Серіктестік және зорлық жасамау принципі - толеранттық принциптер

(Камзинов Жандос Кайдарович, Қазақстан, Ақтөбе қ., К. Жубанов ат. АМУ магистранты)

Толеранттық педагогикасы мұғалім тұлғасына белгілі бір талап қояды. Ол ең алдымен мынадай қасиеттер: адамға өзіндік құндылық ретінде қарау, өзіне өзінділік құндылық ретінде қарау, яғни өзін қабылдау, өзін құрметтеу, өз мүмкіндіктеріне сенім, өзін өзгертуге қабылеттілігі, мамандыққа өз дегенін іске асыру тәсілі ретінде қарау. Толеранттық педагогикасы оқушыға деген қатынастың өзгеруіне негізделеді. Осы ұстанымнан тұлға тек тұлға болып тәрбиеленеді, К.Роджерс мұғалім оқушыға қатысты жүзеге асыратын тұлғалық нұсқауларды бөледі, олар: өзінің сезімдерін, қайғыруын және пікірлерін, балалардың жағдайын белсенді тыңдау және сезім эмпатиясы, олардың сезімдерін өзінің түсінетіндігін білдіру және әрбір оқушыны тұлға ретінде қабылдау [1].

Толеранттық педагогика принциптері болып, серіктестік және зорлық жасамау принципі енеді. Толеранттық бір жағынан алға қойылған тәрбиелік және білім беру міндеттеріне жету, екінші жағынан – тәрбиелеу процессінің мақсаттарының бірі болып қарастырылуы мүмкін. Зерттеудің мәнмәтінінде педагогикалық толеранттық оқушы тұлғасының қалыптасуына ықпал етіп, оған алғаш байқалуына тоқтау қажет, В.А.Сухомлинскийдің және А.С.Макаренканың тәжірибелері және еңбектері «серіктестік педагогикасының» қалыптасуына негіз болды. Серіктестік педагогикасы ғылыми бағыт ретінде 80-шы жылдары туындады. Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, И.П. Иванов, Е.Н. Ильин, В.А. Караковский, В.Ф. Шаталов, М.П. Щетинин және т.б. серіктестік идеяларын жалпыландырылған түрде берді. Олардың пікірінше серіктестік педагогикасы – тәрбиелеу және оқытудағы жаңа жанасу, оның негізі оқыту және сабақтан тыс іс-әрекеттердің барлық саласында – мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың және білім беру мекемесінің әкімшілігінің серіктестігі. Ш.А.Аманошвили бұл туралы, серіктестік педагогикасының идеясы мынадан тұрады деп, былай жазады «баланы (ересектерді – мұғалімдерді, тәрбиешілерді, ата-аналарды) өзін тәрбиелеу, білім беру, оқыту, қалыптастыруда біздің ерікті және мүдделі жақтасымыз, серіктесіміз, ниеттесіміз қылу, оны педагогикалық процесстің тең құқылы қатысушысы, осы процесс үшін, оның нәтижелері үшін қамқоршы және жауапты қылу»  [2, 48б.]. «Педагогикалық серіктестік» бағдарының құндылығы болып тұлғалық үш ереже бөлінеді [3, 121-124б.]: оқушыны, әріптесті сол қалыпында қабылдау, басқаны эмпатикалық түсіну, білім беру процессінің субъектілерімен ашық және сенімді қарым-қатынас құру.

Оқушыны сол қалпында қабылдауға нұсқау – тәрбиешінің өзінің тәрбиеленушісіне тікелей бет - бұруы, онымен ашық диалог құруы, баланың тұлға ретінде қалыптасуына нақты көмектесуі енеді. Осындай нұсқаудың қарама – қайшылығы болып, оқушыны таптаурын қабылдау, ол мұғалімнің оны шеттету көзі, оның «мен» дегенін құнсыздандыру, ал осыдан оқушының наразылық көзі болады, ол оның кез-келген тәсілмен өзін-өзі қадірлеуді сақтауға тырысуға әкеледі.

Басқаны эмпатикалық түсінуге тұлғалық нұсқау қарама – қарсы бағалау болып енеді. Бағалау нұсқауының негізі – мұғалімнің оқушылармен және басқа мұғалімдермен өзара қатынасы барысында мұғалімнің санасында қалыптасатын үстірт бейне. Эмпатикалық түсіну кезіңде педагог онымен отождествление арқылы басқа адам сезініп отырған эмоциональды жағдайды өткеруі, сезінуі қажет. Эмпатия толеранттықтың эмоциональды құрамдас бөлігі болып енеді.

Білім беру процессінің субъектілерімен ашық және сенімді қарым- қатынасты мұғалімнің оқушылары, әріптестерін ғана емес өзін, өзінің мәртебсін қаптаурынды қабылдаудан аластату қабылетінің арқасында туындайды. Берілген тұлғаның  нұсқауларды білім беру процессінің субъектілерінің өзара әрекеттесу кезіңде бөлу, «серіктестік педагогикасы» қарым-қатынасты түсінудің әдіснамалық түсінігі педагогикалық толеранттық деп айтуға мүмкіндік береді. Осы қорытындыны келесідей дәлелдеуге болады.

