Э.ғ.к., PhD ҚыдырбаеваЭ.Ө., магистрант Алипов Р.А.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Қазақстан Республикасында аймақтар экономикасын дамытудағы кейбір мәселелер
Тәуелсіздік
алған жылдары ҚР дербес мемлекет ретінде қалыптасу
барысында елдің экономикасын басқару жүйесінде жүргізілген
түрлі өзгерістер аймақтардың
әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай ықпалын
тигізуде. Себебі әрбір аймақ еліміздің шаруашылық кешенінде
белгілі бір орынды ала отырып, басқа аймақтармен бірігіп, бүтіндей
отандық экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ
әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды
орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі,
өзіндік шаруашылық құрылымы бар[1].
Осы
тұрғыда және аймақтардың мамандандырылу
қағидасына сәйкес ҚР аймақтарын төрт
топқа бөлуге болады: 1) шаруашылық құрылымы
экспортқа бағытталған; 2) индустриялды дамыған; 3)
агроөнеркәсіптік; 4) дағдарыстық.
Одан
басқа аймақтардың экономикалық дамуының
және экономикалық рефораларды жүзеге асыру ерекшеліктерін
ескере отырып, ҚР аймақтарын: 1)Батыс Қазақстан; 2) Солтүстік
Қазақстан; 3) Шығыс Қазақстан; 4)
Оңтүстік Қазақстан; 5) Орталық
Қазақтан -деп бөлінеді [2].
Жалпы қуатты Қазақстан болу
үшін әуелі аймақтардың қуаттылығын арттыру
керек.
Осы жағдайларда ҚР
аймақтарының экономикалық даму деңгейі қабылданаған түрлі
бағдарламалардың жүзеге асуына байланысты [3]. Мысалы,
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бағдарламасының
бірінші бесжылдығын орындау барысында елімізде заманауи
кәсіпорындар ашылып, 200 мыңнан астам жұмыс орны
құрылған, 700 жаңа кәсіпорын салынды. Оған
2 триллион 100 млрд. теңге жұмсалып, бұл кәсіпорындар тек 2014 жылы 2 трлн. 300 млрд.
теңгенің өнімін өндірді. Осы бағдарламаның негізінде ішкі жалпы өнім
(ІЖӨ) 7,0 трлн. теңгеге немесе 2008 жылғы деңгейінен 2
есеге жуық өсіп, ІЖӨ нақты
өсуін 5 жылда 15% өсуін қамтамасыз
етті. ІЖӨ-нің құрамында өндірістің
өндеу саласының үлесін 5 жылда 12,5%-ға жеткізіліп, еңбек
өнімділігі 1,5 есе өсті.
Өндірістің өңдеуші саласындағы еңбек
өнімділігінің өсу қарқыны жалпы экономикадағы
еңбек өнімділігі өсу қарқынынан 2,3 еседей
артық. Осы көрсеткіштер – экономикада орын алып отырған
сыңаржақ дамудан оны әртараптандыруды көздеген
алғашқы қадамдар жасалғандығын байқатады
[4].
Бағдарламаның
орындалуы аймақтардағы сапалық өзгерістер байқатты.
Батыс өңірдегі Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау
және Батыс Қазақстан облыстары өнеркәсіп өндірісінің
көрсеткіштері бойынша жетекші орында тұр. Өңірлердің
даму деңгейін теңдестіру үшін Үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сай осы бағытта
құны 914 млрд. теңге болатын 227 объектілер іске қосылып, 30 мыңға жуық
жаңа жұмыс орындары құрылды. Одан басқа осы
бағдарлама шеңберінде жұмыс күшін қажет ететін
өндірістерді негізінен еңбек ресурстары көп
шоғырланған өңірлерге орналастыру, ал жоғары
технологиялық, инновациялық өндірістерді ғылым-білім
беру базасы дамыған, білікті еңбек ресурстары
шоғырланған өңірлерде орналастыру қажеттілігі
айқын көрінді.
