Л.П.Ақтанова
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы,
Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЗГЕ ТІЛДІ АУДИТОРИЯЛАРДА
ПІКІРТАЛАС ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ғасырлар
тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде
тәрбиенің түп мақсаты қоғамның
нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде
саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп
шыға алатын, ізгіленетін ХХІ ғасырды құрушы, іскер,
ақпаратты, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке
тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым
жасады [1].
Қазақстан
Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
коммуникациялық желілерге шығу» [2] деп атап көрсеткендей,
қазіргі кезеңде әрбір оқытушының алдына
қойылып отырған басты міндеттердің бірі –
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру
және жаңа технологияны меңгеру. Жаңа технологияны
меңгеру барысында оқыту міндеттері де жаңаша сипат
алатындығын атап өту қажет.
Бүгінгі
таңда қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда оқыту
мәселесі жаңаша көзқарасты, тиімділікті арттыратын жаңаша әдіс-тәсілдерді
талап ететіні сөзсіз. Кез-келген тілді үйретуде методологиялық
оқыту әдісін қолданудың маңызы өте зор.
Оқу іс-әрекетін белсендендіру мәселесі бүгінгі
таңда да өзектілігін жойған жоқ. Себебі еліміздегі
болып жатқан замануи өзгерістер, жаңа стратегиялық
бағыттар, қоғамның тез арада ақпараттануы білім
беру жүйесінің алдына бұрынғыдан мүлдем
басқа міндеттер қойып отыр.
Осыған орай
бүгінгі таңда жоғары оқу орнын бітірген
түлектердің білімі мен біліктілігінің өлшемі
шығармашылық, кәсіпқорлық, тез тіл табыса білу,
тез шешім қабылдай алу болып табылады. Бұл қасиеттерді дарыту
үшін сабақтың мақсатына сәйкес тиімді, білім
алушының белсенділігін арттыратын оқытудың түрлі
әдіс-тәсілдерін қолданған жөн. Алайда белсенділік
өзінен-өзі сабақтың түріне байланысты пайда
болмайды, ол оқытушы мен білім алушының шығармашылық
еңбегінің нәтижесінде жасалады. Сондықтан оқытушы
тыңдаушыларының өз бетінше жұмыс істеуін дұрыс
ұйымдастырып, әрқайсысына шығармашылық
қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыратын жеке жол таба
білуі қажет. Сонда ғана заман талаптарына сай жоғары білікті
маманды дайындауға болады. Мұндай маман жаңа
ақпараттарды тез қабылдап, оларды сыни тұрғыдан
сараптап, жаңа идеяларды әр қырынан зерттеп, олардың
шынайылығын, маңыздылығын, қажеттілігін тез
анықтай алады.
Осындай білім
алушылардың белсенділігін арттыратын оқытудың
жаңаша
әдіс-тәсілдерінің бірі – пікірталас. Пікірталас –
белгілі бір қоғамдық мәні бар мәселені, болмаса
ғылыми жұмысты талқылау барысындағы айтыс-тартыс, дау
[3]. Яғни көпшілік алдында өз пікірін, көзқарасын
дәлелдеу, қорғай алу.
Студенттерге
күнделікті дәстүрлі сабақтарды оқытумен
қатар конференция, пікірталас, «дөңгелек үстел»,
рөлдік ойындар сияқты бейресми қарым-қатынаста
өтетін сабақтар көбіне есте жақсы сақталады.
Себебі мұндай сабақтарда білім алушылар өздерін еркін
ұстап, белсенділік танытады, дұрыс сөйлеу үшін,
үйренген грамматикалық материалды практика жүзінде
дұрыс қолдануға тырысады.
Пікірталас не үшін керек?