Қарым-қатынастың берілген ерекшеліктері тұлғалық нұсқаулар болып енеді, нақты айтқанда педагогикалық толеранттықтың құрамдас бөліктерінің бірін осылайша қарастырамыз. Толеранттықтың когнитивті құрамдас бөлігі болып, басқа адамды оның даралығымен, ерекшелігімен қабылдау механизмі енеді. Білім беру процессінің субъектілерінің өзара әрекеттесу процессінің өзі қарым-қатынас бойынша серігінің жеке тұлғалық, қоғамға қарсы сипатта болмаса басқалардан өзгеше болуға құқылығын қалдыру мүмкіндігі.

Интолеранттылықты жеңу тәсілдерінің бірі болып, шығармашылықпен ойлау, ойлаудың қаптаурынды, үстірт және теріс түсінік болмауы. Толеранттыққа қол жеткізу үшін ойлаудың қаптаурынды болуын жеңу эмпатияның нұсқауы және танылуы болып енеді. Мұндай қажеттілік өзара әрекеттесу бойынша серігін оның бұрынғы қателерін есепке алмай, қазіргі сәттегі өзекті жағдайымен қабылдау.

Эмпатия түсінігі толеранттық түсінігімен тығыз байланысты. Бірінші кезекте ол толеранттықтың эмоциональды – еріктік құрамдас бөлігімен байланысты, демек субъектілер арасында эмоциональды байланыс туындайды.

«Серіктестік педагогикасы» [4] білім беру процессінің субъектілерін бірлескен іс-әрекетін әрқайсысы жеке тұлға болып енетін, тең құқылы екі серіктестердің қарым-қатынасы ретінде қарастырады. Оқушы және мұғалім арасында өзара әрекеттесу бойынша жетекші рөл соңғысына тиесілі болуы қажет. Мұғалім серіктестікте педагогикалық белсенді ұстаным,тұлғалық мүдделілігін көрсетуі қажет. Бірақ, «серіктестік педагогикасы» педагогтың тұлғалық нұсқауларын қарастыра отыра, педагогикалық толеранттықтың даму жолдарын қарастырмайды.

«Зорлық көрсетпеу педагогикасы» идеясының негіздемесін Л.Н.Толстойдың көзқарасынан табамыз [5]. Ол Рессейде Ж.-Ж.Руссоның еркін тәрбиелеу иедеясына алғашқылардың бірі болып мойын бұрды. Л.Н.Толстой еркін тәрбиелеу деп, бала тұлғасының даму еркіндігін, оған қысым және күш көрсетуге жол бермеуді түсінді: «Педагогиканың белгісі біреу ғана, ол еркіндік!» [5, 58б.]. Жазушының дүниетанымын жүйелендіре отыра Ф.В.Булгаков зұлымдықтың күнделікті өмірге кедергі болмауының үш ережесін бөледі. Біріншіден, ол өзі зорлық көрсетуден аулақ болуы ғана емес, оданда маңыздысы оған дайындалуы. П.Ф.Комогоров [6, 38б.] бұл ережені жеке тұлғаның бойында толеранттық серіктес болуға психологиялық нұсқа ретінде қалыптасады деп түсіндіреді.

Екінші ереже болып басқа біреу жасап жатқан зорлық көрсетуге сонымен қатар зорлық көрсетуге дайындыққа қатысуға тыйым салу. Осы ереженің маңыздылығына қарсы келмей П.Ф.Комогоров Л.Н.Толстоймен [6, 39б.] жартылай ғана келіседі. Толеранттық тікелей төрелік етуді білдірмеседе, сол немесе басқа құбылыс, ұстаным, әрекетті бағалауды білдіреді. Бағалау толеранттықтың қажетті белгісі болып шығады, моральды жалпы қабылданған нормалармен басқаның құндылық жүйесін, өз көзқарасын, қарсыласының дүниетанымын салыстыру.

Бұл принциптің үшінші ережесі зорлық көрсетудің ешқайсысында қолдамау – оны өз пайдасы үшін қолданбау, сонымен қатар зорлық көрсетуге оны қолдайтын істерге немесе соған негізделгендерге келісім бермеу. Нақ осы ереже толеранттық педагогиканы құру үшін өте маңызды. Толеранттыққа тәрбиелеу, өзін және «басқаны» интолеранттықтың кез-келген құбылыстарынан бас тарту және өзін терең талдау жолымен интолеранттықты жеңу қажеттігіне сендіру.

Зорлық көрсетудің барабар ұстанымыг және әлеуметтік әділдік үшін күрес құралы – зорлық көрсетпеу, оған адамдық қатынастың жаңа негізі – толеранттық арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ол адамдардың мүдделерінің түрлі бағыттылығы негізінде болатын қақтығыстарды өркениетті жоюды анықтайтын шарт, зорлық көрсетпеу идеологиясы.

