Қазақ- Орыс
Халықаралық Университеті
з.ғ.к., оқытушы
Амангелдіқызы А.,
Юказ – 301 топ студенті
Аманғосова М.М.
Қазақстан,
Ақтөбе
Amangeldykyzy84@mail.ru
Қазақстан Республикасындағы және
шет ел мемлекеттеріндегі әйелдердің
құқықтық жағдайы
Бүгінде
Қазақстан адам құқықтары жөніндегі
30-ға жуық халықаралық шарттарға қатысып,
қол қойды. Алайда елімізде әйелдер
құқығының аяққа тапталуы жиі
шаң беріп қалады. Әйелдерді қорғау бүгінде
әлемдік проблемаға айналды.
Осы бағытта алпауыт елдердің
өзі арнайы айналысуда. Америкада, Англияда осындай мәселелермен
яғни отбасындағы зорлық зомбылық туралы әрекетету
қызметі, Болгария, Италияда отбасындағы жанжалды реттеу
қызметтері, Жапония мен Германияда мінез құлық
полициясы сияқты құрылымдар айналысады. Ал, біздің елімізде 1999 жылы Ішкі Істер
органдары жүйесінің құрылымында әйелдерге
зорлық зомбылық жасау көріністеріне қарсы күрес
жөніндегі бөлімдер құрылған. Осыған
қарамастан елімізде ерлерден гөрі әйелдер екі есе
бұзақылық пен тонау қылмыстарының
құрбанына айналады. Әйелдердің 60 пайыздан астамы
күштеу мен зорлық зомбылыққа тап болса, әрбір
үшінші әйел өз күйеулеріненозбырлық көреді
екен. Жүргізілген сауалнама бойынша белгілі болғаны, Жамбыл
облысында тұрмыстық зорлық зомбылық 37 пайыз,
күштеу 13,7 пайыз, моральдық кемсітушілік 17,6 пайызды
құрап отыр. Ал, Алматы қаласында жыл сайын отбасындағы
жанжалдың себебінен әйелдердің 9,5 пайызы күйеуінен «таяқ жесе», 25-30
әйел о дүниеге аттанады екен.
Осыған байланысты жолы
жіңішкелердің дені дағдарыс орталықтарын көбейту
керектігін айтады. 2002 жылы облыстық отбасы және әйелдер ісі
жөніндегі комиссияның қолдауымен адам саудасы
құрбандары үшін арнайы баспана ашылған. Мұнда
психолог пен заңгер мамандар ақысыз қызмет көрсетеді.
Елімізде мұндай орталықтардың саны 19. Бір өкініштісі
олар жаны жараланып, тәніне таяқ тигендерге тек сөзбен
ғана көмек қолын соза алады. Ал жуан жұдырығын
ала жүгіретін алып күш иелерін тәртіпке бағындырар тиек
табылмай тұр.
Басты себеп, «Тұрмыстық
зорлық-зомбылық туралы» заң Сенат пен Парламенттің
арасында көкпар тартқан көн тулақтай болып жүріп
әзер қабылданды. Онда да
оның талаптарын қатаң сақтауға
құмбылдар кем. Соған орай аруларымыздың көз жасын
құрғататын қолдау жоқ деуге болады. Некелі
жандардың арасындағы ұрыс-керіс, жанжал, төбелестерге
отбасылық жанжал деп жайбарақат қарауға болмайды.
Өйткені отбасылық жанжалда зорлық көретіндер де, таяқ
жеп тынатындар да көбіне нәзік жанды әйелдер болып табылады.
Тәніне таяқ тиген әйел көрші қолаңның
сөзіне ілігіп қалмау үшін, балаларын тірідей жетім
қалдырмау үшін көбіне бәрін ішіне бүгіп,
көне беретіні анық.
Қоғамда ерлер мен
әйелдердің құқықтары мен
мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету
уақыт талабы. Соның ішінде мемлекет үшін әйел-ананы
қорғау ерекше мәселе. Әрбір әйел-ана
отбасының ұйытқысы. Қоғам өмірінің
барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске
асыру мақсатында қабылданған «Қазақстан
Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік
стратегиясын бекіту туралы ҚР Президентінің 29 қараша 2005
жылғы Жарлығында «отбасы мүшесінің заңды
құқықтары мен бостандықтарына қысым
көрсететін, оның тәнін немесе жан дүниесін қинап,
моральдық зиян келтіретін отбасының бір мүшесінің
екінші мүшесіне кез-келген қасақана іс-әрекеті
отбасындағы зорлық-зомбылық болып танылатыны
көрсетілген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында осы мәселеге айырықша
тоқталған. Онда «Мемлекет үшін және менің жеке
өзім үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе. Біздің халқымыздың
өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар.
Әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең
құқылы мүшесі, ал ана – оның ең
ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына – анаға,
жарға, қызға деген қапысыз құрметті
қайта оралтуға тиіспіз. Біз ананы қорғап,
қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға
тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету
жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді
құрметтемеу деген болмау керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың
жолы қатаң түрде кесілуі тиіс» деп атап көрсетті.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта
қоғамның қарыштап дамуына қарамастан
әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық
әрекеттер тыйылар емес. Оған айғақ отбасы-тұрмыстық
қарым-қатынастағы әйелдерге сыйламаушылық
көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту және
жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған
олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге қатысты
істер санының азаймауы. Ағымдағы жылдың 5 айында
Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік
сотына осы санатта 546 әкімшілік іс қаралып, 231
тұлғаға әртүрлі әкімшілік жазалар
қолданылған. Ал, 315 әкімшілік іс бойынша іске тартылушы
тұлға жәбірленуші жақпен бітімгершілікке келуіне
байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылған. Жаратылысынан
жүрегі кең қазақ әйелі төзімділігімен
ерекшеленеді. Өзі қандай қиыншылыққа тап болса
да, қанша қысым, моральдық зардап шексе де кешіріммен
қарайды, отбасының бірлігін ойлайды. Көп жағдайларда
қазақ әйеліне тән бұл қасиет оны
отбасындағы қорлық пен кемсітушілікті сыртқа
шығаруға да жол бермейді.
«Бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде»
қалады. Осыны пайдаланған кейбір пасық жандар
отбасындағы теріс іс-әрекеттерін жалғастырып келеді.
Ондайларға сот қаулысымен Қазақстан
Республикасының 04.12.2009 жылғы «Тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңын басшылыққа алып
құқық бұзушының
мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, олармен
профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Аталған
құқық бұзушылықтардың алдын-алуда,
олармен күресуде учаскелік полиция қызметкерлерінің
атқаратын ролі ерекше. Тәуліктің кез-келген уақытында
түскен хабарлама бойынша құқық
бұзушылық орын алған жерге барып жететін де солар.
Қазіргі Еуропа
әйелдер ахуалы және ислам идеологиясының кейбір аспектілері.
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қазіргі
заманғы кезеңінде қалалық және ауылдық
әйелдердің мүмкіндіктері арасындағы айырмашылық
маңызды түрде шиеленісіп кетті. Қаладағы және
ауылдағы өмір салтын ұйымдастыратын және жүйелі
түрде ықпал ететін сыртқы мән-жайлардың
обьективті айырмасы, өмір салтымен қалалық әйелдерден
ерекшеленетін, олардың құқықтарын қосымша
қорғауды талап ететін ауыл әйелдерін жеке топға
бөлуге мүмкіндік береді.
Жалпы христиан
дінінде әйел туралы зұлым, күнәһар,
өтірікші, кекшіл, яғни жағымсыз қасиеттер таңылып,
ер адамдардан төмен саналды. Католик дінінің ресми теологы болып
бекітілген Фома Аквинский: «Әйел тез өсетін арам шөп
сияқты, ол толыққанды адам емес, оның денесінің
толық жетілетінінің өзі оның
құндылығының төмендігінен, табиғат онымен
азырақ айналысатындықтан.
Әйелдердің
әлеуметтік – экономикалық статусы мен мәдени дәрежесін
көтерудің маңызды факторларының бірі, дәстүрлі
және қазіргі кешендерді үйлестіретін білім болып табылады.
Сондықтан
жұмыста қарастырылатын сұрақтардың жауабын
мұсылман елдерінің қазіргі таңдағы тынысынан бастайық.
