ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН
ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өміртаева Әйгерім
Қазақстан
Республикасы, Аякөз қаласы, №5 мектептің
тарих
пәні мұғалімі
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде оқушыларды
оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жүйесін енгізуді
талап етеді. Осындай жаңа жүйенің бірі – педагогикалық
технологияның қазіргі кезде кеңінен қолданылып
жүрген түрі – ойын технологиялары – оқушылардың
оқу кеңістігіндегі ой-өрісінің дамуына, өз
бетімен немесе топтарда жұмыс істей алу қабілеттілігінің
дамуына үлес қоса отырып, оның интеллектуалды және
рухани жетілуіне зор әсерін тигізеді.
Педагогикалық технология – дара тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған педагогикалық
ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған
өзара байланысты процестер.
Оқыту технологиясы оқушының ынта-ықыласын, ізденіс
әрекетін оятуға бағытталады. Оқыту технологиясында
оқытушы әр оқушының деңгейіне сәйкес,
қабілеті мен ой-өрісіне қарай жеке-жеке әсер ету
жолдарын қарастырады. Бұл оқушының ой
кеңісінің дамуын қамтамасыз етеді.
Жүйелердің жиынтығы ретінде педагогикалық
технологияны ұйымдастырудың соңғы кезде
қалыптасқан келесідей негізгі түрлері белгілі:
1. компьютерлік оқыту;
2. ойын технологиясын меңгеру арқылы оқыту;
3. модельдік оқыту;
4. модульдік оқыту;
5. бағдарламалық оқыту;
6. проблемалық оқыту.
Ойын технологиялары оқытушы мен оқушының белгілі бір
сюжеттерді (ойын, ертегілер, спектакльдер, іскерлік қатынастар)
өткізу арқылы, өзара іс-әрекетінің ойын формасы
түрінде көрінеді. Бұл технологияарда оқыту міндеттері
мен педагогикалық жағдаяттар ойын мазмұнына кірістірілген.
Оқу процесінде қызықты іскерлік, рольдік және
компьютерлік ойындар қолданылады.
Қазіргі таңда кредиттік жүйемен білім алушы
жоғарғы білім ордаларында кеңінен қолданылып
жүрген қарқынды оқу әдістері – оқу
материалдарын меңгеру процесінде белсенді ойлау және
практикалық қызметке баулуды тудыратын оқу әдістерінің
қолданылу аясы кеңеюде.
Солардың бірі – ойын технологияларын қолдану –
имитациялық қарқынды оқу әдісінің бірі
болып табылады. Оқу процесінде ойын технологияларын пайдалану оқушылардың
ойлау қабілеттіліктерін, интеллектуалды біліктілігін
жоғарылатуға көмектесетіні белгілі.
Ойын технологияларының бірнеше
түрін қолдануға болады:
1. рольдерді ойнау;
2. іскерлік ойындар:
-
оқу ойындары;
-
өндірістік ойындар;
-
зерттеушілік ойындар;
3. ұйымдастырушылық-қызметтік ойын:
-
инновациялық ойын;
-
ұйымдастырушылық-ойлау ойындары;
4. ойындық жобалау.
Іскерлік ойындар әртүрлі
мақсаттық бағытталуы мүмкін:
- өндірістік ойындар мақсаты өндіріс немесе
бизнестің мәселелері бойынша шешім қабылдау,
кәсіпорынға жаңа шаруашылық механизміне көшуге
жәрдемдесу, бәсекелік күрес немесе дағдарыс
жағдайында өміршеңдік стратегиясын жасауға
жәрдемдесу болып табылады.
- зерттеушілік ойындар жаңа
тұжырымдарды әзірлеу, мәселелерді талдаумен байланысты.
- оқу ойындарының мақсаты білім
сапасын тексеру, кәсіби біліктілік пен іскерлікті дамыту, оқушылардың
білімдерін меңгертудің тиімділігін жоғарылату болып табылады.
- ұйымдастырушылық-қызметтік
ойындар – топтар құру, ұжымды топтастыру үшін
бағытталады.
