Заркенова Ж.Т., Утемисова А.И.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қарағанды
қаласы
ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ
ЗАҚЫМДАНҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН
БЕЙНЕЛЕУ САБАҒЫНДА ДАМЫТУ
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты
мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі
мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге
дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек
көрсету, әлеуметтік
өмір шеңберде тең құқылы тіршілік
ете алуларына жағдай жасау.
2002
жылдың 11 шілдесінде қабылданған Қазақстан
Республикасындағы «Мүмкіндігі шектеулі
балаларға әлеуметтік және
медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау
көрсету туралы» Заңына
сәйкес даму және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі
балалар білім алуға және шығармашылық,
дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең
құқылы [1]. Осы заң
аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне
мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық
тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Қазіргі
таңда мүмкіндіктері
шектелген балалар саны артуда. Тірек-қимыл аппарты
зақымданған балалар тобына көбінесе церебральды сал
ауруына шалдыққан балалар
жатады. Балалардың церебральды сал болуы – бұл жатыр ішінде, туылу
кезінде және туылудан соң
мидың зақымдалу салдарынан пайда болатын патологиялық
синдромдар тобы, ол қозғалыс, тілдік және психикалық бұзылыс формасында көрінеді.
Балалардың церебральды сал болудың пайда
болуы себебінің бірінші тобына
жүктілік кезіндегі ананың инфекциялық аурулармен,
жүрек-қантамыр және эндокринді
бұзылыстармен, жүктілік таксикозы, ана мен ұрық қанының иммуналогиялық
сәйкессіздігі, жүктілік кезінде психикалық және физикалық
жарақаттардың, асфиксияның, жатыр ішілік
жарақаттардың болуы жатады.
Себептердің екінші тобына менингит, энцефалит, менингоэнцефалиттерді
жатқызуға болады.
Зиянды факторлардың жатыр ішіндегі даму кезіндегі,
туу және туғаннан кейінгі кездегі миға
әсері, ми қабаты мен ананың затында түрлі
өзгерістерге әкеледі, ол өз кезегінде қалыпты
дамудың бұзылыстарын себептейді.
Балалардың церебральды сал болуының
клиникасында жетекші болып қимыл
қозғалыстары табылады, олар белгілі бір бұлшықет
тобының орталық сал болуымен,
координацияның бұзылысы және гиперкинезиямен сипатталады.
Қозғалыстың бұзылуы жиі тілдік және
психикалық бұзылыстармен қатар жүреді.
Қозғалыс бұзылысының синдромы.
Балалардың
церебральды сал болуы кезіндегі қозғалыс бұзылыстарын шектен
тыс бұлшықет тонусы мен патологиялық тоникалық
рефлекстердің бірлігі шарттайды, олар жасерекшелік қозғалыс
дағдыларының қалыпты дамуына кедергі жасайды. Тоникалык
рефлекстер 2-3 айлық балалар үшін қалыпты рефлекс болып
табылады. Дегенмен балалардың церебральды сал болуы кезінде олардың кepi дамуы тежеледі және баланың
қозғалыстық дамуы едәуір қиындықтарға
ұшырайды.
Церебральды салдығы бар баладағы тоникалық лабиринтті
рефлекстің (ЛТР) көрінуінде шалқасынан жатқан кезде
бұлшықеттің тонусы жоғарылайды.
Церебральды сал балада симметриялы мойынның тоникалық рефлексі
(СМТР) көрінуінде оның бұлшықетті тонусы мойнын
бүгу мен жазуға тәуелді болып табылады. Мойынды жазу,
қолды жазу тонусын күшейтеді. Осыған байланысты бала
тепе-теңдігін жоғалтып, артқа қарай қауіптігі
бар. Мойынды бүгу бұлшықеттің бүгу тонусын
жоғарлатады және бала алдыңғы жаққа
қарай құлауы мүмкін. Церебральды сал балалар басын
ортаңғы деңгейде ұстауға тырысады, әйтпесе
отыру кезінде, тұру және жүру барысында тепе-теңдік
бұзылады [2].
Ассиметриялық мойын – тоникалық рефлексі (АМТР) басты
бұру кезінде бас қай жаққа бұрылатын болса, сол
жақтағы қолдын жазу бұлшық етерінің
тонусының жоғарлауымен бейнеленеді.
