Омаров А.М., Сланбекова А.Е., Абдикаримов П.З.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

Сақтандыру нарығының автоматтандырылған жүйесін өңдеу

 

Қазіргі кезде, сақтандыру компаниялардың жеке беттерге ұсынылып ең ірі сұранысқа ие болып отырған сақтандыру қызметі және азаматтық жауаптылық. Себебі көп тәуекелдер және өзіне меншікті мүліктің жоғалуы, өмірге зиян келтіруі, денсаулыққа және басқа адамдардың мүлігіне зиян келтіру осының барлығы тікелей сақтандырумен байланысты. Сондықтан қазіргі кезде сақтандыру қызметі кең спектрде жұмыс істеп жатыр.

Қазақстанда сауда экономикасына өту нәтижесінде, сақтандырудың қоғамдық өндірісте сұранысы да ұлғайды. Ол мемлекеттік сақтандыру үшін сақтандыру қызметінің сферасының маңызын және де альтернативасының дамуын кеңейтеді. Бұның алғы шарттары мынандай: өндірістің дамуына мемлекеттің әсері, заттық игіліктердің таратылуы, меншіктің жекешелендіруі, акционерленуі және де шаруалардың жағымсыз жұмыс істеу нәтижесінде банкротқа ұшырап қалмауы үшін, көптеген дербес шаруашылық етуші субъектілердің пайда болуы.

Қазіргі заманға сай бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары мәліметтерді сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады. Сондықтан қазіргі кезде мәліметтер қорлары үлкен мәнге ие болып отыр. Ол көптеген мамандықтардың ажырамас компонентіне айналып келеді. Бағдарламаны құрудың негізгі міндеттері бұл ең алдымен оқытушыны автоматты түрде іске асыруға болатын қарапайым жұмыстан босату және уақыт үнемдеу. Екіншіден, ай, жарты жыл және жыл сайын жасалатын есеп берулерді автоматты түрде есептеп шығару. Үшіншіден, ақпаратты қорғау. Төртіншіден, бүкіл мәліметтерді бір орталыққа жинақтау, бақылау жүргізу.

Бағдарламаны құрудың негізгі мақсаты: жоғарыда келтірілген міндеттерді орындау үрдісінде бағдарламаны ендіру, бағдарламаның дұрыс жүзеге асырылуын қадағалау, қолданушылармен кері байланыс орнату, жұмыс істеу үрдісінде кемшіліктерді анықтау және жою, бағдарламаны толықтыру, жаңа функцияларды енгізу және жалпы орындалуын бақылау болып табылады.

Басты мақсаты мемлекетіміздегі сақтандыру қызметінің автоматтандырылған жүйесімен танысу және соның негізінде сақтандыру қызметкерлерінің жұмыс уақытын аутоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз ету. Сақтандыру агенті сақтандырылған тұлғаны, оның сақтандыру төлемін төлеу негізінде сақтандырушылық қорғауды жүзеге асыру.

Сонымен қатар, клиент базасын жетілдіру, барлық мүмкін бағдарлама жүйесін мақсатталған бағытта қолдану. Мақсатты жетілдіру үшін бірнеше әдіс-тәсілдер, аталған бағдарламалау ортасының мүмкіндігін қарастыру [1].

Бағдарламалық өнімді жасау үшін Delphi бағдарламалау жүйесі және SQL тілі таңдалды. Жұмыстың орындалу ортасы Delphi бағдарламалау ортасы болып табылды. Delphi бағдарламалау ортасының сақтандыру қызмет жүйесінің жұмыс істеу мақсатын жетілдіруде барлық мүмкін технологиялар қарастырылды. Жұмыстағы тапсырмалар келесілер болып табылады:

-Delphi бағдарламалау тілінің көмегімен сақтандыру қызмет жүйесінің барлық мүмкін компоненттерді қарастыру;

-жүйені тиімді және дұрыс бағытта қолдану;

-клиенттерінің өзі туралы ақпаратты енгізген бетте мәліметке толық талдау жасау;

-қолданылған компоненттердің тиімді әдіс қолданысын талдау, олардың қолайлысын дұрыс бағытта қолдану.

