УДК 614,87(574)

 

2004-2013 ж.ж. санитарлық қызметтің мәліметтері бойынша Қызылорда облысы Әйтеке би ауылындағы қоршаған ортаның ластануының сипаттамасы

Хантурина Г.Р.1, Абдикадиров Т.2, Сейткасымова Г.Ж.1, Асылханова Ф.Е.1, Амирханова Н.Ж.1, Махаев А.Ж.1

 

1Қазақстан, Карағанды қаласы «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК

2Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқығын қорғау Агенттігінің «Қызылорда облыстық санитарлық- эпидемиологиялық сараптау орталығының» Қазалы аудандық филиалы РМҚК

 

Әйтеке би ауылы атмосфераның ластану индексі бойынша ауаның жоғары ластанғанын көрсетті. Ауыз суының ластану индексі 0,5ке, яғни таза су, сапаның 2-ші классына тең. Сырдария өзенінің ауаның ластану индексі 1,3, сапаның 3-ші классына жатады, яғни әлсіз ластанған. Топырақта нитраттардың жинақталуы 0,1 ШРЕК, хлоридтер 0,04 ШРЕК, сульфаттар 0,2 ШРЕК, яғни нормадан жоғары емес.

Кілт сөздер: ауа, су, жер, химиялық заттар

 

Экология және адам денсаулығы – Қазақстан Республикасының қазіргі заманда қоғамның назарын аудартқан белсенді сауалдарының бірі. Оң құбылыстардан басқа ғылыми- техникалық революция адам мен оның өмір сүру ортасы арасындағы карама – қайшылықтардың өсуіне алып келді. Өндіріс орындарын жасандандыру, ауыл шаруашылығын химизациялау және басқа да антропогендік іс- әрекеттер экологиялық тұрақтылықтың өзгеруіне түпкілікті әсер етті [1].

Планетаның 10 – 15 % ауданы ластануға ұшыраған. Ластаушы заттар қоршаған ортаға түскенімен қатар тірі ағзалардың құрамынан, демек адам ағзасынан табылған, бұл экологиялық апатты көрсетеді. Олардың шектен тыс мөлшері тірі ағзаларға токсикалық әсерін көрсетеді. Мұндай бұзылыстардың нәтижесін айтуға қиын, себебі олардың бөлшектері организмде генетикалық көлемде жинақталады. Сол себептен ластануды биосфера бойынша жалпы, ал адам өміріне қауіптілігі бойынша бірінші орынға қояды. Ластануды экологиялық кризистің мүмкін болатын себептерінің бірі ретінде қарастырады. Ең тиімдісі болып қоршаған ортада поллютанттардың трансформациясы және бөлінуін көрсететін ластаушы заттардың химиялық құрамы бойынша классификациясы табылады. Ластаушы заттардың келесідей топтары көрсетіледі: а) көміртегі, азот, күкірт оксидтері; б) металдар және металлоидтар; в) органикалық поллютанттар. Қоршаған ортаға кез келген ластаушы заттардың түсуі адамдардың тұрмыстық қызметтерінің барлық түрімен түсіндіріледі [2].

Қазіргі уақытта тұрғылықты жердің атмосфералық ауасында бенз(а)пирен құрамынан басқасы ешқандай норматив канцерогендік әсері мен тиімді қауіптің есебімен бекітілмеген. Қазіргі уақытта Ресейде тұрғындар денсаулығы үшін қауіптің деңгейі қолайсыз көп таралған канцерогендер (хром VI, бензол, мышьяк, 1,3-бутадиен және т.б.) үшін орта тәуліктік ШРЕК-ң ең жоғарғы мәні бар екені таңғаларлық жайт емес [3].

Әрбір елге атмосфералық ауаның ластануын реттеудің өзіндік әдістері, заңдық құжаттары, формат және нормативтік стандарттары мен олардың өлшемі (ауаның мақсатты сапалық көрсеткіштері) тән.

