Экономические
науки/1.Банки и банковская система
БАНКТІК САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚОҒАМДЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ
ЖҮЙЕСІ
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті
Абдибеков С.У., Жумаханова А.Б.
Экономиканың
қорғаушы саласы ретіндегі банктерде сақтандыру
қызметінің экономикалық қатынастар жүйесіндегі
орны, мәні зерттеліне отырып, оның қазіргі заманғы
Қазақстан экономикасындағы рөлі
мен артықшылықтары, белгілері, үрдісі зерделенеді;
экономиканың қорғаушы саласы ретіндегі сақтандыру
қызметінің «жүйелік» ұғымдары мен өзара
байланыстары, атқаратын қызметтері зерттелініп, жалпы
құрылымдық негіздері жіктелінеді; сақтандыру
саласындағы әртүрлі ғалымдардың ойлары
зерделенді. Рыноктық экономика жағдайында тәуекелдікті тиімді
басқарудың негізгі әдісі сақтандыру қызметі болып
табылады.
Банктерде сақтандыру
қызметі – бұл қаржылық тұрақтылықты
және төлемқабілеттілікті қамтамасыз ету
мақсатында қаржы рыногында пайда алу үшін қордың
уақытша бос қаражаттарын пайдалану және дәстүрлі
мәміле аясында сақтандыру оқиғаларының туындауы
себебінен болған зияндарды қайтару жағдайында, заңды
тұлға тарапынан кәсіпорындардың,
ұйымдардың, азаматтардың салымдарын (сақтандыру сыйлықақылары)
мәміле есебінен төлеу бойынша сақтандыру қорын
құруға негізделген кәсіпкерліктің ерекше
түрін көрсететін сақтандыру қызметінің
қатысушылары арасындағы ерекше тұйықталған қатынастар
жиынтығы [1].
Экономикалық
категория ретінде сақтандыру - сақтандырушы мен сақтанушы
арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы,
яғни мүліктің бір бөлігі
сақтандыру сыйақысы ретінде (ақшалай немесе натуралды
үлгіде) бір субъектіден
екінші субъектіге сақтандыру төлемі түрінде
сақтандыру оқиғасы туындаған кезде қайтарым
жағдайына беріледі.
Сақтандыру
қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің
екінші сатысы - сақтандыру қорларын құру және
тарату. Бұл сатыда сақтандырушылар біруақытта
сақтандыру қорларын құра отырып, оларды
сақтандыру Өндіріс факторлары иелерінің арасында брутто-
табысты өндіру мен тарату олардың бір бөлігін
сақтандыру қорына салудың потенциалды мүмкіндігін
береді[2.Б.35-39б].
Өндіріс факторлары иелерінің
нетто-табыстарының бөлігін сақтандыру
жарнасына (сыйлықақы) айналдыру, ол өз
кезегінде келесі сатылардан тұратын нақты сақтандыру
үдерісінің бастамасы болады:
I саты -
сақтандырушылармен сақтандыру жарналарын құру
және сақтандыру өнімін сату
нәтижесінде сақтандыру төлемдерін өндіру
үшін олардан сақтандыру қорын құру.
II саты -
сақтандыру топтары, сыныптары, түрлері және басқа
бағыттары бойынша сақтандыру қорларын құру
және тарату.
III саты -
сақтандыру шарттары бойынша (сақтандыру қорларын бағыты
бойынша жұмсау) сақтанушыларға сақтандыру төлемдерін
өтеу.
IV саты -
сақтанушылардың өтелінген сақтандыру
төлемдерін жоғалтқан немесе бүлінген
нысандарын қайта қалпына келтіру үшін қолдануы.
тарифтерінде, бизнес-жоспарда көрсетілген бағыттар
бойынша, мемлекеттік нормативтерге (мысалы, сақтандыру қорларын
құру және орналастыру ережесіне сәйкес) сай таратады.
Сақтандыру қызметіндегі ұдайы өндіріс
процесінің үшінші сатысы– ақтандыру төлемдерін
жүзеге асыру жолымен, нақты зардап шеккен
сақтанушыларға жоғалтуларын өтеп
беру үшін сақтандыру қорын пайдалану арқылы
сақтандыру қорғанысының жекелей жүзеге асуымен
байланысты. Сақтандыру
қызметіндегі ұдайы өндіріс процесінің төртінші
сатысы –сақтандыру төлемдерінің
сақтанушылардың ие болу, басқару, қолдануымен
байланысты мүліктік қызығушылығын, олардың
үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін
қанағаттандыруды қамтамасыз етуімен байланысты.