Ал жұмыс практикалық тұрғыдан да алып қарағанда өз құндылығын жоймайды. Себебі:

-        сақтандыру қорының негізгі жүйесі Delphi бағдарламалау тілінің барлық компоненттері тиімді қолданыспен жасауға негізделген;

-        сақтандыру қорын толықтыруда Delphi бағдарламалау тілінде бірнеше версиясы қарастырылып, тиімдісі ортақтандырылған;

-        клиенттер үшін қолданылатын қорлардың сақтандыру шарттары бойынша қолайлы жағдай жасалған;

-        сақтандырудың қай түрлеріне болмасын байланысты сақтандырушы  пен сақтанушы арасындағы тиімді шарттары нақты талданған.

Сақтандыру дегеніміз – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Сақтандырудың негізі болып сақтандыру келісім-шарты болып табылады. Сақтандыру келісім-шарты сақтандыру қызметіндегі ең басты құжат болып табылады. Сонымен қатар, сақтандыру келісім-шартымен бірге арыз және полис жүреді. Себебі арыз және полиссіз сақтандыру келісім-шарты құрылмайды.

Сақтандыру сауда экономикасында бір жағынан бизнесті және адамдардың әл ауқатын қорғаушы, ал басқа жағынан алғанда сауда қызметіне пайда әкелуші болып есептеледі.

Әрине, сақтандыру қорына ұқсас бірнеше технологияларды қолдана отырып, бағдарламалық тілдердің көмегімен, қолданбалы пакеттердің көмегімен басқа да базалар жетістігін көрсету мүмкіншілігін көрсететін бағдарлама жасауға болады.

Алуан түрлі ұйымдардың әрекет етуі үшін деректер қорының пайдалануы өте маңызды. Ондай қосымшаларға қойылатын талаптарды жалпы: шапшаңдық, жеңілдік, тиімділік, сенімділік деп қисынға келтіруге болады.

Қосымшаларды құруға арналған көптеген бағдарламалау өнімдерінің ішінде Delphi құралы алдыңғы қатарлы өнім болып табылады. Delphi-де құру үшін әртүрлі әдет-дағдылар, кәсіби мүдделері бар әзірлеушілер пайдаланады. Delphi көмегімен өте көп бағдарламалар жасалған, көптеген фирмалар мен мыңдаған дербес бағдарламашылар Delphi үшін қосымша құрамдас бөліктерін жасалған.

Бардарламада SQL тілі кеңінен пайдаланылды. Ол көптеген кестелерден тұратын және өзара қиын байланысқан деректер қорын құруға мүмкіндік береді. SQL - дің ең негізгі қасиеттерінің бірі болып, реляциялық ДҚ - на қосылу мүмкіндігі болып саналады.

SQL мәліметтерді шығарып қана қоймайды, сонымен қатар мәліметтер құрылымын анықтау, мәліметтерді қосып немесе өшіру, мәліметтерді көруге рұқсат берілу берілмеуді, сілтеме толықтығын бақылау сияқты жұмыстарды атқарады.

Қазіргі кезде SQL тілінің көптеген сипаттамалары бар және негізгі назар (Delphi - де жасалатын) бағдарлама мен деректер қоры сервері арасындағы қарым - қатынас механизміне аударылады.

Жалпы, клент сервер технологиясының негізінде қызметті екі бөлімге бөлуге болады: бірінші кленттік – ол негізінен мәліметтерді көрсету мен жаңа мәліметтерді енгізу, екінші серверлік – яғни, осылармен айналысатын мәліметтерді өңдеу, сақтау және мұрағаттау.

Осыдан бағдарламаның анықтамасы да шығады, клиенттік бұл – SQL тілінде сұраныс құратын, ал оларды серверге жолдайтын және пайдаланушыға  аталған сұранысты өңдеудің нәтижелерін ұсынатын бағдарлама болып есептеледі.

SQL тілі - структуралық сұраныстар тілі (Structured Query Language-SQL)- реляциялық мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған өнеркәсіптік тіл. Ол кестелерде сақталған мәліметтер қорынан мәліметтерді алуға, енгізуге, жаңартуға, өшіруге, көрсетуге арналған.  SQL-ды пайдаланып, сіз тез орындалатын сұраныстарды, объектілерді басқара аласыз [2].