Тоникалық рефлекстердің көрінуі мидың
зақымдану ауырлығына тәуелді. Егер зақымдану ауыр
деңгейде болса, олар тез және оңай анықталады.
Зақымдану жеңіл түрде болса, бала рефлексті тежеуге үйренеді.
Тоникалық рефлекстер артикулциялық аппаратың
бұлшық ет тонусына әсер етеді. ЛТР тіл ұшының
бұлшық етінің тонусын жоғарлатады, нәтижесінде
дыбыстық реакциялардың қалыптасуы қиындыққа
ұшырайды. Ассимитриялық тоникалық рефлекс кезінде бұлшық
ет тонусы артикуляциялық мускулатурада ассимитриялық түрде
жоғарылайды, баланың басын басын бұрған жағына
қарама-қарсы жақта көбірек болады. Артикуляциялық
аппраттың мұндай бұзылыстары дыбыстық белсенділік пен
тілдің дыбыстарды айту жағын қалыптастыруды қиындатады.
Мұндай балалардың дауысы жай, нашар модульданған мұрын
арқылы болады [3].
Балалардың
церебральды сал болуын қиындығы мен таралуына қарай келесі түрлерге жіктейді: спастикалык
диплегия, спастикальщ гемиплегия, қосарлы
гемиплегия, параплегия, монаплегия, астоникалы - астатикалық синдром, гиперкинетикалық форма.
Спастикалық
диплегия (Литтл синдромы).
Жиі
кездесетін балалардың церебральды сал болуының түрі, ол
аяқ-қолдардың қозғалысының
бұзылыстарымен сипатталады, сонымен қатар қолға
қарағанда аяқ көп азап шегеді. Қолдың
патологиялық процеске қатысу деңгейі
әртүрлі болып келеді - парездерден бастап жеңіл икемсіздікке
дейін, ол баланың ұсақ моторикасының
дамуында көрінic табады.
Сал аурулары,
диплегия, плегия - бұл бұлшық еттегі
қимыл-қозғалыстың жоқтығы, рефлекстер
жолының зақымдануы. Ал қозғалыс функциясының жартылай бұзылуы - парез деп аталады.
Спастикалық диплегияда
аяқ-қол қозғалысының бұзылуымен сипатталады, әрі
аяқтар қолдан да гөрі ауыр зардап шегеді.
Аяқтың
немесе қолдың жұптасып зақымдануын диплегия, кейде параплегия деп атайды. Бірақ кейбір ғылыми
әдебиеттерде спастикалық
диплегия тетраплегия (немесе тетрапарез), яғни барлық 4
аяқ-қолдың зақымдануы деп аталады. Бұл екі термин
де дұрыс болып саналады, әрі олар бір-бірін толықтырады [4].
Спастикалық
диплегияның негізгі белгісі аяқтардағы бұлшық ет
тонусының жоғарлығы
мен қимыл-қозғалыс көлемінің шектелуі болып
табылады.
Спастикалық
диплегияның айқын симптомдары
бала өмірінің
алғашқы
күндерінде –ақ көрінеді. Баланы шомылдырғанда немесе
орағанда бұлшық
еттерінде өте жоғары тонус байқалады.
Қол
қимыл-қозғалыстары аяқтарға қарағанда
анағұрлым жеңілдеу: бала орнынынан қозғалуда,
жүруде қолдың көмегіне сүйенеді,
өзіне-өзі қызмет теу дағдыларында, жазуда,
еңбекте қолдарын қалауынша қозғалта алады.
Спастикалық
гемиплегия.
Спастикалық
гемиплегия кезінде бұзылыстар 6ip жақта болады. Қолда бүгудің
бұлшық ет тонусы жоғары болса, аяқта жазу тонусы
жоғары болады. Қосарлы гемиплегия.
Қосарланған
гемиплегия – БЦСА-ң ең ауыр формасы. Аяқ-қолдың
қимылының бұзылуымен сиппатталады, бірақ
аяққа қарағанда
қолдар көп жапа шегеді. Бұлшықет тонусы жиі
ассиметриялы болып келеді.
Гемипаретикалық
форма(балалардың церебральды гемиплегиясы).
