Асауов Т.Т.
Түпқараған
ауданы әкімдігі, Қазақстан Республикасы
Қазақстан
Республикасында ауылдар экономикасын дамыту агроөнеркәсіп кешенін
жетілдірудің басымдылықтары ретінде
Қазіргі
кезде экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту үшін экономиканы
әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің
өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел
дамыту көзделіп отыр.
Бұл
ретте экономиканың экспортқа бағдарланған
дәстүрлі секторындағы (мұнай-газ кәсіпшілігі) ірі
инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, экспорттық
әлеуеті бар салаларды, атап айтсақ агроөнеркәсіп
кешенін дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер
құру үшін оларды дамыту мемлекеттік инновациялық
саясатының басымдығы болып табылады.
Елдің
әлеуеті ішкі азық-түлік нарығының
тұрақтылығын, оны негізгі тамақ өнімдерімен
кепілді толтыруды және экологиялық таза өнімдермен
сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз етуге
толықтай мүмкіндік беруі тиіс. Тұтастай алғанда
республикада халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен
қамтамасыз ету және елдің азық-түліктік
қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін орнықты негіз
жасамақ.
Сыртқы
нарықта жетекші орындарға шығу мақсатында ауыл
шаруашылығы өнімдерін ішкі нарықтың қажеттілігін
жабу және экспорт ресурстарын қалыптастыру үшін
жеткілікті көлемде өндірудің бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады.
Ауыл
шаруашылығы саласын дамыту саланы әртараптандыру, егіншілік
мәдениетін арттыру, өндіріске қазіргі заманғы
ылғал, ресурс үнемдейтін технологиялар енгізу, кең
ауқымды химиялау, жаңа және қазір пайдаланылмайтын
суармалы жерлерді айналымға енгізу арқылы өткізу нарығы
бар ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін
арттыруға бағытталады.
Мал
шаруашылығында саланы өнеркәсіптік негізге көшіру, асыл
тұқымды базаны дамыту, малдың тұқымдық
әлеуетін арттыру арқылы ауыл шаруашылығы
құрылымдарындағы өндіріс көлемін
ұлғайтуға салмақ түсіру көзделіп отыр
және ғылыми негізде ірі ауқымды селекцияны жүзеге
асырумен қатар жүргізілетін болады. Ауыл шаруашылығы
өнімін қайта өңдеу саласында өндірісті
техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру,
сапаның халықаралық стандарттарына ауысу және осы
негізде шығарылатын өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін одан әрі арттыру өзектілігін сақтап
отыр.
Бүгінгі
таңда азық-түліктің 70 пайызы сырттан тасымалданады.
Бұл - өте алаңдатарлық жәйт. Бұл бір
жағынан, ауыл шаруашылығының деңгейін көрсетсе,
ал екінші жағынан ұлттық қауіпсіздік мәселесіне
қатысты қауіпті симптом. Сонда «Қазақстан өнім
өндіре алмай ма, өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз
ете алмай ма?» деген заңды сауал туындайды. Осыдан 15-20 жыл бұрын
Қазақстан аграрлы ел саналды. Кеңестік кезеңде
Қазақстанның жалпы өнімінің 40 пайызы ауыл
шаруашылығының өнімдері құрады. Қазір ол
көрсеткіш – небары 6 пайыз. Яғни нарықтық қатынастарға
көшкен тұста бұл мәселе жете ескерілмеді. Ауыл
шаруашылығынарықтық қатынастарға бірден
көше алмады, өйткені старттық мүмкіндігі аз болды,
яғни қаржы тапылығы қолбайлау болды. Астық,
мақта өндірісіне азды-көпті демеу жасалғанымен де, мал
шаруашылығы, бақша дақылдары сияқты салаларға
қаржы бөлінбеді.
