Кусаинова Алтын Маратовна, Касимова Гулзада Турдакуновна
Қазақстан
Қарағанды
қаласы
Интерактивті оқыту
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру негізі
Қазіргі
заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең
білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық –
психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік
және ақпараттақ сауаттылық талап етілуде. Ол заман
талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне
еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан
болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші
тұлға ретінде ұлағатты саналады
Ақпараттық
қоғамның негізгі талабы – оқушыларға
ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық
құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып,
ақпараттық қоғамға бейімдеу [1].
Ақпараттық
бірлікті қалыптастыру үшін:
- мектептің
материалдық – техникалық базасын;
- ақпараттық
қоғам саясатының мақсаты мен міндеттерін;
- оқушылардың
ақпараттың мәдениетін қалыптастыру қажет.
Оқушылардың
жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог
мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен
шеберліктеріне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық
қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Интерактивтік оқыту
– бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру
формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын
алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың
бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық
белсенділігін сезетіндей, оқу барысында
қызығушылықтарын арттыратын оқытудың жинақы
шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол,
сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар
өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы
түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады.
Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері
мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше
еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін
алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда
өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық
қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды,
танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары
топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.
Сабақтағы
интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара
әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет
есепті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және
сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Интерактив бір
көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің
басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барасында
оқуышылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды
талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама
көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды,
пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас
жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық
және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу
жұмыстары, түрлі ойындар қолданылады, құжаттармен
және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды,
шығармашылық жұмыстар пайдаланылады [2].
Оқыту барысында кем
дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық
(қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін
қалай белсенді етуге болады) жәнге ұйымдастыру (оқушы
мен мұғалім әрекетіннің құрылымын
қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады.
Мазмұндық
жағына – мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын
күрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/,
дидактикалық материалдарды күрделендіру және т.б.
Процесуалдық
жағына – бағдарламалау тәсілдері, проблемалық,
интерактивтік оқыту т.б.
Мотивациялық –
оқу барысында оқушының белсенділігін қамтамасыз ету
тәсілдері, танымдық қызығушылықты қалыптастыру
т.б.
Ұйымдастыру –
мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі,
оқу пәнін жете меңгеруі.
Осы
тәсілдердің бәрі өз кезегінде технологиямен
қамтамасыз етіледі. Мысалы, проблемалық оқыту тәсілі:
проблемалы-сұхбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмалар,
проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-бағдарламалық,
проблемалы-контекстік, проблемалы-модульдік, проблемалық-компьютерлік
оқыту.
Интерактивтік оқыту технологиясы мен
тәсілі интеракция (ағлш. Interaction – өзара әсер,
бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту
барысынде жеке тұлғалар арасында танымдық
қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі
өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының
жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту
адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу
барысында жүзеге асады.
Осы тәсілді қолдаушылардың ойынша,
осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және
ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. Ойындар
мұғалімге оқытудың (білім, білік, дағды)
қолданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің
мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі
оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру
нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар
ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету,
коммуникативті біліктілік пен дағды қалыптастыру,
қарым-қатынас құндылығы сияқты
мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану
мектеп оқуышыларының жеке және тұлғалық
сапаларын тәрбиелеуге қолайлы [3].
Интерактивтік оқу технологиясы – оқу
әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық,
интеллектуалдық, эмоциялық және басқада
жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын,
оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық
қарым-қатынас құруға кепілдік беретін,
мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу
ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивтік оқу технологиясын қолданатын
оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді
бөліп көрсетуге болады:
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен
сараптаушыларды дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс
тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың
басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын
құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық.
Бұл жағдайлар, нұсқаулар, қойылымдар мен
басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім
сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын
бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне түсінік береді.
Оқушылар қосмша ақпарат жинайды, мұғаліммен
ақылдасады, ойын барысын және мазмұны туралы өзара
талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын
процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін
ешкімнің оған араласуға және бағытын
өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана
қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол
бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім
ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған
қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті;
ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау
және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру,
оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініші
бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау,
талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім
талқылау жүргізеді, оның барысында сарапшылар сөйлейді,
қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз ұстанымдарын
және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, ойын
барысында туындаған қиындықтары, ой-пікірлері туралы
әңгімелейді.
Интерактивтік оқу технологиясын пайдалану
әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға
(өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады:
мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар
– сынып, оқушылар-оқулықтар, топ – топ, топ – оқушы),
оның оқу әрекетін және тұлғалар
арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға
мүмкіндік береді [4].
Қорытындылай келе
бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын
қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану
керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Бұл
оқыту тәсілі әртүрлі технологиямен жан-жақты
қамтылуды талап етеді, сонда ғана технология педагогикалық
тұрғыда әсерлі болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
«Ақпараттық технология және қашықтықтан
оқыту» Мұхамбетжанова С.Т.
2.
Захарова
И. Г. Информационные технологии в
образовании: Учеб. пособие для студ.высш.
учеб, заведений. М.: Академия, 2003.
3.
Мясоед Т.А.
«Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» М., 2004
4.
Суворова Н.
«Интерактивное обучение: Новые подходы» М, 2005.