экономика магистрі Абжанова
Жаухазын
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан
Республикасы, Қызылорда қаласы
Кластерлік жүйе –
агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың құралы ретінде
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде кластерлік жүйені қолдану қажеттілігі шығарылатын отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің, сондай-ақ өндірістің экономикалық тиімділігінің төмендігіне және инфрақұрылымның дамымауына негізделеді. Қазақстанның жақын арада БСҰ-ға кіруі бәсекеге қабілеттілікке қатаң талаптар қояды, сапаны қамтамасыз етуді, бәсекелік бағаны қамтамасыз ету кезінде өте қатаң талаптарды орындау қажеттілігін қамтитын ортақ мақсатқа жету үшін тасымалдау тізбегін басқарудың тиімді жүйесін қолдануды талап етеді. Бұл ретте өнімді өндіру, қызмет көрсету және буып-түю технологиялары үдерісінде инновациялардың маңыздылығына баса назар аударылады. Жалпы алғанда, республикада астық, сүт, мақта-мата, жеміс-көкөніс және т.б кластер түрлерінің қалыптасуы мен қызмет көрсетуіне ұйымдық-экономикалық және институционалдық алғышарттар бар.
Қазақстанның алдағы уақытта БСҰ-ға кіруге дайындығы, елімізде технологиялық негіздегі мәселелер шешімдерін тез қабылдауды қажет етеді, онсыз халықаралық стандарттарға сәйкес тауарлар шығарып, қызмет көрсету мүмкін емес. Бұл ретте елдің немесе аймақтың дамуының кластерлік моделі салыстырмалы артықшылықтарды бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарға айналдыруға мүмкіндік береді.
Мақта кластерін дамыту
мәселесіне келсек, елімізде «Мақта саласын дамыту туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып,
соған сәйкес, «Оңтүстік» Арнайы Экономикалық Аймағы
(АЭА) құрылған болатын. «Оңтүстік»
осы аймақта құрылған пилотты кластердің негізі
болып табылады. АЭА құруға оңтүстік
аймақтың таңдалуына әсер еткен бірқатар
маңызды факторларды атап өткеніміз жөн: шикізаттың
қол жетімділігі, осы салада қызмет етуші бірқатар ірі
компаниялардың болуы, өндірістік шығындардың
салыстырмалы төмендігі және тарихи қалыптасқан арнайы
инфрақұрылымның болуы. Қазақстан экспортқа 3-3,5 млн.
тонна астық шығарып, оны сатудан 300-350 млн АҚШ доллары
көлемiнде қаржы түсiрсе, 150 мың
тонна мақта талшығын экспорттау 165 млн АҚШ доллары
көлемiндее пайда әкеледi. Сондықтан мақта өнiмiн
өндiруде кластерлiк жүйенi белсендi пайдалану қажет. Мақта-тігін
кластерін құрудың қажеттілігі, біріншіден, мата
ендірісі топтамасының болмауына, дайын тоқыма бұйымдарын
пайдалануға, иірілген жіп және мата импорттың артуы кезінде,
жергілікті шикізатқа тоқыма және тігін өнеркәсібі
өндірісі көлемінің төмендігіне негізделеді.
Мақта-тоқыма
кластерін жасаудың және дамытудың алғышарттары мыналар
болып табылады:
-
шикізатқа (мақта) қол жетімділік –
Оңтүстік Қазақстан облысы, Өзбекстан,
Түркіменстан, Тәжікстан;
-
қолда бар тоқыма кәсіпорындарын
қайта жарақтау және жаңаларын құру;
-
дамыған инфрақұрылым;
-
адам ресурстарының дамуына қажетті база,
ҒЗТКЖ;
-
өндірістік шығындардың темен
деңгейлілігі;
-
әлеуетті өткізу нарықтарына
(Қытай, Азия, Ресей, Еуропа, Таяу Шығыс) жақындық
және үлкен сұраныс.
Қазақстан
мақта иірімжібіне үлкен сұраныс жасайтын
өңірлермен шектеседі. Азиялық-Тынық мұхит
өңірі елдеріне жылына 16,5 млн.тонна, Еуропа елдеріне - 1,6
млн.тонна, бұрынғы КСРО елдеріне - 0,6 млн.тонна, ал Таяу
Шығыс елдеріне жылына шамамен 100 мың тонна иірілген жіп
қажет. Қазақстан экономикалық қайтарыммен осы
өңірлердің әрқайсысына тоқыма
өнімдерін экспорттай алады. Италия және басқа да Батыс Еуропа
мемлекеттері Қазақстан экспортын әлеуеті жоғары
маржамен қамтамасыз етеді, бірақ жеткізілетін өнімнің
сапасына, беріктігіне және сенімділігіне қатаң талаптар
қояды.