Ислам дінінің отаны болып есептелетін Араб елдерінің
мұсылмандары исламды уағыздамайды, олар ислам дінін тарихи пайда
болған кезінен бастап ұстанады. Сондықтан олардың
өмір салты, қоғамның барлық салалары,
экономикасы, саясаты, тілі, болмысы ислам заңдарын толық
сақтайды. Мұсылман елдерінің ішінде Иордания және Сауд
Аравиясы басқа араб елдері сияқты күшті отарлау мен
модернизацияға ұшыраған жоқ. Қазіргі таңда
олар жаһандық экономикалық жүйеге,
халықаралық нарыққа тартылғанымен, дәстүрлі
өмір салтын сақтауға тырысады. Мысалы: Иорданияда
қазіргі уақытта да тайпа мен шейхтердің, рубасы мен діни
көшбасшылардың ықпалы өте күшті. Тіпті
корольдің өзі олармен есептесіп отырады. Араб тілі де сақталған.
Атниисламдық
идеологтар әйелдер ролі туралы ислам концепциясын мұсылман –
камикадзе әйелдердің әрекетінен білуге болады деп
тұжырымдайды. Олардың пікірінше, әйелдерді саяси
мақсаттың құрбанына айналдыру фактілері исламдағы
әйелдер дискриминациясының, әйелдердің ерлерден кейінгі
екінші орында екендігінің, олардың ер адамдардың
бұйрығына тәуелді екендігінің дәлелі.
Мұсылман
идеологтары «ислам» терминінің өзін «слм», «салам» түбірінен
шыққан, «бейбітшілік»дегенді білдіреді деп тұжырымдайды.
Құранды мұқият түсініп оқыған адам,
дінсіздерді өлтіруге шақыру туралы ешқандай аяттың
жоқ екендігіне көзі жетеді. Соғыс туралы аяттарда егер
өмірге, отбасына, отанға, исламға қауіп туғанда
ғана қолға қару алуға болатыны айтылған.
Құранның көптеген аяттарында Аллаһтың
адамға берген өміріне ешкімнің қол
сұғуға болмайтындығы айтылған. Және ол
көп жағдайда болашақ ұрпаққа өмір
сыйлайтын әйелдер өміріне қатысты. Құранда
Аллаһ әйелдерді ер адамдарға «аманат» ретінде
қалдырғандығы айтылады. Бұл туралы пайғамбарымыз
қоштасу құтпасында: «Адамдар! Әйелдердің
құқықтарына құрметпен қарауға
және бұл тұрғыда Аллаһтан
қорқуға кеңес беремін. Сендер әйелдерге
Тәңірдің аманаты деп қараңдар»деп айтады. Олай
болса, әйелдерді өлімге айдап, ислам тағылымын
бұзатындар кімдер?Сондықтан, әйелдер мәселесін
зерттеуде ислам ілімі мен қазіргі саяси, әлеуметтік контексте
дұрыс саралай білу керек. Қазіргі таңда мұсылмандар
саны миллиардтан асады. Мұсылман әйелдер әлемнің
әр түрлі тілдерінде сөйлейді, әр түрлі
мамандықтардың иесі, әр түрлі географиялық
аймақтарда, әр түрлі әлеуметтік және
материалдық жағдайда өмір сүреді, бірақ оларды
Мұхаммед пайғамбар енгізген ислам діні мен өркениеті
біріктіреді. Олар өмірдің түрлі жағдайларынан туындаған
сұрақтың жауабын қасиетті Құраннан іздеп табады.
Қазіргі кезде
қоғамдағы әйел мен ер адамдардың орны туралы
түсінік ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі
біздің заманымызда бүкіл әлемде бейбітшілік пен
тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барлық
адамзатқа ортақ зорлықсыз өмір сүрудің
идеалдары мен құндылықтарын іздеу қажеттігі туып отыр.
Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан
әлеуметтік – экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер
көптеген қоғамдық мәселелерді қайта
қарауды қажететеді. Солардың бірі - гендер мәселесі
болып табылады.
Гендер
түсінігі соңғы кезде елімізде ерекше жиі
қолда-нысқа еніп, елеулі мәселеге айналып келеді. Сонымен,
гендер дегенміз – ерлер мен әйелдердiң
мiнез-құлқы мен өзара қарым-қатынастарын
айқындайтын, сондай-ақ, олардың әлеуметтік орны мен
рөлдерiн анықтауға бағытталған ғылыми
бағыт. «Gender» ұғымы ағылшын тiлiнен аударғанда
жыныс (еркек, әйел) деген түсініктi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат
– қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер
мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған
мемлекеттiк және қоғамдық қызмет.
