Академиялық ұтқырлық
бағдарламасының білім сапасын жетілдірудегі маңызы.
Бупетаева С.Ж., Алиева П.С.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін
мектептердің жоғары сыныптарына бейіндік оқытуды енгізу
мәселесін жүзеге асыру заманауи жоғары кәсіби
біліктілікті иемденетін болашақ мұғалімдерді кәсіби
даярлауды бірінші орынға шығарып отыр. Сондықтан да
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық модернизация
- Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты
халыққа жолдауында білім беру жүйесін
модернизациялаудың негізгі міндеттерінің бірі -
«педагогикалық құрамның сапасын көтеру» болып
табылады деп атап көрсетілген.
Елбасымыз
базалық педагогикалық білім берудің стандарттарын күшейтіп,
жоғары оқу орындары мен мектеп оқытушыларының
біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажеттігін
және әрбір аймақта педагогтардың біліктілігін
арттыруға жұмылдырылған орталықтар жұмыс істеуі
тиіс екендігін атап көрсетіп отыр.
«Қазақстан-2050» Жаңа
стратегиялық бағытының білім
және кәсіби машық - заманауи білім беру
жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі
бағдары атты
бөлімінде кәсіби-техникалық және жоғары білім
ең бірінші кезекте ұлттық
экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі
сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы
керектігі атап көрсетілген.
Жоғары
оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік
қызметін де белсенді дамытуы тиіс екендігі аталып
өтілген. Академиялық
ұтқырлық – бұл білім алушылардың немесе
оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу
жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген
білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан
өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе
оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.
Қазіргі таңда білім алушылардың академиялық
ұтқырлығы Tempus, Erasmus Mundus, Erasmus Mundus Partnership
және т.б. айырбастау бағдарламалары арқылы қамтамасыз
етіледі.
Студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығынан
Erasmus бағдарламасына 1987 жылдан бастап 1,9 млн. адам қатысты.
Қазіргі таңда бұл бағдарламаға
әлемнің 30 елі, Еуропа университеттерінің 90%, 31 мемлекеттен
3100-дан астам ЖОО қатысады.
Erasmus Mundus бағдарламасы стипендиясының екінші
консорциумы аумағында 2009-2010 жж. Қазақстанға
20 стипендия тағайындалды (бакалавриат – 9, магистратура – 5,
докторантура – 3, докторантурадан кейін – 1, оқытушылық - 2).
Tempus ІV бағдарламасының 10 жобасына 2008 жылдан бері
қазақстандық 15 жоғары оқу орны, 67 студент,
магистранттар мен оқытушылар қатысып келеді.
Сонымен қатар, ЖОО тарапынан шетелдік университеттермен
(Ұлыбритания, Испания, Германия, Чехия, АҚШ, Канада, Ресей
және т.б.) 80 меморандум негізінде бірлескен білім беру
бағдарламалары жүзеге асырылып отыр.
Адами құндылықтар мен академиялық
ұтқырлықты дамытуда дарынды жас
қазақстандықтарға әлемнің үздік
университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»
бағдарламасы айтарлықтай үлес қосып келеді.
Сапалы білім алуға ұмтылған студенттер саны өсіп
келеді. Шетелде 20 мыңнан астам Қазақстандық білім
алуда. Қазақстан Республикасы Президентінің
халықаралық «Болашақ» стипендиясының 3000-дай иегері
әлемнің 27 елінде білім алуда. Бұл
қазақстандық жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудегі академиялық және мәдени
интернационализациялауды нығайтуға, білім беру бағдарламалары
мен ғылыми-зерттеу сапаларын жақсартуға әсер етеді.
Академиялық ұтқырлық жеке даму мен еңбекке
орналасу мүмкіндігі үшін маңызды және ол
жан-жақтылыққа, сыйластыққа тәрбиелейді,
өзге мәдениеттерді игеруге мүмкіндік береді. Ол
лингвистикалық плюрализм мен жоғары оқу орнының
бәсекелестік қабілетін көтеруге ынталандырады.