Бұл ми
қыртысының қимыл-қозғалыс аймағының
біржақты зақымдануымен немесе негізгі қозғалыстық
(пирамидалық) жолдың зақымдануымен байланысты.
Гемипаретикалық
форма біржақты қимыл-қозғалыс бұзылуларымен
сипатталады. Қолдың ауыр зақымданулары жиірек кездеседі.
Қолдың бұлшық ет тонусы жоғары, шынтақтан бүгіліп,
денеге қапсырылған, қолдың басы төмен
қарайды, білезіктен төмен жұдырыққа
түйілген.
Атоника –
астатикалық форма.
Аталған форма
өте төмен бұлшық ет тонусымен (атония),
вертикальдық көлденең
күйдің қалыптасу қиындығымен (астазия)
сипатталады.
Эмоционалдыбұзылыстар.
Церебральды
салдығы бар балаларда жиі шектен тыс қозу, қорқыныш,
көңіл-күй өзгерісінен көрінетін
эмоционалды бұзылыстар кездеседі. Қорқыныш қарапайым
тактильды тітіркендіргіштер дене орнының, жағдайларының өзгepici
кезінде туындай береді.
Әр түрлі суретті орындау үшін бейнеленетін заттар мен
құбылыстар туралы нақты көріністердің болуы
қажет, сонымен қоса ол көріністерді графикалық
түрде бір бояу затпен (қарындашпен, фломастер, гуашь және
т.б.) салу іскерліктері де болуы
қажет. Сурет салу процесі түйсік сезімдерімен, қол мен
саусақтардың бұлшық еті мен буын жұмысымен
тығыз байланысты. Бұл процессте
көру-кимыл-қозғалыс бейімделуінің күрделі
механизмдері қатысады.
Құрал – саймандарды қолданып қол әрекетінің күрделі
түрлеріне ауысу баланың моторикасына (қимылына)
жоғарланған жаңа талаптарды қояды. Бейнелеу
әрекетіне қажетті графикалық іскерліктер мен дағдылар
жеңіл және күрделі әрекеттерді жасауды, көру мен
қимыл-қозғалыстың бейімделуінің бірлестігі мен
өзара байланасын талап етеді.
Суретті орындауға бағытталған қимыл әрекеттер
өз бетінше пайда болмайды және бейнелеу
процессінің өзімен
бағытталып отырмайды. Сурет техникасына балаларды оқыту
қажет.
Ақыл-ойы кем оқушылардың дамуы ауытқу негізінде
пайда болатындықтан, оларда көру арқылы қабылдау мен
моторикасында ауытқулар байқалынады, сонымен қоса түрлі
дәрежедегі
қимыл-қозғалыс аумағының жетілмеуі
тән. Бұл дәл, үйлесімді қимылдарды жасай
алмауында, олардың күшін, жылдамдығын, ырғағымен
үйлесімдігін және т.б. бақылап, реттей алмайтындығында
анық көрінеді. Зерттеушілердің көбі, ең алдымен,
саусақтары мен қолдарының реттелінетін қимылдарының,
ұсақ моторикасының бұзылуын айтып өтеді.
Бұл әріптер мен сандарды жазуға, сурет салу
іскерлігінің дамуына теріс әсер етеді. Осы бұзылулардың
табиғатын аша отырып, Е.Н.Правдина-Винарская оларды үлкен жарты
шарының қабықшасының және оған жақын
орналасқан қимыл-қозғалыс аймағының
зақымдануымен туғызылатындығын айтады. Кемақылды
оқушылар қимылының баяу болуы, нервтік процестер
қимылдарының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі, ал
қимылдарының дәл болмауы – олардың реттелмеуімен
түсіндіріледі.
Ақыл-ойы кем оқушыларда түрлі көз ақауларыда
кездеседі, көбі астигматизмнен азап шегеді, ал кейбіреулерінде
көрудің әлсізденуінің үдейе түсетіндігі
байқалады, жүре пайда болатын қылилықта кездеседі.
Көмекші мектеп оқушыларындағы еңбек
қимылдарының дамуын қиындататын себептердің бірі болып,
жалпы бейімделу әрекетінің бұзылуы табылады. Жаттығу
мақсаттарын сана-сезімі арқылы түсініксіз қабылдау,
қиындықтармен кездескенде алдына қойған міндеттен ауытқу,
алынған нәтижелерге жеткіліксіз сыншыл қатынас жасау
қимыл-қозғалыс бейнесін (образын) қалыптастыруын
қиындатады.
