П.ғ.к. Қошанова Г.Д., аға оқытушы Байтерекова Н.И.

 

Международный казахско-турецкий университет им. Х.А.Ясави

г. Туркестан, Южно-Казахстанский обл., Казахстан.

 

Болашақ филология саласы мамандарын аКТ-ны қолданып оқытудың тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелері

 

Қоғамның ақпараттануы бүкіл дүние жүзінде шексіз ақпараттық кеңістік қалыптастыра отырып, өндірісті, білім беруді және адамдардың тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)  және ғаламдық Интернет желісінің дамуы еліміздің барлық салаларындағы қызметтің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беруде.

Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі.

Компьютерді және басқа да мультимедиялық технологиялар, компьютерлік желіде телекоммуникацияларды, яғни АКТ-ды пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.

Сондықтан, бүгінгі таңда оқытушылардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. 

Филология саласы мамандары студенттерінің кәсіби құзырлылығын АКТ негізінде қалыптастырудағы мәселелердің құрамын төмендегідей етіп қарастыруға болады:

ü     педагогикалық процестердің қалыпты өтуін қамтамасыз ету;

ü     өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде компьютерді және басқа ақпараттық технологияларды пайдалану;

ü     оқытудың технологиялық процесі мен оны жетілдіруді басқару;

ü     тіл мен мәдениетті өзара байланыста оқыту әдістерін, соның ішінде интерактивті әдісі;

ü     коммуникативті біліктілікті, оның құрылымдық компоненттерін, сөз арқылы қатынастың барлық салаларындағы коммуникативті әрекеттің барлық түрлерін;

ü     ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіби құзырларын қалыптастыру мәселесі;

ü     ақпараттар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың ережелері мен нормаларын, талаптарын сақтаумен байланысты мәселелер;

ü     ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, информатикадан алған білім, білік және дағдыларын педагогикалық қызметте қолдану мәселесі;

ü     жоғары оқу орнындағы дайындықтың нақтылы, кәсіби іс-әрекеттерге сәйкес болуы.

Болашақ филология саласы мамандарын АКТ пайдаланып оқытудың тиімділігін зерттеу мақсатына жету үшін келесі мәселелер қойылды:

- ЖОО филологиялық мамандық студенттеріне АКТ пайдаланып оқыту мәселесінің қазіргі жағдайын зерттеу;

- жүргізілген талдау негізінде болашақ филология саласы мамандарының кәсіби бағыттағы ақпараттық технологияларды пайдаланып,  кәсіби қызметін белсенділендірудің дидактикасын жасау;

- ЖОО-да филология саласы мамандарын дайындаудағы ақпараттық технологиялар мен инновациялық жанасуларды пайдаланатын курстар жасау.

Зерттеу жұмысымыздың ғылыми болжамын тексеру үшін педагогикалық эксперимент жүргізілді.

Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жүргізу барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің филология саласы мамандықтары студенттерінің филологиялық информатика арнайы курсын оқу барысындағы қолданбалы бағдарламаларды меңгеру деңгейлері салыстырылды.

“Филологиялық информатика” элективті курсының мақсаты:

  филология саласы студенттеріне түрлі ақпараттық жүйелерде қолданбалы бағдарламаларда жұмыс жасап, өңдеп, өз мамандықтарында кеңінен пайдалана алуы тиіс;

  электронды оқу құралдарын: электронды оқулықтарды, электронды сөздіктерді, электронды пошта т.б. қолдана алуы;

– HTML тілінде бағдарлама жасай алу.

Бұлар тәжірибе нәтижелерінің ақиқаттығын жеткілікті дәрежеде талдауға қолданылады.

Филологиялық мамандықтардың студенттеріне білімді ақпараттандыру жағдайында оқытылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар келесі міндеттерді шешеді: филологиялық мамандықтар студенттерін білімді ақпараттандыру жағдайында оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдануды оқыту; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білімді ақпараттандыру жағдайында түрлі дәрістерді жүргізу кезінде, оқу қызметінің алуан түрлерінде қолданудың қазіргі әдіс-тәсілдерімен таныстыру; білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең түрде қолдану жағдайында дәрістер жүргізуді әдістемелік жағынан сауатты жүргізуге даярлау;  ақпаратты енгізу, қордалау, өңдеу, тасымалдау, жедел басқарудың автоматтандырылуын қамтамасыз ететін есептеу техникаларының негізінде қызмет ететін жасанды интеллект жүйелері, мультимедиа мен виртуалды ақиқат технологияларының көмегімен студенттің өзіндік тұлғасын дамытуға бағытталған оқыту мүмкіндіктерімен таныстыру; болашақ филология саласы маманына білім беруді ақпараттандыру жағдайында ары қарай өз бетінше оқу, өздігінше даму және өзінің жиған білім тәжірибесін іске асыру үшін қажет болатын шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.

