Қасиетті сан есімдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері


Байназарова Ләйла Амангелдіқызы

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент қаласы

 

Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері этнолингвистикалық арналардың барлығынан табылады. Сандардың білдіретін мән-мағынасы сөз тіркестерінде, тұрақты тіркестерде, яғни мақал-мәтел, фразеологизм, теңеулерде анық байқалып тұрады. Сандар жүйесіндегі тұрақты тіркестердің пайда болу жолдары: біріншіден, мифологиялық, астрономиялық, магиялық т.б. наным-сенімдер мен аңыз-әңгімелер, екіншіден, қазіргі таңда этнофразеологизмдерге айналған сан есімнен жасалған тұрақты тіркестер от ауызды, орақ тілді шешендерден қалған.

Сандардың ерекше қолданысқа ие болуына байланысты бірнеше тұжырым ұсынуға болады:

а)   Ерте  уақытта халық  әр  алуан  құбылысқа  бақылау жасай келіп,    олардың    ортақ    қасиеттерін    сипаттарын    санмен    түйіп, санамалап айтып отырған. Мысалы, үш жүрт, төрт қонақ, бес қонақ, жеті жүт.

ә) Наным-сенімге байланысты “киелі” ұғымдар негізінде пайда болған құбылыс.

б)  Сан атауы сәбидің ана құрсағында пайда болуы мен жарық дүниеге  келгенге дейінгі аралықтағы уақытқа байланысты ерекше қолданысқа ие болған.

в)  Метрологиялық өлшемдер адам баласы өмірінде қай кезде де ерекше қызмет атқарған.

Сан жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұзақ дәуір барысында алдымен еркін тіркес ретінде, одан этнофразеологизмге айналу үрдісінде мағына жағынан дамып, өзгеріске түсіп, әр дәуірдегі халықтың ой-санасына сай нақты өмір шындығынан көрінуі байқалды.

Кейбір сан есім ұйытқы болған тіркестердің бұл күндегі қолданылуы, яғни беретін мағынасы мен ертеректегі қолданысы бірдей еместігі байқалады. Мысалы, жеті ата фразеологиялық тіркесін қазір біз туыстық қатынасқа байланысты ұғымда қолданамыз. Ал бұрын  бұл  фразеологиялық тіркес  өлшемдік мәнде, жеті атадан қара көк, жеті ата жау, жеті атасына бітпеген тіркестерінде келіп, “алыс-жақын, о бастан, ежелден” деген ұғымды да білдірген.

Сан есіммен жасалған тұрақты тіркестердің шығуы мен дамуына, қалыптасуына әсер етуші факторлар: астрономиялық, жағрафиялық, лингвистикалық, социолингвистикалық, этникалық, этногенетикалық, экстралингвистикалық факторлар және т.б.

Сандар жүйесіндегі қазақ ескіліктерін табиғи жүйе бойынша жіктеп, топтастырып өзара саласалаға бөліп қарастырдық. Ең алдымен қазақ ескіліктерінің тақ сандар жүйесіндегі тілдік көрінісі, екінші қазақ ескіліктерінің жұп сандар жүйесіндегі тілдік көріністері деп бөлеміз. Символдық мәнге ие болған сандардың өзін екіге бөліп қарастыруымыз екі санының ерекшелігіне байланысты. Екі егіз қарама-қарсылық ұғымды береді. Мысалы, бүгін-ертең, күн-түн,тақ-жұп т.б. Екі санының магиялық сырына байланысты сандарды жұп сандар, тақ сандар деп бөліп қарастырамыз. Салт-санаға байланысты да сандардың екі жағы бар: біріншісі қуаныш, екіншісі – өлім-жітім. Өмір ағашының тігінен – ғарышпен, ол көлденең жағы – магиялық өлім-жітіммен байланысты.

Жұп сандар тұрақтылықтың белгісін білдіреді. Оған мысал, төрт бұрыш, төрт қабырга, он екі мүше, сегіз қиыр, шартарап т.б. Тақ сандарда мұндай қасиет жоқ.

Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі көрінісі салалы бір бөлім ретінде арнайы зерттеліп, тақырыптық топтарға жіктелмеген. Сондықтан қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі көрінісін жан-жақты зерттеу – бүгінгі таңның келелі мәселелерінің бірі.

Сандар жүйесіндегі қазақ ескіліктерін жүйеге түсіріп жіктеудің қажеттілігі, яғни микро-макрожүйесінде қарастыру халықтардың рухани өмір байлығының шығу көздері мен даму арнасын, тарихи этимологиялық себептер мен әсер етуші факторларды айқындай түсуге мүмкіншілік береді.

Сандар жүйесіндегі қазақ ескіліктерін тақырыптық топтарға жіктеуде мазмүн мен мағынасы ескерілді. Сандар жүйесіндегі қазақ ескіліктерінің тақырыптық топтары: рухани мәдениет, материалдық мәдениет, халық метрологиясы, туыстық қатынас және ономастика. Бүлай жіктеу арқылы біз сандар жүйесін рухани -мәдени өміріміздің қай саласында көп, қай саласында азырақ қолданылуын көреміз. Оның тарихи этимолотиялық себептерін айқындай түсуге мүмкіншілік аламыз. Әрі қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі көрінісінің көлемін, материалдық, рухани болмыс тіршілігін анықтауға мүмкіндік туады.

