Ергазинова Оразкен Койшыбековна

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН, ОЙЫН ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

 

«Оқыту кәсіп емес, мамандық емес,

тек қана өмірдің бейнесі»

А.П.Минаков

 

Оқытудың әдістерін тереңірек меңгеру үшін осы тақырыпты таңдап алдым. Тақырыпты ашу барысында  оқытудың кейбір әдістеріне тоқталып өтемін. Әрбір оқушының қызметінің тактикалық және стратегиялық әдістерін пайдаланудың тиімділігі көбінесе олардың қандай әдіс жүйесінде жүзеге асырылатындығы, қаншалықты барлық оқу үрдісінің қызметінің жемісті болатындығынан тәуелді.

Оқушылардың ойлау қабілетінің қалыптасуы мен оқыту әдістерінің белсенді жүргізілуі бір-бірімен өте тығыз байланысты, сондықтан қазіргі өркениетті оқу орындарының алдына қойылған негізгі мақсаттарын шешу ондағы оқытушылардың дамушы оқыту әдістерін қаншалықты орынды пайдалана алатындықтарына байланысты.

Нақты бір сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты оқыту әдістерін жоспарлай келе оқытушы жалпы және нақты бір диалектикадан келіп шығады.

Оқу – тәрбие үрдісінің жалпы мақсаты болып жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу табылады, ол тек кіші-гірім білім беру мақсатын ғана емес, сонымен қатар оның мақсаттарын дамыту және тәрбие беру мақсаттарымен де толықтыруы керек.

Дәстүрлі дидактикалық сауал болып табылатын – қалай оқыту керек – деген сұраққа жауап іздеу бізді оқыту әдістерінің категорияларына алып келеді. Әдістердің көмегінсіз бізге алдымызға қойылған мақсаттарымызға, белгіленген мазмұндарымызды жүзеге асыруымызға, оқытуды танымдық қызметпен толықтыруымызға қол жеткізу мүмкін емес.

Әдіс – алдын – ала жобаланған мақсат пен соңғы нәтиже арасындағы байланысты жүзеге асыратын оқу үрдісінің орталығы. Оның «мақсат – мазмұн - әдіс – нысандар – оқыту құралдары» жүйесіндегі ролі анықтаушы болып келеді.

Оқыту әдісін анықтау көбінесе зерттеу әдісі дефинициясын қайталайды.

Оқыту әдісі ( латын тілінде metodos- нақты бір нәрсеге жол деген мағынаны білдіреді) – бұл оқытудың берілген мақсаты қозғалысына бағытталған педагог пен оқушы арасындағы реттелген қызмет. Оқыту әдістері деп көбінесе білім берудің мақсаттарын шешудің, мақсаттарға қол жеткізу әдістері мен жолдарының жиынтығы. Оқыту әдістерінің құрылымында тәсілдерді ді атап өтуге болады.

Тәсіл – бұл әдістің бір элементі, оның құрамдас бөлігі, бірреттік әрекет, әдісті жүзеге асырудағы жеке бір қадам немесе әдіс өзінің көлемі жағынан кіші-гірім және құрылымы бойынша қарапайым болған жағдайдағы әдістің модификациясы.

Оқыту әдісісің құрылымында оның объективті және субъективті бөлімдерін бөліп қарауға болады.

Әдістің объективті бөлігі - әр түрлі педагогтардың пайдалануынан тәуелсіз кез-келген әдісте міндетті түрде қатысатын тұрақты жағдаймен шартталған. Онда барлығына бірдей дидактикалық жағдайлар, заңдар мен заңдылықтардың талаптары, сонымен қатар оқу қызметінің мақсаттары, мазмұны, нысандары сияқты тұрақты компоненттері көрсетіледі.

Әдістің субъективті бөлігі – педагогтың жеке басымен, оқушылардың ерекшеліктерімен, нақты бір жағдайлармен шартталған. Әдістің объективті және субъективті қарым-қатынасы өте күрделі және шешілмей отырған мәселе болып табылады. Осы мәселе бойынша пікірлердің диапазоны өте кең ауқымды. Әдісте тұрақтылықтың болуы барлығына ортақ әдістердің теориясын әзірлеуге, логикалық таңдау, әдістердің оптимизациясы мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.