Білімді ақпараттандыру жағдайында филология саласы мамандарына АКТ-ды пайдаланып оқытудың әдістемесін жетілдіруді практикалық зерттеу келесі бағыттарда жүргізілді:

– мотивтік, эмоционалдық және ұйымдастырушылық факторларды ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар орталарының құралдық және бағдарламалық құрылымын анықтау;

– оқыту әдістерін сұрыптау;

– бақылау және эксперименттік топтарда оқу және бақылау сабақтарының кешендерін дайындау және жобалау;

– студенттерді оқыту үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру технологиясын жасау;

– алынған нәтижелерді статистикалық және педагогикалық талдау.

Оқытудың түрлі параметрлерін болжау үшін келесі әдістер қолданылды: әңгімелесу, сауалнамалар, бақылау, тесттер, дербес және топтық бағалаулар, оқу және бақылау жұмыстарының орындалуын талдау.

Тәжірибелік оқытудан кейін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген оқыту құралдары және жаңа бағдарлама бойынша пәнге студенттердің көзқарасын анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнама жүргізу нәтижесінде сұралғандардың көпшілігі (84%) ақпараттық “Филологиялық информатика” курсын оқыту мен тақырыптарға сәйкес лабораториялық жұмыстарды жүргізу (59%) қажеттігін білдірді және сабақтарда компьютерлердің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануды (97%) жақтады.

Сурет 1 - Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып оқыту арқылы білім мен біліктерін қалыптастырудың даму деңгейінің көрсеткіштері (%)  (іс-әрекеттік)

 

Сонымен, педагогикалық эксперимент нәтижелері біздің бастапқы болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді. Педагогикалық эксперименттің нәтижесінде қойылған міндеттер толығымен шешімін тапты және тиісті қорытынды жасалды.

Кәсiптiк бағдар беру курсының эксперименттiк бөлiмi мен басқа бөлiмдері бойынша бақылау жұмыстарының нәтижелерiн салыстыру студенттердің эксперименттiк материалды барынша жақсы түрде игергенiн көрсеттi.

Студенттермен әңгiмелесу барысында студенттердің пiкiрлерi мен студенттердің бақылау жұмыстарының, орындаған жобалық жұмыстарының нәтижелерiн талдау барысында оқу-әдiстемелiк құралдардың тиiмдiлiгi тәжiрибе жүзiнде дәлелденді.

Сонымен, тәжірибелік эксперимент нәтижесінде педагогикалық зерттеу болжамы расталды. Бұл оқу мазмұнын кәсіби саралау негізінде “Филологиялық информатика” курсын оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген оқыту әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік берді және студенттерді қазіргі технологияларды пайдалана білу мәселелерін шешуге дайындаудың әдістемесі – студенттердің кәсіби құзырлылығы деңгейінің жоғарылауына әкелді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.        К.М.Беркімбаев, Н.И.Байтерекова. Болашақ филолог мамандарын даярлауда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы кәсіби құзырлығын қалыптастыру. «Құрылыс материалдарындағы химия және ХХІ ғасырдағы материалтану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент – 2008, 61-64 б.

2.        Досжанов Б.А. Мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері. Пед.ғыл.канд дәреж. дайындалған диссер. Қызылорда-2007.

3.      Брановский Ю.С. Введение в педагогическую информатику. Учебн. Пособ.-Ставрополь:СГПУ, 1995.-206 с.

4.      К.М.Беркімбаев, Н.И.Байтерекова. Ағылшын тілін оқытуда компьютерлік телекоммуникация технологияларын пайдалану.//Зерттеуші-Исследователь, №11-12 (31-32), 33-35 б. 2008ж.