Ауаның ластануы денсаулықты анықтайтын маңызды детерминанттың бірі болып табылады. Ластанған атмосфералық ауаның денсаулыққа тигізетін кең әсері жер шарының әр бөлігінде жүргізілген зерттеулерінде дәлелденген. Жинақталған мәліметтерге сүйенсек, ДДҰ соңғы жаңаруы 2005 жылы болған ДДҰ ауа сапасының нұсқаулығын әзірлеп шығарады. Жаңа зерттеулер NO2 концентрациясының күн сайынғы ауытқуы мен өлім деңгейі, госпитализация және респираторлық симптомдар арасындағы байланысты құжаттандырады. NO2 ұзақ мерзімді әсері және сырқаттанушылық пен өлім деңгейі арасындағы байланысты көрсететін қосымша зерттеулер жарияланған. Қысқа мерзімді бақылаулар сияқты ұзақ мерзімді бақылаулар осы қауымдастықтардың концентрациясының БЖ бекітілген шектелген және олардан төмен өлшемдермен біріктірілгенін көрсетті [4].

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған мемлекеттік саясаттың бастапқы тапсырмасының бірі. Адам денсаулығы мен ауыз судың химиялық құрамы арасындағы байланысты дәлелдейтін көптеген мәліметтер бар. Қазіргі уақытта ауыз судың химиялық құрамының адам денсаулығына әсері жайлы көлемді мәліметтер жинақталған. Несеп шығару жолдары, эндокринді жүйе, ас қорыту, қан айналу ағзаларының аурулары, онкологиялық аурулардың мүмкін болатын дамуына алып келетін ауыз су құрамындағы поллютанттар органолептикалық , канцерогенді емес, канцерогенді әсерлерге ие [5].

Топырақтың ауыр металлдармен, мышьякпен ластануы және олардың тұрғындардың денсаулығына әсері өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Өткен ғасырдың екінші жартысында қоршаған ортаның кадмий, сынап, қорғасынмен ластануы химиялық заттардың жедел әсері туралы мәліметтері назар аудартады [17].

Аралдың кеуіп қалуы Арал теңізінің құрғаған түбінің беті жел эрозиясының артуына және Ортаазиялық аймақтың ауа бассейнінің жалпы шаңдануына әкеліп соқты.

Орта Азия аймағында ауаның ластануының табиғи көздері болып Қарақұм және Қызылқұм шөлдері және де жоғарғы беткейінен көп көлемді тұздалған шаңдары желмен көтеріліп ұшатын Арал теңізінің құрғаған түбі табылады. Тұздармен бірге тонналаған ауыл шаруашылық химикаттары – ауыр металлдар, тыңайтқыштар және пестицидтердің қалдықтары және т.б. беріледі. [2].

Әйтеке би ауылының (бұрынғы Қазалы) аумағы жазық беткейлі, қаладан 1 км оңтүстікке қарай ағатын, шығыстан – батысқа Сырдария өзенімен тоғысқан. Жер бедерінің абсолютті белгісі 55-65 м құрайды. Сырдарияның алқабы кең (30-50 км дейін), кейбір жерлері шалшықтанған, көптеген ағыстар, көлдер және қоюланған суару жүйелері бар.

Сырдарияның ұзындығы 50-150 м, тереңдігі 0,7-3 м, ағу жылдамдығы 0,8 м/с, түбіндегі грунт құмды және жабысқақ. Өзен арнасы ағыл – тегіл, көптеген ағыстар мен аралдардан құралған. Жағалауы шұғыл және құламалы, жардың биіктігі 2-6 м. Өзеннің және ағыстардың суы тұщы, лайлы, мұқият тазалаудан соң ішуге жарамды. Сәуірден – тамыз айлары аралығында өзен суының жоғары деңгейі байқалады. Маусым айының соңы шілде айының басында су орташа деңгейден 3 м дейін көтеріледі. Желтоқсан айының басында Сырдария және барлық тоғандар қатады, наурыздың соңында жарылады; қыстың қатты суығында мұз қалыңдығы 1,1 м жетеді. Сырдарияда 1,2 м дейін шөгінді жүзуі байқалады.