Қазақстандық
тоқыма кәсіпорындары бәсекеге қабілеттілікті арттыруды
қамтамасыз ететін мынадай факторларға, тәсілдерге
жұмылуы керек:
- тоқыма фабрикаларында еңбек
өнімділігін арттыру;
- маркетингті жетілдіру;
- логистикалық тізбектерді түзету
және шығу;
- бизнес ахуалды жөнге келтіру.
Кластерлік дамыту жолымен
тоқыма өнеркәсібін дамытудың (жеңіл
өнеркәсіп саласының тобы ретінде) бастапқы
кезеңінде мақта иірімжібі мен мата өндірісінің
сегментімен шектелу ұсынылады. Сонымен қоса, оның дамуы
тоқыма саласының мақта-тоқыма сегментінің
қосылған құн тізбегін қалпына келтіруге
ықпал етеді. Қазақстанда үлкен көлемде
экспортталатын мақта талшығы өндірісі өсуде,
сондай-ақ ішкі және сыртқы нарыққа
әртүрлі өнім шығаруға қабілетті тігін
компаниялары да бар. Бәсекеге қабілетті тоқыма сегментін
құру қосылатын құнды көбейтумен және
тігін өнеркәсіптерінде әрі қарай өңдеу
үшін қажетті өнім шығарумен Қазақстанда
өндірілетін мақтаны қайта өңдеуге мүмкіндік
береді.
Кластерлiк жүйенiң
тиiмдiлiгiнiң алғышарттары жетерлiк, олар:
-
тауарлар мен қызмет көрсетулер өндiруде
өнеркәсiптердiң, кәсiпорындардың бiр
аймақта шоғырлануы;
-
бүкiл әлемде шикiзатқа қарағанда дайын
өнiмге деген сұраныс жоғарылауда;
-
кластер негiзiнде экономикалық мүдделерiн жолға
қойғысы келетiн кәсiп иелерiнiң және
кәсiпорындардың болуы;
-
аймақты дамытуда нормативтiк-құқықтық
базаның жетiлдiрiлуi, ол өз кезегiнде жеке сектор
басшыларының iскерлiк сенiмдерiне оң
әсер етедi;
-
билiк органдарының аймақтың
экономикалық дамуының кластерлік үлгiсiне
мүдделi болуы. Олардың iскер серіктес ретiнде
бизнеспен келiсiмге келудiң дайындығы;
Елімізде кластердің
қарқынды дамуы мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді.
Бұл бірінші кезекте, техника мен құрал-жабдықтарды
жаңарту, кластер үшін маман кадрларды даярлау, қайта даярлау,
өнеркәсіптің өндіру мен қайта өңдеу
саласына халықаралық стандарттар мен жаңа технологиялар
енгізу, тауарлардың сатылуын ұйымдастыру мен нарығын кеңейтудің
қажеттілігі болып тұр. Бүгінде Қазақстанда
кластерлік даму жолының дұрыстығына барлығы сенімді,
бірақ мәселе оның тиімді жүзеге асуында болып
отырғаны белгілі.
Бәсекеге қабілетті
ауыл шаруашылығы кластері технологиясын құру келесі
бағыттар бойынша жүргізілуі керек:
1.
Инвестициялық тартымды климат қалыптастыру, ол
өнеркәсіптің өндіріс күшінің артуына, ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарының техникалық артта
қалушылығын еңсеруге ықпал жасайды.
2.
Көрмелер, конференциялар, конкурстар, семинарлар өткізу
арқылы отандық ауыл шаруашылығы тауарларының
жоғары имиджін қалыптастыру.
3.
Әлемдік тенденцияларды ескере отырып, осы салада баға
қалыптастырушылықты реттеу.
4.
Нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу, сатып алушыларды
іздеу, жалпы саланың брэндін қалыптастыру.
Қорыта келгенде,
әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшін
экономиканы модернизациялап, дамыған елдердің тәжірибесіндегі
озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді алып пайдалану орынды.
Бұл ретте кластерлік жүйе экономиканы дамытудың қуатты
қозғаушы күші бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1.
М.С. Тулегенова
Кластерный подход в создании интегрированных структур //Вестник КазНУ. Серия
экономическая. – 2004. – №2(42). – С. 104-111
2.
С.А. Жаутикова.
Особенности кластера текстильной промышленности Казахстана //Аль-Пари. – 2007.
– №3-4. – С. 164-168
3.
И.Д. Ашимова Перспективы
формирования и развития молочного кластера в Казахстане. //Транзитная экономика. – 2008. – №1. – С. 70-75