Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

1 курс магистранты Серікқызы Нуржамал

 

Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша селекциялық жетістіктердің патент қабілеттілік ерекшелігі

 

Селекциялық жетістіктерге, яғни өсімдіктің жаңа түріне және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқық патент берілген кезде толығымен қорғалады. Патент арқылы, патент иесінің селекциялық жетістіктерді,  оның пайдалануына және селекционердің  авторлыққа ерекше құқықты куәләндырады. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуы патенттік органға немесе ұйымға өтінім берілген күннен  бастап  жиырма бес жыл бойы жалғасады. Ал патентке қабілеттілігі жайында, мемлекеттік комиссияның патентке қабілеттілік шарттарына сараптама жүргізуінің мазмұны мен тәртібі ауыл шаруашылғы саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленетін болады. Сонда, патент иеленуші мемлекеттік комиссияның сұратуы бойынша сұратудың жолданған күнінен бастап он екі ай ішінде бақылау сынақтарын жүргізу және сорттың, тұқымның сақталуын тексеру үшін материалдарды немесе қажетті құжаттарды жіберуге міндетті.

         Өтінімді беруге құқыққа селекциялық жетістік авторы, жұмыс беруші, олардың құқықтық мирасқоры немесе олардың арасында келісім бар болғанда аталған тұлғалар бірігіп ие болады [1]. Өтінім сараптама жасау ұйымына тікелей беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі. Өтінімді өтінім беруші тікелей немесе өкіл арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі арқылы бере алады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар өтінім және патент алу жөніндегі іс жүргізумен байланысты істерді, егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімімен өзге тәртіп белгіленбесе тек қана Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдері арқылы жүргізеді. 

         Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегіндегі хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілсіз патенттермен байланысты істерді жүргізе алады. 

         Өтінімге белгіленген мөлшерде өтінім беруге және алдын-ала сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат тіркеледі. Ақы белгіленгеннен төмен мөлшерде төленген кезде, ақы төленгенін растайтын құжаттан басқа, сондай-ақ оның мөлшерін азайту үшін негіздемені растайтын құжат ұсынылады. Көрсетілген құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде табыс етілуі мүмкін. Тиісті ақы төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек. 

Селекциялық жетістікке патент алу жөнінде іс жүргізу бойынша айтар болсақ, өтінім бергеннен кейін ол бойынша хат жазысуды жүргізу және өтінімді қараған кезде өз мүддесін қорғау үшін өтінім беруші  сенімхат бере отырып өкіл тағайындай алады. Сенімхат іс жүргізу процесінде ұсынылады және өтінімге қоса тіркеледі.    

Авторлар құрамын өзгерту дегенді патент беру туралы өтініште көрсетілген авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару деп түсіну керек: авторлар құрамын өзгерту сараптама жасау ұйымына  өтінім берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей екі данада ресімделген патент беру туралы жаңа өтініш беру жолымен енгізіледі; патент беру туралы жаңа өтінішпен бір мезгілде авторлардың құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш өтінімнің нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып еркін нысанда екі данада беріледі. Өтінішке өтінім беруші белгіленген тәртіппен қол қоюға тиіс, және шығарылған автордың келісімімен ол авторлар құрамынан шығарылған жағдайда оның қолы нотариалдық куәландырылуға тиіс (ұлттық авторлар мен үкіметаралық келісімдерге сәйкес берілген авторлар үшін ғана).

Селекциялық жетістікті шет елдерде патенттеген кезде сараптама жасау ұйымына берілген өтінім, өтінім берушінің сұрауы бойынша сараптама жасау ұйымы бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесін әзірлейді. Өтінім берушінің сұрауына куәландырылған көшірмені әзірлеудің тиісті ақысын төлеу туралы құжат қоса берілуге тиіс. Сорттың, тұқымның басымдығы өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн бойынша белгіленеді [2;187 б.]. 

Басымдық селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға (конвенциялық басымдық) қатысушы елдің бірінші өтінім берген күні бойынша белгіленуі мүмкін. Өтінімді алдын ала сараптау ол сараптама жасау ұйымына берілген күннен бастап екі ай өткеннен кейін жүргізіледі.  Өтінімге алдын ала сараптама жүргізген кезде: өтінімде болуға тиіс немесе оған қоса тіркелуге тиіс құжаттардың  болуы; төленген ақының белгіленген мөлшерге сәйкестігі; өтінім құжаттарына белгіленген талаптардың сақталуы; өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхаттың болуын және ресімделуінің дұрыстығын қоса алғанда,өтінім беру тәртібінің сақталуы; өтінімде оны берудің күніне қарағанда,басымдықты неғұрлым ерте сұратудың заңдылығының және тәртібінің сақталуы [3; 234 б.].

Ал патент иесі тек заңнамаға сәйкес ерекше құқықтарға ие бола отырып, ол селекциялық жетістіктің өсімдік сорты мен жануарлар тұқымын, түрін көрсеткен белгілерге сай етіп ұстауға, өндірісте пайдаланылатын айналымға енгізуге ол міндетті болады.

 Сонымен «Селекциялық жетiстiк - адамның шығармашылық қызметiнiң нәтижесi болып табылатын өсiмдiктің патент берiлген өсімдіктің  жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы».

Селекциялық жетiстiктi шығармашылық еңбегiмен жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған жеке тұлға автор болып танылады.

Егер селекциялық жетiстiк бiрнеше адамның ұжымдық шығармашылық еңбегiмен жасалса, олардың бәрi де оның авторлары болып есептеледi.  Авторларға тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.Авторға (авторларға) тек техникалық, ұйымдық көмек көрсеткен немесе сортқа, тұқымға берiлетiн құқықтарды әзiрлеуге және ресiмдеуге жәрдемдескен адамдар авторлар болып танылмайды.

ҚР-сы «Селекциялық жетістіктер» туралы заң заңға сай, селекциялық жетістіктің субъектілері ретінде - авторлар. Ал пайдаланғанда құқыққа иеленгендер ол патент иесі, мұрагерлер не мирасқорлары. Сонда селекциялық жетістік авторы тек қана  жеке тұлға бола алады. Ал, патент иесі ретінде авторлардың тікелей өздері немес олардың жұмыс берушілері болады.

Селекциялық жетістіктерді белгілі бір тәртіппен пайдаланған жағдайда кез келген тұлғалар болуы мүмкін не қатысуы мүмкін. Заңнамаға сәйкес селекциялық жетістіктің авторларына және патент иесіне арнай бір субъективтік құқықтар берілген. Жекелеп айтсақ, автор -  есімге деген, авторлыққа және өзінің туындысының негізінде  табыстар алуға  құқылы, сондай ақ оған біраз міндеттер де жүктелінеді. Сонымен қатар селекциялық жетістік авторы патенттің қолдану мерзімінің ішінде, патент иесі селекциялық жетістікті пайдаланғаны үшін одан автор сыйақы алуға құқылы болады. Ол да автордың субъективті құқықтық белгілеріне жатады.  Сонда авторға ерекше қорғалатын құжат беріледі де, ол оның куәлігі болып табылады.

 

             Пайдалынылған әдебиеттер:

     1.Қазақстан Республиқасының  Патент заны 16.07.1999ж..

     2.Амангельды А.А. Право интеллектуальной собственности: ключевые проблемы его оценки// Евразия.-2002.-№6.- С.105

     3.Каудыров Т. «Субъекты права интеллектуальной собственности»// Вестник КазГУ,№ 4, 2001г.