Индустрияландырумен қатар, шикізаттық емес
экспорттың үлесін ұлғайту үшін ауыл
шаруашылығының да мүмкіндіктері зор, өйткені ол
бірқатар өңірлер үшін экономиканың жетекші саласы
болып табылады. Бұл өңірде негізгі капиталдағы
инвестиция көлемі жөнінде Маңғыстау облысы алда. Батыс
өңірде 592,3 миллиард теңге болатын 119 инвестициялық
жоба іске қосылған.
Батыс өңірдегі «Ақсай индустриялы паркі»
ЖШС жетекші Еуропа технологияларын қолдану арқылы жұмыс істеп,
құны – 1,5 млдр.теңге болытын жобаны жүзеге асыру
барысында жаңа 125 жұмыс орны ашылып, электр жабдықтары
және бақылау аспаптары, жоғары технологиялы дәнекерлеу
жабдықтары, алюминий құрылыс-монтаждау өнімдері
шығару жолға қойылды.
Еліміздің оңтүстік өңірі –
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы
облыстары мен Алматы қаласы
аграрлы-индустриялды орталық болып саналады. Өңірде
адам ресурсының 37,7 пайызы шоғырланған. Оңтүстік өңірде кәсіпкерлік
белсенділік аса жоғары. Шағын және орта бизнес
өкілдерінің 40 % осы өңірге тиесілі.
Аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің
көлемі жалпы республикалық көрсеткіштен жоғары. Алматыдағы
өңдеуші өнеркәсіп өнімін өндіру
көлемі 152 млрд. теңгеден асып, құны 700,5 миллиард
теңгенің 123 жобасы жүзеге асырылып, соның
нәтижесінде 38 мың жұмыс орны ашылды.
Оңтүстіктегі химия саласында «Қазфосфат» ЖШС
өндіріс көлемі екі есеге артып, 11 жаңа өнім
түрін шығаруға қол жеткізілді. Ол импортты алмастыру көлемін
ұлғайтып, Еуроодақ пен ТМД нарығына шығуға
мүмкіндік берді.
Еліміздің солтүстік
өңіріндегі ірі жобалардың бірі – Қостанай
облысындағы асфальт араластыратын қондырғылар шығарушы
«Лудэ-Каз» ЖШС болып табылады. Кәсіпорында шығарылатын
құрал-жабдықтар – Қазақстан үшін жаңа
өнім және бүкіл жүйе толығымен
автоматтандырылған. Кәсіпорынның өнімі
Қазақстанмен қатар, Кеден одағы елдеріне және
жақын шетелдерге де экспортталады. Оның отандық
сұранысты қамту үлесі - 60 % .
Шығыс Қазақстан және Павлодар
облыстары түсті металлургия,
ядролық технологияларды зерттеу және энергетика саласымен еліміз
және алыс-жақын шетелдердің көпшілігіне танымал.
Өткен жылдары шығыс
өңірінде жалпы құны 289,9 млрд. теңгені
құрайтын 66 инвестициялық жоба жүзеге асыру барысында
Павлодар облысында жұмыссыздық деңгейі жалпы
республикалық көрсеткіштен едәуір төмен. Мысалы,
жұмыссыздық Шығыс Қазақстан облысында – 5,2%,
Павлодар облысында – 5,0% . Одан
басқа болашақта шығыс өңірі
жаңғыртылған жоғары технологиялы машине жасау мен
металлургия кластерінің орталығына айналмақ.
Өңірдегі ірі жобаларға жататын Екібастұз
– 1 МАЭС-ын қайта жабдықтау кәсіпорнында өндірілген электр қуаты
еліміздің өзге өңірлеріне тасымалданады. Индустрияландыру бағдарламасының
арқасында энергоблок жаңа жабдықтармен жарақтандырылды.
Озық үлгідегі электросүзгіш қоршаған ортаға
зиянды заттар шығаруды 99,6 % төмендетуге мүмкіндік берді.
