Заркенова Л.С., Заркенова Ж.Т.

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қарағанды қаласы

 

АҚЫЛ-ОЙЫ КЕМ БАЛАЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУЫН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Бүгінгі кінде егеменді елімізде жас ұрпақты эстетикалық, көркемділікке тәрбиелеуде көп көңіл бөлінуде.

Эстетикалық тәрбиелеуде ерекше рөлді өнерге береді. Өнерге тән ерекшелігі – шынайы өмірді көркемдік образдар арқылы бейнелеу, ол адамның санасы мен сезіміне әсер етіп, ондағы өмір ағысы мен құбылыстарына деген белгілі бір қатынасты тәрбиелейді, шынайы өмірді теренірек және толығырақ тануға көмектеседі. Өнер арқылы бақылаған құбылыстарды жалпылау іскерліктері тәрбиеленеді.

Өнер еңбектері өздерінің идеялық мазмұны мен көркемдік түрі бойынша көркемдік көзқарасты қалыптастырады, әсемділік пен сұлулықты тек өнерде ғана емес, сонымен қоса шынайы өмірден де, табиғаттанда, тұрмыстық өмірден де танып, салыстырп қалыптастырады. Әр өнер еңбектерінде көркемдік образдар арқылы бізге әсер ететін терең мазмұнды көруге болады.

Түрлі құбылыстар арқылы өмірді жалпы бейнелеу – көркемдік образдың негізгі сипаттамасының біреуі. (Мысалы, суретші В.И.Суриковтың «Боярыня Морозова» атты еңбегі. Суреттегі композиция, келісімге келмеген, өз сеніміне сүйенген, құғынға түскен боярыняны шығарып салып жатқан адамдар тобының қимылын көрсетуге бағытталған.  Суретші боярыняны мақтаныш ететін, оның сөзін қолдайтын адамдардың бірлігін қөрсете білген.  Суреттің ортасында – боярыня Морозованың жеңілмейтін кел беті көрсетілген) [1].

Суретті қабылдау барысында қөрушімен алынған әсерлер оның ойлары мен сезімдеріне терең із қалдырып, өмір құбылыстарын дұрыс бағалауға көмектеседі.

Бейнелеу өнері дегеніміз, көру арқылы қабылданатын образдар мен шынайы өмірді, көркемдік бейнелеу. Түс, пластика немесе сурет құралдары арқылы суретші холстта, сазбалшықта немесе мәрмәрда айналадағы өмірді, адамның күшті және әдемі образдарын бейнелейді.

Бейнелеу өнерінің түрлері - кескіндеу өнері (живопись), графика, мүсін өнері (скульптура), сәулет өнері (архитектура), сәндік-қолданбалы өнер – жалпы қасиеттерімен де, бейнелеу құралдарымен де ажыратылатын бейнелеу өнерінің түрлері.

Кескіндеу өнері (живопись) – дүниенің барлық байлығы мен көпшілдігін көрсетеді. Өмірді толық суреттеп көрсету  еңі бойынша бірінші орынды алады. Холстта, қағазда, үйдің немесе сарайдың қабырғасында живопись құралдарымен кеңістіктегі тереңділікпен, көлемімен, түсімен, жарығымен, ауасымен шынайы дүние тұғызылады.