Академик Ю.К.Бабанский, оқытудың әдістеріне деген жалпы бағыттардың негізін қалай келе, әдістердің мәнін бір ғана перцептивті, гностикалық, логикалық және басқа да объектілерге келтіруге болмайтынын шынайы мойындады. Тәжірибе жүзінде оқыту әдістерінің жүйесін дайындап қолдану кезінде төмендегідей жағдайлардан келіп шығу керектігін атап өтті: оқыту әдістеріне кешенді,  жүйелі түрдегі бағыт, әдістің дидактикалық категория ретіндегі көп жақтылығы, әдістің объективті және субъективті факторлармен шартталуы.

Оқытудың дәстүрлі қалыптасқан тәжірибесі жүзінде оқу орындарында ақпараттық – дамыту әдісі үлкен орын алады, онда оқытушы оқушыларға қарағанда басым белсенді рол атқарады (дәріс, түсіндіру, әңгімелеу).

Шындығына келгенде оқытудың көп ғасырлы тарихы шегінде өсіп келе жатқан ұрпақты оқытуда оқытушы ақпараттың қайнар көзі бойынша әдістерді бөліп қарастыруы тектен-тек емес, сөзбен айтып түсіндіру, көрнекіліктерді пайдалану, тәжірибелік. Осы аспектілерді атай келе адамзаттың ақпараттарды қабылдай алу заңдылықтары негіз болып қаланады: өйткені ақпараттарды көзбен көрмей, құлақпен естімей, тәжірибелік әрекеттерді пайдаланбай жүзеге асыру мүкін емес қой.

Перцептивтік әдістердің тобын қаншама сынаса да ол «homo sapiens» ретіндегі адамның өмір сүріп жатқан кезінде міндетті түрде әрқашанда болады.

Білімдерді бекіту мен істей алу қабілеттерін жетілдіру үшін репродуктивті әдіс үнемі қолданылады (айтып әңгімелеп беру – оқушылармен оқу материалдарын қайтадан өндіру, үлгі бойынша жаттығуларды орындау). Бұл әдістер оқу материалдарын есте сақтауға және қайтадан айтып беруге неғүрлым дұрысырақ бағытталған, бірақ оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен өздіктерінен танымдық қызметтерін белсендендіруге азырақ бағытталған.

Соңғы жылдары оқушылардың өздері білім алуды өздіктерінен алуға, олардың танымдық қызметтерін белсенді етуге, ойлау қабілеттерін дамытуға, тәжірибелік істей алу қабілеттері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді әдістері кеңінен қолданылады. Нақты осы мақсаттарды шешуге әдістердің проблемалық – іздеу және шығармашылық әдістері кеңінен бағытталған.

Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалдарын меңгеру процесінде белсенді ойлауға және тәжірибелік қызметке оқушыларды жұмылдыратын әдістердің жиынтығы. Белсенді оқыту оқытушының дайын білімдерді баяндап, оларды есте сақтап, қайтадан айтып беруге ғанаемес, оқушылардың өздіктерінен белсенді танымдық және тәжірибелік қызметі процесінде олардың білімдері мен істей алу қабілеттерін өздіктерінен қалыптастыруға бағытталған.

Оқушылардың танымдық қызметтерін белсендендіру үшін оқытудың дәстүрлі әдістері де пайдаланылады, ондай тәсілдердің қолданылуымен материалды беру кезіндегі сұрақтардың қойылуы, оған кейбір тәжірибелік жаттығулардың қосылуы, ситуациялық есептер, көрнекіліктер және оқытудың техникалық құралдарына сүйену, жазба жазуға машықтандыру, жаппай конспектілерді жасау.

Оқытудың белсенді әдістерінің ерекшеліктері болып білімдерді игеру барысында алдыға жылжуға мүмкіндік беруге көмектесетін тәжірибелік және ойлау істерін дамыту негізі табылады.