Шындығын
айтқанда ауыл шаруашылығы қиындықпен бетпе-бет
қалды, мемлекеттік жүйелі саясаттан гөрі, табиғи
дәстүрлі шаруашылық инстинктерінің арқасында
ғана сақталып қалды. Сонымен қатар жерді жекешелендіру
саясаты да өз деңгейінде жүргізілмеді. Экономика мұнай
экспортына бейімделді. Соның салдарынан отандық өндіріс
кенжелеп қалды, қазір тіпті «отандық өнім жоқ»
десе де болады. Сондықтан бүгінгі таңда отандық
өндірушілерді қолдау, оларға қаржылай көмек
қолын ұсыну аса өзекті болып отыр.
Қорыта
келгенде, еліміздегі, оның ішінде Маңғыстау облысындағы
ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің өзіндік
ерекшеліктерін талдау және бағалау нәтижесінде, келесі
түйінді мәселелерді көреміз:
- өз
азық-түлік рыногымыз азық-түліктің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі шет елдерден
тасымалдауға, Қазақстанның көрші
аймақтарындағы өнім өндіру жағдайына,
аймаққа әкелінетін стандартқа толық сәйкес
емес азық-түлік тағамдарына тәуелді
болғандықтан, үнемі тұрақты емес;
- халықтың
азық-түлікке экономикалық қол жеткізуі табыс
деңгейлеріне байланысты әлеуметтік топтарға жіктегенде бірдей
емес;
- аймақта тиімсіз
болғандықтан етті ұқсату жүргізілмейді,
шұжық өндірісі қалыптаспаған, сырттан
тасымалданатын шынайы азық-түлік тағамдарымен
бәсекелестікке түсе алмайтындығы себепті тасымалданатын
құрғақ сүтпен жұмыс жасайтын сүт
зауыттары толық қуатта жұмыс жасамайды;
- облыста жүнді
алғашқы өңдеуден өткізетін толық істеп
тұрған кәсіпорын жоқ дегендей; жұмыс істейтін
кіші өндіріс орындарындағы қаракөл елтірісі мен тері
шикізаттарын өңдеу технологиясы халықаралық стандарт
сапасына толық сәйкес келмейді. Ал ол өнімдердің
бәсеке қабілетін төмендетеді;
- аймақта
судың, жылудың, электр қуатының бағалары мен
тасымал шығындарының жоғарылығы өнімнің
өзіндік құнын өсіреді. Ол ұқсату
өндірісінің рентабельдігіне кері әсер етеді, олардың
дамуын тежейді;
- ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілерінің ұқсату кәсіпорындарын салуы
үшін банктерден несие қаржысын алу мүмкіндігі
айтарлықтай жоғары емес;
- ауыл шаруашылығы
өнімдерін дайындаудың нақты жүйесі толық
жасалмаған; аграрлық салада ақпараттық-маркетингтік
жүйе толық қалыптаспағандықтан ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілерінің жедел ақпаратқа
кіру мүмкіндігі шектеулі т.с.с.
Маңғыстау облысының қазіргі
әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, біздің
ойымызша, бұл өңірде тамақ өнімдерін өндіру
мен тұтыну үрдісін талапқа сай ұйымдастырудағы
басты мақсат аймақта азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету; мал шаруашылығын дамытуда
тұрақтылыққа қол жеткізу және оның
өнімдерінің сапасын арттыру; ауыл тұрғындарының
әлеуметтік жағдайын өркендету; ауыл шаруашылығына
тиімді жерлердің, атап айтқанда егістік, жайылымдық
жерлердің сапасын жақсарту; су құбырларын тарту;
көмілген ескі табиғи су көздерін аршу арқылы
жайылымдарды суландыруды қолға алу; шаруашылықтың
барлық түрлерін қазіргі техникамен, технологиямен
қамтамасыз ету; ауыл шаруашылық өнімдерін
өңдейтін шағын және орта деңгейлі
кәсіпорындарын ашу; экономиканың осы саласында нарық
қатынастарын нығайту; жоғары оқу орындарында ауыл
шаруашылығына қажетті мамандықтарын ашу т.б.