Түс – кескіндеу өнерінің негізгі құралы. Кескіндеу өнері (живопись) жанр байлығымен сипатталады: тарихи жанр – тарихи құбылыстарды, өткен ғасырлардағы адамдардың өмірі мен тұрмысын бейнелейді (В.Суриков, И.Репин суреттері); мифологиялық – ертегі образдары, кейіпкерлері (В.Васнецов «Аленушка»); батальды – соғыс эпизодтарын, шайқастарды бейнелейді (В.Верещагин, М.Греков); тұрмыстық - әлеуметтік өмірден үзінділерді бейнелейді (П.Федотов «Сватовство майора», И.Репин «Бурлаки на Волге»); портретті – адамның ішкі және сыртқы жан дүниесін көрсету (Ф.Рокотов, Д.Левицкий, И.Крамской, И.Репин, В.Серов). Кескіндеу өнеріне (живопиське) табиғат пен пейзажды бейнелеуде кіреді. Индустриалдық пейзаж – көпір, кемелерді бейнелейді. Кескіндеу өнерінің (живописьтің) ерекше жанры – натюрморт – жеміс-жидек, көкөніс, гүлдер мен тұрмыстық заттарды бейнелеу. Графика – бейнелеу өнерінің бір түрі. Графикалық еңбектерге: қарындаш, қалам, көмір, акварель арқылы салынған суреттер жатады, сонымен қоса оларды баспаға шығару да: гравюра, литография және басқалары да жатады. Графика еңбектері көбіне қағазда, сирек пергаментте, матада және басқа материалдарда орындалады. Графикадағы көркемдік бейнелеу құралы болып сызық, ақ пен қараның қатынасы, жарық көлеңке, сәуле, түс саналады. Кейде 2-3 түсті қолдануды да қарастырады.   Графикалық өнерде үлкен орынды кітаптарды әшекейлеу алады (жазушының ойын ашады) (И.Билибин, Е.Чарушин; Ю.Васнецов, В.Лебедев және басқалары). Мүсін өнері (скульптура) – құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын, материалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік-бейнелеуші өнер. Мүсіндік туындыларды мәрмәр, гранит және басқа тастардан қашайды, ағаштан ойып, саз балшықпен сомдайды. Мүсіндеу заттың үшаралық бейнелеуін көрсетеді. Көбіне мүсіндеу арқылы бейнеленетін зат болып адам саналады, сирек жануарлар, жансыз заттар табылады. Көркемдік образ оның пластикалық сипаттамасымен белгіленеді. Монументалды мүсіндеуді ажыратады – атақты адамдарға және тарихи құбылыстарға ескерткіштер (И.Мартоспен жасалынған Минин мен Пожарскийге арналған ескерткіш, жауларға қарсы шайқаста орыс халқының біріккенің бейнелейді, өздерінде үлкен адамгершілік идеясын көрсетеді); станкілік мүсіндеу – портрет (адам образын көрсету) салу, осыған жанрлық мүсіндеуде кіреді - адамдар тобын немесе бір адамның фигурасын бейнелейді; тұрмыста кішкентай формалар мүсіндері таралған – фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмасстан (ойыншықтар) жасалған кішкене фигуралар; рельеф – жазықтағы мүсінді бейне. Сәулет өнері (архитектура) – (грекше architekton -құрылысшы) – адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында шындықтың сұлулық заңы бойынша қалыптасуы. Сәндік-қолданбалы өнер (қолөнер) – өзінің табиғаты жағынан ұлтжанды, ол халықтың әдет-ғұрпынан, салт-дәстүрінен, наным-сенімдерінен туындап, оның өндірістік әрекетіне, тұрмысына жақын болады. Сәндік-қолданбалы өнер - халық өнері мен көркемдік өндіріс саласын кіргізеді: керамика, тігін, ювелирлық бұйымдарды. Сонымен, біз бейнелеу өнерінің түрлерімен – кескіндеу өнері (живопись), графика, мүсіндеу, сәулет қнері (архитектура), сәндік-қолданбалы өнерімен таныстық. Осылар арқылы дүниенің байлығымен көптілігін көрсетуге болады және жалпы білім беретін, арнайы түзету мектептерінде оқу-тәрбиелік процесінде қолдануға болады [2].

Дамуында ауытқуы бар балалардың жан-жақты дамуы мен тәрбиесінде бейнелеу әрекетінің маңызы: бейнелеу өнері оқулық пән ретінде басқа пәндермен бірге оқушылардың ақыл-ойының, адамгершілігінің, эстетикалық, еңбек және физикалық тәрбиесіне үлкен әсер етеді. Бұл сабақтардың практикалық сипаттамасы ақыл-ойы кем балалардың жағымды мүмкіншіліктерін біріктіруге жағымды жағдай тұғызады. Бірақ бұл жағдайлар өз бетімен пайда болмайды. Ақыл-ойы кем балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған жұмыстың нәтижесі мұғалімге тәуелді, оның алғашқы міндеті – бейнелеу өнері сабақтарын түзетуге бағыттап ұйымдастыру. Бұл жерде сабақтардың негізгі мақсаты сыртқы нәтижеге жету ғана емес – балаларды түрлі объектілерді бейнелеуге үйрету, ал бейнелеу әрекетін максималды кемақылды бала тұлғасына толығынан әсер ететін маңызды құрал ретінде қолдану. Бейнелеудің маңыздылығын А.И.Граборов, Т.Н.Головина, И.А.Грошенков, Г.М.Дульнев, Л.В.Занков, И.М.Соловьев және тағы басқалары сызып көрсеткен [3].