Сан атаулары мен сандық ұғымдарды және олардың семантикасын тануда бірден-бір дұрыс жол – ғылыми абстракция. Өйткені ғылыми абстракциясыз ешбір ғылымды дамытып, оның заңдары мен қағидаларын өрістетіп, жетілдірудің өзі мүмкін емес. Тіл дамуының ішкі заңдары сол тілдегі осы күнгі сан атауларының әртүрлі жағдайда туып, дамып, абстрактыланғандығын көрсетеді; Мәселен, орыс тілін алайық. Орыс тілінде үштен мыңға дейінгі сан есімдерде род категориясы жоқ та, один, два, оба, полтора сөздерінде гана родтың айырмашылықтар бар; барлық сан есімде число категориясы да жоқ. Орыс тіліндегі қазіргі сан атаулары зат есім мен сын есімнен бөлініп шыққан. Орыс тілінде сан есім ертеде өз алдына жеке морфологиялық категория болған емес. Онда есептік зат есімдер мен сын есімдер және оларға тән морфологиялық ерекшеліктер ғана бар. Атап айтқанда, пять, десять, сто, тысяча т. б. төрттен жоғары сан атауларының бәрі де зат есім формаларына ие болған; тіпті бұлардың кейбірінде зат есімге тән род, число, септік категориялары да болған; сондықтан да олар зат есім сияқты түрленген; анықталғыш (определяемое слово) сөз ретінде сын ееім, есімдііктерден кейін қолданылған. Пять, шесть, семь т. с. с. есептік сөздер женский родтық есімдер бола тұрып, өзіне қатысты сөзді меңгеріп алатын болған. Ал один, два, три, четыре сын есім болған. Мұның бәрі көне, орыстың ертедегі тіліндегі сан атаулары мен есептік сөздердің нақтылы предметтік ұғымды білдіргенін, сөйтіп,  белгілібір заттық атауы не ұғымы емір шындығынан алынды деген марксистік қағидалардың дұрыстығын тағы да дәлелдей түседі. V-VIII ғасырдан бермен қарайғы бар фактілер мен жазба ескерткіштер түркі тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атауліарының ерте заманнан бері сандық мағынада ғана келе жатқандығын көрсетеді. Дегенмен қазіргі кейбір мәліметтер бойынша түркі тілдеріндегі сан атаулары да өмір шындығынан, заттық құбылыстан алынып, осы күнгі абстрактылық ұғым дәрежесіне жеткен деп жорамалдауға мүмкіндік бар сияқты.

Ол фактілер мынадай: қазіргі қазақ тілінде және көптеген түркі тілдерінде қос, егіз, жарты, жеке, жалғыз, бірегей, некен-саяқ, табан т. б. осы сияқты  сандық семантикалы бірнеше сөз бар. Бұл сөздердің бірі зат есім, бірі сын есім екені, ал жарты, жарым сөздері етістіктен жасалғандығы даусыз.

Екінші бір мысал: қазақ тілінде ерте кезде сүт пісірім, шай қайнатым, ет асым, күндік жер, қозы көш жер, ат шаптырым, әу-дем жер деген сияқты мөлшерлік, өлшемдік, мезгілдік мағналы тіркестер қолданылатын. Бұлар сандық, мөлшерлік, уақыттық ұғымды білдіреді. Семантикалық жағынан сан есімнің орнына қолданылады.

Түркі тілдеріндегі сан атауларының заттық мағына беретініне тағы бір факт – түмен (он мың) және мың атаулары. Көптеген түркі тілдерінде түмен   мен мың атаулары ерте кезде семантикалық жағынан сандық уғымды білдіре отырып, зат есім мағнасында көбірек қолданылған. Қазірде де осы мағнада аз қолданылмайды. Мәселен, қазақ тілінде мың сан ңол, мың мен санға сияқты тіркестер жиі ұшырасады. Бұл тіркестерде сан ұғьмы мүлдем абстрактыланған. Сол сияқты, жоғарыда қазіргі қазақ тілінде табан, бірегей сөздерінің де бар екенін айттық. Бұл сөздердің біріншісі монғол тілінде зат есімнен шығыіп бес саны ретінде қолданылса, екіншісі – бірегей, екі, екілік – теленок по второму году – деген мағынада жұмсалады. Қазақ тіліндегі бір­лік, үштік, бестік, төрттік, ондық  деген сияқты сөздер затттық мағына береді.

Түркі тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл – жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінеи туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі. Екіншіден, белгілі бір құбылыстың өткен тарихына қазіргісімен салыстыра, оның қазіргі формаларын зерттей отырып, ашуға, тануға болады дейтін марксистік қағиданы басшылыққа алсақ, қазіргі тілдік фактілер, мәселен жоғарыда келтірілген сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркеетері, түркі тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Мектеп, 1991. – 212 б.

2.     Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. –   Алматы: Мектеп, 1988. – 289 б.

3.     Базен Л. Концепция возраста у древних тюрков // Зарубежная тюркология. Москва, 1986. С. 363.

4.     Серебренников Б. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. – М.: Наука, 1979. – 218 с.

 

Резюме

В данной статье рассматривается история категории числа в казахском языке.

 

 

Summary

The article deals with the history of the numeral’s category in kazakh language.