Delphi - де мәліметтермен жұмыс істеу үшін TDataSet класы болып табылатын компонент қолданылады. Delphi-де сұраныс құрудың көп пайдаланылатын тәсілі – формаға орнатылған компоненттерді пайдалану. Егер BDE пайдаланылса, онда бұл TTable немесе TQuery. Егер ADO пайдаланылса, онда бұл ADOTable немесе ADOQuery. Егер erDA пайдаланылса, онда бұл TerQuery. TDataset өз кезегінде пайдаланушыға мәліметтерді көрсететін визуальді компоненттермен тікелей сервермен қарым - қатынас жасайтын механизмнің арасындағы өзіндік қабатша болып табылады.

(TTable, TADOTable) мен (TQuery, TADOQuery) объектілері арасындағы айырма мынада: TTable мен TADOTable бір кестеде бапталады және онымен автоматты түрде жұмыс істейді, ал TQuery мен  TADOQuery SQL сұранысынан туған нәтижелерді көрсете алады. Кез - келген жағдайда SQL-мен жұмыс кезінде сервермен жұмыс SQL сұраныстарын орындау мен сұраныстардың орындалу нәтижелерін көрсетуден тұрады. Сондықтан бағдарламалау кезінде TTable мен TADOTable-ді пайдалану мүмкін болса да,  сұраныс нәтижелерін сүзу мен сұрыптау үшін көбірек мүмкіндік беретін TQuery мен  TADOQuery-ді пайдалану жеңілірек болады. Одан әрі де аталған объекті DataSet (Деректер жиынтығы) қасиетi арқылы нақты кестемен байланыс орнатады.

Көрсетілген бағдарламада берілген механизммен қалай жұмыс істеу керек екендігі көрсетілген. Ол үшін формаға тағы да бір компонент орнату керек DataSet (Detail). Келесі SQL сұранысымен:

select * from dbo.a_detail
where
a_master_id=:a_master_id

Деректер қорына сұраныс жасау үшін:

Int mysql_query(string $query [, $link_identifier])

$result=mysql_query($query);

Сақтандыру қызметінің автоматтандырылған жүйесі Delphi бағдарламалау тілінде мәліметтер қорымен байланыстыру мүмкіндіктерін қолдану арқылы құрастырылған. Деректер қоры деген - құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы, ал деректер қорын басқару жүйесi - деректер қорымен жұмыс iстеуге арналған Borland Delphi ортасындағы программалар қатарына кiретiн тiлдердiң бiрi Paradox тiлi болып табылады.

Жалпы, деректер қорын бағдарламашы мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманың көмегімен өзі жасайды. Ал мәліметтермен жұмысты бағдарлама жасайды. Деректер қорын басқару жүйесі мәліметтерді төмендегі жағдайларды білмегенің өзінде де оқып, өңдеуіне рұқсат беруі қажет:

-         Бағдарламада жаңа құрылған деректер ең алдымен пайдаланушыға деректер қорын мәліметтермен толтыруға мүмкіндік беруі тиіс.

-         Одан кейін бағдарлама пайдаланушыға дерекқорға енгізген мәліметтерін қарауға мүмкіндік беруі керек.

-         Егер пайдаланушыға бір нәрсе ұнамаған болса, оны түрлендіруге мүмкіндік болуы керек.

Сақтандыру механизмінің сәтті жұмыс жасауына автоматтандырылған жинақ, яғни мәліметтерді өндеу мен ретке келтіретін, дамыған ақпараттық жүйе қажет [3]. Деректер қоры ақпаратты сақтауға, өндеуге және де ыңғайлы да тез пайдалануға мүмкіндік береді.

Сақтандыру қызметі өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай халықаралық стандарттарға сай және сақтандыру қызметін дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру жүйесін құруды талап етеді.

 

Әдебиеттер:

 

1.        Понамарев В. Базы данных в Delphi 7. Самоучитель. – СПб.:Питер, 2003. – 224 с.

2.        Станек У. Р. Microsoft SQL Server 2005: справочник  администратора. - М.: Русская Редакция, 2006. - 522 с.

3.         Бакиров А. Ф. Формирование и развитие рынка страховых услуг : произв.-практ. изд. / А.Ф. Бакиров, Л. М. Кликич. - М.: Финансы и статистка, 2008.