Педагогические науки/5.Современные
методы преподавания
П.ғ.к. Жайлауова М.К., Танирбергенова М.Ж.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында денсаулық сақтаушы
технологияларды пайдалану
Мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарының үлгі ережесіне сәйкес аталмыш ұйымның негізгі
міндеттері қатарында мектеп
жасына дейінгі балалардың дене және психикалық
денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты
өмір салты құндылықтарына бейімдеу қарастырылған[1].
Осыған орай мектепке дейінгі білім беру ұйымы
балалардың денсаулығын сақтауға арналған
жан-жақты әрекетін, түрлі жас шамалары бойынша
тәрбиелеу, білім беру, сауықтыру және емдеу-алдын алу
шараларын ұйымдастырады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалар денсаулығын сақтау 5
блоктан тұрады: тәрбиешілердің жұмысы, дене
шынықтыру маманының, мұғалім-логопедтің,
педагог–психолог және дені сау,
үйлесімді дамыған балаларды тәрбиелеуге
бағытталған музыка маманының жұмысы.
Балалар денсаулығын қалыптастыру моделін жүзеге асыру:
Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдары оқыту мен дамытудың барлық кезеңдерінде
бала денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар
кешенін үнемі жүзеге асырып отыруы тиіс.
Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауға және
нығайтуға бағытталған әрекеттің сан алуан
формалары мен түрлері бар.Бүгінгі таңда олардың кешені
«денсаулық сақтаушы технологиялар» деген жалпы атауға ие
болып отыр.
Денсаулық сақтаушы
технологиялар – баланы оқыту және дамытудың барлық
сатысында оның денсаулығын сақтауға
бағытталған білім беру ортасы факторларының өзара
байланысы мен әрекетін біріктіретін шаралар жүйесі[3].
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолданылып
жүрген қазіргі денсаулық сақтаушы технологиялар
сауықтыру-дамытушы жұмыстың екі бағытын көрсетеді:
·
· балаларды дене шынықтыруға тарту;
·
· сауықтыру
жұмыстарының дамытушы формаларын пайдалану.
Мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында
денсаулық сақтау жұмысын ұйымдастыру формалары мыналар:
·
- дене шынықтыру бойынша білім беру әрекеті;
·
- балалардың өз бетінше әрекеті ;
·
- қимыл-қозғалыс ойындары;
·
-
таңертеңгілік гимнастика (дәстүрлі, тыныс алу,
дыбыстық);
·
- қозғалысты-сауықтырушы сергіту
сәттері;
·
- түскі ұйқыдан кейінгі дене
жаттығулары;
·
- шынықтыру әрекетімен үйлесімдегі дене
жаттығулары;
·
- дене
шынықтыру серуендері( саябаққа, стадионға);
·
- дене шынықтыру
бойынша ойын-сауықтар;
·
-
спорттық мерекелер[4].
Адам өз
денсаулығын сақтауда және нығайтуда айқындаушы
рөл атқарады.Оның өзінің денсаулығы мен
дене мүмкіндіктерін бағалай алу біліктері де осыған байланысты. Денсаулықты
өзіндік бағалаудың тиімділігі тікелей өзін білуге
тәуелді. Мектеп жасына дейінгі балада ол мыналарды қарастырады:
·
гигиеналық ережелер мен өз денесін
күтуді білу;
·
денсаулық пен өмір үшін
неғұрлым қатерлі факторларды білу;
· адамның қалай жасалғаны, қандай органдар ерекше
қорғауды қажет ететінін білу;
·
өзінің физикалық дамуы, физикалық
дайындық деңгейі жайлы білуі.
Балалар өз
денсаулығын анықтауда ересектер сияқты физикалық
денсаулыққа басымдық береді. Дегенмен олардың
физикалық денсаулықтың критерийлері жайлы білімдері
жүйелі емес. Балалар дене шынықтырумен айналысуды денсаулықты
нығайтумен байлананыстыра алмайды.