Көмекші мектептегі суре салуға фронтальдық оқыту
оқушылардың графикалық дайындық деңгеиін
көбіне есепке алмай ұйымдастырылады. Кейбір жағдайларды жеке
оқушылардың қимыл – қозғалыс функцияларының
ерекшіліктері көңілге алынбайды. Жүйелі сабақтар
алдында барлық сыныптарда фронтальды (жалпы) тексеріс өткізу
қажет, бұл әр баланың графикалық дайындығын
анықтауға көмектеседі.
Қол моторикасының және
көру-қимыл-қозғалыс бейімделуінің даму
жағдайы жасына тәуелді, сонымен қоса кемақылды
оқушылардың бейнелеу әрекетіне дайындық дәрежесі
арнайы зерттеуге түсті (Грошенков И.А.). Арнайы сабақтар 1-4 сынып
оқушылар арасында жүргізілді. Зерттеу нәтижесі оқушылардың
бірнеше тобын айқындауға көмектесті.
1 топты – көрсету мен сөздік инструкция бойынша қарапайым
графикалық тапсырмаларды басқалармен салыстырғанда
жеңіл орындайтын балалар құрайды. Бұл
оқушылардың әрекеттері табанды, мақсатталған
(өздеріне сенімді), жеткілікті еркін. Суреттерді бояғанда
қарындаш қимылы нақты және үйлесімді, ол бояу
сапасының жақсылығын қамтамасыз етеді (сызықтары
біркелкі жасалады). Бұл топқа кемістіктің негізгі
түріндегі олигофрен-балалар кіреді, олардың танымдық
әрекеттерінің төмендеуі түрлі
талдағыштардың күрделі зақымдануымен немесе ми
бағанасы аумақтарының алғашқы едәуір
зақымдануымен қосақтаспайды.
2 топқа – жалпы қимыл-қозғалыстың
ауытқуымен, тынышсыз, сурет салу барысында артық, қажетсіз
қимылдарды жасайтын, асығыс жұмыс істейтін балалар жатады.
Олардың қол қимылдары тез, шапшаң, шашыранды, кейде
импульсивті. Асықпай, жай жұмыс жасау мен қарындашты тура,
дәл қолдану, суреттің контурын, сызықшаларын
дұрыс сақтап бояу бұл оқушыларға өте
қиын. Олардың графикалық әрекеттерінде жеткілікті
үйлесімділік жоқ. Қимыл ырғағы
тұрақсыз, тапсырманың аяғына қарай, көбіне,
жоғарлай түседі. Бұл топқа негізгі нервтік процестері
арасындағы байланыстың бұзылуы тән, қозу процесі
тежелу процесін оза түседі.
3 топтағы оқушыларға - тежелу мен әлсіздік
тән. Графикалық жаттығуларды орындағанда бұл
балалардың қол қимылдары тоқталып қалады,
күштелген, баяу болады. Ұсынылған тапсырмаларды
оқушылар жігерсіз, сенімсіз, әлсіз, пассивті орындайды. Сызулары
әзер көрінеді, қимыл бағытын көбіне
жоғалтады, ал өзі де әлсіз темп тапсырманың
аяғына дейін одан сайын әлсіздене түседі. Қолдың
ұсақ қимылдары нашар бейімделген.
Әр сыныптағы оқушылар топтары бір бірінен ажыратылады,
сондықтанда техникалық іскерліктерін, икемділіктерін
қалыптастыруда түзету-тәрбиелік жұмысты жіктеу
қажет.
Сонымен, бөгеттердің көптігіне қарамастан
кемақылды балалардың қимыл-қозғалыс
икемділіктерін қалыптастыруға болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2002ж. 11 шілде № 343-ІІ тарау.
2. Исаев Д.Н. Психическое недоразвитие
у детей. - Ленинград: Медицина, 2003. – 120 б.
3. Казаков В.Г.,
Кондратьева В.Л. Психология. - Москва: Высшая школа, 1989. - 103 б.
4. Коррекционная
педагогика: Основы обучения и воспитания
детей с отклонениями в развитии/ Под ред. Пузанова Б.П. - М.:Наука,
Академия, 1999.-140 б.