Пікірталастың негізгі мақсаты – студенттердің пәнге
деген қызығушылықтарын арттырып, тақырыпты терең
меңгерту және студенттердің мынандай қабілеттерін
дамытады: шешендік дағдысын жетілдіру; талқы үстіндегі мәселеге сын көзбен қарау; талқыланып
жатқан мәселені түсіну; ойландыру, ой-түрткі салу; фактілерді
зерттеу, болжау, баға
беру; жүйелеп
сөйлеу; өз көзқарасын жүйелеп басқаларға дәлелдеу; өз бағытын дұрыс
ұғыну; мәселенің өзектілігіне мән
беру; пікір таласта екі
жақтың ойын, көзқарасын жалғастырып, ұштастырып
отыру; өз
ойыңды анық, әсерлі, нақты
түрде дәлелдеу;
көп әдебиеттерді оқу; әдебиеттерден керектіні
алуға қалыптасу;
беделді әдебиеттерді пайдалан; кітапханаларда жұмыс
істеуге дағдылану;
қоғамның саяси дамуын
түсіну; пікір
таласында білімді жетілдіру,
тереңдету; сайысқа
қатысушыларды
шыншылдыққа
тәрбиелеу; сайыста
идея
қозғаған
адамға
құрметпен
қарау; идеяны теріске шығаруға нақты
мықты дәлел қою; төрешіні өз
көзқарасының
дұрыстығына сендіру;
қарама-қарсы
сұрақ қоя білу;
уақытты тиімді пайдалану; мәселені қорытындылау және шешім жасай
білу; мәселеге шығармашылықпен қарау. Топтармен жұмыс жасау; дефинициялармен жұмыс жүргізу; көзқарасты ашық
айтуға қалыптасу;
ашық қоғам құруға үлес
қосу.
Пікірталастың
бірнеше түрі болады [4]:
1.
Студенттердің өздері өткізетін пікірталас. Мұнда
жетекші деген болмайды. Бірнеше (әдетте, екі) топ тақырыпты
өзара талқылайды. Әр топ кім сөйлейтінін, жауап
беретінін сол жерде шешеді. Студенттердің арасынан құрылаған
сарапшылар әр топқа сөз беріп, белгіленген уақыттан
аспауын қадағалап отырады, соңында жауаптарды бағалап,
нәтижесін жариялайды.
2.
Жетекші студенттің басшылығымен өтетін пікірталас.
Пікірталастың басында бақылау және басшылық ету
үшін жетекші студент тағайындалады. Ол пікірталастың
тақырыбын жариялап, оны неліктен таңдағандарын,
ма-ңыздылығын айтып, әр топқа сөз береді. Жетекші
студент әр сөйлеушіден соң қарсыластарына «Осы
қөзқарасты қолдайсыз ба?», «Сіз не ойласыз?», «Бұл
пікірмен неліктен келіспейсіз?» деген сияқты сұрақтар
қойып, сайысты қыздыра түсіреді. Әр мәселе
талқыланып болғаннан кейін, нәтижесін айтып, соңында
қандай шешім қабылдағандарын жариялайды.
3. Оқытушының қатысуымен
өтетін пікірталас. Оқытушы алғы сөзінде
пікірталастың тақырыбын, мақсатын айтып,
әділқазылар алқасымен, қатысушылармен таныстырады.
Мәселенің ұжымдық талқылануын, қарсы
сөйлеушілер дер кезінде пікірімен бөлісуін, пікірталасушылар
бір-бірінің сөзін бөлмеуін бақылайды. Оқытушы
пікірталастың жақсы өтуі
үшін тақырыпты хабарлаған уақыттан бастап, нәтиже
жарияланғанға дейін бәрін қадағалап отырады.
Пікірталасты
ұйымдастырудан бұрын қатысушыларға мынандай ережелерді
үйретіп қою керек:
1. Алдымен не туралы
айтатыныңды дұрыстап ойлап ал. Ең бастысы – пікірің
көпшілікті нандыратындай, қисынды, дәлелді болуы керек.
2. Айтысқан
кезде қарсыласыңның сөзін, ойын бұрмалама.
3. Ең
жақсы дәлел – нақты деректер. Әдебиетті дұрыс
қолданып, оған сүйене біл.
4. Өз
пікіріңді қорғаған кезде анық, нақты
сөйле.
5.
Қарсыласыңның пікірін сыйла. Егер көтерілген
мәселе бойынша сенің пікірің дұрыс болмай шықса,
жеңілгеніңді мойындай біл [5].