Сырдария және арал алқабында тікенекті талдардан құралған – тоғайлар таралған. Тоғайлардың арасында жеке ағаштар, талдар мен теректер бой көтерген. Көлдерде және өзеннің жағалау жерлерінде өткізбейтін биіктігі 3-4 м қалың қамыстар өседі. Суармалы жерлерде көкөністер мен күріш өсіреді.

Басқа аймақтарда шөл және шөлейт өсімдіктері биіктігі 2 м дейін сирек талдар (тамириск, джузгун), биіктігі 0,5 м аралас талдар (боялыч, биюргун, көкпек, жусан) және шөптер (типчак, бетеге, түйетікен) ұсынылған. Маусымның басына қарай шөптің жоғарғы қабаты күйіп кетеді [6].

2010-2013 ж.ж. мәліметтерге сүйенсек, Әйтеке биде өлшенген заттардың көлемінің орташа ШРЕК-і 0,7ге тең болған. Күкірт диоксиді ШРЕК 3,2 және азот диоксидің ШРЕК 1,9 орташа тәуліктік концентрациясының жоғары болғаны байқалады. Көміртегі оксидінің ШРЕК-і 0,6 құраған. Атмосфералық ауаның ластану индексі 6,4 тең. Осыдан атмосфералық ауаның ластануының жоғары болғанын көруге болады (1 кесте).

 

1 кесте. Әйтеке бидегі ауа бассейнінің ретроспективті мәліметтері.

 

Көрсеткіштері

М+m, мг/м3

СИ

Діріл қарқыны (Min-Max)

ШРЕК, мг/м3

ШРЕК-тен еселігі, рет

1

2

3

4

5

6

Өлшенген заттар

0,1+0,03

0,03:0,2

0-0,4

0,15

0,7

1

2

3

4

5

6

Күкірт диоксиді

0,2+0,02

0,1:0,2

0,1-0,2

0,05

3,2

Азот диоксиді

0,075+0,004

0,1:0,1

0,1-0,1

0,04

1,9

Көміртегі оксиді

1,8+0,3

1,1:2,5

1-4

3

0,6

Ескерту: СИ – сенімгерлік интервалы [-95%:+95%]

 

2004 – 2013ж.ж. аралығында Әйтеке бидегі ауыз су сапасы бойынша 2 классқа жатқызылып, СЛИ 0,5-ке тең, судың ластану индексіне (СЛИ) байланысты таза деп сипатталды. Осыған қарамастан 2007-2008 ж.ж. кейбір нүктелердегі ауыз суында кадмийдің ШРЕК 10 дейін, сынаптың ШРЕК 100 дейін байқалған. Кейбір көрсеткіштер деңгейге жақын болды. Темір мен сульфаттың концентрациясы орташа 0,6 ШРЕК-н жоғары. Иісі, дәмі және түсінің мәндері ШРЕК деңгейіне жақын (2 кесте).

 

2 кесте Әйтеке бидегі ауыз су бойынша ретроспективті мәліметтер.

 

Көрсеткіштер

Mean

[-95%]

[+95%]

Min

Max

Std.Dev.

Std.Err.

