасын, кадмий, сынап сияқты металдар көздің тор қабығын зақымдап, жүйке, сүйек, бұлшықет жүйелерінің жұмысын әлсіретеді.

    Біз  білгендей,  тұрғындардың  денсаулығы   қоршаған  ортаның  жағдайымен  тікелей  байланысты  және   бағынышты.

      Қорыта келе,     Атырау облысы  мұнайлы  өңірдің      астанасы     екені      баршамызға    белгілі.  Бұл  аймақтарда мұнай  өндіру  ісі  көптеген  жерлерден игерілуде. Ал ол,  бұл   өңірдің  табиғатына  өз  зардабын  тигізіп қана қоймай, тұрғындардыңда денсаулығын бұзуда. Практикалық  зерттеу  бойынша       Атырау облысы   Исатай ауданының оңтүстігінде    Жаңаталап      кенорны,    АО  «Қаз  Транс Ойл»    мұнай     құбыры  мекемесінің  Құлсары  бағытынан   және  Атырау қаласының маңайынан    топырақ    сынамалары    алынып  зерттеу  жүргізілді. Алынған  жерлердің  топырағының  нәтижесінде,      ШРМ  мөлшерінен  аспағандығы      анықталды.    Атырау қаласының маңайынан       алынған      топырақ     сынамасы,  өндірістік     жерге       қарағанда  төмен    екені    байқалды.

          Бұл   алаңдарда топырақ  құрамындағы ауыр   металдардың белгілі мөлшері болғаны   мен,   шамадан   аспағанын  байқадым. Олардың өсімдіктер, жануарлар және адам денсаулығына кері әсер ететіндігі анықталды. Топырақтағы ауыр металдар алдымен адамдар денсаулығына әсерін тигізіп, нәтижесінде адамдардың денсаулығы бұзылып, түрлі ауруларға шалдығады. Мысалы, жүйке жүйесінің және бөтеке, бауырдың бұзылуы, түрлі ісік аурулары, т.б.    Сонымен бірге, ауыр металдар   жануарлар   мен  өсімдіктерге    түрліше    әсер    етеді.    Өсімдіктердің  түрінің   азайюы     немесе    ластанған    жердің     өсімдіктерімен  қоректенген     жануарлар     ауруға   шалдығатындығы    және    жойылып  кету  мүмкіндігі  бар.

         Шын мәнінде табиғатты қорғау оны болашақ ұрпаққа табиғи өз қалпында жеткізу, шағын адамдардың, аздаған топтардың ісі ғана емес, бұл бүкіл бұқара жұртшылықтың төл ісіне айналдыруды қажет етеді.