Психология/Педагогическая
психология
Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Абдигапбарова А.И.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
БОЛАШАҚ
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ
ӨЗІН-ӨЗІ
ТАНЫТУЫ ЖӨНІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР
“Өзін-өзі таныту” ұғымы
педагогикада, философияда, әлеуметтануда және психологияда әр
түрлі тұжырымдамалармен байланысты. Бұдан басқа
шетелдік және отандық зерттеушілер өзін-өзі
танытуға қабілетті тұлға игеруі тиіс сапалар
жиынтығын анықтап көрсетеді. Ғылымда
“өзін-өзі таныту” және “өзін-өзі танытатын
тұлға” ұғымдарының мәнін анықтау,
олардың құрылымы, механизмі
және қалыптасу шарттары бір тұрғыдан
қарастырылмағанын атап өткен жөн.
Қазіргі кезде өзін-өзі таныту
мәселесі әр түрлі бағытта – кәсіптік,
тұлғалық, отбасылық, әлеуметтік
өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі жүзеге асыру
контексттерінде қарастырылады. Э.Зеер [1], Е.А.Климов [2] және т.б.
еңбектерінде кәсіби өзін-өзі анықтау,
онтогенездегі кәсіби қалыптасу кезеңдерінің
мәселелері зерттелінген.
Қазақстандық ғалымдар
өз еңбектерінде, атап айтқанда, И.Қ.Аманова «самоактуализация»
ұғымын психологиялық тұрғыдан
«өзін-өзі таныту» деп аударып, бұл феноменге қатысты
әр түрлі психологиялық тұжырымдамаларды талдау
негізінде өзін-өзі таныту – бұл адамның өз ішкі
адамгершіліктік болмысын, интеллектуалдық, творчестволық
мүмкіншіліктерін ашуға үздіксіз ұмтылысы,
сондай-ақ өз бойында табылған қасиеттер мен
мүмкіншіліктерді ақиқат дүниеге белсенді таныту процесі
деген анықтама берген [3].
Ал біздің пікірімізше, психологиялық
тұрғыдан адамның өзін-өзі танытуы – оның
өз еріктік күш-жігері мен ішкі ынтасы негізінде әлеуметтік
белсенділігін қоғамда танытып, жүзеге асыруы.
Ғылыми әдебиеттердің талдауы
болашақ кәсіптік оқыту педагог тұлғасының
өзін-өзі танытуы мәселесін қарастырудың үш
сатысын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Философиялық
деңгейде адамның қоғамдық әлеуметтік тірі
жан ретінде адамзаттың тұтастай дамуымен байланысты
өзін-өзі танытуының мәні және шарттары
қарастырылады. Әлеуметтік деңгейде тұлғаның
қоғамдағы өзін-өзі танытуының жолдары мен
тәсілдері туралы мәселелер шешіледі. Объект ретінде оның
нақты әлеуметтік құрылымы қарастырылады.
Психологиялық деңгейде өзін-өзі таныту үш
аспектіде қарастырылады:
а)
қажеттілік ретінде (мұнда өзін-өзі танытуды мотивациялық
негіз ретінде қарастыру мүмкіндігі пайда болады);
ә)
іс-әрекет ретінде;
б) осы
іс-әрекеттің объективті және субъективті нәтижесі
ретінде.
Мәселені
қарастырудың педагогикалық аспектісі
өзін-өзі таныту, өз қабілеттерін жетілдіру,
мақсатына ұмтылу, жеке тіршілік әрекеттерінің
болашағын жобалау үрдістерін ынталандыру құралдары мен
жағдайларын жасауды білдіреді.
Әрбір жеке адам - әлеуметтік қатынаста саналы
іс-әрекеттерді жүзеге асыратын нақты
қоғамның мүшесі. Сондықтан өздерін басқа
адамдардан ажырата білетін, санасы және өзіне тән білімі,
ерекшеліктері бар белгілі қоғамның мүшесін жеке адам
деп атаймыз. Адамдар басқа адамдармен өзара
қарым-қатынасқа түседі. Адам бойындағы
даралық қасиеттер оның қарым-қатынасынан
байқалады.
Қалыптасқан жеке тұлға өзіндік білімді,
өмірде өзін белсенді және шебер көрсете алған
тұлға болып есептеледі. Жеке тұлға – бұл
өздік шеңберін бұзып шығу,
мәңгіліктің, кеңістіктің,
әмбебаптықтың шекарасына шығу.
Жеке тұлға - бұл интегративті жүйе,
бөлінбейтін тұтастық. Жеке тұлғаны зерттеумен
айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың
«өзегі» бар деп мойындайды. Оны «Мен-жүйе» немесе «Мен» деп
белгілейді. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері -
оның саналылығы, жауапкершілігі, қасиеті, бостандығы,
даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы
оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде
қоғамдық прогресс тенденцияларының, әлеуметтік
белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық
көрініс табуы арқылы анықталады.
С.М.Жақыпов бойынша, тұлға психологиялық жүйе
ретінде биологиялық ағзаның әлеуметтік ортаға
бейімделуінің нәтижесі бола отырып, осындай бейімделудің
ең жоғарғы деңгейін құрайды. Автор
тұлғаның өзі қалыптасқан орта
шеңберінде ерекше икемділік пен адаптивтік мүмкіндіктерін
динамикалылығымен сипатталатынын атап көрсетеді [4].
И.Қ.Аманова тұлға потенциалының толық
ашылуында және оның белсенді өзін-өзі жүзеге
асыруында этностық өзіндік санасының позитивті қалыптасуының
маңызы зор деп есептейді [5].
Әдебиеттер:
1. Зеер Э.Ф. Основы
профессиональной педагогики. М., 2004.
2. Климов Е.А. Психология
профессионального самоопределения. Ростов на /Д., 1996.
3. Аманова И.Қ.
Тұлғаның өзін-өзі таныту ерекшеліктерінің
этномәдени сәйкестілікке тәуелділігі. Психология ғыл.
канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты. – А., ҚазҰУ. 2004. 30 бб.
4. Джакупов С.М. Экспериментальные
исследования этнопсихологи-ческих
особенностей личности // Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. - 2002, № 2 (9). С. 5-11.
5. Аманова И.Қ. Этномәдени
сәйкестіліктің тұлғаның өзін өзі
таныту ерекшеліктеріне әсерін кроссмәдени зерттеу нәтижелері //
ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы, № 2,
2003, 45-51 бб.