Р.М. Жанысбаева, Ж.А.Бекбосын.

Қарағанды «Болашақ» университеті

 

 

Мектеп  жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнерді дамыту жолдары

 

 

Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнеленген суреттері дәлел. Ол бейнелер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді.

Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды. Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілері аяқ астынан пайда болған жетістік емес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын.

Дәл қазіргі кезге білімнің кең көлемді қоры жиылған мектепке дейінгі балаларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі балалардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет. Бүгінгі таңдағы балабақшалар балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді. Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады[1].

Елбасы Н.Ә. Назарбаев жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!» - делінген.

Танымдық белсенділік –баланың оқуға, білуге деген ынта ықылы сының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Баланың өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды балалардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын балалардыңөздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру – педагогтың  міндеті.

Ахмет Байтұрсынов баланың  өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық - кез келген балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу - бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.

  Баланың оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі -баланыңң өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында бала кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой  әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: тәрбиешінің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; тәрбиешінің басқаруымен баланың дербестігінің мөлшері; олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін мотивтер т.б.

 Өзіндік жұмысты тәрбиешінің дұрыс басқара білуі және баланың дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.Балалардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады[2].

       Баланыңң өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

1.Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.

2.Оқуға деген қабілетінің артуы.

3.Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.

4. Басқа балалардыңтүсіндірмелеріне сын көзбен қарау.

5.Өз ойының дербестігі. Баланыңң өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

 Репродуктивтік жұмыстарға - баланыңң дайын үлгіге қарап жасайтын жұмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар, тәрбиеші нің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т.б. жатады.

 Балалардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар - баланыңң өздігінен шығарма, баяндама, реферат, өлең шығару, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.

 Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі және оқып үйренуде балалардың жалпы белсенділігін арттырады. Баланыңң өзіндік жұмысы оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді. 

 Балалардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.

Балалардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик тәрбиешілер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды   балаларға   білімді   меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып баланың өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады[3].

 Гуманистік психология және педагогика ілімдеріндегі жеке-бағытталған жуықтау төменгі саладай қалыптасады (К. Роджерс): Индивид үнемі ауысып отыратын әлемнің ортасында өмір сүреді. Оған қоршаған әрекетті қабылдаудың жеке әлемі өте маңызды

- Қоршаған әлемге адам жеке қабылдау және түсі арқылы қатынас жасайды.

-Адам өзінше түсінуге және өзінше пайдалануға ұмтылады, өзіндік жетілдіруге ішкі қажеттілік қасиеті болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін қажет өзара түсіністік тек қарым-қатынас жасау қорытындысында ғана толық жетеді.

- Өзіндік жетілу, даму-ол қоршаған ортамен, басқа адамдар байланыста болады. Адамға тура және жасырын байланыстар нәтижесінде пайда болатын, оның өзіндік түсінігін шығаратын сырт көздің берген бағасы өте маңызды, баланыңң өзіндік толымдық әрекетінде тәрбиеші  жеке бағытта оқыту жағдайында ең зор ұйымдастырушы-нұсқалық жоспарлар, дифференциалды әдістер, шығармашылық үй тапсырмалары, сабақтан тыс бала әрекетін ұйымдастыру арқылы жоғарғы сапаға жетеді. Жоспарлау мен бірге педагогика әдістері кіреді.

 Оқыту процесіне деген зерттеушілік өткендегі іс-әрекетпен байланысты. Атап айтқанда өзіндік танымдық баланың әрекетін қамтамасыз етеді, ойлау қабілетін дамытады, өзіндік білім алуға дайындайды. Балаларды зерттеу үшін әртүрлі іздену әдістері қолданылады (эврика-іздену): ізденіс әңгімелер, өзіндік шешім (тәрбиеші нің басқаруымен) ережелер, формулалар, түсініктер, стандарт емес есептердің шығарылуы, лабораториялық және тәжірибелік жұмыстар, бақылаулар.Мектепке дейінгі тәжірибесінде жеке және ұжымды түрде оқыту жұмысының топтық ізденіс түрлері, әдісі[4].

Мәселен оқыту (проблема қою) - ізденіс танымдық әрекеттің негізгі құралы. Мәселелеп оқытудың қайнар көзін Сократтың ізденіс әңгімелерінен көруге болады, бұл жерде ол сұрақ қою және әңгімені қисынды құрастыру арқылы өзінің балаларын қарама-қайшылыққа, әрі қарай тиісті қорытынды жасауға жетектейді.

  Қазіргі балабақшаларда, балалардың әр түрлі дәрежесіне бағытталған оқыту тапсырмаларын дифференциадцап, оқыту жағдайында не тәрбиеші  бере алады,  не болмаса балалардыңөздері таңдауларына болады. Егерде бала өзі таңдап алған болса тапсырманы, онда мүғалімге оны алдағы қателіктерден сақтандыру, сонымен бірге оның мүмкіндігіне қарай есеп шығаруды тапсыра алады және де баланыңң осыған деген қүштарлығының деңғейін анықтай алады. Бірақ та дифференциалдап оқыту жуықтау бола алмайды, себебі оқу процесі оқытудың басқа да маңызды, балалардыңдамуына бағалы да мәнді екені белгілі. Сонымен барлық дәрежедегі сыныптағы балалардыңжеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын маңызды құрал. Бұл жерде балаға басқалардың еңбегінің нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімнің деңгейін танытатын кері байланыс та іс жүзіне асырылады.

Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда. Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда[5].

Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде  көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту – үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес. Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды. Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың  тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі. Мектеп жасына дейінгі  балалардың бейнелеуі дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы[6]. Мектеп жасына дейінгі  шақ өмірдің ерекше әлемі немесе «жұмақ» сынды кезеңі. Балалар өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда қөп және олар мектеп жасына дейінгі балаларды жастайыннан ренжуге,  қиыншылықтарды жеңе білуге, күресуге, қуануға мәжбүр етеді.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қйын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.

 

Пайдалаланылған әдебиеттер тізімі

 

·         Қазақстан Республикасының орта білімнің тәлім-тәрбие тұжырымдамасы //Егемен Қазақстан. Алматы, 26 желтоқсан, 2003. Б: 2-3.

·         Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы //Егемен Қазақстан. Алматы, 27 шілде, 2007. Б. 5-6.

·         Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерде имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы //Егемен Қазақстан. Алматы, 1 наурыз, 1990. Б. 3-4.

·        Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты

Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың Білім Академиясының Республикалық баспа кабинеті. – Алматы, 1998. - 245 б.

·        Мемлекеттік білім беру саласындағы тұжырымдамасы //Егемен Қазақстан.

Алматы, қазан, 1997. – Б. 1-2.

·        Философский словарь (Под редакцией И.Г. Фролова).