Педагогические
науки/ 5. Современные методы преподавания
Информатика пәнінің мұғалімі Ж.
А. Ажибеков
«Сенім» кешкі мектебі, Жамбыл облысы,
Қазақстан
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН САРАЛАП ОҚЫТУ ТУРАЛЫ
Оқушылардың
ой-өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім сапасының
мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай
саралап оқытудың ықпалы зор. Саралап оқытудың
көп пайдасы бар. Әр оқушы қысқа да
нұсқа сөйлеуге үйренеді, әрбір деңгейдегі
оқушы білуге құмарта түседі, 1 – деңгейден
2-деңгейге, 2-деңгейден 3-деңгейге өтуге талпыныс
жасайды.
Бұл технология
біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. өйткені ол оқушының ойлануын,
елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының
дамуына көмектеседі. Саралап оқыту оқушының да,
мұғалімнің де белсенді шығармашылық
қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік
тапсырмалар: 1, 2, 3, 4 деңгейде беріледі. 1 деңгейдегі тапсырмалар
– мемлекеттік стандарт деңгей, бұны орындауға барлық
оқушылар міндетті, 2 - 3 деңгейлер бірте – бірте күрделенеді
және бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылар
құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен
жұмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын
дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды. Бағалау
балдық жүйемен асырылады. 1-деңгейді орындаған
оқушы - 5 балл, 2 - деңгейге - 10 балл, 3 - деңгейге - 15
балл, 4 - деңгейге - 20 балл.
Аталған
жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын
қадағалайтын педагогикалық мониторинг
құруға мүмкіндік береді. Ол үшін
сабақтың соңында жиналған ұпайларына сәйкес
нүктені оқушы өзі «даму мониторингі» бетіне, белгілеуі тиіс.
Және осы ұпайға сәйкес бағаны сынып журналына
қойып отыру керек. Бұл жағадайда әр оқушы
әр тақырып бойынша бағаланады. Ал ұстазға
сабақтан тыс уақытта оқушымен жеке жұмыс істеуі
үшін үлгерімі төмен оқушыға қажет
тақырыпты анықтауына және оқу сапасын көтеруіне
мүмкіндік туады.
Информатика
пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының
бірі – практикалық (қолданбалы) мақсаты. Бұл
оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді
оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және
келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге
дайындау болып табылады. Осы орайда информатика пәнінен практикалық
тұрғыда дидактикалық материалдарды қолдану ерекшелігі
жоғары.
Дидактикалық
материалдар информатика оқулығының негізінде алынған
өзіндік бақылау және қосымша тапсырмалардың,
пысықтау сұрақтарының және қызметті
есептердің жиынтығы болып табылады. Мұндағы
жұмыстар әр сыныптағы информатиканы оқытудың
жалпы тақырыптық жоспарына сәйкес жазылуы тиіс. Оқу
құралы мұғалімнің жазба жұмыстарын
жүргізуде әдістемелік көмек көрсету және
оқушылардың біліміне, біліктілігіне, дағдысына
қойылатын талаптардың бағдарын анықтауға мүмкіндік
жасай алады.
Өзіндік
жұмыстар және қосымша жұмыстардың мазмұны
оқулықтың теориялық материалдар мен
жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы шарт.
Оқу құралының мазмұнына енген материалдар
оқушылардың дайындық деңейін ескере отырып,
түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалады. Дидактикалық
материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында
жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және
бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың
біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге
және олардың білімдерін тексеруге бағытталған.
Информатика
сабақтарында оқушылардың жеке –дара жұмыс істеуі
оқытудың барлық кезеңдерінен бастап, олардың
алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау және тексеру
қызметтерінде де жүргізіле береді. Оқу процесін
ұйымдастыруда жұмыс дәптерін материалдарды қайталауда,
бірнеше тақырыптарды өтіп оларды қорытындылау және де
білімді тексеру кезеңдерінде пайдаланған жөн.
Орта мектептерде
информатика пәніне арналып жасалған жұмыс дәптері
әр түрлі әдістемелік технологиялар арқылы
оқушылардың қабілеттілігін тексеруге және
бағалауға мүмкіндік береді. Бағалау әдістеріне
мына төмендегілер жатады:
• оқулықтағы материалдар
бойынша сұрақтарға жауап алу әдісі. Бұл
сұрақтарға оқушылар нақты түрде дұрыс
жауаптарын жазулары тиіс;
• Өтілген материалдар бойынша тест
алу әдісі. Бұл тест сұрақтарына оқушылар
дұрыс жауаптарын көрсетіп қоюлары тиіс;
• Оқушылардың ойлау логикасын
қалыптастыруға арналған әдістер. Мұнда
оқушыларға арналған сөзжұмбақтар, ребус,
фильворд т, б. беріледі, яғни өтілген материалдарға арналып
жасалынады. Бұл әдіс оқушылырдың
қызығушылықтарын арттырады.
Мұғалімнің
және оқушының шығармашылық
жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда,
жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз
үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана
емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін
қажетіне қолдану болып табылады.
Заман талабына сай
жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар
беруші – мұғалімдер. Оқушылардың жаңа
тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа
қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай
дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына
зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
ӘДЕБИЕТ:
1. «Информатика
негіздері» ғылыми әдістемелік журнал
2. Е. Ы. Бидайбеков,
Ж. К. Нұрбекова, А. Е. Сағымбаева «Информатикадан
оқушылардың білімін бақылау, бағалау» әдістемелік
құрал /Алматы 2003/
3. Ш. Т.
Шекербекова, А. Е. Сағымбаева «Информатика» әдістемелік
құрал /Алматы 2005/