Шукенова Жадыра Сламханқызы

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Заң факультетінің 1 курс докторанты

Қазақстан Респуликасындағы сот билігінің түсінігі мен ерекшеліктері

 

Сот билігі Қазақстан Республикасының біртұтас мемлекеттік билікке бөліну доктринасына негізделген демократиялық құқықтық мемлекеттілікті қалыптастыруға ұмтылысын білдіретін саяси және құқықтық феномен болып табылады. Нақ осы сот билігінің өтпелі кезең жағдайындағы түп тамырымен саяси, экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар жылдарында өзінің мемлекеттік қызметін тұрақты жүзеге асырған мемлекеттік биліктің жалғыз тармағы болғанын атап өту қажет.

Егер Қазақстан Республикасы жас мемлекеттілігінің құрылуы жылдары жоғары заң шығарушы және атқарушы орган ретінде Жоғары Кеңестің өкілеттігі екі рет қысқарса және Үкіметтің құрылымы мен құрамы он реттен артық елеулі түрде өзгертілсе, онда елдегі сот билігін дамытудың ең қолайлы жолдарын айқындаған сот реформасының арқасында сот  билігінің құрамы  ондай маңызды өзгертулерге ұшыраған жоқ.

К.Х.Халиковтың айтуынша, сот билігі – бұл мемлекеттік биліктің негізгі тармақтарының бірі болып табылады. Оның мәртебесі, қазіргі кездегі қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі  орны мен ролі ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын мәдениетті азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндеттерімен айқындалады /1/.

«Сот билігі» ұғымы өзімізге белгілі, қазақстандық құқық ғылымында 1990-шы жылдардың басында қайта пайда болды. Кеңестік тоталитарлық партиялық режим жағдайындағы сот билігінің қазіргі Қазақстандағыдай болуы мүмкін емес еді: сондықтан, Кеңестік Конституциямен бекітілген соттардың жиынтығы қандай жағдайда болмасын өзін шын мәнінде сот билігі ретінде көрсете алмады. «Сот билігі» ұғымының өзі «сот жүйесі» ұғымымен алмасты, ал сот көбіне құқық қорғау органдарының бірі ретінде қарастырылды /2/. Олай болса, сот билігі  мемлекеттік биліктің  дербес тармағы ретінде кеңестік ғалым-құқықтанушылардың зерттеулерінің  объектісі бола алмайды.

Сот билігі туралы Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегідей                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   1990 –шы жылдардың басында кеңестіктен кейінгі мемлекеттерде болған демократиялық қайта өзгертулерден кейін: «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияның, «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның, 1993 жылғы ҚР Конституциясының, сонымен бірге 1995 жылғы қолданыстағы ҚР Конституциясынан кейін айтыла бастады.

Сот билігі – бұл мемлекет пен азаматтардың, азаматтардың өздері, заңды тұлғалардың  өздерінің арасындағы әлеуметтік дауларды Конституция мен заңдарды негізге ала отырып шешу үшін құрылған Қазақстан Республикасындағы біртұтас мемлекеттік биліктің дербес және тәуелсіз тармағы.

«Заң шығарушы және атқарушы биліктен бөліне отырып – дейді Рессей зерттеушісі Ю.И.Стецовский,  - сот билігі олардан тәуелсіз, дербес әрекет етуге міндетті» /3/.

Сот билігінің дербестігі құқықтық мемлекет құруда, мемлекеттің басқа органдарының нәтижелі әрекеттестігінде айқын роль ойнайтынын айта кеткен маңызды.   Биліктің өзара әрекеттестік, бірін бірі толықтырушылық мәселелері өте маңызды дейді В.М.Лебедев, - бірақ сот билігінің қалыптасуы және оның құқықтық мемлекеттегі негізгі ролін түсіну үшін мемлекеттік биліктің бұл түрінің дербестігі мен  тәуелсіздігінің негізділігіне  назар аудару қажет /4/.

Қазақстандық ғалым Х.Халиков оның негізгі және елеулі маңыздылығы «сот-демократия-әділдік»  формуласында екендігін, яғни сот билігін барлық атрибуттарымен, көрністерімен нақты шынайы ортаға көшіру деп көрсетеді /5/.

Менің ойымша бұның барлығы сот билігін қоғамдық қатынастардың тиісті саласында мемлекеттік-құқықтық реттеудің ерекше нысаны ретінде тануға рұқсат береді.

ҚР сот билігінің негізгі іргелі белгісі оның ерекшелігі болып табылады. Біртұтас мемлекеттік биліктің бөліну принципі әрбір биліктің мемлекеттік қызметінің  «өз» бетінше белгілі монополиясын болжайды. Бірақ, биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының арасындағы қызметтердің шиеленісуі бұндай жағдайларда заңдық реттеу қызметін атқарады. Сот билігінің негізгі қызметіне не жатады – сот төрелігін жүзеге асыру, ал ол қандай жағдайда болмасын соттан басқа қандай да бір органмен жүзеге асырыла алмайды /6/.

Сот жүйесі сот билігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға – судьялардың бiрыңғай мәртебесiмен және қызметінің ерекше режимімен ерекшеленеді. Сот билігінің ерекше белгісі оның қызметін бақылаудың ерекше жүйесі болып табылады. Сот билігі сонымен бірге бекітілген іс жүргізушілік нысандарын қатаң сақтай отырып оның құзіретіне кіретін іс жүргізушілікпен қатар материалдық заңдарды да қолдану жолы арқылы соттармен жүзеге асырылатын биліктік өкілеттіліктер жиынтығын құрайды /7/.