Балалардың
денсаулығын нығайту бағытындағы жұмыстың
тиімділігі тікелей ата-аналармен бірлескен жұмысқа байланысты.
Тәжірибе ең тамаша сауықтыру бағдарламасы отбасымен бірлікте
жүзеге асырылмаса, толыққанды нәтиже бермейтінін
көрсетіп отыр.
Отбасымен бірлескен жұмыс
оның мазмұнын, ұйымдастыруды және әдістемесін
айқындайтын басты ережелерге сүйенеді.
1.Дені сау баланы тәрбиелеу мақсаты мен міндеттері тек
тәрбиешілерге ғана емес, ата-аналарға да жақсы
түсінікті, отбасы балабақшадағы жұмыстың негізгі
мазмұнымен, әдістерімен және тәсілдерімен таныс
болған жағдайда қол жеткізілетін бірлік.
2.Баланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында болу
кезеңі мен жыл бойындағы жұмыстың жүйелілігі мен
бірізділігі.
3.Олардың қызығушылығы мен қабілеттерін
есепке алу негізінде әр бала мен отбасына жеке дара қатынас[5].
Денсаулық сақтаушы
педагогикалық технологияларды таңдау педагогтар жұмыс
істейтін бағдарламаға, мектепке дейінгі білім беру
ұйымының нақты жағдайларына, педагогтардың
кәсіби құзыреттілігіне, сондай-ақ балалар
ауруының көрсеткіштеріне байланысты.
1. Денсаулық
сақтаушы және ынталандырушы технологиялар: стретчинг,
ритмопластика, динамикалық үзілістер, қозғалыс
және спорттық ойындар, релаксация, эстетикалық
бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көзге
арналған гимнастика, тыныс алу гимнастикасы,сергітуші гимнастика,
түзетуші гимнастика, ортопедиялық гимнастика.
2. Салауатты өмір салтына оқыту
технологиялары: дене шынықтыру
сабақтары, проблемалық-ойындық (ойын треннингтер мен
ойын терапия), коммуникативті ойындар,
өзіне-өзі массаж жасау, өзіне-өзі нүктелі
массаж жасау, биологиялық кері байланыс.
3. Түзетуші технологиялар: арттерапия,
музыкалық әсер ету технологиялары, ертегі терапия, түспен
әсер ету технологиялары,
мінез-құлықты түзету технологиялары,
психогимнастика, фонетикалық және
логопедиялық ритмика[4].
Сонымен, қарастырылған әрбір технологияның
сауықтырушы бағытта болғаны, ал денсаулық сақтау
әрекеті нәтижесінде балада салауатты өмір салтына тұрақты мотивацияны,
толыққанды және күрделендірілмеген дамуды
қалыптастыруы маңызды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында денсаулық
сақтаушы педагогикалық технологияларды пайдалану
оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелілігін арттырады,
педагогтар мен ата-аналарда тәрбиеленушілердің денсаулығын
сақтауға және нығайтуға бағытталған
құндылық бағдарды қалыптастырады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Алямовская В.Г.
Современные подходы к оздоровлению детей в дошкольном образовательном
учреждении //Дошкольное образование. - 2004. - №4.- С.17-24.
2. Ахутина Т.В.
Здоровьесберегающие технологии обучения: индивидуально-ориентированный подход
// Школа здоровья. -2000.- Т. 7. №2.- С.21 – 28.
3. Зедгенидзе В.Я.
Формирование здоровья ребенка//Современный детский сад. - 2007. - №1. -
С.25-30.
4. Гаврючина Л.В. Здоровьесберегающие технологии
в ДОУ: Методическое пособие – М.; Сфера, 2008.
5. Шарманова, С.Б. Роль
родителей в приобщении дошкольников к
здоровому образу жизни //Управление ДОУ. - 2006. - №4. - С.40-45.