Асетова Г.Б., Аязбай А.Б.
Академик Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Заңды
тұлғаны сипаттаушы белгілерінің ерекшеліктері
Азаматтық құқықтың субъектілері ретінде
азаматтармен қатар, бірнеше арнайы белгілерге ие, арнайы тәртіпте
құрылатын және таратылатын, ерекше бірлестік заңды
тұлғалар танылады. Сонымен аталмыш тақырыптың
өзектілігі келесіде, яғни қоғам өмірі
қандай да бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жеке
мүмкіндіктері мен қаражаттарын біріктіру арқылы
адамдардың топтарға, әр түрлі одақтарға
бірігуінсіз мүмкін емес. Азаматтық айналымда
тұлғалардың осындай ұжымдық
қатысуының негізгі құқықтық нысаны
заңды тұлға құрылысы болып табылады.
Жалпылама түрде заңды тұлға институтының
пайда болуы құқық эволюциясының пайда болу
себептерімен негізделеді, яғни қоғамның
әлеуметтік ұйымының күрделенуі, экономикалық
қатынастардың және қоғамдық сананың
дамуы. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде
жеке құқықтың жалғыз субъектісі тек жеке
тұлғалардың қатысуындағы қатынастарды
құқықтық реттеу, дамушы экономикалық
айналым үшін жеткіліксіз болды.
Әлемдік
өркениетті экономиканың дамуында жоғары маңызға
заңды тұлғалар ие болуда. Жиырмасыншы ғасырдың
тәжірбиесі өндіріске салу үшін арналған қаржыны жұмылдырудың
ең тиімді нысаны ретінде осы құқықтық
феноменді көрсетті.
XX
ғасырда кәсіпкерлік қызметтің ішкі құрылымы мен елдер
арасындағы шаруашылық байланыстарды дамыту мен тереңдету
үдерісінің күрделенуінің, экономикаға
мемлекеттің араласуының кеңеюінің, жаңа ақпараттық
технологиялардың пайда болуының нәтижесінде заңды
тұлға институтының маңызы арта түсті.
Осыған сәйкес заңды тұлғалар туралы
заңнаманың көлемі біршама арта түсті және
оның сапасы да артуда. Азаматтық құқық
ғылымы орталықты мәселелердің қатарына
заңды тұлға теориясын, осы институтты жетілдіру мен тәжірбиелік
қолданылуын жатқызады.
Қазақстан Республикасы азаматтық
құқығының негізгі субъектілерінің бірі
заңды тұлға болып табылады. ҚР АК 33 бабы заңды
тұлғаны меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкi бар
және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн,
өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке
құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге
асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ретінде
анықтайды. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе
сметасы болуға тиiс. Заңды
тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады [1].
Аталмыш бап құқық субъектісі ретінде заңды
тұлғаның келесідей белгілерін бекітеді:
1) мүліктік оқшаланушылық;
2) жеке мүліктік жауапкершілік;
3) азаматтық айналымға өз атынан түсуі.
Мүліктік оқшаланушылық – заңды
тұлғаның маңызды белгісі және оның
мүлікке заттық құқықпен иеленуін білдіреді:
меншік құқығы, шаруашылық жүргізу
құқығы немесе оралымды басқару
құқығы. Заңды тұлғаның
мүлкі оның жеке балансында көрініс табады.
Заңды тұлғаның жеке мүліктік жауапкершілігі
мүліктік оқшауланушылыққа негізделеді, заңды
тұлға өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі
барлық мүлкімен жауапкершілікте болады. Заңды тұлға
өзіне тиесілі мүлікпен жауапкершілікте болуы үшін,
заңды тұлғаның мүлкі құрылтайшыларының
(қатысушыларының) мүлкінен оқшауланған.
Жалпы тәртіп бойынша жеке мүліктік жауапкершілік заңды
тұлғаның борыштары бойынша
құрылтайшыларының (қатысушыларының)
жауапкершілігін жоққа шығарады. Сонымен қатар, осы
орайда заңды тұлға оның құрылтайшылары мен
қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды.