Егер бұрын мектепте алынған білімдер жоғары оқу орнында көптеген уақыт бойы қызмет көрсетуге жарап келсе, кейде оның барлық еңбек өмірінде, оның ішінде ақпараттық жүйе әлемінде оларды үнемі жаңартып отыру керек, ал ол өзіне-өзі білім беру жолымен жүзеге асырылады, ал ол адамнан танымдық белсенділік пен дербес жұмыс жасауды қажет етеді.

Танымдық белсенділік дегеніміз таным процесіне деген интеллектуалдық – эмоционалдық көзқарас, оқушының оқуға, жеке және жалпы тапсырмаларды орындауға деген талпынысы.

Танымдық дербестік дегеніміз өздігінен ойлауға, жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндігіне, қандай да бір мақсаттарды шешуге өз бағытын табуға, меңгерілетін оқу ақпаратын түсініп қана қоймай, сонымен қатар білімді алуға, басқалардың көзқарастарына сын көзбен қарай білу, өз пікірлерінің туелсіздігіне қол жеткізу.

Танымдық белсенділік пен танымдық дербестік – оқушының оқуға деген интеллектуалдық қабілеттерін сипаттайтын қасиеттер. Белсенділік пен дербестіктің болуына жағдайлардың болмауы олардың дамымауына алып келеді.

Міне сондықтанда оқытудың белсенді әдістері адамның интеллектуалдық қасиеттерінің болуына, ары қарай тәжірибе жүзінде оның белгілі бір орынға ие болуына көмек береді.

Оқыту әдістерінің жіктелуі келесідей жіктеледі:

Имитациялық емес: проблемалық дәріс, эвристикалық әңгіме, кітаппен өздік жұмыс, оқыту бағдарламасымен өздік жұмыс.

Имитациялық:

Ойындық емес: нақты өндірістік жағдайларды талдау, ситуациялық өндірістік жағдайларды талдау, өндірістік тәжірибе кезінде жеке тапсырмаларды орындау.

Ойындық: іскерлік ойын, лото ойыны.

Оқыту әдісін таңдаған кезде ең алдымен оқу материалының мазмұнына талдау жасап алу керек және оқытудың белсенді әдістерін оқушылардың өздерін өз өмірлік тәжірибелеріне сүйене алатын, нақты бір іске қосыла алатын олардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ойлау қасиеттерін көрсете алатын жерде пайдалана алу керек.

Оқытушылық қызметте «оқыту тәсілі» деген түсінік жиі кездеседі. Тәсіл – бұл әдістің тиімділігін жоғарылататын, күшейтетін оның бір бөлігі. Оқыту тәжірибесінде дәріс, түсіндіру, кестелер мен плакаттарда көрсету, әңгімемен бірге жүретін оқытудың көрнекті әдістері кеңінен қолданылады: Оқу материалын түсіндіру слайдтар, бейне жазбаларды демонстрациялаумен сүйемелденуі де мүмкін. Көрнекі тәсілдердің пайдаланылуы тек түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар оқу материалын есте сақтау үшін, сонымен бірге оқытылатын пәнге эмоционалдық қарым – қатынас, оған деген қызығушылықтың артуына мүмкіндік береді.

Оқытудың тәжірибесінде оқытудың ойындық тәсілдері де жиі қолданылады - әр түрлі ойын элементтері, дидактикалық ойындар, іскерлік оындар. Олар оқытылатын материалға деген ынтаны тудырып, білімнің тереңірек алынуына да мүмкіндік береді. Оған оқу материалының мазмұнына сәйкес келетін ребустар мен сөзжұмбақтар шешу де жатады.

Оқытудың тәжірибелік тәсілінің қолданылуы да өте маңызды болып саналады, өйткені ол оқушылардың тәжірибелік оқу және кәсіби білімдері мен істей алу қабілеттерінің қалыптасуына да кеңінен бағытталған. Істей алу және дағдылау қабілеттеріне оқытуда ең алдымен тәжірибелік сабақтар ерекше орын алады.  Алайда олар, тәртіп бойынша, үлгілі есептер мен жаттығулар шығару үшін жағдай жасайды, ал оқушылардың ынталары мен қызметтері үнемі әртүрлі тәжірибелік есептерді шығару қабілетіне бейімделуі керек.