Қазақстандағы
гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк
құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол
жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең
мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және
қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен
мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау,
жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.
Тұжырымдама
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстанның
2030 жылға дейiнгi даму стратегияcы, Қазақстан
Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту
жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспары, әйелдерге
қатысты кемсiтушіліктiң барлық нысандарын жою туралы Бiрiккен
Ұлттар Ұйымының конвенциясы, ол конвенцияның
Қазақстанда орындалуы жөнiнде БҰҰ-ның
ұсыныстары, басқа да бекiтiлген халықаралық шарттар мен
келiсiмдердiң негiзiнде әзiрлендi.
Қазақстан
тәуелсiздiгi жылдары Қазақстанның әлемдік
қоғамдастыққа интеграциялануы жөнiнде үлкен
жұмыстар атқарылды.
Әйелдердi зорлықтан қорғау мәселелерiне
айрықша көңiл бөлiнедi. Қазақстан
Республикасы Iшкi Iстер Министрлiгiнiң жүйесiнде әйелдерге
қатысты зорлық көрiнiстерiне қарсы күрес
жөнiндегi арнайы бөлiмшелер жұмыс iстейдi. Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 наурыздағы N 346
қаулысымен әйелдерге қатысты зорлық проблемаларымен
айналысатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен
қоғамдық бiрлестiктердiң өзара iс-қимылын
ұйымдастыру ережесi бекiтілдi.
Заңсыз кетуге
және кейiннен жыныстық немесе өзге де пайдаланушылық
мақсатындағы заңсыз көшi-қонға қарсы
күрес мәселелерiне қатысты 2003 жылы «Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексіне толықтырулар енгiзу
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды.
Гендерлiк
теңдiк мәселелерiн шешуде әлеуметтiк әрiптестiктiң
ролiн арттыру көзделiп отыр. Кәсiподақтар жұмыс
берушiлер алдында қызметкерлердің мүдделерiн белсендi
түрде қорғайтын болады. Жұмыс орындарында гендерлiк
теңдiктi сақтай отырып ахуалды зерттеу үшiн
қызметкерлердiң, әкiмшiлiктiң және
кәсiподақтардың еркiн білдiрудiң мынадай әр алуан
нысандары пайдаланылады: жиналыстар, әйелдер мен ерлердiң тең
мүмкiндiктерiн сақтау жөнiндегi ұсыныстарды жинау,
өз пiкiрлерi менойларын жазбаша білдiру.
Мекемелер мен кәсiпорындарда
әйелдер мен ерлер үшiн олардың физиологиялық және
ұрпақ әкелетiн ерекшелiктерiн ескере отырып, мынадай орындар:
гигиена, бала емiзетiн аналарға арналған психологиялық арылту
бөлмелерiн ашу тәжiрибесi жалғастырылады.
Негiзгi мiндет -
халықтың денсаулығын нығайту және өмiр
сүру сапасын арттыру үшiн жағдай жасау. Бұған
қабылданған бағдарламаларды iске асыру, сондай-ақ
денсаулық сақтау жөнiндегi жаңа бағдарламаларды
әзiрлеу мененгiзу ықпал етедi.
Қазақстан
Республикасындағы гендерлiк саясат Тұжырымдамасын iске асыру
азаматтардың құқығы оларды iске асырудың
нақты мүмкiндiктерiмен бекiтiлген шын мәнiндегi
демократиялық мемлекеттің құрылуы жөнiндегi
нақты бағдарламаларды әзiрлеуге ықпал етедi.
Жүздеген әйелдер Парламент пен мәслихат депутаттары болып
сайланды. Басқару саласында әйелдер айтарлықтай көп.
Мысалы, мемлекеттік қызметтегі орталық және жергілікті
атқарушы орындарда жұмыс істейтіндердің 58 пайызы
әйелдерден тұрады. Ал жетекші қызметтегі
әйелдердің жөні бөлек. Олардың саны әлемдік
талаптармен (30 пайыз) салыстырғанда біршама төмен екені рас.
Парламент депутаттарының 21-і, яғни 14 пайызы - әйел.
Барлық деңгейдегі мәслихаттарда орта есеппен 17 пайыз депутат
әйел бар. Үкіметте 1 министр, 1 агенттік төрайымы, министрліктерде
- 4 жауапты хатшы және 5 вице-министр әйел қызмет етеді.
