Психология / Психология развития

Психология магистрі, аға оқытушы Қуанәлі М.А.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

 

МОНТЕССОРИ  ЖӘНЕ СЕНСОРЛЫ  БӨЛМЕЛЕРІНІҢ  БАЛА  ТҰЛҒАСЫМЕН  ПСИХИКАЛЫҚ  ДАМУЫНА  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ЖӘНЕ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ЫҚПАЛЫ

 

  Монтессори – ұстаз  балабақшада   баланың  жас  мөлшеріне  сәйкес  педагогикалық   жағдай  туғызады. Оған : ас  та , жиһаз да,оқыту құралдары да,баланың олармен жұмысы да,топтағы әлеуметтік қатынастар да,күн тәртібі де-бәрі-бәрі кіреді.Бүкіл күн тәртібі баланың ішкі потенциалын толық дамыту үшін қажетінше құралады.  

Мұғалім төмендегі жағдайларға негізделеді:       

- сензитивтік кезеңдерді білуге;

- дайындалған жағдайға;                                               

-  баланы бақылай білуге;                  

  Осы жағдайларды қарастырайық.

Психиккалық даму сензитивтік кезеңдермен белгілінеді, олардың әрқайсысы:

          -қабылдаудың  және  психикалық  көңіл-күйдің  ең  үлкен

           сезімталдығы;

-қоршаған  ортадағы  белгілі бір құбылыс  немесе  белгілі бір зат

       -  әсерінің күші және ол туғызатын қызығушылық ;

          -қоршаған ортаның ерекше нысанадарына баса назар аудару;

          -бір нәрсеге қызығушылық танытып,есте сақтай білу; 

          - санадан тыс жұмыстан саналы шығармашылыққа көшу;

         -шаршатпайтын және жалықтырмайтын,керісінше,күш-қуат беріп,

          қызығушылық туғызатын ұзақ та белсенді қызмет түрі;

          -осы кезең тапсырмасының орындалуынан соң пайда болатын уақытша  көңіл-күй;

          -ешқашан қайталанбайтын кезең.

Сензитивтік кезеңдер бала туылғаннан бастап алты жасына дейін болады. Монтессори-сыныпта баланың өмірі жаңалықтарға толы болады.Мұндай оқытуды сенсорлық кезеңдер мен құбылыстарға сәйкес үнемі ынталандырып отыратын материалдар көп. Дайындалған жағдайда ұйымдастырудың бірнеше негізгі қағидалары бар, олар: таңдау еркінділігі. Балалар айналысатын қызмет түрін өздері таңдайды. Олар үшін сол қызмет олардың ішкі импульсіне негізделетін таным процесі болып табылады. Бірақ еркіндік бәріне рұқсат беруді білдірмейді, оның өз шегі бар. Жас балаға еркіндіктің өзіндік тәртіп орнату үшін қажет екендігін мұғалім біледі, яғни ересек адамдар баланың өзі істей алатын нәрсені ол үшін істемеуі керек; құрылым және тәртіп дайындалған жағдайдың екінші қағидасы. Барлық нәрсенің бас-аяғы болады.Материал мен оның ішіндегі заттардың бәрі бір данадан болып ,ұқыпты сақталуы тиіс. Сынып бөлмесіндегі барлық заттар әдемі де көрікті болуы керек.

   Сенсорлық  ерекшеліктер  дегеніміз -  адамның  қоршаған  ортаны  және  өзін  сезіп,  қабылдауын  қамтамасыз   ететін  ағзаның   қызметтік  функционалдық   мүмкіндіктері. Сенсорлық    үлгілер ( эталондар ) – заттардың  сыртқы  мүмкіндіктерінің  жалпы  қабылданған  нормалары. Түр-түстің  сенсорлық  үлгілері   ретінде  спектрдің  жеті  түсі және олардың  толықтығы  бойынша  түрлері, пішін  үлгілері ретінде  геометриялық  фигуралар, шамалар т.б. қабылданады. Сезімдер  дегеніміз – заттардың  сезім  органдарына тікелей әсер  ететін белгілі бір ерекшеліктерінің көрінісі.

        Әдебиеттер:

1.     Карабаева Е.В. «Психологическая  работа с детьми в Сенсорной  комнате: формы и методы». - М., 2006

2.     Тюнина  Л.И. «Сенсорная комната: опыт, выводы, предложения».- М., 2008