Пікірталастың
тақырыбын алдын-ала, студенттердің өздерімен бірге
анықтап алған жөн. Берілген тақырып студенттердің
ойлауына қиындық туғызбайтындай, сөз сөйлеуіне
кедергі келтірмейтіндей, керісінше оларды қызықтыратын,
үйренген грамматикалық тақырыптарды, лексикалық
материалды қолдануға, ізденулеріне мүмкіндік беретін болуы
керек. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар,
пікірталастың мерзімі 1 апта бұрын хабарланады. Осы кезден бастап
оқытушы міндетті түрде негізгі әдебиеттен басқа қосымша
әдебиеттің тізімін де беріп қояды. Студенттердің
тақырыпты жақсылап зерттеп, кез-келген сұраққа
жауап бере алатындай болып дайындалуын қадағалау мақсатында
оқытушы олармен сабақтан тыс кезде де кездесіп, кеңесін беріп
отыруы тиіс. Пікірталасты өткізерде ескерілетін мәселелер:
пікірталасқа қатысатын топ мүшелері үш адамнан
көп болмау; топ мүшелерінің ерекшеліктеріне мән беру
(оратор (шешен), сөз аптай білетін, ізденгіш, т.б.); пікірталас уақытын
белгілеу (студенттердің деңгейіне қарай); сөз
сөйлеушінің уақытын алдын-ала белгілеу (5-6 минут);
айтылған пікірлерді дұрыс
бағалай алатындай білімі бар әділқазылар алқасын немесе
сараптаушылар (спикер) тобын құру (жақсы оқитын
студенттерден де болады). Негізгі
ұғымдарға
анықтама
берудің маңызы өте зор. Сол арқылы ойыншылар
осы пікірсайыста қозғала алатын
немесе
қозғауға
болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады.
Анықтама берген кезде
ойыншылар
анықтаманың
қайнар көзін
(алынған жерін), тіпті
бетін көрсетуі тиіс.
Пікірталастың бір
үлгісімен танысып көрелік: ойын барысын Премьер-министр,
Үкімет мүшесі, оппозиция көшбасшысы, оппозиция мүшесі
мен Парламент мүшелері арасындағы пікірталас арқылы
жүргіземіз. Пікірталастың мазмұны: Үкімет заң
жобасын ұсынады. Міндет: парламент мүшелеріне осы заң жобасын
қабылдауды ұсынады. Оппозицияның міндеті: заң
жобасының қабылдануын теріске шығару. Пікірсайыс
басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың
бағытын анықтайды
(жақтау/даттау), осыдан
кейін топтар дайындыққа 15 минут
уақыт алады.
Төраға
пікірталасқа қатысушылармен амандасады. Пікірталасқа
қатысушылармен танысады (Топтардың атын, қатысушылардың
аты-жөнін төраға парағына жазып толтырады). Төраға
ортаға Премьер-Министрді өз кейсін таныстыруға
шақырады, 7 минут уақыт
беріледі. Төраға
Премьер-Министрге алғыс білдіріп, ортаға оппозиция
көшбасшысын шақырып сөз береді, 8 минут уақыт беріледі.
Төраға оппозиция көшбасшысына алғыс білдіріп,
ортаға Үкімет мүшесін шақырады. Берілетін уақыт –
8 минут. Төраға Үкімет мүшесіне алғыс білдіріп,
сөз кезегін оппозиция мүшесіне береді (8 минут). Төраға
оппозиция мүшесіне алғыс білдіріп, құрылымдық
бөлімнің аяқталғанын айтып парламентке (көрермендерге)
сөз береді. Өз ойын білдіремін деушілердің
әрқайсысына 2 минут беріледі. Парламент
мүшелерінің сөзінен
кейін төраға оппозиция
көшбасшысына сөз беріп қорытынды сөзінде жаңа
аргументтерді енгізуге болмайтындығын ескертеді (4 минут уақыт
беріледі). Төраға оппозиция көшбасшысына алғыс
білдіріп, өз қорытындысын жасауға ортаға Премьер-Министрді
шақырады. Премьер-Министрдің сөзінен кейін
төраға
қатысушыларға
өткен дебат үшін
алғыс білдіріп, ойын барысына қысқаша сараптама жасайды,
бірақ нәтижелерді айтпайды. Осыдан кейін ойынға
қатысушыларды дәстүрлі қол алысуға
шақырады. Төраға төраға парағын
толтырып, турнирдің бас
төрағасына тапсырады.
Төраға
ойын барысында келесідей әрекеттердің болмауын
қадағалайды: Жеке басқа қол
сұғушылық. Аналитикалық кезең барысында
жаңа аргументтерді енгізу. Аналитикалық кезеңде өз
позициясын ауыстыру.
Осы пунктер бойынша
төраға командалар жағынан қарсылықты
қабылдауға немесе қабылдамауына құқылы.
Ойын соңында төраға парағын толтырады. Екі
спикердің бір орынды алуы мүмкін емес бірақ бірдей
ұпайлар болуы мүмкін.