Гендерлік
теңдік стратегиясы 2006 - 2016 жылдар аралығындағы
кезеңде ер адамдар мен әйелдердің
құқықтары мен мүмкіндіктерінің
теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді
және 9 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім
ерлер мен әйелдердің құқықтары мен
мүмкін-діктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету –
уақыт талабы деп аталады.
Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен Қазақстан қосылған халықаралық
актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең
құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру
үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ, олардың
қоғам өмірінің барлық салаларына тең
жағдайда қатысуын жүзеге асыру басты мақсат болып
саналады.
Екінші бөлім –
қоғамдық-саяси өмірде гендерлік теңдікке
қол жеткізу мәселесіне арналған. Мұнда атқарушы
және өкілдік билік органдарында, шешімдер қабылдау
деңгейіндегі басқару процестерінде ерлер мен әйелдердің
тең (паритетті) өкілдік етуіне қол жеткізу ісі қарастырылған.
Үшінші
бөлім - экономикада гендерлік теңдікке қол жеткізу
мақсатын көздейді. Яғни, экономика саласында гендерлік
теңдікке қол жеткізу, әйелдер арасындағы
кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, әйелдердің еңбек
нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру
мәселесі тұжырымдалады.
Төртінші
бөлімде - білім беру
жүйесіне гендерлік білім-білікті енгізу, қоғамды ерлер мен
әйелдер арасындағы құқықтық
және гендерлік теңдіктің, әділетті әлеуметтік
қарым-қатынастың қажеттігінтүсінетіндей етіп
оқыту бойынша ағарту ісін жүргізу негізгі мақсат болып
табылады.
Бесінші бөлім
ерлер мен әйелдердің ұрпақты болуы менденсаулығын
бекемдеуіне арналған. Аталған бөлімнің мақсаты -
халықтың қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз етуі
және өмір сүру сапасын арттыру үшін ерлердің,
әйелдер мен жасөспірімдердің ұрпақ әкелетін
денсаулығын сақтауы және нығайтуы.
Алтыншы бөлім
қоғамдағы жынысқа байланысты зорлық-
зомбылықтың алдын алуды шешуді көздейді. Бұл
бөлімде адамдардың зорлық-зомбылықсыз лайықты
өмір сүруі үшін жағдайлар жасау, адамдар арасындағы
қарым-қатынас нысаны ретіндегі зорлық-зомбылыққа
жол бермеу, зорлық-зомбылықтың барлық көріністерін
барлық әлеуметтік салаларда, соның ішіндеотбасында
түбірінен жою жайлары қозғалады.
Жетінші
бөлімдеотбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасын
нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін
күшейту міндеттері қойылған. Мұнда отбасы және
отбасы-неке қарым-қатынастары институтын нығайту,
отбасының беделін көтеру, неке менотбасы
құндылықтарын насихаттау, ұрпақтардың
әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз
ететін және азаматтық қоғамның
тұрақтылығы менорнықты дамуының факторы болып табылатын
отбасы қарым-қатынастарында гендерлік теңдікке қол
жеткізу, гендерлік теңдік қағидаларына бағдар
алған эгалитарлық отбасының жаңа үлгілерін
қалыптас-тыру мәселелері басымдыққа ие.
Сегізінші
бөлім гендерлік сезімтал қоғамдық сананы жетілдіруге
арналған. Бөлімде қоғамдық санада
қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы
ерлер мен әйелдердің әлеуметтік тең-дігінің
қажеттігін қалыптастыру, қоғамдық сананы
түбірімен өзгерту, бір жыныстың екінші жыныстан
артықшылығы мен басымдығы туралы пікірмен байланысты
гендерлік таптаурын-дарды түбірімен жою, ерлер мен әйелдердің
өмір тәжірибелерінің ерекшеліктерін ескере отырып,
құқықтар мен мүмкіндіктердің гендерлік
теңдігі қағидатына негізделген гендерлік өзіндік сана
мен мінез-құлық түрлерінің жаңа
үлгілерін қалыптастыру міндеттерін шешу маңызды мәнге
ие.
Тоғызыншы
бөлімде стратегияны іске асырудан күтілетін төмендегідей
нәтижелер тұжырымдалған.
