Есбол Г.Ш
А.Байтұрсынұлы
атындағы мемлекеттік университетет,Қазақстан
А
Байтұрсынұлы-ынтымақ жаршысы
Бұл дүниедегі
әйгілі болғанның бәрі,
дұрыс
үлгілі өмір сүруден туындаған.
(Дэвид Старр Джордан)
Міне,Тәуелсіздік алғанымыздың таңы
атқанына 24 жыл болды.Ғасырллар бойы ұлан-ғайыр
даламызды сақтау жолында бастарын бәйгеге тіккен, біздің ата-бабаларымыздың
осы игі мұраттарын
жалғастырушы алаш арыстары қазақ елін Ресей патшалығының
отарлау бұғауынан босату үшін қасқиып тарих
алаңына шықты. 20ғасыр басында,сол мезгілдегі тар жол тайғақ кешу кезінде
А.Байтұрсынұлының рухани замандасы, қолдаушысы М.Дулатов армандағандай
қазақ ұлты бүгін де ұйқысынан
оянды.Ұлт қамын аброймен атқарған Ахмет
Байтұрсынұлының мол мұрасы-бізге ғана
емес,бүкіл түркі әлеміне,тіпті адамзат баласына өнеге
боларлық ұлылық істерінің бүгінгі ұрпаққа
берері мол.
«Төңірекке
қарасаң түнерген бұлттар әрі
бар...,үйімізді үй етіп,шашылмай қалудың қамын
желік...Көп ісіне көп болып жабылайық...Ұлтына
қызмет етуге ниет болса,жұмыс табылады.»[1] Ахаң айтқан даналық
сөздері, арадада 100 жыл өтсе де,қәзіргі ел
ағаларының,жастардың жадында сақтайтын
ақылмандылық ұстанымдар екенін түсінсе,өзекті
әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын табар еді.
Егемендіктің
елең-алаңындағы елдің басына түскен бүгінгі
ғаламды шарпыған экономикалық нарық дағдарысы
бізге де теріс әсерін тигізуде.Енді ,,жұмыла көтерген жүк жеңіл
дегендей,,халқымыздың ауызбіршілігі және
еңбекқорлығымен қатар, әрбір өндіріс
салаларындағы істерде біліктілік арқасында ғана оған
төтеп бере аламыз.Бұрынғы ТМД елдеріне
қарағанда біршама
жетістіктерге жеттік. Мемлекетімздің нығаюна біраз үлес
қосатын әлі де
болашақта ауқымды амал
қаракеттер баршылық.
Халық
жазушысы Әбіш Кекілбай ұлтжанды арысымыздың туғанына
125жыл толуына арналған салтанатты шарада:«...Ұлттық
дамуымыздың үрдісі мен қарқыны қалған
дүниедегі даму үрдісі мен қарқынына сәйкес келмей
кенде қалып,көрер көзге тығырыққа тірелген
халқына адастырмас жол іздеді»деп, 20ғасыр басында қазақ
елінің басына түскен ауыртпалық ,оны шешу мәселелері
Ахмет Байтұрсынұлын көп толғандырғанына әділ бағасын бағасын
береді.
Ахаң;
«...Ұлы іс ұсақтан ұлғаяды...Ұлт үшін
деген күштің ұлғаюына үлес қосу
қазақ баласына міндет»[2].дей отырып,барлық жамағатты
және көзі ашық азаматтарды ұлтына барынша
жұдырықтай жұмыла біріге қызмет етуге шақырады.Биылғы жылы
Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында
әлемді қамтыған экономикалық дағдарыстың
3-ші толқынынан шығу үшін «Нұрлы
жол»бағдарламасында: «Бірінші. Шағын және орта
бизнесті,сондай-ақ,ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге
қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет.Бұл
тамақ және химия өнеркәсібіндегі,машина жасаудағы,сондай-ақ,қызмет
көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді.»[3],деген ұсынысымен елге тығырықтан
шығу жолын айқындап берді. Оны орындау үшін елағаларынан және жастардан
ерекше күш жігерді талап етеді.Қазақстанды мекен еткен
100-ден астам ұлттың бәрін
мемлекеттің өркендеуіне арнайтын бірлігі мен
еңбекқорлығы қажет-ақ.Қазақстан
олардың шаңырағы бір ортақ үйіне айналды.
Қонып
тұр ордаң,міне,жаңа жұртқа,
Салып
тұр ұлың’’қазақ’’көзін сыртқа,
Жау
болсаң,жақындама,аулақ жүр деп,
Ел
болсаң,есігім бос,ен деп ұлтқа.[4] Ахаң
1916жылы«Қазақ»газетінің ,№167санында кез келген мемлекеттегі
тұрақтылық,халықтар достығы,көп
этностық қоғамның алаңсыз тіршілігінің
негізі екенін,ақ ниетпен келгендерге әркезде есігімізді
айқара аша аламыз дегені бүгінде өзектілігмен танылып
отыр.
Бәрінің
басын біріктіріп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы
бейбітшілік пен ынтымақтастыққа бағытталған
Елбасының көрегендік саясатын әрдайым жүзеге асырып
келе жатыр.
Енді
А.Байтұрсынұлының:
Кірлетпей
келген сақтап анам бұрын,
Ордаңды
шала қоймас енді құрым.
Алыстан
әлде қандай жат көргенсіп,
Кіргендер
тамсанатын танып сырын.[4]
Алаш
арыстарының тағылымдарын ұлықтаушы Әбіш Кекілбай
Ахмет
Байтұрсынұлының: «Ұлт мүддесі-үлкен
міндет.Үлкен іске көп кісі керек.Көпті күшті билік
жияды.»,дегенін,Ахаңың қай кез болмасын мемлекеттің
өрге басуы, өкіметті басқарып отырған халық
қалаулылары мен министерлердің қоғамдағы
қордаланған әлеуметтік мәселелерді дер кезінде
және парасаттылықпен шешуінен көргенін бізге жеткізіп отыр.Бұл
тағылымды өнеге тұтып,еліміздің өркендеуіне
барынша ат салысайық!
Қолданылған әдебиеттер
1.Байтұрсынұлы
Ахмет.6 томдық шығармалар жинағы.-Алматы
«Ел-шежіре»,-2013.-21б.
2 .А.Байтурсыновтың
125жылдығына арналған Республиқалық
ғылыми-әдістемелік конференция материалдары.Жауапты ред.:Шалабай А
Б.-Алматы.Абай атындағы АлМУ,1998.-97б.
3. Н.Назарбаев.«Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол».Қазақстан халқына
Жолдауы.’’Егемен Қазақстан’’№221,12.11.2014.-2бет.
4. Байтұрсын А.Көп
томдық шығармалар жинағы.Туған тілім,5
том.-Алматы,’Алаш баспасы’,2006.-177бет.