Бұл жобаны жүзеге асыруға 500 адам қатысып, 2013жылы Қазақстанда
іске қосылған ірі жобалардың бірі болып табылды. Осы
өңірде іске қосылған ірі нысандардың арасында
«Проммашкомплект» ЖШС жобасы жүзеге асты. Зауыттың қуаты
қазақстандық темір жолдың және Орталық Азия
республикаларының да қажеттілігін қамтамасыз етуге
жетеді. Жоғары технологиялы
өндірістің пайдалануға берілуі өңірдің
дамуына жаңаша мүмкіндік құрады.
Жалпы алғанда мемлекет деңгейінде
жүзеге асып отырған осы бағдарлама негізінен жекелеген аймақтардың
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі ауытқуларды
қысқартуға, сонымен қатар өнеркәсіптік
өндірісті қайта құруға, оны әр
тараптандыруға, ауыл шаруашылығын көтеруге, ауылдық
аудандардың дамуына ықпал етуге, жұмыссыздыққа
қарсы күреске және әлеуметтік
инфрақұрылымның дамуына көмек көрсетуге,
дағдарысты аймақтар мен экологиялық қолайсыз
аймақтарды қолдауға бағытталған
макродеңгейде аймақ дамуын басқару механизмін
калыптастырудың негізгі тәсілдері болып табылады. Дегенмен, осы
уақытка дейін бұл механизм жан-жақты жасақталды деуге
болмайды [4]. Сондықтан да оның міндеттерін, әрекет ету
бағыттары мен жекелеген құралдарын нақтылау қажеттілігі
туындайды
Ол үшін біріншіден,
ҚР аймақтары өздерінің табиғи,
экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік
әлеуеті жағынан әр түрлі болғандықтан,
орталық тарапынан аймақтарды басқаруға сараланған
көзқарас қажет.
Екіншіден, қатынасқа түсуші
субъектілердің арасындағы экономикалық өкілеттіліктерді
айқын бөлу, бұл, ең алдымен, орталық пен
аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктер, салықтық
міндеттемелер және әлеумеггік мәселелер аясындағы
құзыреттерін шектеуге қатысты.
Үшіншіден, аймақтардың
экономикалық еркіндігін кеңейту.
Осыдан аймақ экономикасын басқару
механизмінің негізінде барлық аумақтарға өмір
сүру мен еңбек етудің тең жағдайларына жету
үшін тең мүмкіндіктер беру және әрі қарай
олардың әлеуметгік-экономикалық даму деңгейлерін
теңестіру жатса, ал аймақтық менеджмент пен жергілікті өзін- басқару
механизмі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ете
отырып, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын
көтеру үшін аймақтың
ішкі әлеуетін және тартылған
сыртқы ресурстарды
пайдалануға бағыттау болып табылады.
Одан басқа аймақтық басқару
механизмінің құралы ретінде:
экономикалык, каржылық әдістер, инфрақұрылымды қалыптастыру
және қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың
көпшілік елдері қолданып жүрген аймақтардың
дамуын ынталандырудың «жұмсақ» шаралары ұсынуға
болады. ҚР аймақтың экономикалық дамуын басқарудың
қаржылық әдістері көбірек қолданысқа
түседі, атап айтқанда, бюджетке демеуқаржы, жаңа
жұмыс орындарын кұруға қолдаулар, жеке
компаниялардың дамыған немесе дағдарысты аймақтарға
инвестиция салуын ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктер
беру және т.б.
2019 жылы, яғни
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының
соңғы жылы Қазақстанның тәуелсіздігіне 28
жыл толады екен. Ойдағыдай орындалған аталған
бағдарлама барысында аймақтардың экономикасы нығайып, Қазақстан
әлемдегі озық елдердің қатарынан көрінеді деген сенімдеміз.
Әдебиеттер
1.
Нұрғалиев ҚР. Қазақстан экономикасы.-Алматы:
«Қазақ университеті»
2.
Айтаханов Е. «Региональная политика: основные ориентиры реализации в РК» //
Саясат – 2010, № 4.
3.
«ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының
2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасы// www.egemen.kz
4.
Тәуелсіз
Қазақстанның Жеті қазынасы /Егемен
Қазақстан,2013.