ШРЕК

ШРЕК еселігі

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

Иісі

1,6

1,1

2

0

2,6

0,7

0,2

2

0,8

 

Дәмі

1,7

1,3

2,1

0

2

0,6

0,2

2

0,9

 

Түсі

15,6

11,6

19,6

0

19,3

5,6

1,8

20

0,8

 

Лайлылығы

0,9

0,6

1,1

0

1,3

0,4

0,1

2,6

0,3

 

Қаттылығы

3,4

1,7

5,1

0

7,8

2,4

0,7

7

0,5

 

Құрғақ қалдықтар

314,5

157,5

471,5

0

513,3

219,5

69,4

1000

0,3

 

Темір

0,2

0,1

0,2

0

0,25

0,09

0,03

0,3

0,6

 

Нитраттар

0,02

0,01

0,03

0

0,04

0,01

0,004

45

0,0005

 

Фосфаттар

0,1

-0,02

0,2

0

0,4

0,2

0,06

3,5

0,03

 

Хлоридтер

59,7

22,6

96,7

0

116,5

51,7

16,4

350

0,2

 

Сульфаттар

296,1

205,8

386,4

0

520

126,3

39,9

500

0,6

 

Марганец

0,03

0,002

0,06

0

0,1

0,04

0,01

0,1

0,3

 

Мышьяк

0,000004

-0,000004

0,00001

0

0,00003

0,00001

0,000003

0,05

0,0001

 

Мырыш

0,01

-0,01

0,03

0

0,1

0,03

0,01

5

0,002

 

Мыс

0,006

0,002

0,01

0

0,01

0,005

0,002

1

0,01

 

Қорғасын

0,0001

-0,0002

0,0004

0

0,001

0,0004

0,0001

0,03

0,005

 

Кадмий

0,00003

0,0000

0,0001

0

0,0003

0,0001

0,00003

0,001

0,03

 

Сынап

0,0002

-0,0001

0,0005

0

0,001

0,0004

0,0001

0,0001

1,6

 

Ескерту: СИ – сенімгерлік интервалы [-95%:+95%]

 

2004- 2013 ж.ж. аралығында Әйтеке би ауданындағы (Сырдария өзені) ашық суқоймасының суы сапасы бойынша 3 классқа жатқызылып, СЛИ 1,3ке тең, судың ластану индексіне байланысты әлсіз ластанған деп сипатталды. Нитраттардың көлемі орташа есеппен 1,4 ШРЕК тең болды. Хлоридтердің концентрациясы орташа есеппен 0,4 ШРЕК болды, әлбетте 2006 жылы көп нүктелерде бұл көрсеткіш 2 ШРЕК дейін жеткен. Сульфаттар санитарлық нормаларды орта есеппен 1,3 есе шамадан тыс, 2006 жылы максимальді деңгеймен 2,7 есе ШРЕК асты (3 кесте).

 

3 кесте Әйтеке бидегі ашық суқойма суының ретроспективті мәліметтері.

 

Көрсеткіштер

Mean

[-95%]

[+95%]

Min

Max

Std.Dev.

Std.Err.

ШРЕК

ШРЕК еселігі

БПК5

3

2,9

3,1

2,8

3,2

0,2

0,03

6

0,5

О2

8,5

8,3

8,8

8,

9,4

0,5

0,1

4

2,1

рН

7,7

7,6

7,7

7,5

7,9

0,1

0,02

8,5

0,9

Нитраттар

15,8

12,8

18,9

0,05

22,8

6,5

1,5

45

0,4

Хлоридтер

134,3

72,6

196

74

686

131,8

29,5

350

0,4

Сульфаттар

664,5

589,3

739,7

575

1330

160,6

35,9

500

1,3

Фосфаттар

0,2

-0,004

0,5

0,1

0,4

0,1

0,07

3,5

0,1

Темір

0,07

0,06

0,08

0,04

0,1

0,02

0,005

0,3

0,2

Мыс

0,05

0,008

0,02

0

0,06

0,01

0,003

1

0,015

Ескерту: СИ – сенімділік интервалы [-95%:+95%]

 

 

Әйтеке би ауылындағы топырақтағы нитраттардың көлемі 2004-2013 ж.ж. аралығында ШРЕК 0,1 төменгі деңгейде болды. Хлоридтер мен сульфаттар да тиісінше ШРЕК 16,2 мг/кг және 32,8 мг/кг төменгі деңгейде болды. 2012 жылы топырақтың бір сынамасында сынап концентрациясы ШРЕК 0,1 табылған (4 кесте).

