Көптілеуов Б.Ж. т.ғ.к., доцент
Дастенова А.М. магистрант
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Ірі қара малын бордақылау
технологиясын талдау
(Қызылорда облысы
жағдайында)
Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан 2050 стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына арналған Жолдауында «Ауылшаруашылығын, әсіресе,
ауылшаруашылығы өніміне өсіп отырған
жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды
жаңғырту қажет. Біз әлемдік деңгейдегі мал
шаруашылығының жем-шөп базасын құру үшін
үлкен әлеуетке иеміз» деген болатын. Қазіргі таңда
Республикамызда ет бағытындағы екі мыңдай шаруа
қожалығы болса, оның 68-і Қызылорда облысында. Осы
шаруашылықтар 2012 жылы әр жерден 2970 бас ірі қара малын
сатып алды. Келешекте облыс төңірегінде ірі қара малын
бордақылау алаңдарын ашу жобаланып отыр.

Сурет 1. Ірі
қара малының саны және оның союға
өткізілген орташа тірі салмағы:
- мал басы;
- тірі салмағы.

Сурет 2.
Қызылорда облысындағы ет (сойыс салмағымен) және
сүт өндірісі:
- сүт;
- ет.
Облыста ірі
қара мал басы 2005 жылы 216,2 мың болса, 2011 жылы 240,7
мыңға жеткен, бірақ әр ірі қара малының
союға өткізілген орташа тірі салмағы 2005 жылы 283килограммнан
2011 жылы 250 килограммға түскен (1 сурет). Ет пен сүт
өндірісінде осы уақыт аралығында өсу байқалады,
атап айтқанда, ет өндірісі 2005 жылы 14,7 мың тоннадан 2011
жылы 16,3 мың тоннаға жетсе, сүт өндірісі 64,6
мың тоннадан 79,0 тоннаға жетіп отыр (2 сурет). [1]
Ірі
қара малының саны жылдан жылға өсіп олардың
союға өткізілген тірі салмағы төмендеуі облыстағы
мал бордақылау проблемасының бар екендігін көрсетеді. Ет пен
сүт өндірісінің бір-тұтас инфрақұрылымын
қалыптастырып, әрі сиыр етінің экоспорттық
әлеуетін арттыру үшін мал азықтық
дақылдардың егістік алқабын және одан түсетін
өнімнің көлемін арттырумен қатар құрама жем
өндірісін және концентраттық жем шығару
мәселелерін қарастыру қажет.
Жалпы
алғанда ірі қара малын бордақылау бүгінгі
күннің ғана проблемасы емес, шаруашылықтарының келешекте
дамуын ойластырып отырған шаруа қожалықтары үшін
өзекті проблема болып отыр.
Жоғарыда
жасалған талдауды есепке ала отырып, ет және сүт
өндірісінің көлеміне, қаржы-экономикалық
мүмкіншілігіне байланысты шаруа қожалықтарының үш
деңгейін зерттеп дайындау қажет.
А.
Жоғары технологиялық шаруашылықтар. Бұларда жаңа
технологиялар мен техникалық құралдардың жаңа
кешендері пайдалана отырып өзіндік құны жоғары сапалы
өнім шығарылады.
Б. Интенсивті
технологиялық шаруашылықтар. Бұл шаруашылықтарда
қолданылып отырған бұрынғы технологиялар мен
техникалық құралдарға қоса жаңа
технологиялар мен техникалық құралдар пайдалана отырып
өзіндік құны төмендеу жақсы сапалы өнім
шығарылады.
В.
Қалыпты технологиялық шаруашылықтар. Бұларда
шаруашылықтардың өз технологиялары мен техникалық
құралдары пайдалана отырып, өзіндік құны
төмен қалыпты өнім шығарылады. [2]
Бұл
шарашылықтардың қалыптасуы үшін әр
технологияға қажетті материальдық–техникалық база
жасалынуы қажет. Өндіріс жағдайының сипаттамасына,
технологиялардың жүйелілігіне және салыстырмалы бағасына
байланысты материальдық–техникалық қамтамасыз етудің
түрлері зерттеліп дайындалады. Технологияларда қарастырылған
операциялардың санына байланысты техникалық
құралдардың тізімі анықталады.
Шаруашылықтардың
материальдық–техникалық қамтамасыз етілуінің критериі
олардың деңгейіне байланысты қабылданады:
«А» - K ≥ KA (1)
«Б» - K ≥ KБ (2)
«В» - KВ ≤ К ≤ KБ (3)
Мұнда:
К - материальдық–техникалық
қамтамасыз етілудің көрсеткіші,
КА, КБ, КВ – жоғары,
интенсивті және қалыпты
технологиялардың
материальдық–техникалық қамтамасыз
етілуінің көрсеткіштері.
Осы талдауды
қорытындылай отырып біз Қызылорда облысындағы ет және
сүт өндірушілер қиындықтарды басынан өткізіп отырғанын
көреміз. Сондықтан ірі қара малын бордақылау
өнімінің сандық және сапалық көрсеткішіне
жету үшін ауданның табиғи-өндірістік ерекшеліктерін
есепке ала отырып, материалдық модельдеу негізінде технологияларды
зерттеп дайындау қажет.
Әдебиерттер:
1.
Статистикалық жинақ. Ауылшаруашылығы. Қызылорда, 2012 ж.
2.
Жүнісбеков П.Ж., Коптилеуов Б.Ж. Анализ технологии и технической
обеспеченности сельскохозяйственных предприятии Кызылординской области.
Материалы международной конференции «Социально-экономические
проблемы сельских територии и развитие аграрного рынка» Часть ІІ, Алматы, 2003. 98-102 стр.
Резюме.
Природно-климатические условия Кызылординской области
благоприятные для развития производства мяса и молока крупного рогатого скота.
Для этого необходимо развивать откормочные базы по разным технологиям в
зависимости от объема и экономических возможностей хозяйств.