Омарова Н.Ж.

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж, Қазақстан

 

ОҚУШЫЛАРҒА ИМАНДЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАРЫТУ, ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ АЛАР ОРНЫ.

 

Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның ру­хани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда оқушылардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде. Өзін-өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп, басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзіне-өзі бағыт алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылық пен ізденіс керек. Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табуы мүмкін емес.

«Өзін-өзі тану» пәні сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. Оқушылар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады.

Өзін-өзі тану бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну.

Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы оқушының жан дүниесін байытып, рухани-адамгершілік білімді халықтық дәстүр арқылы жеткізу. Адамзат өз елінің, халқының мәдениетін сәби шағынан біліп өсуі маңызды. Сондықтан адамның бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу ең басты міндетіміз.

Сабақтың өзіне тән ерекшелігі – сабақтың стан­дартты емес түрлері ұсынылады: ойланатын сабақтар, талдау сабақтары, сайыс сабақтар, концерт сабақтар, экскурсия сабақтар, ойын сабақтар, т.б. «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтан тыс жұмыстары сабақта меңгерген білімдерін іс жүзінде өмірде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады.

Тақырыптардағы негізгі ойды жеткізуде халық ауыз әдебиеті үлгілерін, тиым сөздер, мақал - мәтелдер, ағартушы жазушылардың шығармаларын пайдаландық. Сонымен қатар оқушыларға басқа ұлт өкілдеріне құрмет көрсетіп, сыйластық қарым - қатынаста болу керектігін де ұғындырдық. Өзге ұлттың салт - дәстүрлерін, мәдениетін, ұлттық ойындарын таныстыру арқылы достық байланысты нығайтуға көңіл бөлдік.

Оқушылардың өзіне деген сенімділігін нығайтып, олардың бойына имандылық қасиеттерді дарытып, жағымды ойларға бейімдеу мақсатында түрлі өлең, шығармаларды пайдалану тиімді. Оқушылардың бойында жауапкершілік, өнегелік, дербестік мінездері қалыптасып, барлық адамды сүюді үйренеді.

Өзін-өзі тану сабақтарының  өзіндік ерекшелігін байқататын:

«Шаттық шеңбері», «Тыныштық сәті», «Өзіңмен өзің», «Әңгімелесейік», «Тыңдайық- ойланайық», «Сахналау», «Ойнайық», «Жаттығу», «Шығармашылық тапсырма», «Қорытындылайық», «Жүректен жүрекке шеңбері»; Оқушылардың көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуы, жылы сезімге бағдарлайтын өзіндік  эмоциональдық атмосфера «Шаттық шеңбері»  болып табылады.  Әрбір оқушыда өзі өзгелерге сенетін  және өзі де сенімге ие болатын үлкен достық шеңберіне қабылдануын сезінуі ретінде түйінделеді. Бір-бірімізбен сәлемдесіп қарым -қатынас жасайтын, өлең оқып, ән айтатын шеңбер құраймыз.

«Шығармашылық тапсырмада» өзін-өзі тану сабағындағы оқушылардың топтық жұмысының маңызды бөлігі.  Оған рөлдік ойындар және жаттығулар, сурет салу және театрландырылған көрініс, макет, плакаттар дайындау кіреді. Оқушылар мұнда өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашады, өздері жасаған және қайта жаңғыртқан образдары арқылы өзіндік «Мені» көрсетеді. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, елгезектік өз пікірін айта білу және өзінің пікірін сыйлау сияқты қасиеттерді сезінеді, өзіне сенімділік қалыптасып, өз қабілетіне және шығармашылық мүмкіндігіне сенімі нығаяды.

Бірлескен шығармашылық әрекет балаға да, үлкен адамға да тақырыпты тереңірек түсінуге, бір-біріне сенуге, бір-біріне құрметпен, қамқорлықпен  қатынас жасауға көмектеседі.

«Жүректен жүрекке шеңбері» ерекше эмоциональдық шегі болып табылады. Балалар бір-бірімен бөлісіп, тілек айтып, сабақ тақырыбын меңгеруге мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, дене, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін, байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін көздейді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталуын, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері мынадай:

• Адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

• Оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

• Қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Сондықтан күнделікті өмірде қоршаған ортамен қарым-қатынаста бола отырып, әлемге деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке, сыйлауға әдеттенуді қажет деп қабылдауын көрдік.  

«Өзін-өзі тану» бойынша сабақтар құрылымы мақсатқа сәйкес, көлемі мен мазмұны жұмыс істеу үшін жеткілікті, материалды баяндау формасы шектелген, баяндау әдістері «Өзін-өзі тану» адамгершілік - рухани білім беру пәнінің мазмұнын ашып көрсеткен және балалармен шығармашылық тапсырмалар бірлескен топтық әрекетке, балалардың өзіндік әрекетіне бағытталған.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.     Ақиқатты тани біл (Ғибрат толғамдары): V кітап/ Қурастырушы  Сейтақов А.– Алматы, 2004.-320 б.

2.     Познай истину: Книга VI. Самопознание. Мысли на каждый день.- Алматы, 2005.- 136с.

3.     Назарбаева С.А. Ұстаздан ұлағат.-Алматы: Атамұра, 2000.-40   б.

4.     Назарбаева С.А. Самопознание  и гармоничное развитие человека//Самопознание (теория, практика, поиск новых парадигм). Материалы республиканских научно-практических семинаров по нравственно-духовному образованию. Вып.1.-Алматы, 2003.-116 с.

5.     Бердяев Н.А. Самопознание.-М., 2001

6.     Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. Учеб. пособие.-М.: Академия, 2002.

7.     Антология гуманной педагогики: Серия.- М.: Изд. Дом Шалвы Амонашвили, 2000.