Еркін тәрбиелеу идеясын, еркін тәрбиелеудің жалпы  мақсатын жүзеге асыруда жаңа тұжырымдамаларды бөліп И.И.Горбунов – Посадов, С.Н.Дурылин, Е.Кросби, К.Н.Вентцель және т.б. қолдады: оның табиғи қабылеттеріне сәйкес, әрбір баланың еркін дамуы үшін жағдай жасау; мектепішілік өмірді демократияландырумен үйлестіріп таңдау еркіндігін қамтамасыз ететін педагогикалық процессті ұйымдастыру; зорлық көрсетпеу педагогикасының теориялық негіздерінде көрініс тапқан, мұғалім және оқушылардың тең құқылы серіктестігі.

Зорлық көрсетпеу педагогикасының негізін қалаушы бірқатар доминантты айқындай отыра В.И.Ситоров және В.П.Маралов оны үш құрамдас бөліктің жиынтығы ретінде қарастырады:

біріншіден, «күштеудің сан-алуан түрлеріне қарсы шығушы ілгерішіл педагогтардың қозғалысы...»;екіншіден, «белгіленген салада өзіне түрлі жанасуларды ықпалдастырушы оқыту және тәрбиелеу теориясында және практикасындағы бағыт...»;үшіншіден, «зорлық жасамау ұстанымының қалыптасуының болжамы өсіп келе жатқан ұрпақтың психикалық саулығының қалыптасуына бағдарланған бағыт...» [7, 4б.].

Серіктестік педагогикасының идеясы зорлық жасамау педагогикасының идеясына жақын. Олардың айырмашлығы тек серіктестік педагогикасы балалардың және ересектердің өзара қарым-қатынасын құру процессінде зорлық жасамау принципіне сүйенеді, ал зорлық жасамау педагогикасында бұл принцип неғұрлым кеңейтілген мағынада түсіндіріледі және адамдардың табиғатта және қоғамдағы өзара қарым-қатынасының басқа салаларына таралады, ең бастысы өсіп келе жатқан ұрпақты ынтымақшыл және зорлық жасамау рухында тәрбиелеу түрлерін және құралын табуға тырысады. А.Г.Козлова серіктестік және зорлық жасамау педагогикасының идеяларына негізделген келесідей педагогикалық бағыттарды бөледі: диалог педагогикасы, тәуекел педагогикасы, жетістік педагогикасы, үйлесімді даму педагогикасы, шығармашылық педагогикасы [4,72-88б.].

Серіктестік және зорлық жасамау педагогикасына қарағанда өзара әрекеттесу мәселелері диалог педагогикасы басқа аспектіде қаралады А.Гжегорчиктің [8, 44-53б.] пікірінше толеранттық әрекетке қолайлы жағдай жасайтын өзара әрекеттесудің түрлері бар, олар: көмек, жоспарлау, серіктестік саласында көмектесу, «диалог арқылы деген, ерікті күштеусіз өзара әрекеттесуді жалпы мағынада түсіну» шындықты жеткізу [8, 49б.]. Диалогты толеранттық әрекетті іске асыру үшін адамның рухани жетілуі, оның мәдени мүдделерімен шарттасқан зорлық жасамау әдебінің жолын қуушылар қолдайды. Адам тарихының түрлі дәуірлерінде дүниетану және оған сәйкес адамды тәрбиелеу тұжырымдамалары диалог ретінде құрылған. Жоғары деңгейлі мүмкіндікпен педагогиканың жетекші тұжырымдамасы, мағыналы даму түрі, маңыздылығы мұғалім және оқушының диалогы деп айтуға болады.

1.      Петровская Л.А. Теоретические и методологические проблемы социально - психологического тренинга. – М., 1982. – 168 с.

2.       Амонашвили Ш.А. Размышление о гуманной педагогике. – М.: Издательский Дом Шалвы Амонашвили, 1995. – 496 с.

3.      Орлов А.Б. Педагогика сотрудничества: некоторые шаги и перспективы // Коммунист, 1988. – №2. – с. 121 – 124.

4.       Козлова А.Г. Теоретические основы педагогики ненасилия. Диссертация на соискание ученой степени доктора педагогических наук. – СПб., 1997. – с. 372.

5.                Толстой Л.Н. Путь жизни. – М: Республика, 1993. – 431 с.

6.       Комогоров П.Ф. Формирование толерантности в межличностных отношениях студентов высшего учебного заведения. Дисс. канд. пед. наук., Курган. – 2000, – 189 с

7.                Ситаров В.А., Маралов В.Г. Психология и педагогика ненасилия. – М.: Клуб «Реалисты», 1997. – 336 с.

8.       Гжегорчик А. Социальные мотивации и воздействия (к вопросу о психологическом анализе ненасильственных действий)/ этика ненасилия – материалы международной конференции. – М.: Философское общество СССР, 1991. – с. 44 – 53.