Бейнелеу әрекеті сурет салушыдан түрлі іскерліктердің күрделі кешенін қолдануын талап етеді. Бір затты салу үшін, оны ең алдымен жақсылап қарастырып, пішінің, құрылысын, сай бөлшектерін, түсін, жазықта орналасуын анықтау қажет. Суретте көрсету үшін тек дұрыс қабылдау ғана емес, сонымен қоса арнайы іскерліктермен икемділіктерде қажет, қабылданғанды графикалық түрде дұрыс көрсету үшін, басқаша айтқанда, қол икемділігі болуы қажет, қол қимылын көз арқылы бақылау алуы қажет, графикалық материалдарды: қарындаш, қыл қаламды, бояуды және тағы басқаларын дұрыс қолдана білу қажет. Оқыту практикасы келесіні көрсетеді: оқытуды жақсы ұйымдастырып, оқытудың жетекші әдістерін қолданса көмекші мектеп оқушылары бейнелеу әрекетінің қарапайым дағдыларына ие болуы мүмкін. Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың заттар мен қоршаған дүниенің құбылыстары туралы көзқарастары жетіле түседі, зейіні, байқағыштығы, көз қапері, қабылдауы, елестетуі, қиялы, әсемдікті сезініп ұғынуы дамиды, бақылағанын саналы ұғыну, негізін белгілеу, тұтас пен оның бөлшектері арасындағы өзара байланысты белгілеу іскерліктері де дами түседі. Атақты орыс педагогі К.Д.Ушинский, оқыту дерексіз түсініктер мен дерексіз сөздерге негізделмей, балалардың  тікелей қабылдауына негізделуін талап еткен. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін ең алдымен олардың бақылау қабілетін қалыптастыру қажет. Бұл талап дидактикалы түрде өте маңызды болып саналады, өйткені бала «пішіні бойынша, бояу, дыбыс, жалпы сезіну арқылы ойлайды» [4].

Бейнелеу әрекеті сабақтары көрнекі ойлаудың белсенді қалыптасуына мүмкіндік тұғызады. Суретте бейнеленетін затпен ұқсастығын көрсету талабы оқушыны, пассивті бақылауда зейн объектісі болмайтын, оның қасиеттері мен ерекшеліктерін анғаруға  (байқауға) мәжбүр етеді. Бұл процесске қатысатын талдағыштардың саны көбірек болса, объектілердің пішінің, түсін, көлемін, құрылысын және басқа да қасиеттерін тануы толығырақ және дәлірек болады. Көру, сезіну, түйсіну және қабылдау қимыл-қозғалыстың бағыты мен сапасын бақылауға көмектеседі. Сабақта өткізілетін арнайы жаттығулар осы талдағыштардың үйлесімді әрекетінің дағдылануына бағытталған.

Кемақылды балаларда қимыл үйлестігінің едәуір бұзылуы, саусақтарының және қолдарының бұлшық еттерінің дамымауы байқалынады, ол балалардың жазу техникасын игеруін қиындатады. Осыған байланысты бейнелеу әрекетінің ролі жоғарлай түседі, өйткені сабақ барысында айтылған кемшіліктер басыла түседі. Көпшілікті жаттығулар едәуір баланың көз мөлшерін (көзбен шамалап анықтауын) дамытады, қолды саналы және дәл қимылдарды жасауға үйретеді, оның иілгішті, икемді және тұрақты (табанды) болуына көмектеседі. Нәтижесінде жазу мен сурет салу дағдыларының дамуына жағымды жағдайлар туғызылады.

Бейнелеу әрекеті сабақтары оқушылардың эстетикалық қабылдауының дамуында да едәуір орын алады. Ақыл-ойы кем оқушылар өздерінің ақыл-ойы мен эмоционалдық жетілмеуі салдарынан алғашқы уақытта сұлулықтың қарапайым белгілерін ғана қабылдайды.

Бейнелеу әрекеті сабақтарында, басқа да оқулық пәндер сабақтарында және сыныптан тыс уақытта жүргізілетін түзету-тәрбиелеу және жалпы білім беру жұмыстың әсері бойынша олардың сезімдік танымдарының аумағы кеңейеді. Ойлау мен сөйлеу тілінің дамуы негізінде қарапайым эстетикалық (әсемділік) пікірлерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызылады. Эстетикалық әсерленушілік түсті, түс қосындысын (түрлі түстердің үйлесушілігін), ырғағын сезінуді дамытуға көмектеседі.