 

4 кесте Әйтеке би ауылындағы топырақтың ретроспективті мәліметтері.

 

Көрсеткіштері

Mean

[-95%]

[+95%]

Min

Max

Std.Dev.

Std.Err.

ШРЕК

ШРЕК еселігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Нитраттар

15,8

-8,1

39,6

6,4

50,1

19,2

8,6

130

0,1

 

Хлоридтер

16,2

8,6

23,7

8,4

24,5

6,1

2,7

360

0,04

Сульфаттар

32,8

-58,2

123,9

0,04

164

73,3

32,8

160

0,2

Сынап

0,24

 

 

0,24

0,2

 

 

2,1

0,1

 

Ескерту: СИ – сенімділік интервалы [-95%:+95%]

 

 

Тұжырым: Қазақстандағы Қызылорда облысы Әйтеке би (бұрынғы Қазалы) ауылының атмосфералық ауаның ластану индексі 6,4ке тең, яғни ауаның жоғары ластанғанын көрсетті. Ауыз су СЛИ 0,5ке тең, сапасы бойынша 2 класс, таза деп сипатталады. Ашық суқоймаларының суы (Сырдария өзені) – СЛИ 1,3ке тең, сапасы бойынша 3 класс, әлсіз ластанған. Топырақта нитраттардың көлемі 15,8, яғни 0,1 ШРЕК, хлоридтер 16,2 мг/кг, яғни 0,04 ШРЕК, сульфаттар 32,8, яғни 0,2 ШРЕК.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1                                  http://www.dissercat.com/content/metodologiya-statisticheskoi-otsenki-i-analiz-zagryazneniya-okruzhayushchei-sredy-i-ego-sots#ixzz359Dbphe5

2. http://www.caravan.kz/article/7676/print

3. Авалиани С.Л., Новиков С.М., Шашина Т.А., Скворцова Н.С., Кислицин В.А., Мишина А.Л. Проблемы гармонизации нормативов атмосферных загрязнений и пути их решения // Гигиена и санитария, 2013. -№ 3. – С. 75-77

4. Heroux M.E., Braubach M., Korol N. Основные выводы о медицинских аспектах загрязнения воздуха: проекты REVIHAAP И HRAPEIE ВОЗ EX // Гигиена и санитария, 2013. - № 6. – С. 9-14

5. Мельцер А.В., Ерастова Н.В., Киселев А.В. Опыт реализации метода интегральной оценки питьевой воды по показателям химической безвредности в Санкт-Петербурге // Гигиена и санитария, 2013. - №5. – С. 31-34

6. https://ru.wikipedia.org/wiki

 

В поселке Айтеке-би индекс загрязнения атмосферы показал повышенное загрязнение воздуха. Индекс загрязнения питьевой воды равен 0,5, т.е. вода чистая, 2 класса качества. ИЗВ реки Сырдарья равен 1,3, умеренно загрязненная и относилась к 3 классу качества,. Содержание нитратов в почве составило 0,1 ПДК, хлоридов 0,04 ПДК, сульфатов 0,2 ПДК, т.е. не превышало нормы.

Ключевые слова: воздух, вода, почва, химические вещества

 

Air pollution index revealed increased air pollution in Ayteke Bi settlement. The index of contamination of drinking water is 0.5, i.e., the water is clean; it is of 2nd quality class. WPI of Syr Darya river is equal to 1,3; that means the river is moderately polluted and referred to the 3rd quality class. Nitrate content in the soil was 0.1 MAC, chlorides 0.04 MAC, sulfates 0.2 MAC, i.e. it does not exceed the norm.

Keywords: air, water, soil, chemicals