1. Мемлекеттің
жалпы саясаты мыңжылдықтың даму, соның ішінде елдегі
гендерлік теңдікке қол жеткізу мақсаттарын орын-дауға
бағдарланатын болады.
2.
Қоғамдық сананың гендерлік парадигмасының ауысуы
– бір жыныстың басым болуынан – екі жыныстың серіктестігі мен
ынтымақтастығына ауысу жағына бірте-бірте өзгеруі орын
алады. Мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен барлық
деңгейдегі басшылар, шешімдер қабылдау деңгейінде
тұрғандардың барлығы «гендерлік жағынан сезімтал»
болады.
3. Әйелдер өздерінің
жеке басының әлеуеті мен адами әлеуетін іске асыраотырып,
әлеуметтік дамудың барлық процесстеріне тең
дәрежеде қатысатын болады.
Олар тең
дәрежеде қоғамдық салаларға, ал еркектер –
отбасы, үй еңбегі және бала тәрбиесі сияқты
қарапайым салаларға кіретін болады.
4. Осының
бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі
же-тілуіне және «паритеттік демократияның» қалыптасуына
ықпал ететін болады.
Елімізде
«Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдарға
арналған гендерлік теңдік стратегиясы» құжатының
қабылдану мақсаты Конституциямызда жария етілген ерлер мен
әйелдердің тең құқықтары мен
тең мүмкіндіктерін іске асыру және олардың
қоғам өмірінің барлық саласына теңдей
қатысуы үшін жағдайлар жасау болатын. Сонымен қатар,
Қазақстан БҰҰ-ның гендерлік саясат бойынша
халықаралық стандарттарын қолдай отырып,
БҰҰ-ның әйелдерге қарсы дискриминацияны жою
туралы Конвенциясын және осы конвенцияның факультативті хаттамасын
қабылдады.
Қазақстан
Республикасындағы гендерлік саясат гендерлік өзара түсіністік
саласының қалыптасуына, гендерлік стереотиптерден арылуға,
ерлер мен әйелдердің теңдігі және олардың
мүмкіндіктеріне тең құқық орнатуға,
сондай-ақ гендер саласындағы отандық заңнамалық
базаны құру мен дамытуға жол ашты.
Сонымен,
әйелдердің азаматтық бастамаларын қолдау меноларды іске
асыру Қазақстан Республикасы гендерлік саясатының
маңызды міндеттерінің бірі. Осы орайда еліміздегі гендерлік саясат
– отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің
елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени
өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайларды
қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Демек, гендерлік саясат дегеніміз - әйелдерді ерлермен
тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша
әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы
зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді
шешу болып табылады.
1. Қазақстан
Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж.
2. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі 27
желтоқсан 1994ж.
3. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі . Ерекше бөлім 1 шілде
1999ж.
4.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексі. Алматы.
2002 ж.
5.
"Адам құқығы жөнінде
Республикалық комиссия құру туралы".
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12
ақпандағы Жарлығы // ПҰАЖ, 1994, №9,
6.
"Азаматтардың шағым-арыздарын қарау тәртібі
туралы". Қазақстан Республикасы Президентінің 1995
жылғы 19 маусымдағы №2340 заң күші бар Жарлығы
//Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомостары, 1995,
№9-10.
7. "Қазақстан
Республикасының Президенті туралы". Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2733
Конституциялық Заңы // ҚР Жоғарғы
Кеңесінің ведомостары, 1995, №24 (6 мамыр 1999 жылғы
өзгертулермен және толықтырулар-мен қоса //ҚР
Парламентінің ведомостары, 1999, №9).
8. "Қазақстан
Республикасының Үкіметі туралы". Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы №2638
Конституциялық заңы //ҚР Жогарғы Кеңесінің
ведомостары, 1995, №23 (24 ақпан 1997 жылғы өзгерулермен
және толықтырулармен қоса // ҚР Парламентінің
ведомстары, 1997, №4.
9. "Қазақстан
Республикасындағы азаматтық туралы". Қазақстан
Республикасының 1991 жылгы 20 желтоқсандағы №Ю17-ҚР заңы //ҚР
Жоғарғы Кеңесінің ведомостары, 1991, №52 (3 қазан
1995 жылғы өзгертулермен және толықтырулармен қоса
// ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостары, 1995, №19..