Атырау облысының өсімдіктер әлемінің
таксономикалық құрамының сипаты
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Хамидуллина М., Бисенбиева О., Есенаманова Ж.
Ботаникалық – жағрапиялық аудандасуына
орай Орта Азия мен Қазақстанның шөлді аумағында
(Рачковская және т.б., 2003 ж.) орналасқан бұл аудан
солтүстік Тұран провинциясының батыс – солтүстік
Тұран бөлігінде жатыр.
Қазақстанның
флористикалық аудандасуына орай (Голоскоков, 1956 ж.; Аралбай, 2003 ж.)
аталған аумақ солтүстік және солтүстік –
шығыс Каспий маңы ойпатының шөлді аумағының
Каспий маңы флористикалық ауданында жатыр. Бұл
аумақтың флорасы өте жұтаң, мұнда
Chenopodiaceae тұқымдастары басым.
Өсімдіктер
өте қатаң табиғи жағдайларда дамуда. Ең
алдымен, бұл – құрғақ климат және
температура құбылуының жоғарғы амплитудалары.
Ылғалсыздыққа қоса тұзды топырақ
түзуші және жерді жапқан жыныстардың кеңінен
тарауы топырақта минералды ерітінділердің пайда болуына әсер
етеді. Осының бәрі шөлді аймаққа тән
өсімдіктердің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен
қатар, көктемгі көл-көсір жауын-шашын
топырақтың жоғарғы қабатын тұздан аршып,
осы территорияда эфимерлер мен эфимероидтардың қаптап өсуіне
мүмкіндік береді.Шөл сипаты өсімдік әлеміндегі ксерофитті
тал-шілікті өсімдердің басымдылығынан білінеді.
Топырақтың механикалық құрамына қарай олар
түрлік құрамының біркелкілігімен ерекшеленетін
қауымдастыққа бөлінеді.
Жағалау
маңы территориясының өсімдікті бедерінің таралу
жағдайы мен сипатына теңіз деңгейі, судың
көтерілуі мен төмендеуі және атмосфералық
жауын-шашынның көктем кезіндегі молшылығы едәуір
ықпал етеді. Қорғаныш бөгетінен кейінгі территория
бөлігіндегі өсімдіктерге теңіздің әсері шамалы,
өсімдіктердің дамуы, негізінен метео жағдайларға
және жауын-шашын мөлшеріне байланысты.
Қарастырылып
отырған территориядағы өсімдік жамылғысы шөл
және шөлейтті дала түрлеріне жатады, келесі топтарға
бөлінеді:
• Ксерофитті өсімдіктер (аумақтық,
әлсіз тұзды жерлерде өседі);
• Галофитті өсімдіктер (тұзды топырақты
жерлер мен сортаңдарда жайылған);
• Псаммофитті өсімдіктер (құмды жерлерде
өседі);
•
Шалғынды өсімдіктер (шалғынды жерлердің
торырағында өсетін астық тұқымдасты
өсімдіктер).
Серіктестік
территориясының флорасы мен өсімдіктер әлемін далада зерттеу
барысында 173 түрді қамтитын жоғарғы сатылы
өсімдіктер туралы алдын ала мәлімет жинақталды (2002 – 2004
ж.ж.).
Зерттелген
флораның өсімдіктерін жүйелі зерттеу сарабы барысында 3
кластан, 9 топтан, 34 тұқымдас өсімдіктер бары
анықталды.
Түрлерінің
саны бойынша отыз шақты өсімдіктерді біріктіретін алаботалар
тұқымдасы жатады, бұл барлық табылған
өсімдіктердің шамамен 21 % құрайды. Екінші орында астра
тұқымдас өсімдіктер (күрделі гүлді), ол жиырма
шақты өкілдерді біріктіреді, барлығының жалпы 13 -ын
құрайды, үшінші орында – қонақот
тұқымдасы (астық тұқымдастар), түрлері
жағынан сәл ғана аз, сәйкесінше жалпы пайыздық
қатынасы төмен (11 %). Ары қарай зерттелген флора құрамында
саны бойынша келесі тұқымдастар алады:
бұршақдәнділер (бұршақ тұқымдас)
және қырыққабаттылар (Қияқгүлділер).
Сонымен,
түрлік саны бойынша алдыңғы орындардағы жалпы
өсімдіктер санының 66% құрайтын алғашқы
бестіктің спектрі 4.6.1 – 1 суретінде берілген.

Сурет 1. Түрлік
саны бойынша алдыңғы қатардағы тұқымдастар
арасалмағының диаграммасы
Анықталған флора әртүрлі
өмірлік формалы (биоморф) өсімдіктерді біріктіреді:
• біржылдық және екіжылдық
өсімдіктер – 74 түрі (жалпы түрлік құрамның
42,8 %),
• шөптесіндер мен көпжылдықтар – 71
түрі (41 %),
• бұталар мен бұта-шіліктер – 18 түрі
(10,4 %),
• жартылай бұталы және шілікті – 9 түрі
(5,2 %),
•
ағаштар – 1 түр.