Академиялық ұтқырлыққа
нормативтік-құқықтық және
институционалдық қолдау жасау
Қазіргі таңда Қазақстанның
алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында
академиялық ұтқырлықты дамыту тәжірибесін зерттеу
нәтижесі көрсеткендей, бір академиялық кезеңде шетелдік
жоғары оқу орындарына жылына 20-ға жуық білім алушы
жіберіледі. Алайда барлық ЖОО бірдей білім алушы меңгерген
кредиттерді шетелдік жоғары оқу орнында қайта тапсыруды
жүзеге асыра бермейді.
Осыған байланысты кредитті қайта тапсырудың
нормативтік-құқықтық актісін дайындау
қажет. Әлемдік білім беру кеңістігіне енуде
интеграцияланудың (кірігудің) әлсіздігіне байланысты. Болон
үдерісінің академиялық ұтқырлық
ұстанымдары айтарлықтай деңгейге жете алған жоқ.
Білім алушыларға әлемнің алдыңғы
қатарлы университеттерінде жекелеген пәндер бағдарламаларын
меңгеру мүмкіндігін беру үшін, оқытудың
өлшемдерін қамтамасыз ету, жетістіктерін салыстыру мақсатымен
КАЕЖ – кредиттерді аударудың еуропалық жүйесі типіндегі
кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық
жүйесі жасалды.
Теориялық білім алушының аудиториялық және
өзбетімен жұмысының Қазақстандық 1
кредиттік еңбек сыйымдылығы бакалавриатта - 45, кәсіптік
магистратурада - 60, ғылыми-педагогикалық магистратурада – 75,
доктарантурада -105 сағатты құрайды.
Білім алушының академиялық ұтқырлығын
және білім беру бағдарламасын қамтамасыз етуде
Қазақстандық кредитті еуропалық білім беру
кеңістігіне сәйкес КАЕЖ кредитіне аудару қажет.
КАЕЖ шамасында академиялық кредит дегеніміз – пәнді
оқытуда аудиториялық және өзбетімен жұмыс
кезіндегі еңбек сыйымдылығының бірлігі. КАЕЖ 1 кредиті 25-30
академиялық сағатқа тең.
Жалпы оқу жүктемесіне аудиториялық сабақтардан
басқа, білім алушының өзбетімен жұмысының келесі
түрлері: эссе, мәнжазбалар, курстық жұмыстар (жобалар),
лабораториялық жұмыстар, аралық, ағымды,
қорытынды бақылауға дайындық, диплом
жұмысының материалдарын жинақтау мен орындау жұмыстары
кіреді.
КАЕЖ оқу жұмысының бір жылғы еңбек
сыйымдылығы 60 кредитпен бағаланады (семестрде білім алушы 30
кредит, ал триместрде 20 кредит жинақтайды)
Оқу жылының ұзақтығы 30 апта емтихан,
қорытынды бақылау тапсыруға 6 апта беріледі.
Еуропа елдерінде бакалавриатта оқу ұзақтығы
3-4 жылды құрайды, соған сай 180-240 сынақ
кредитті жинауды талап етеді.
Проблеманың өзектілігін талдау 12
жылдық мектепте оқушыларды бейінді оқытуға
қоғамның қажеттілігі мен әлемдік және жалпы
еуропалық білім беру кеңістігіне табысты кіру үшін
жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді
кәсіби даярлаудың сапалы қажеттілігі және
Қазақстанның педагогикалық ғылымында оның
негізгі жағдайларының жеткіліксіз теориялық және
тәжірибелік-эксперименттік негізделуі арасындағы қарама-қайшылықтың
шешілу қажеттілігіне әкеліп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.ҚР-да 2011-2020 жылдарда білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы // http: www.edu.gov.kz.
2.Кусаинов А.К. Система высшего образования в США. В кн.:
Сравнительная педагогика: учебник для педагогических вузов. – Алматы, 2005. – С.103-117.
3.Асильбеков Д.А. Образование в США // Иностранный язык в
школе. – 2006. – №1(19). – С.3-7.
4.Куспанов
А.Б. Система высшего образования США // Вестник Национальной академии наук
Республики Казахстан. – 2007. – С.74.
5.Досыбаева
Г.К. Особенности системы высшего образования
США: дис… к.п.н. 13.00.01- Алматы, 2009.- 135 с.