Сақтандыру
қызметін мемлекеттік реттеу ұлттық сақтандыру
жүйесінің дамуын және экономиканың сақтандыру
секторын әсерлі бақылауды қамтамасыз етеді. Бүгінгі
таңда Қазақстанда сақтандыру қызметі саласын
реттейтін тиімді құрал сақтандыру заңы бар. Алайда,
экономиканың бұл саласы халықаралық стандарттар мен
қағидаларды қолдана отырып, табысты жетілдіруді қажет
етеді. Осы орайда, отандық сақтандыру заңнамаларын тиімді,
тұрақты сақтандыру қызметін дамытуға көмек
көрсету әрекеттері мен қолдауға,
сондай-ақ әртүрлі мемлекеттердің қадағалау
органдарымен келешектегі ынтымақтастықты дамытуға
бағытталған халықаралық талаптарға
сәйкестендіруді қамтамасыз ету қажет.
Сақтандыру
ұйымдарының қызметін қадағалау және реттеу
жүйесін жетілдіру мақсатында компанияның тәуекелдерін
анықтауға мүмкіндік беретін реттеу механизмдері мен
жаңа тәсілдерін әзірлеу қажет.
Сақтандыру
компанияларының қызметі белгісіздікке негізделетінін назарға
ала отырып, сақтандыру компаниясына оның ағымдағы
және күтілетін болашақ қаржылық жағдайын көрсететін
мүмкін болатын жағдайларды ескеру керек. Осыған орай
бүгінгі күні сақтандыру ұйымдарының
тәуекелділікті басқару жүйесін құру
мәселесі өзекті болып табылады.
Әлеуметтік
сақтандыру ұйымы келесі негізгі қағидаларға
сүйенеді. Әлеуметтік сақтандыру бойынша азаматтарды
бүкіл жалпы қамтамасыз ету, сонымен қатар,
бөлігінің көбі кәсіпорын, ұйымдар мен
мемлекеттің қаражаттарынан болып, жалпы
тұлғалардың, еңбек коллективтерінің және
жалпы қоғамның талаптары әлеуметтік сақтандыру
қаражаттарын қолдану кезіндегі келісулері, ақырғыларды
еңбекшілер ұйымы арқылы бақылау. Әлеуметтік
сақтандыру өзін өзі басқарудың баствмасынан
құрылады, басқа қоғамдық
ұйымдардың сәйкес мақсаттық қорларын
құру мен қолдануындағы професионалдық одағының
белсенді рөлін болжайды[3.Б.33-38б].
Әлеуметтік
сақтандырудың маңызды мақсаты еңбек ресурстарын
өндіру үшін қажетті жағдайларды құру болып
табылады.
Сонымен
қатар әлеуметтік сақтандыру
бұл адам индивидуум және жеке тұлға ретінде
өмір сүретін әлеуметтік сферадағы мемлекет
саясатының мәнді бөлігі. Әлеуметтік
сақтандырудың негізделген жүйесі -
қоғамдағы әлеуметтік әділеттілігінің
қамтамасыздығының, саясаттың
тұрақтылықты құру мен ұстап
тұрудың бастапқы белгілерінің бірі.
Сол
сияқты, әлеуметтік сақтандыру арқылы қоғам
келесі мәселелерді шешеді:
-
Еңбекке қабілетсіз және жұмыс процессіне
қатыспайтын тұлғаларды асыраумен байланысты шығындарды
жабуға пайдаланатын ақшалай қорлары құрылады;
-
Еңбек ресурстарының қажетті құрылысы мен
санын қамтамасыз етеді, және сол сияқты қоғам
дамуының белгілі сатысындағы объективті қажеттіліктерге
сәйкес оларды орналастыру;
-
Қоғамның жұмыс істейтін және жұмыс
істейтін және жұмыс істемейтіндердің материалдық қамтамасыздығындағы
деңгейлерінің арасындағы айырмашылықты
қысқарту;
-
Жұмыс процессіне қатыспайтын, тұрғын
елдерінің түрлі әлеуметтік топтарының өмірлік
деңгейін түзетуде қол жеткізу;
-
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2 бөліктен
тұрады: біріншісі жұмысшылардың еңбекке
қабілеттілігін қайта құрып және сақтауды
қамтамасыз етуге арналған, сонын ішінде, денсаулық
сақтау іс шараларын жүргізу; екіншісі еңбек
қабілеттілігін жоғалтқан немесе мүлдем болмаған
тұлғаларды материалды қамтамасыз етуіне кепілдік береді.
