Есенгелдина Меруерт Есенгелдиновна
Қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Аягөз қаласы «№1 жалпы білім
беретін орта мектеп» КММ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – ЖЕТІСТІК
КӨЗІ
Қазақ тілі
мен әдебиеті - шеті мен шегі
жоқ ұшан-теңіз дүние. Үнемі ізденісті қажет
етеді. Оқушылардың білім сапасын көтеру, сабаққа
қызығушылығын арттыру, әр сабақты
қызықты өткізу кез-келген мұғалімнің
міндеті. Мұғалімнің еңбегі оқушылардың
білімі арқылы көрінеді. Сондықтан сабақты өз
деңгейінде өткізу үшін
белгілі бір әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Мен өз сабағымда «сын
тұрғысынан» оқытудың стратегияларын
қолданамын. Балалар
өздерінің алған
білімдерін тәжірибеде
көрсетіп отырады. Сын тұрғысынан оқыту оқушыларды
бір-бірімен байланыстырады және сабақ барысында алға
қойған мақсатты игеру оқушыларға жеңіл
беріледі. Бұл әдістің негізгі мақсаты қызығушылықтың
көмегімен оқушылардың
ой-өрісін жан-жақты білу, салыстыру қабілеттерін дамытады.
Сабақта оқушының пәнге деген
қызығушылығын арттыру
мақсатында бар
күш-жігерімді жұмсап, оқушыларымды тәрбиелі,
өнегелі, білімді етіп тәрбиелеуді өзімнің
мақсатым деп есептеймін.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі
Міржақып Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт –
оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ
та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана
оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа
бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың
күні – қараң, келешегі - тұман»,- деп ғылым,
білім, оқудың маңызын қара халыққа
көрсеткен.
Бүгінгі таңда
мектеп алдындағы басты міндет – қазақ тілі мен әдебиет
сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа
ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан
ойлауға жағдай жасау.
Технологияның басты
мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау
арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға
терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан
қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде
игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже
шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT
бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын
тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді.
І
Қызығушылықты ояту.
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа
білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа
ұғымдарды, түсініктерді, өзінің
бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,
кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ
қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не
біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы
ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы
әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін
“Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”,
“Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар)
жинақталған. Қызығушылықты ояту
кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің
белсенділігін арттыру
Мағынаны тану
(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа
ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді,
тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап,
белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың
тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту
стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға
оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен
үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ?
– “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу
тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына
басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды
құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету,
оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну –
күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында
оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау,
өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны
түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған
кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер
білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін
бұрынғы білім арасында көпірлер
құрастыруға, яғни байланыстар құруға
дағдыландырады.
Тақырып туралы
ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі.
Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын
ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен
қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын,
өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен
айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі
түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын,
кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі
кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта
түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.
Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру
болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға
жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды
өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық
карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың
ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала
қолданылады.
«Тегінде, адам баласы
адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады»
деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз
мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар
заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз
үлесін қосады. Осындай қоғамдық әлеуметтік,
мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне
әсер етеді. Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды
дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында
оқытудың жаңа технологияларын ұсынылуда.
Жаңа
технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта
отырып, оның еркіндігін , белсенділігін қалыптастыру, өз
бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
«Оқу мен жазу
арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының
қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын
шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар
идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және
шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық
үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам
өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға
көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы
екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап,
жаңа білімді
бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды
дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты
айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен
жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен,
сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға,
бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге,
өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты
жеңуге баулитын бағдарлама.
Қазіргі кезде республикамызда әлемдік
жалпы білім беретін сатыға көтерілуі бағытында, білім
берудің жаңа жүйесін қалыптастыру үрдісі
өтіп жатыр.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан
сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін
міндет ауыр» дегені белгілі.
Бүгінгі
күн ұстаздың басты мақсаты - өзіндік адамгершілік
құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани
қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке
тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар
құндылықтарын дамыту.
Осы бағытта ең негізгі міндет
қоғамның қазіргі даму кезеңіне жауап беретін
білім мен тәрбие берудің жаңа үлгілерін жетілдіре
оқыту технологияларын пайдалана білім беру.
Әлемде неше түрлі әдістемелер бар,
оның тиімдісін таңдай білу абзал. Әңгіме
әдістеменің дүрілдеген атауында емес, оның
оқушының дамыта алатын тұжырымдамасында, стандарттан аса
алатын технологиясында.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі,
дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру
мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен
ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер
етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді
одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай
үйлестіре алу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-
әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы
тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің
тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты
тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму
деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған
білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне
жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы
азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілі мен
әдебиетін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге
жауапты міндет жүктеледі. Сонау ХХ ғасырдың басында
Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.
Сондықтан қазіргі таңда педагогика
жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән
ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына
жетудің бірден – бір жолы.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қабдешова Ә.
Сын тұрғысынан ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті.-
№10.35-45б
2.Закиров Ғ. Жаңа
технология – сапалы білім негізі. Қазақстан мектебі. – 2010. – №3 26-27-б.
3. Ысқақова С.
Сыни ойлауға жетелеу. Қазақстан мектебі. – 2010. – №3
39-40-б.
4 Темірханова Р.Е. Сын
тұрғысынан ойлау сабағын өткізу тәжірибемнен.
Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2009. – №5 36-40-б.
5.Нұрғазина.Г.Е.Қазақ
әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы
6.Мирсеитова.С.С.
Мұғалім
философиясының
қалыптасуы және дамуы