Экономикалық ғылымдар/4.Инвестициялық қызмет және қор нарықтары

 

Э.ғ.к. Камалов А.А., магистрант  Урпеков С.Д.

Қазақстан

Инвестициялық климат өңірдің инвестициялық тартымдылығы ретінде

 

«Қазақстан-2050» тұрақты мемлекеттің жаңа саяси курсы стратегиясында анықталған мемлекеттің экономикасының маңызды басымдықтарының бірі болып тікелей шетел инвестициясы және ішкі жинақтар мен қорлардың жоғары деңгейде дамуының нарықтық моделі негізінде өсудің нақты үдерісінің нәтижесі табылады. Экономиканың жаңа сапалы жағдайға өтуі инвестициялық ресурстарды тиімді пайдаланумен жалғасатын жоғары инвестициялық белсенділікті ұсынады.

Осыған байланысты Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттік әлеуметтік-саяси және экономикалық саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстанның инвестициялық және инвестициялық саясатына республиканың өндірістік потециалы өсуінің үлкен дәрежесі, экономикалық дамудың қарқыны, материалдық және рухани даму өндірісінің көлемі мен сапасының өсуі, инфрақұрылымның дамуы тәуелді болады.

Инвестициялық климат ұғымы елдегі инвестициялық белсенділіктің дәрежесін бағалау үшін қолданылады.

Инвестициялық климат – бұл инвестицияны ендіру тиімділігі мен қайтарымның сенімділігін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік шарттардың тұтастығы [1].

Инвестициялық климатты анықтау үшін үш тәсіл қолданылады: 1) дәстүрлі; 2) көпфакторлы; 3) тәуекелдік

Дәстүрлі тәсіл өнеркәсіп өнімінің өндірістік ұлттық кірісі мен көлемінің жалпы ішкі өнімінің динамикасының; ұлттық кірісті, жинақ үйлесімділігі мен тұтынуды тарату динамикасының; жекешелендіру үрдісінің жүргізілуінің; инвестициялық қызметті заңнамамен реттеу жағдайының; жеке инвестициялық нарықтардың оның ішінде қор және ақшалай дамуының бағалануына негізделеді.  Мұндай тәсіл тек мемелекет аумағында инвестициялық климаттың ғаламдық бағалануында қолданылады.

Көпфакторлы (кеңейтілген) тәсіл анығырақ және объективті болып келеді. Ол инвестициялық климатқа әсер ететін факторларды жинақтау бағалауына негізделеді.

Инвестициялық климатты анықтаудың тәуекелдік тәсілі стратегиялық инвесторлар үшін маңызды болып табылады. Ол инвестициялау үшін өңірдің тартымдылығын бағалау мен өзінің әдеттегі аймағында бар жаңа объектіге инвестициялау тәуекелдігінің деңгейін есептеуге мүмкідіндік береді.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығының факторы өңірдің инвестициялық тартымдылығының өзгерісін, қалыптастастыру бағыты мен тенденциясының сипатын анықтайтын әрекеттегі күшті көрсетеді. Осылайша өңірдің инвестициялық тартымдылығы көпфакторлы құбылыс ретінде орындалады. Бұл факторлар мазмұны, күші, сипаты, мерзімі, пайда болу себептері мен шарттарына қарай әртүрлі.

Л.А. Чернышеваның [136] зерттеулерінде «инвестициялық климат инвестициялық тартымдылық индексі» (сурет.1.) трансформация моделі келесі факторлардың пайда болуы түрінде ұсынылған: демографиялық (халық саны, әлеуметтік құрам, білім деңгейі, қала тұрғындарының үлесі); әлеуметтік қамтамасыз етілу факторы (халықтың табысы, сатып алу қабілеті, материалдық техникалық қор);  ең бірінші кезекте қаржылық орта жағдайымен (инфляция қарқыны, несиелер көлемі, еңбекақы бойынша қарызы, бюджеттің толығуы, салықтың жиналуымен) байланысты ұйымдастырушылық және басқарушылық деңгейі.

 

Сурет.1. Инвестициялық тартымдылықты анықтау моделі.

 

Қазақстандық авторлардың көбісі [1,2 және т.б.] факторлық тәсілді пайдаланып инвестициялық климатты анықтауда инвестициялық климатқа әсер ететін факторлардың кең көлемдегі өзара байланысқан сипаттамаларға сүйенеді. Бұл жағдайда келесі фактор топтамалары жиі кездеседі:

1)     өңірлік экономикалық жүйенің экономикалық потенциалын анықтайтын факторлар;

2)     жалпы шарттарды сипаттайтын факторлар;

3)    өңірдегі нарықтық ортаның дамуын куәландыратын факторлар;

4)    саяси факторлар;

5)    әлеуметтік және әлеуметтік мәдени факторлар;

6)   ұйымдастырушылық құқықтық факторлар;

7)     қаржылық факторлар.

Аталған өңірдің инвестициялық тартымдылығының әрбір факторлық топтамасы ғалым экономисттердің қызығушылығын арттырады.

Осылайша, өңірдің инвестициялық тартымдылығы бір бірінен төмендетілмейтін көрсеткіш индикаторлардың жиынтығы кқрсетілетін көпөлшемді, көпфакторлы экономикалық категорияларды сипаттайды.

Инвестициялық тартымдылықты өлшеу тек қана оның интегралдық бағасының моделіндегі көрсеткіштерін сипаттайтын жалпылама негізіндегі әдіспен жүргізіледі. Мұнда негізгі тапсырма зерттелетін аумақтағы инвестициялық тартымдылық бағасының моделіндегі олардың композияциясы мен орынды көрсеткіш индикаторларын таңдау болып табылады.

         Бүгінде мемлекет пен өңірдің инвестициялық климатын оң сипаттайтын негізгі факторлардың бірі әлеуметтік – саяси тұрақтылық болып табылады. Егер Қазақстан нарығы өздігінен халық саны аз делініп, инвесторлар үшін тартымдылығы төмен болса, онда көршілес мемлекеттердің ірі нарығына жақын болып ең бірінші кезекте Ресей мен Қытай  инвестиция тартымдылығы үшін жақсы мүмкіндіктерді ұсынады.

 

Әдебиеттер:

1.      Кадерова Н. Н.Финансирование и кредитование инвестиций учебное пособие / - Алматы : Экономика, 2008. - 632 с

2.       Омарова А. К.Финансирование и кредитование инвестиций: учебное пособие / - 2-е изд., испр. и доп. - Алматы : Таугуль-ПРИНТ, 2009. - 305 с.

3.       Чернышева Л.A. Методология управления инвестиционной неоднородно­стью регионального развития / дисс. д-ра экон. наук. — СПб, 2008.