Бұл бағыттағы барлық жұмыстар, әлемдік
озық тәжірибелерге сүйене отырып келесі шараларды
ғылыми негізде орындау арқылы жүзеге асырылады: ауыл
шаруашылығы өндірісінің тиімділігі мен бәсекеге
қабілеттілігіне қол жеткізу; аймақты
азық-түлікпен қамтамасыз етуде жергілікті ауыл
шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттыру; ішкі және
сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімдерін
ұқсату мен сатудың көлемін ұлғайту; ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау механизмін
жетілдіру және дамыту, кедендік бақылау және жол полициясы
қызметтеріне байланысты мәселелерді оңтайлы шешудің
заңға сәйкес жолдарын қарастыру т.б.
Міне, сондықтан да біздің алдымызда тұрған, жалпы
өркениетті ғылымның алдында тұрған басты
мәселе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында ауыл шаруашылығын жаңғыртудың басым
бағыттарын анықтау және оны заман талабына сай жүзеге
асыру болып табылады. Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік
кешені жағдайын тамақ өнімдерімен өзін-өзі
қамтамасыз ету тұрғысынан қарай отырып,
азық-түлік нарығындағы жағдайдың
жұмсаруына, отандық өнімдердің жетіспейтіндерін
толықтыруға, қоректік заттар ассортиментінің
кеңейуіне, сондай-ақ ішкі нарықта бәсекелестіктің
қалыптасуына негізінен сырттан тасымалдаудың әсер ететіндігін
анық байқауға болады. Алайда нарықтың импорт
тағамдары есебіне толуы тауарлар сапасының төмендеуімен ере
жүретіндігін де ескерген жөн. Сондықтан тамақ
өнімдерінің сапасына сенімді бақылау жүйесін
құру өте маңызды шара болып табылады.
Саланы дамытуды экономикалық ынталандыру және оның
инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін
агроөнеркәсіптік кешенді мынадай бағыттар бойынша субсидиялау
жалғасын табуы тиіс:
–
агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілеріне кредит беру
және ауыл шаруашылығы техникасымен, жабдықпен қамтамасыз
ету кезінде пайыздық ставкаларды арзандату;
– тұқым шаруашылығын дамыту;
– мал шаруашылығының өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;
– өсімдік шаруашылығының өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарының және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын басым дәнді дақылдар өндірісін субсидиялау жолымен арзандату;
– отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалықты қоспағанда) құнын арзандату;
– ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (қалыптастырған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалатын шығындардың құнын арзандату;
– өндірісті және ауыл шаруашылығы өнімінің нарығын басқару жүйесін дамыту;
– асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту.
Біздің
пікірімізше, әдетте өнім өндіруге қажетті үш
фактор қажет: бірінші – қаржы ресурсы;
екінші – технология; үшінші – кадр немесе адами-моралдық ресурс.
Бізге осының қайсысы жетіспейді?
Технологиялар – бұл АӨК кешеніне енгізілетін ғылыми жаңалықтар мен
үрдістер. Дамыған индустриялық елдермен салыстырғанда
Қазақстандағы ғылымның дамуының
қағидатты ерекшелiктерi бар. Дамыған елдерде iргелi және
қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудың жыл сайын
ұлғаюы, ғылымның жеке сектормен ықпалдасуын
ынталандыру есебiнен жаңа жетiстiктердi жеделдете игеру,
ғылымның корпоративтi секторын құруға және
дамытуға жан-жақты жәрдемдесу, маңызды экономикалық
және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге ғылыми-техникалық
әлеуеттi бағдарлау байқалып отыр.
АӨК саласында ғылымды дамыту
саласындағы мемлекеттiк саясаттың басты бағыттары болып
мыналар табылуы тиіс:
-
әлеуметтік-экономикалық
дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бiрi
ретiнде ғылымды айқындау;
-
жоғары технологиялар
өнiмiнiң экспортына бағдарланған ғылымды
көп қажетсiнетiн әрi ресурстарды үнемдейтiн және
экологиялық таза өндiрiстi құруға
бағытталған зерттеулердi дамыту;
-
ғылыми жетiстiктердi
нақты iске асыруға ықпал ететiн тетiктер мен ынталандыру
жүйесiн құру;
-
жаңа жетiстiктердi экономиканың
қабылдауын жан-жақты ынталандыру (сұранысты ынталандыру)
және оларды отандық ғылыми-техникалық
әлеуеттiң пайдалануы үшiн жағдайлар жасау
(ұсыныстарды ынталандыру);
-
ғылыми зерттеулер
жүргiзу үшiн материалдық базаны нығайту;
-
ғылымның
мемлекеттiк емес секторын қалыптастыру мен дамыту, оны
қолдаудың мемлекеттiк тетiктерiн жасау;
-
талантты жас ғалымдарды қолдау;
-
қазақстандық
ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық
қауымдастыққа интеграциялануын қамтамасыз ету.
