Смагулова Г.Е., Айдан А.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
МУЗЫКАНЫҢ РУХАНИ
ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Музыка — әрбір адамзат
қауымдастығына белгілі бір түрінде тиесілі өнер. Ол
салт-дәстүр, әдет-ғұрып, қозғалыс
үйлесімділігі, қарым-қатынас және ойын-сауық
тәрізді әртүрлі қоғамдық мақсаттар
үшін пайдаланылады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен
бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар
әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс
шындығын суреттейді. Қазіргі заман музыка ерекшеліктері орасан зор
және әр алуан.
Музыканың адам
табиғатындағы шешуші маңызға ие екені ертеден белгілі.
Мәслен, ежелгі грек философы Плантон музыканың мемлекеттің
қайраты мен қуатын айқындайтын күш екеніне назар
аударды. «Мемлекет үшін ізгілік қасиеттердің жоғалуына
сыпайы және ар-ұяты бар музыкадан бас тартудан өткен
әрекет жоқ. Пәтуәсіз, шашыраңқы
ырғақтар мен ладтар арқылы адамдардың жанына сондай
бейбастық, озбыр бастамалар енеді. Өйткені, музыкалық
ырғақтар мен ладтар адамдарды өзінің образына
сәйкестендіреді» деді ол. Мұндай ой жалғыз Платоннның
емес, көптеген философтардың қаруында болы. Олардың барлығын тізбектеп
жатпай-ақ Пифагорды атап өткеніміз дұрыс болар. Олай
дейтініміз, Пифагор адам баласы үшін тек музыкада ғана емес,
сонымен бірге ойлау мен сөйлеу, қимылдық әрекеттерде де
дұрыс ырғақты таба білу
салауатты өмірдің басты тірегі деп санады. Осындай
әрекеттердің нәтижесінде антикалық адам дұрыс
ырғақты табу арқылы қаланың ырғағына,
содан соң барып ғаламдық тұтастықтың Ғарыштық өмірдің
ырғына ұласуға мүмкіндік алған. Мамандар
қоғамдық өмірдің музыкалық оркестрмен
салыстырылуы, яғни қоғам құрылымында әр
адамның оркестрдегі секілді өзінің орны, өзіне
тән орындайтын партитурасы болатыны, жеке адамның
қоғамдық ырғақтың толқынына сай
қимыл жасау қажеттілігі осы Пифагордан бастау алған деседі.
Музыка әсері адам
өмірінің табиғаттағы, тіпті табиғаттағы
емес, ғарыштағы жоғары құдіреттік күштермен
тұтастығы космоэнергетикада да күмәнға алынбайды.
Керісінше, осындай ұлы болмыспен байланысты өнер түрлерін,
атап айтқанда, музыканы аса қажет деп тауып, олардың
өзінің практикалық жұмыстарында кеңінен
пайдаланады. Бұл ілімнің басқа бағыттардан ерекшелігі –
оларды толқындық, ырғақтық табиғатпен етене
қарастырады. Түптеп келгенде поэзиялық және музыкалық
ырғақтардың адамның ішкі әлеміне, яғни ішкі
толқындық тербелістеріне адамды жігерлендіріп жібереді.
Сондықтан да, жақсы музыкадан жан рахат тапса, шулы
ырғақтардан көңіл құлазып,
ыңғайсыздық мазалайды. Бұл дыбыстық
құбылыстардың адам болмысындағы айырықша
рөлін бейнелейді. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін
дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде
қызмет етеді. Адамның жан дүниесін,
көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның
сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін
қоршаған ортаға эмоциалық қатынасын білдіретін
сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған
қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық
іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыка адамды, жастарды тәрбиелей
алатын ерекше құбылыс түрі. Әр адамның
тыңдайтын музыкасынан сол адамның талғамын, ортасын танып
білуге болады. Әрине классикалық музыкаға «Үлгілі»
музыка екені бәрімізге мәлім. «Заманауи музыканың берер
әсері қандай?» деген сұраққа жауап іздеп
көрсек. Әр музыканың пайда болуында белгілі мақсат,
белгілі мүдде бар. Ол мақсат биік пе, әлде аласа ма – ол
бөлек мәселе. Егер кез келген заттың өзінің
мақсатына қарай икемделетінін ескеретін болсақ, біздің
күнделікті тыңдап жүрген музыкалық шығармаларымыздың
көпшілігі белгілі бір сезімді
білдіру немесе бір қуанышқа, не
ренішке оранған тұстағы адамның кешіп
тұрған күйін жеткізу құбылыстарына
ғана негізделген.
Заманауи музыканы
ересектер тыңдамауы мүмкін, тіпті қара жағатындары
жетерлік . Айтарлықтай кәсіптік түрде өте жаман жазылған, ішінің бәрі
мәнсіз мағынасыз қитұрқы әңгімелерге
толы , адам ой өрісіне кері әсер ететін музыка түрлері
жоқ емес бар. Бірақ қазіргі таңда және
қазіргі таңға дейін өте мағыналы салиқали
профессионалды түрде өте жақсы жазылған музыка
түрлері де өте көп. Мұнымен барлығы келісетін
шығар. Жалпылама айтқанда заманауи музыканың әр
түрі саласында ақ пен қарасы бірдей. Заманауи музыка қазіргі таңда
дұрыстығы да бұрыстығы да қатар жүріп келе
жатыр десек қателеспейміз. Бірақ сол музыка тыңдағанда
ақ пен қараны ара жігін
ажырата білген абзал.
Қазіргі кездегі музыка
екі саланы қамтиды: элитарлық сипаттағы музыка
(дәстүрлі классикалық музыка, 50-70 жылдарды қамтитын
авангардты ағымдар, джаздың негізгі бағыттары) және
көпшілікке арналған музыка (поп-музыка, дәстүрлі
эстрада, мэзик-холл). Дәл қазіргі кезде бұл екі сала өз
алдына жеке дамып келеді. Әрқайсысының көптеген
бағыттары, өз тыңдаушылары, өз даму
заңдылықтары бар.
Классикалық
музыканы құрметтеушілер заманауи музыка құндылықтарын, көркемдік
мәнділігін қабылдағысы келмейді, төмен сортты музыка
деп есептейді. Роктың жанкүйерлері классикалық
музыканың эстетикалық және ізгілік қасиеттерін
жоққа шығарады.
Әдебиет:
1.
С.Әбенбаев «Эстетикалық мәдениет негіздері» Алматы -2005
2.
Л.К.Кесоглу «Эстрадный вокал» -Алматы-2002
3.
Д.О.Карамолдаева «Ценностные ориентации в освоении современной музыки»
Алматы-2006