Ақыл-ойы кем балалардың эстетикалық қабылдауын дамыту үшін, ерекше маңызды болып, бейнелеу өнері сабақтарында олардың ұғынуына түсінікті көркемдік еңбектерді (суреттердің, мүсіндердің, сәндік-қолданбалы бұйымдардың және тағы басқалардың репродукцияларын) көрсету табылады. Оларды эмоционалды қабылдау арқылы көмекші мектеп оқушылары, ептеп өздерінің сана сезіміне түсінікті қоршаған орта құбылыстарын эстетикалық бағалауға үйренеді [5].

Бейнелеу әрекетіне оқыту процесінде оқушылар реалистикалық (шындыққа негізделген) сурет негізі туралы кейбір білімдерді, затқа қарап сурет салу мен сәндік сурет салу дағдыларын игереді. Сурет салу іскерлігі (икемділігі) кемақылды оқушыларға басқа оқулық пәндер бойынша алатын білімдерін жақсы меңгеруге (ұғынуға) көмектеседі, өйткені байқағыштығын тереңдетіп белсендіреді.

Сурет салу басқа да оқулық пәндер сабақтарында кең қолданылады. Балалардың суреттері мұғалімнің санау мен жазуға үйрету міндетін жеңілдетеді. Суретте заттар мен құбылыстарды көрсете, оқушылар айналадағы болмысты тереңірек тани түседі.

Бейнелеу өнері сабақтарының басқа пәндермен өзара байланысы оқушылардың сарамандық (практикалық) жұмыстарының мақсатталуына, саналы және қызықты болуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқулық пәндердің түзету-тәрбиелік және жалпы білім беру маңызы едәуір жоғарланады. Әрі, сурет салу сабақтары ақыл-ойы кем оқушылардың кейбір жеке ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі, балаларға сурет салуға тақырып берілсе, салып жатқаны туралы әңгімелеу ұсынылған жағдайда, бұл анық байқалынады. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін білу мұғалімге оқу мен түзету-тәрбиелеу жұмысын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. «Білім берудің арнайы ұйымдарында бейнелеу әрекетіне үйрету технологиясы және теориясы» оқу пәні ретінде, оның міндеттері мен мазмұны: бұл курсты оқу барысында болашақ маман-дефектолог, бейнелеу әрекеті сабақтарының барысында, кемақылды балалардың психикалық және физикалық кемшіліктерін алуға немесе төмендетуге бағытталған, оларда жағымды тұлғалық сапаны қалыптастыруға, өмірге, еңбек әрекетіне даярлауға бағытталған түзету жұмысының тәсілдері мен әдістерін игеруі қажет. Курс міндеттерінің бірі – ақыл-ойы кем балалардың бейнелеу әрекетінің ерекшеліктерін көрсету, олармен орындалған еңбектердің өзгешелігімен, осы өзгешелікті туғызатын себептерді ашу [6].

 Едәуір орынды сабақтың әр түрінде қолданылатын түзете-тәрбиелеу жұмысының мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістемесі туралы сұрақтар алады. Курсты өту нәтижесінде бейнелеу өнерінің теориялық негіздері, кемақылды оқушылардың бейнелеу әрекетінің ерекшеліктері, көмекші мектептегі бейнелеу өнері сабақтарын жүргізу әдістемесі, бейнелеу сауатының сарамандық (практикалық) дағдылары, шрифт және сәндік - әшекейлеу еңбегінің кейбір түрлері қарастырылады.

 

Пайдалағылған әдебиеттер:

1.  Болатбаев Қ.Қ. Бейнелеу өнері дәптері.- 1-3 сыныптарға арналған.-Алматы, 2010.

2.  Грошенков И.А. Занятия изобразительным искусством в специальной (коррекционной) школе VІІІ вида: Учеб.пособие для учителей спец.коррекц.шк.и студ. дефек-толог. фак.пед.вузов/ - М., 2008.

3.  Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе.- М., 2010.

4.  Заркенова Л.С., Омарова Н.Н., Ильясова Б.И. Арнайы педагогика.- Қарағанды, 2012.

5.  Бейнелеу өнері: Жалпы білім беретін мектептің 1-3сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2010.

6.  Рсалдинова А.К. Көмекші мектепке арналған бейнелеу өнерінің бағдарламасы.- Алматы, 2009.