Ұсынылған шараларды iске асыру АӨК
кешенін дамытудағы индустриялық-инновациялық саясатты барабар
ғылыми қамтамасыз етудi жүзеге асыруға мүмкiндiк
бередi.
АӨК
дамытудың негізгі тетігі болып саланы
жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету табылады. Сапалы адам капиталының
болуы индустриялық-инновациялық стратегияны ойдағыдай iске
асырудың ажырамас шарты. Ғаламдану жағдайында экономикасы
дамыған елдер неғұрлым перспективалы ғалымдар мен
жоғарғы бiлiктi мамандарды шоғырландыруды өзiнiң
басты басым саясаты етiп алды.
Аталған
саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін төмендегі
шараларды жүзеге асыру қажет:
–
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау,
сондай-ақ жеңілдікті кредит беру және шағын
кредит беру, ауыл шаруашылығы техникасының, арнайы техниканың
және технологиялық жабдықтың лизингін дамыту,
агроөнеркәсіптік кешенде сақтандыру жүйесін дамыту,
ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып
алудағы қазақстандық қамту үлесін
ұлғайту жолымен де жүзеге асырылуы тиіс;
–
Ауылдық жерден
келген азаматтарға арналған квоталар бойынша мемлекеттік тапсырыс
шеңберінде білім алған ауыл шаруашылығы мамандарын оқу
орнын аяқтағаннан кейін кем дегенде 3 жыл ауыл
шаруашылығы ұйымдарында жұмыс істеуін міндеттеуді енгізу
қажет.;
–
Кейбір заңнамалық актілерге ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеуге және тұруға келген ауыл шаруашылығы
мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы мәселені қарау;
–
Аграрлық саланың қажеттіліктеріне сәйкес PhD
докторларын, магистрлер мен бакалаврлар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы
және ветеринариялық мамандықтардың техникалық
және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім
тапсырысын ұлғайту мәселесін қарау.
Агроөнеркәсіп
кешенін дамытудың келесі тетігі – қаржы ресурстары. Ауыл
шаруашылық саласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық
қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті
болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен
бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай
және қаржылай емес қолдаудың экономиканың
экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды
ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау
талап етіледі.
Осыған
байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша
пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар
айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір
секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл
құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және
ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір
секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы
қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Елімізде
өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік
қолдауды жүзеге асыру мақсатын көздейтін «Бизнес
картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекет
экспорттық әлеуеті салаларды қаржылық қолдау
шаралары жүзеге асырылуда. Алайда «Даму» қоры арқылы шағын
және орта кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырудың салалық
құрылымына талдау жасар болсақ, несиенің басым
бөлігі сауда,өнеркәсіп және қызметтер
көрсету саласына беріліп отырғанын байқаймыз.

Сурет 28 - «Даму» Қоры арқылы облыстық бөліністегі ШОК
субъектілерін қаржыландырудың салалық құрылымы
Салалық бөліністе сауда
(қаражаттардың 37,6%), қызметтер (22,9%),
өнеркәсіп (15,8%) және құрылыс (12,5%) жобалары
жоғары белсенділікпен қаржыландырылған.
Сондықтан өңірді
индустриалды-инновациялық дамуын іске асыру шеңберінде АӨК
дамытатын кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және
кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік
инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты
құралдарын одан әрі жетілдіру қажет.