Бірінші орынды ең үздік ойыншы алады, ұпайлар 1-ден
30-ға дейін. 30 – ең жоғарғы балл. Ең
жоғарғы балға ие ойыншы ең жоғарғы
орынға ие болады. Жеңген топта ең жоғарғы
ұпайлар болу керек, егер
төраға топты жеңімпаз деп санап, бірақ спикерлер балы
төмен болса оны да ескеріп айтып өтуі керек. Сонан-соң екі
топтың да ерекше айтылған ұсыныстары, негізгі
қақтығыс нүктелері және қабылданған
шешімнің себептері айтылып өтеді.
Ең соңында пікірталаста үздік болған команда
аталады.
291
Пікірталастың «еркін топ», рөлдік ойын,
даңсыз талқылау, «лабиринт» әдісі, ашық талқылау,
т.б. сияқты формалары бар. Кредиттік оқу жүйесінде бірнеше
түрін біріктіріп немесе өзгертіп өткізуге болады.
Ең бастысы пікірталастың жай пікіралмасуға айналып кетпеуін
қадағалап отыру керек. Егер оқытушы өз ісінің
шебері болса, ол сабақта шәкірттерінің қойылған
мәселе бойынша өз көзқарастарын ашық айтуына
қолайлы жағдай жасай алады. Пікірталасты өткізу алдымен
оқытушының өзіне үлкен жауапкершілік арттырады. Себебі
пікірталас белгілі бір дайындықты қажет етеді: студенттердің
тақырыпты терең меңгеруін, оларды қосымша
әдебиетпен жұмыс істей алуына, сөз, пікірталас
мәдениетіне үйрету, т.б.
Пікірталас барысын
ешқашанда алдын-ала болжау мүмкін емес. Сондықтан
оқытушы әр түрлі жағдайларға дайын болып,
әбсәтте жарамды шешім қабылдап, студенттерін қажетті
арнаға бағыттап отыруы керек.
Пікірталас
өткізуге мынандай тақырыптарды ұсынуға болады:
Азаматтық құқықтар саяси
кризис кезінде шектелуі
тиіс. Ұйымдасқан
қылмыспен күрес кезінде
азаматтық
құқықтар
шектелуі тиіс. Жастар
арасындағы есірткі. Ересектер
мен жасөспірімдер түрмеде бірге
қамалмауы тиіс. Ата
–аналар балаларының қылмыстары үшін жауапты болуы
тиіс. Әскери қылмыскерлер амнистияға жатпауы тиіс.
Тұтқындалғандар
қоғамдық
жұмыстар үшін пайдаланылуы тиіс. Өнер
нақты
ғылымдарға
қарағанда
маңызды. Компьютерлер
адамзат дамуына қауіп
төндіруде. Әйел
адамдар әскерде қызмет етуі тиіс. Жаман үкімет, ешқандай
үкіметтің болмауынан
жақсы. Табиғи
ресурстарды болашақ ұрпақтар үшін
сақтап қалу, оларды
бүгін пайдаланудан
көрі маңызды. Мемлекет
өз
азаматтарының дәулетті тұрмысын қамтамасыз
етуі тиіс. Әлемдік қауымдастық жер
бетіндегі соғыс ошақтарын басу үшін қатаң шаралар
қолдануы тиіс. Өлім
жазасы жойылуы тиіс. Қазіргі жастардың өмірі
алдыңғы буын өміріне қарағанда
артық. Гуманитарлық
ғылымдар нақты ғылымдардан маңызды. Мемлекет
өз азаматтарының
денсаулығын
қамтамасыз етуге міндетті т.б. Осы сияқты
тақырыптар қазіргі кезде проблемалық тақырыптар
қатарында. Ең бір өзекті мәселелердің бірі.
Пікірталастың
қандай түрін, формасын таңдасаңыз да, ең бастысы
– тиімді, нақты нәтижесі болуы шарт: қойылған
мәселе бойынша өнімді шешім қабылдау, дәйекті
тұжырымдама жасау. Ал тиімді нәтижеге білім алушылар өздігінен
саналы түрде алған білімін қолдана алғанда,
қойылған мәселеге өз көзқарасын шын
мәнінде білдіргісі келгенде, олардың пікірталас мәдениеті
неғұрлым жоғары болғанда ғана қол жеткізуге
болады. Ендеше осы бағытта тынбай
еңбек етіп, білім алушыларды ынталандыратын, олардың белсендігін
арттыратын жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіруден оқытушы мен
тыңдаушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың
мазмұнын ерекше құруға
шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге
жағдай жасайды.