ҚР сот билігінің ерекше белгісі болып оның пәндік сипаты, оның өкілеттілігінің сәйкес объектілерге қолданылулығы болып табылады. Сот билігі ҚР Конституциясының 76 бабының ережелеріне сәйкес олардың сот өндірісіне қатысуынан тәуелсіз соттардың шешімі жолданған барлық   азаматтарға, органдар мен ұйымдарға шектеусіз қолданылады.

Осыған сәйкес, сот билігінің мемлекеттік-өктемдік сипатын жүзеге асыру механизмі өмірге қоғам мен мемлекетті демократизациялау жағдайында үлкен роль ойнайтын ұйымдастырушылық, универсалдық, пәндік, кәсіби сот билігін көрсететін біртұтас мемлекеттік биліктің бөліну принципін енгізуге мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты, мемлекеттік биліктің бөліну идеясын қамтамасыз етуде биліктің заң шығарушы тармағын – Парламенттің мәртебесін көтеру ғана емес, сонымен бірге экономикалық соттардың, әкімшілік және ювеналдық әділеттердің жүйесін дамыту, жетілдіру негізінде сот билігін барынша дамытудың да маңызы зор. Елімізде мықты заң шығарушы және сот билігінің болуы әкімшіліктің еркін шешуіне және жедел дербестігін, соттан тыс күштеуге сүйену сияқты атқарушы биліктің жағымсыз жақтарын жоюға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Қазақстанда сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуде сот билігінің дербестігін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету маңызды роль атқарады. Соттар қызметінің ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі деп кадрлық, қаржылық, материалдық-техникалық және сот төрелігін тәуелсіз жүзеге асыруға толық қанды жағдайлар жасауға бағытталған басқа да сипаттағы іс-шаралардың біріңғай кешенін айтамыз.

Ю.А.Дмитриев және Г.Г.Черешний сот билігі ұғымының шындықты айқындауға, әділдікті қалпына келтіруге, дауларды шешуге және кінәлілерді жазалауға бағытталған, шешімдерінің күші оған қатысы бар барлық тұлғаларға орындауға міндетті болып табылатын заңдармен белгіленген өктемдік өкілеттіктерге ие арнайы мемлекеттік және муниципальдық органдар жүйесін білдіретін дербес жария-құқықтық құрылым ретіндегі анықтамасын ұсынады /8/.

«Осыған байланысты, М.И.Байтин – аталған міндеттерді орындаудың міндетті шарттарының бірі – қоғамдағы саяси күреске қарамастан сот төрелігін атқарудағы соттардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ету деп өте әділ көрсетеді» /9/.

Мысал келтіруге болады: 2007 жылғы Украинадағы билік дағдарысы елдегі мемлекеттік билікті ұйымдастырудың кемшіліктерін көрсетті. Украинаның Конституциялық соты өзінің шамасыздығын Президенттің Жоғарғы Раданы тарату туралы Жарлығына, оның заңды немесе заңсыздығына  мүлдем мән бермеу арқылы әйгіледі  ал бұл елдегі билік дағдарысының одан әрі жалғасуына мүмкіндік туғызды. Бұл елдегі сот билігі дербестігінің жоқ екендігінің салдары болып таблады, керісінше бұндай дағдарыстық жағдайда сот билігі өз өктемдігін, билігін көрсетуі керек еді.  

Бұл жерде Ш.Л.Монтескьенің ол биліктің бөліну жүйесіндегі сот билігінің ролі туралы айтылған  сөзін келтірген жөн: «Өзінің белгісіне сот билігі реттеуші болып табылады, ол заң шығарушы және атқарушы биліктің шектен шығып кетушіліктерін тоқтату үшін қажет» /10/.

Қорытындылай отырып мынандай тұжырым жасауға болады: сот билігі – бұл ең алдымен тәуелсіз мемлекеттік органдар – соттар жүйесі, өйткені, сот билігі тұлғалары соттар және сот билігін иеленушілер - судьялар болып табылатын арнайы субъектілермен ғана жүзеге асырылады. Әрі, мемлекетте сот билігін бір-бір сот емес, атқарушы биліктің органдары мен лауазымды тұлғалардың мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы және барлық деңгейлеріндегі қиянаттарына қарсы тұруға қабілетті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауға қабілетті еліміздегі соттардың барлық жүйесі тұтастай жүзеге асыратынын айтып өткен жөн.

 

1.       Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в Республике Казахстан (теоретические и уголовно-процессуальные исследования): Автореф...д-ра юрид. наук. – Алматы, 1998.

2.       Лебедев В.М. Судебная власть современной России: проблемы становления и развития. – СПб.: изд. «Лань», 2001.

3.       Стецовский Ю.И. Судебная власть: Учебное пособие. – М.: Дело, 1999.

4.       Лебедев В.М. Становление и развитие судебной власти в Российской Федерации. – М.: Российская академия правосудия, 2000.

5.       Халиков К.Х. Судебная власть на переходном этапе развития государства // Тураби. – 2001, №3.

6.       Сапаргалиев Г., Мухамеджанов Б., Жанузакова Л., Сакиева Р. Правовые проблемы унитаризма в Республике Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы, 2000.

7.       Лезварина А.Ф. Судебная власть в Росийской Федерации: содержание, организация, формы. – Ростов на Дону: «Феникс», 2005

8.       Дмитриев Ю.А., Черешных Г.Г.Судебная власть в механизме разделения властей и защите прав и свобод человека. // Государство и право, 1997, №8.

9.       Байтин М.И. О юридической природе решений конституционного суда Россиской Федерации. // Государство и право, 2006, 1.

10.   Монтескье Ш.Л. Избранные произведение. М., 1955.