Авторлардың пікірінше
АӨК саласын қаржыландырудың ең ықтимал тиімді
көздері ретінде төмендегілерді ұсынуға болады:
–
мемлекеттік кепілмен банктік несиелеу;
–
лизинг мәмілелер;
–
мемлекеттік қаржыландыру (оның ішінде аралас мемлекеттік-коммерциялық
қаржыландыру);
–
инвесторларға салық жеңілдіктері мен инвестициялық
салық несиелерін беру жолымен инвестициялық қызметті
мемлекеттік қолдау (29 - сурет).
Қазақстан
Республикасында АӨК дамытуда лизингтік қызметтің
тұрақты түрде дамуы үшін лизинг бойынша
құқықтық реттеу, салық салу, басқару,
ынталандыру және т.б. шаралар жиынтығын қамтитын арнайы
бағдарламаны қабылдаудың қажеттілігі байқалады.
Бүгінгі
таңда лизингтік қатынастарға гарант ретінде мемлекеттік
органдарды немесе бәсекелік қабілеттілігі неғұрлым
жоғары лизингтік компанияларды тартудың өте үлкен
болашағы бар. Себебі отандық
ауыл шаруашылық өнімдері нарығында лизингтік
мәмілелерді кеңінен енгізу арқылы АӨК дамыту, оларды
алдыңғы қатарлы технологиялармен, құрал-саймандармен,
техникалармен қамтамасыз ету, нарықта отандық бәсекеге
қабілетті өнімдерді өндіруге бағытталған
ынталарын жан-жақты қолдау сынды әрекеттер
мемлекетіміздің аталған сала кәсіпорындарына жасайтын
қамқорлығына өзек болуы тиіс.


Сурет 29 - Ауыл
шаруашылық саласын қаржыландырудың оңтайлы
көздері
Ауыл
шаруашылық саласын қаржыландырудың келесі бір тетігі - ол
салық салу жүйесінің
жеңілдіктері. Салық салу жүйесінің талаптары
бойынша салықтық жеңілдіктерді негізгі құралдарын
лизингке алған ауыл шаруашылық кәсіпорындары пайдалана алады.
Бұл
мәселенің шешімі ретінде осы сала кәсіпорындарына салынатын
қосымша құн салығын әлі де төмендетуді
ұсынуға болады. Салық жеңілдіктерінен үнемделетін
қаржы ауыл шаруашылық саласы кәсіпорындарының материалдық-техникалық
базасын нығайтуға және жаңартуға, жаңа
құрал-жабдықтарын сатып алуға мүмкіндік береді.
Еліміздегі
ауыл шаруашылық саласы кәсіпорындарын техникалық қайта
жарақтандырудағы мемлекеттік қолдаудың жалпы
бағыттары мемлекеттің ішкі мүддесіне сай. Еліміздің
әрбір өңірінде қажетті техникалық және
технологиялық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз
етілген кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті ауыл
шаруашылық өнімдерін өндірулері сол өңірде
бәсекелік ортаның жетілуіне, тұтынушылар
қажеттілігінің толық қанағаттандырылуына
түрткі болады.
Әдебиеттер:
1
Государственная программа развития сельских территорий на 2004-2010 гг.:
указ Президента Республики Казахстан. – 2003. – № 1149.
2
Стратегия
индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы: утвержден
17 мая 2003года.
3
Елдің аумақтық - кеңістіктік дамуының 2020 жылға
дейінгі болжамды схемасын.: Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы – Астана. - 2011 жылы 21
шілде. - № 118.
4
Кушербаев К. Критерии и
принципы регионального экономического развития // Саясат. - 2006. - № 8 . - С. 14-19.
5
Палымбетов Б. Классификация форм и методов системы
управления региональной экономики // Евразийское сообщество. - 2000. - № 4. - С.122-124.
6
Официальный сайт
Агентства Статистики РК: www.stat.kz
7
Статистический ежегодник Мангистауской области за 2013 год / Информационно-аналитическая брошюра
Агентства Республики Казахстан по статистике // www. mangystau.stat.kz
8
Программа «Дорожная карта бизнеса -
2020»// www.damu.kz
9
практической
конференции. - Астана, Академия государственного управления
при Президенте РК, 2006. – С. 233.
10
Алимбаев А.А. Экономические проблемы региона. – Караганда:
Институт регионального развития.
– 2005 г.