Алайда, заңдық актілермен немесе заңды
тұлғаның құрылтай құжаттарымен
құрылтайшылар мен қатысушылардың заңды
тұлғаның міндеттемелері бойынша жауапкершілігі көзделуі
мүмкін.
Заңды тұлғаның қарастырылып отырған
белгісін нақтылайтын ереже ҚР АК 44 бабында көрініс
тапқан. Сонымен, егер жалпы тәртіп бойынша, заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi
бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап беретін болса,
ал АК 44 бабының 1
тармағына сәйкес мекеме, сонымен қатар қазыналық
кәсіпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi
ақшамен жауап бередi. Мекемеде ақша жеткiлiксiз болған
жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның
құрылтайшысы жауаптылықта болады, ал қазыналық
кәсiпорында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның
мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе
әкiмшiлiк-аумақтық бөлініс тиiстi бюджет
қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады [2; 119].
Ұйымның мүліктік оқшауланушылығы оның
борыштары бойынша жеке мүліктік жауапкершілігімен ажырағысыз
байланыста. Заңды тұлғаның мүлкін
оқшауландырудың мәні мүмкін болатын несие берушілер
өндіріп алуларын бағыттай алатын объектілерді бөліп
шығаруда болып табылады.
Азаматтық айналымға өз атынан түсу сотта талапкер
не жауапкер болу мүмкіндігін, өз атынан шартқа отыру, бір
жақты мәмілелер жасасу мүмкіндігін білдіреді.
Заңды тұлғаның жеке даралығының
көрсеткіші азаматтық айналымда және соттық органдарда
өз атынан түсуі болып табылады. Заңды
тұлғаның атауы оны дараландырушы құрал және
құрылтай құжаттарда анықталған оның
атауымен байланысты болады. Заңды
тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және
ұйымдық-құқықтық нысанын
көрсетудi (мысалы, акционерлік қоғам, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қайырымдылық қоры, мемлекеттік
кәсіпорын),
ал кейбір жағдайларда оның қызметінің сипатын қамтиды
(мысалы, сақтандыру акционерлік қоғамы,
тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
қызметкерлерінің кәсіптік одағы, жануарларды
қорғаушы ерікті қоғамдық бірлестік). Ол заңдарда
көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн.
Коммерциялық ұйымдар фирмалық атауға ие болу керек.
Тұрақты іскерлік беделі және өндірілетін
өнімнің (тауардың, қызметтің,
жұмыстың) тұрақты жоғары сапасына ие
ұйымның фирмалық атауы үлкен коммерциялық
құндылыққа ие болады. Сондықтан фирмалық
атауға құқығы заңды
тұлғаның айрықша шексіз құқығы
болып табылады.
Сонымен қатар заңды тұлғаның ресми
орналасқан жері (заңды мекен -жайы) болуы қажет, ол
әдетте оның мемлекеттік тіркеу орнымен анықталады және
ол құрылтай құжаттарында міндетті түрде
көзделеді [3;115].
Заңды тұлғаның көрсетілген белгілері осы
және басқа да нұсқаларында заманауи шетелдік
әдебиеттерде де көзделеді. Осылардың негізінде әдетте
заңнамада көзделмеген заңды тұлғаның
ғылыми (доктриналдық) түсінігі айқындалады.
Сонымен, жоғарыда
аталғандар Қазақстан Республикасының әрекет етуші
заңнамасында заңды тұлғаның түсінігін
құрастыруға және белгілерін айқындауға
мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексі
(Жалпы бөлім)
27 желтоқсан 1994 жыл (2014.29.12. берілген өзгерістер
мен толықтырулармен) //
http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1006061
2. Гражданское право. Учебник для вузов. (академический
курс). / Отв. Ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2000. – 704 с.
3. Братусь С.Н. Юридические лица в советском гражданском
праве. -Москва, 1947.-205 с.