Пайдаланған әдебиет:
1. Н.Ә. Назарбаев.
«Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық
еңбегі. – Алматы, 2003. – 256 б.
2. Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27
шiлдедегi N 319
Заңы. «Егемен
Қазақстан», – 2007
жылғы 15 тамыз № 254-256 б.
3.
Альбеткова Р.И., Герке С.Г., Гладская Л.П. Урок-диспут.//Активные формы
преподавания литературы. – М.:
Просвещение, 1991. – 171 с.
4.
Ибрагимов Қ. Сөйлесімге қатысты
әдіс-тәсілдер. // Жаңа
үлгідегі қазақ тілі
әдістемесі. – Алматы, 2007 ж.
-77 б.
5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын
көтеруде
пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008. – 45 б.
Аңдатпа
Мақалада
бүгінгі таңда білімі мен біліктілігінің өлшемі
шығармашылық, кәсіпқорлық, тез тіл табыса білу,
тез шешім қабылдай алу үшін оқытушы
тыңдаушыларының өз бетінше жұмыс істеуін дұрыс
ұйымдастырып, әрқайсысына шығармашылық
қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыратын
оқытудың жаңаша
әдіс-тәсілдерінің бірі – пікірталас арқылы
оқыту екендігі айтылады. Пікірталас – белгілі бір
қоғамдық мәні бар мәселені, болмаса ғылыми
жұмысты талқылау барысындағы айтыс-тартыс, көпшілік
алдында өз пікірін, көз-қарасын дәлелдеу,
қорғай алу. Сонымен қатар мақалада пікірталас
арқылы студенттердің пәнге деген
қызығушылықтарын арттырып, тақырыпты терең
меңгерту және студенттердің шешендік дағдысын жетілдіру, талқы
үстіндегі мәселеге сын
көзбен қарай білу,
талқыланып жатқан мәселені түсіну, ойлану, ойландыру,
ой-түрткі салу, фактілерді зерттеу,
болжау, баға беру, жүйелеп сөйлеу, өз көзқарасын жүйелеп басқаларға дәлелдеу, өз бағытын дұрыс
ұғыну т.б. сияқты қабілеттерін дамытып,
сабақтың мазмұнын ерекше құруға
шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге
жағдай жасайтындығы айтылады.
Тірек сөздер: жаңа
технология, әдіс-тәсілдер, тіл табысу, пікірталас, тиімді,
рөлдік ойындар.
Аннотация
В статье
рассматривается дебаты как технология развивающего обучения как
один из способов, используемых преподавателем для эффективной организации
самостоятельной работы слушателей и формирования у них творческих способностей
и интересов, необходимых для формирования творческих и профессиональных
качеств, умения находить общий язык и быстро принимать решения, являющихся
критерием знаний и компетентности.
Дебаты – полемика, спор в ходе обсуждения какой-либо проблемы, имеющей
общественное значение или научной работы, умение доказывать свое мнение и свою
точку зрения. А также в статье рассматривается роль дебатов в повышении
интереса к предмету и совершенствовании ораторских навыков у студентов,
глубоком понимании, обдумывании и критическом осмыслении обсуждаемой проблемы,
в процессе исследования фактов, побуждения к осмыслению, предположения и
оценивания, в формировании умения систематично излагать свои мысли и
аргументированно доказывать свои взгляды.
Ключевые слова: новая
технология, методы, достигать полного взаимопонимания, дебаты, эффективный, ролевые игры.
Аbstract
The article deals
with the debate as technology developing training as one of the methods used by
the teachers for the effective organization of independent work of students and
the formation of their creative abilities and interests necessary for the
formation of creative and professional qualities, the ability to find common
ground and make decisions quickly, is the criterion of knowledge and competence.
Debate - controversy, dispute in the discussion of any issues of public
importance or scientific work, the ability to prove their opinions and their
views. Also, the article discusses the role of debate in the increasing
interest in the subject and improving the oratorical skills of students, a deep
understanding, critical thinking and thinking about the problem under
discussion, in the course of examination of the facts, to understanding the
motivations, assumptions and estimation, in the formation of skills
systematically express their thoughts and arguments to prove their views.
Keywords: new technology, methods to
achieve full understanding, debate, effective, role-playing games.