Сонымен, ойын технологияларын оқу
процесінде пайдалану оқушылардың оқу білімінің сапасын тексеруге, біліктілігін
жоғарылатуға, өзіндік ойлау қабілеттіліктерін
кеңейтуге және оқушылардың өздік жұмыстарын
орындау қабілеттерін бағалауға көмегін тигізеді. Мысалы,
кейбір жағдайларда оқушыларды тек ойынға қатысушы
ретінде ғана емес, сонымен қатар сол ойынның негізгі
ұйымдастырушылары ретінде де қоюға болады. Бұл
көбінесе презентациялар өткізген жағдайда қолданылады. Ол
үшін алдын-ала презентацияның сценарийі жасалады. Осы сценарийге
сәйкес топ оқушыларын шағын ішкі топтарға бөліп,
олардың әрбір мүшесінің міндеттерін тең
үлестіру қажет. Біреуі қажетті материалдар жинақтаса,
екіншісі ол материалдарды өңдеп сценарий құрумен
шұғылданады, ал келесі біреуі топ алдына шығуға керекті
сызбалар мен таратпа материалдар жасаумен, ал тағы бір-екеуі ауызша жауап
беру мен сұрақтарға жауап әзіреумен
шұғылданады және тағы сол сияқты. Сол
арқылы топтағы әрбір қатысушының үлесі мен
маңызы анықталады.
Нарықтық
қатынастарға тән құбылыс –
жұмысбастылық – бүкіл қоғамды қамтитын
маңызды «құбылыс» екендігі баршаға аян. Осы орайда
«жұмысбастылық» пен «ойын технологияларының» байланысы неде? - деген сұрақ туындайды.
Кез-келген жұмыс беруші
жұмысқа жаңа маман кадрларды іріктей отырып оның
келесідей қасиеттеріне басты назарды аударады:
-
өз бетінше ойлау қабілеті;
-
әрқилы мәселелерді шешу;
-
осы мәселелер бойынша нақты шешім
қабылдай алу қабілеті;
-
шығармашылық ойлау қабілетінің
болуы;
-
гуманитарлық білімдерге негізделген мол
сөздік қорының болуы және тағы сол сияқты.
Осындай шарттарды еске ала отырып, біз, ойындар жүргізудің,
атап айтқанда, іскерлік ойындар немесе рольдік ойындар арқылы біз оқушылардың
өзіндік ойлау қабілетін қалыптастыруға
жәрдемдесеміз, яғни әрбір оқушының іскерлік
ойынға қатысу дәрежесіне байланысты жоғарыда
айтылған шарттарға сәйкес өзіндік ой-пікірі
қалыптасады, сөйлеу мәнері жетіліп, сөз қоры
молаяды. Сонымен қатар, топпен жұмыс істеу мүмкіндігі артып,
келешекте өз ойын нақты жеткізе алатын, қажетті
жағдайларда әрқилы мәселелер бойынша нақты шешім
қабылдай алатын, шығармашылық ойлау қабілеті
жоғары экономист маман кадрлары қалыптасады.
Қорытындылау келе, ойын технологияларын кеңінен пайдалана
отырып біз оқушылардың білімін бағалау үшін,
олардың ой кеңістіктерін жетілдіруге бағыттау шараларын
жүргіземіз. Сонымен қатар іскерлік ойындар
болашақ экономист мамандарға аса қажетті өз бетінше шешім қабылдай білу, басқалардың еңбегін дұрыс
бағалай алу, қоршаған орта адамдарымен дұрыс қарым-қатынас жасай білу сияқты қасиеттерді
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Лафта Дж.К., Менеджмент:
учеб. пособие, второе изд., перераб. и доп. / Дж.К. Лафта. - М.: ТК Велби,
2005.
2. В.В.Столин.Самопознание
личности –М.:1983.
3.
Джакупов .С.М. Психология познавательной деятельности.- А –А, 1992.
4.
Абульханова. К.А. Психология познания и сознания личности – М, 1999
5.
Шарипова Р.Д. Духовно –
нравственное воспитание школьников// Менеджмент в образовании, 2001, №4-103
6. С.В.Кондратьева.
Педагогика и психология.1872.