Кітаппен жүргізілетін өздік жұмыс барысында оқушылардың оқу ісіндегі ерекше орын кітаппен жүргізілетін өздік жұмыс болып саналады. Ол оқу, қосымша, анықтамалық, норматвтік болып бөлінеді. Кітаппен жұмыс жасауға керекті тапсырма оқуға комментария жасаудан бастап оқылған әдебиеттің негізінде орындалатын тәжірибелік тапсырмаларды орындауға дейін әр түрлі болуы керек.

Кейбір тапсырмаларды атап өтсек: комментария жасалатын оқу, оқылған әдебиетке жоспар құру, қойылған сұрақтар бойынша әдебиеттерден көшірме жасау, мәтінді конспектілеу, сөздіктер мен анықтамалықтарда еке терминдерге түсініктеме беруді табу.

Проблемалық – іздеу әдістерінің ерекше белгісі болып оқушылардың алдында олар өз беттерімен жаңа білімдерді қалай құрып, теориялық шешімдерді қалай қалыптастыруға жауап табуға қажетті сұрақты қою табылады.

Проблемалық – іздеу әдістері оқушылардың белсенді ойлау қызметін, шығармашылық ізденіс, өз тәжірибесі мен жинақталған білімдерін талдау, жеке шешімдер мен қорытындыларды жалпылай алуды талап етеді. оқушылардың танымдық қызметтерінің здіктерінен шықпайтындығы сөзсіз, ол міндетті түрде оқытушының басшылығымен оқушыларды тізбектелген сұрақтар мен тапсырмалар арқылы бір шешімге келтіре отырып орындалады. Проблемалық – іздеу әдістерін қолдану оқытушыдан оқу материалын жақсы білуді, кең эрудиция, оқу ісінде оқушылармен контакт жасай білу, әріптестіктің болуын, проблемалық сұрақтарға бірге жауап іздеуді талап етеді.

Проблемалық дәріс жай дәріске қарағанда сұрақтан, проблема қоюдан басталуымен ерекшеленеді. Оны беру барысында лектор кезектілігімен және логикалық түрде оны шешу жолдарын шешіп қарастырады. Құрастырылған проблемалардың ішінде оқу материалының нақты мазмұнымен байланысты ғылыми, әлеуметтік, кәсіби мәселелер болуы мүмкін. Проблеманың қойылуы тыңдаушыларды ойға, қойылған сұрақтарға өздіктерінен жауап беруге, берілген материалға деген қызығушылықтың тууына, тыңдаушылардың назар бөлуіне әкеп соғады.

Эвристикалық әңгіме оқушылардың ойлары мен жауаптарына бағыттайтын оқытушының сұрақтары. Әңгіме фактілерді хабарлаудан, құбылыстар мен жағдайларды суреттеуден басталуы мүмкін.

Эвристикалық әңгіме барысында оқытушы жақсы қойылған сұрақтардың көмегімен оқушылардың білімдері мен қадағалаулары, өмірлік тәжірибелері, логикалық ойлау қабілеттерінің негізінде жаңа бір түсініктер мен шешімдерді қалыптастыруға ұмтылдырады. Оқушылар өздері «жаңа ашулар» жасайды, жаңа білімдер алады, нәтижесінде өздерінің танымдық белсенділіктерін қанағаттандыра алады.

Эвристикалық әңгіме – проблемалық оқытудың негізгі әдісі. Проблемалылықтың деңгейі әр түрлі болуы мүмкін: бұл оқушылардың ойлауларына, білімдеріне, тәжірибелеріне негізделген сұрақтар тізбегі болуы мүмкін, бұл оқытушының басшылық жасауымен гипотеза шығара, алдыға қойылған сұрақты шешудің мүмкінді жолдарын құра отырып, оны шешу барыстары мен нәтижелерін бірге талқылай, эксперимент жасай келе оқушылардың проблеманы қоюы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.                      Ю.К. Бабанский, В.А.Сластенин  «Педагогика» Москва 2003г.

2.                      Л.Г. Семушина, Н.Г.Ярошина. «Содержание и методы обучения в средних и специальных учебных заведениях» Москва 2001 г.

3.                 В.Ф.Паламарчук «Школа учит мыслить» Москва 2000 г.