Әлеуметтік сақтандырудың белгілі бөліктерінің
материалды негізі ретінде сәйкес
белгілі бағытта қолданылатын ақша қорлары
әрекет етеді.
Әлеуметтік
сақтандыру қорының құрылу мен қолдану
процессінің іске асырылуы кеңейтілген қайта өндірістік
объективті заңдарының талаптарына сәйкес орындалады.
Дәл осы объективті заңдар тұлғалар
қажеттіліктерін қаржыландыру үшін қорларды
құруды талап етеді, нақты төлемдер мен
жеңілдіктерді қарамастырады. Құндылық
заңының әрекет етуі білім алудың ақша формасы мен
қордың зейнетақы, жәрдемақы, төлемдер, мақсатты
қаржыландыру шығындарын түсіндіреді, экономиканы мемелекеттік
реттеу қажеттілігі жалпы мемлекеттік көлемдегі қордың
мәнді бөлігінің орталықтандырылуын анықтайды, қабылданған
нормативті құжаттарға сәйкес олардың
жүйеленуі орындалады.
Әлеуметтік
сақтандыру қорын құру мен қолдану бойынша
қатынасы қаржының органикалық бөлігі болып
табылады және ұлттық табысты таратуда қатысып,
еңбекке қатыспайтын, еңбекке қабілетсіз
тұлғалардың қажеттіліктерін қаржыландыру
үшін арналған, олардың бөлігі бірігіп тұтыну
қорларындағы мақсаттық ақша қорларына
бөлінеді. Қатынастар субъектілері: мемлекет, кәсіпорын
және әртүрлі меншік формаларының ұйымдары,
жұмысшылардың профессионалды одағы, тұрғындар.
Сол
уақытта бұл реттемелі қатынастар әлеуметтік
сақтандырудың жүйелі мәнәін көрсететін
спецификалық қырларға ие.
Біріншіден,
әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы мен
қолдануы бойынша қатынастары бойынша, ұлттық
табыстың сәйкес бөлігі іске асырылады, яғни нақты
пайдаға айналады.
Екіншіден,
қаржының басқа аудандарына қарағанда әлеуметтік
сақтандыруда алғашқы және екінші орналастыру шегі
қатаң бақыланады. Алғашқы тарату
қорлардың ұйымдар, кәсіпорындар табысынан арнайы
алымдарынан құрылған қорлар фазасы үшін мінезді
болып табылады. Мемлекеттік бюджет қаражатын тарту, келесі әлеуметтік
сақтандыру қорларының шығындары қайта тарату
облысына жатады.
Үшіншіден,
берілген қаржылық қатынастар сферасы мемлекет арқылы
белсенді реттеледі. Орталықтанған қорлар тізімі,
олардың мәні, қолдану ауданы, құрылу
көздері мен шығындану бағыттары мемлекеттік актілермен
анықталады, және әрекет етуі түрлі меншік формаларына
таратылады. Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру
қорының жүйеленуі қоғамдық
ұйымдардың белсенді қатысуымен орындалады: професссионалды
одақтар, кооперативтілердің кеңесі, акционерлі ұйымдарының,
қоғамдық органдар.
Төртіншіден,
әлеуметтік сақтандыру қорлары сақтандыру әдісімен
құрылады, яғни, кәсіпорындар, ұйымдар, мекеме
және азаматтардың сақтандыру кепілдіктері арқылы. Қорлар
белгілі жағдай туу
жағдайына құрылған: ауру, кездейсоқ жағдай
жұмыстан айырылу және тағы басқа, асылардың
нәтижесінде адам еңбек
процессінде уақытша немесе тұрақты уақыт бойы
қатыспайды.
Сол
сияқты, қаржылық категория секілді әлеуметтік
сақтандыру қоғамдық еңбекке қатыспайтын тұлғаларды
асырауға арналған қорларды құру мен қолдану
мақсатымен ұлттық табысты тарату мен қайта таратумен
бойынша ақша қаражаттар бөлігін өкілдік етеді.
Әлеуметтік
сақтандыру қаражаттары түрлі пішінде шығындалады,
адамның еңбекке қатыспау себептеріне сәйкес, және
халықтың әлеуметік статусының ерекшеліктеріне назар
аударылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Халықты әлеуметтік қорғау
жүйесінің
әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және оны реформалау
бағыттары.- АльПари, №1, 2006жыл
2.
Павлов А. Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі
әлеуметтік сақтандыру,- Қаржы -қаражат, №2 2006ж. Б.35-39.
3.
Мероприятия по совершенствованию и этапы системы социальной защиты
населения в РҚ.- Банки Казахстана, №3 2007 жыл, 33-38б.