ТӘРБИЕЛІ –
ТӘРТІПТІҢ ҚҰЛЫ
Садыбекова
Л.С., Утарова Ш.
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Қазақ
халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл
бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына,
оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына,
алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына
арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралығымыз
бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың
ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін
ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың
бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді.
Ана-барлық
өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды
адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде
сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі
қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша
қауымның міндеті. Қазақ
халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге
теңеп, «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей,
қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны
белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға
тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің
бар екені рас.
Ал,
оларға дұрыс тәрбие беріп, өмір атты кең арналы
тіршілікке жол сілтеу – бірінші ата – ана міндеттері дейтін болсақ,
екінші кезек – қанатын қатайтып, болашаққа жол сілтеп,
қарлығаштай ұшыратын мектеп ұясының
ықпалы. Қыз баланың алғашқы қалыптасуы,
оның көпшілік ортасында өзін – өзі ұстай
білуінен, достарымен тіл табысып, сондай – ақ мектеп табалдырығын
аттап, алғаш рет көптің ортасынан түсуінен
байқалып жатады. Мектеп – білім берумен қатар тағылымды
тәлім – тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге
ордасы.
Қыз
баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі
сөйлемей, ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу
жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің
сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына
тарту етуді дәстүрге айналдырды. Қыз баланың
тәрбиесі қашанда аса мәнді. Қыз бүгін әке –
шешесінің қонағы болса, ертең бір
шаңырақтың ошағының сәні. Қыз баланы
құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей,
ізетті болу-халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі [1].
Тәртіп
- әдептің бір түрі. Ол адамның жеке және
қоғамдық өмірінде, күнделікті тұрмыспен
рухани тіршілікте, ұжымдық қоғамдық және
мемлекеттік істе ерекше маңызды. Бәленің көбі
тәртепсіздіктен туындайды. Ағашында тәртіпті босаңсытып алып, қайтып оны
жолға қоя алмай жатқан қазіргі кезде
тәртіпсіздіктен қандай бейберекет істер, қайғылы
оқиғалар туындағаны белгілі.
Біз күнделікті тіршілікте «тәртіпті
бала, тәртіпті қыз, тәртіпті оқушы» дегенді жиі
айтамыз. Сол арқылы әлгі балаға жақсы баға
бересіз, оған көңіліміз толады. Тәртіпті топ деу арқылы сол топқа
сенетінімізді, онда бәріде жақсы болып, теріс мінез
қылықтарға жол берілмейді деп ойлайтынымызды білдіреміз.
Сөйтіп,
балаға қатысты алғанда, тәртіп – оның
келешегінің айнасы да, жалпы алғанда, ол адамның екінші
болмысы.
Тәртіптің
жүзеге асыру тәсілдері: дәстүр, әдет –
ғұрып, қоғамдық және мемлекеттік талаптар.
Қандай қоғам болса да тәртіпті қажет етеді,
оған мүдделі болады. Сондықтан қайткенде де
тәртіп орнатуға тиіс болады. Отбасын, қоғам, мемлекетті
олардың құраушы бөлшектерін тұтастыру
арқылы ұстап тұратын нәрсе – тәртіп [2].
Айталық,
тұрмыста адам орынды деп саналатын істерді істеу керек. Бұл да
тәртіп. Орынсыз іс істеу ерсі
әрі көргенсіздік болады. Мысалы: адам той – томалаққа,
театрға спорт костюмін киіп немесе спорт алаңына кешкі киім киіп
баомайды. Сізге қолайлы болса да, өйте алмайсыз. Себебі,
жұртшылық таныған мәдениеттілік талабы, соған
байланысты сақталуға тиісті тәртіп сізге кесе
көлденең тұрады .
Тәртіп
- өзіңді - өзің қадағалаудың,
өзіңді - өзің басқарудың көрінісі мен
құралы. Бұл өз иланымыңмен , саналы түрде
істелмесе, сырттан танылған, күштеу, зорлау ретінде
қабылданса, жағымсыз ауыртпалыққа немесе іс
жүзіндік мәні жоқ бос
сөзге айналады.
Тәртіпті
адам барлық жерде де
үйде,мектепте,қоғамдық орында,іс
үстінде,демалыста болсын,адамдар арасында немесе жеке,соқа басы
жургенде болсын, өзінің басқалардың алдындағы
жауапкершілігі мен міндетін ұмытпайды. Бұл оның
мәдениеттілігінің де белгісі болып әрекет етеді.
Өйткені ол үшін тәртіпті – амалсыз атқаратын міндет
емес, іштей мойындап, қажет саналған талап. Сондықтан ондай
адам сипайы әрі талапшыл болады. Демек, тәртіптілік –
жөнділікті, тәртіпсіздік – жөнсіздікті тудырады. Тәртіпсіздік
ұрығы көктеп тамыр жайса, одан жеке адамда, ұжым мен
қоғамда, мемлекет, елде қатты зардап шегеді.
Бірінші
байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің
салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де,
мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте
көңілімізге қонады, құлағымызға
жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре
береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке
шалдығып санымызды соғамыз.
Денсаулық
- тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.
Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа
деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды
шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек
қателеспейміз.
"Дені
сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін
айтылмаған.
Қазіргі
қоғамымызда халықтың табиғи өсімі
төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім
деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың
денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі
құмарлық және улы заттарға әуестік,
адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас
кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша
халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни
адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына
тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты.
Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына
мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан
қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы,
жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының
барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте
және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар,
зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық
көп таралуы.
Құрбы
- құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер.
Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі -
адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды
аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып,
адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек.
Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын
десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды,
тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД,
ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап,
қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын
іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
Көргенділік
- тәрбиеліктің
көрсеткіші. Сол себепті көргенді кісі басқалармен
қарым – қатынасында адамды сыйлап, құрменпен
қарайды, кіші пейіл, сыпайы,
кешірімді болады. Ұсақ – түйекке бола керілдесіп, керісіп
жатқанды бойына мін санайды.
Көргенді
адам басқаның еңбегін, өзіне көрсеткен
қызметін сыйлайды,
рақметін, алғысын айтуды шын көңілден өзіне
міндет, парыз деп біледі. Ал өз
еңбегін, азды-көпті көрсеткен қызметін міндет етпейді,
басқадан иығын асыруға, ерекшеленіп көзге түсуге талпынбайды, өтіріктен, жаладан, өсектен аулақ
жүреді. Оған тұрпайылық,
ожарлық, мақтаншақтық, менмендік, әулекілік,
тасырлық, жымысқылық, жылпостық,
қулық-сұмдық, аярлық ,т.б. ұнамсыз мінездер
жат [3].
Көргенді
кісінің өзіне де, қоғамға да,
ел-жұртқа да тигізетін зор пайдасы – балаларын әдептілікке,
адамгершілікке тәрбиелейді. Көргенді кісі ұрпағын
да көргенділікке үйретеді. «Ұяда не көрсе,
ұшқанда, соны алады», - деп, тәрбие мәселесін
бетімен жібермейді. Көргенді
адамның барлық іс-қимылы көргенді ұрпақ
тәрбиелеуге арналған үлгілі болуы, ол үшін ұдайы
және өте мол күш –
қайрат жұмсауы тиіс дегенді де
білдіреді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ:
1. Мұқашева Ғ. Тәрбиенің бастауы - отбасынан
//Бала тәрбиесі. – 2005. - №2. – Б.9-11
2. ”Қазақ тәлім – тәрбиесі ”. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Алматы. ”Санат”. 1995
ж. 21-22 бет.
3. Сәденов Ж. Балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу
отбасынан басталады // Бала тәрбиесі.- 2004.- №5.- Б.18-19