Арал өңірінде күріш  зиянкестерінің негізгі түрлерінің биологиялық ерекшеліктері және зияндылығы.

 

                                 Әбілдаева Ж.,б.ғ.к.,профессор Көбеев М.М.магистрант.

 

Ы. Жахаев атындағы Қазақ күрішшаруашылығы ғылыми зерттеу институты

 

Қызылорда облысы күріш егістігінде кездесетін зиянкестерге жағалық шыбын, күріш масасы, арпа ұңгі қоңызы, швед шыбыны,  күріш көбелегі шаян тектестерден дулығар су шаяны жатады. Осы зиянкестер күріш егісіне жыл сайын едәуір зиян келтіреді.(1)

Жағалық шыбын- Ephydra maullaria bgg.     кең тараған және күріш егісіне қауіпті зиянкестер қатарына жатады.Жағалық шыбын су жағаларында өсіп-өнетін зиянды жәндіктер тобына тобына жатады.Ол республиканың оңтүстігіндегі барлық күріш егілетін аудандарда кездеседі. Шыбынының ұзындығы 4мм. Төсі мен бауыры жасыл, ал аяқтары қызғылт –жасыл, қанаттары ұзын.

            Шыбынның дернәсілі күңгірт-сарғыш, денесі 12 сегменттен тұрады.Есейген дернәсілдің ұзындығы 7 мм-ге жетеді, денесінің құйрық жағы түтік тәріздес. Дернәсілі өз өмірінде үш рет түлейді.

            Ересек зиянды жәндіктер қыстыкүні өсімдік қалдықтарының астында, әртүрлі қуыстарда, ескі үйлер мен шатбақтарда жабысып қыстап шығады.

Олар ұшып шыққаннан кейін 6-10 күн өткен соң-ақ жұмыртқа  сала бастайды. Әуелі жұмыртқасын ұсақ суларда, судың температурасы 16-17 градус болған кезде салады. Сонымен қатар шыбындар жұмыртқасын арамшөп  қалдықтарына, судың бетіндегі биологиялық қабықтарға, балдырларға, судың бетіне салады. Жұмыртқалау мерзімі 4-6 күнге созылады.Жаппай жұмыртқа салуы маусым айының екінші екінші он күндігінен, яғни күріш егісінің өсіп-жетілу кезеңінің орта мерзіміне тура келеді.

Күріш егістігінде шыбын, күрішті суға бастырған соң 2-3 күннен кейін пайда болады. Осы кезеңде атыздағы судың температурасы 15-16 градусқа көтеріледі.Шыбынның қарқынды қоректену кезеңі 13 сағаттан 16 сағатқа дейін созылады. Жаппай жұмыртқалауы тұқымның ісіну кезеңіне сәйкес келеді. Эмбриональдық дамуы ауа райының жағдайына байланысты 6-дан 10 күнге дейін созылады. Шыбындардың көп жиналатын жері күріш атыздарының бұрышы және атыз жағасының ұзына бойында дернәсілдер көп кездеседі. Дернәсілдер атыздың ішіне, өсімдіктерге су толқынымен, әсіресе желді күндері таралады.

Дернәсілдің тууы әуелі уақытша су көздерінде, судың температурасы күріш суына қарағанда 5-6 градустан жоғары болғанда басталады. Күріш атызында дернәсіл күндізгі судың температурасы 17 градустан төмен болған кезде пайда болады. Ол мамыр айының бірінші онкүндігінде, күріш тұқымының өсу фазасында байқалады.

Дернәсіл күріш атызында немесе басқа су көздерінде, ауа және су температурасына байланысты қарқынды немесе жәй қозғалып өмір сүреді. Дернәсілдер жалған аяқтары арқылы қозғалады. Температура режимінің (күн мен түнде, жылы және сақын күндері) өзгеруіне байланысты дернәсілдер ылайлы бөлікке 5 миллиметрдей тереңдікке кетеді де, тыныс алатын түтігін жоғарыда қалдырады.

Ересек зиянды жәндіктер қыстыкүні өсімдік қалдықтарының астында, әртүрлі қуыстарда, ескі үйлер мен шарбақтар да жабысып қыстап шығады.

Қыстап шыққан шыбын ауаның температурасы +10- +12 градустан жоғары  және ылғалдылығы 42-45% болған кезде, яғни сәуір айының алғашқы он күндігінің аяғында ұша бастайды. Ұшып шыққан шыбын көлшіктерде, уақытша жиналған суларда, күріштің суландыру жүйесінде мекен етеді. Шыбындар жұмыртқа салғанға дейін су бетіндегі балдырлар мен тұнбадан пайда болған кілегейлерді жеп қоректенеді.

Шыбындардың, қосақтанып жұмыртқа сала бастаған кезеңінде оларды атыздар мен каналдардың немесе басқа да су жолдарының желден  ықтасын қуыстарынан табуға болады. Бұл фактілер жағалық шыбынға қарсы күрес жургізудің уақытын анықтауға жақсы көмек көрсетеді. Бұл ерекшеліктерді химиялық жолмен егістіктерді өңдегенде мұқият ескерген жөн..

Дернәсілдер тууы әуелі уақытша су көздерінде, судың температурасы күріш суына қарағанда 5-6°С-тан жоғары болғанда басталады. Күріш атызында дернәсіл күндізгі судың температурасы 17°С-тан төмен болған кезде пайда болады. Ол мамыр айының бірінші онкүндігінде, күріш тұқымының өсу фазасыңда байқалады..

Дернәсілдер әуелі топырақтың ылайлы бөлігімен, шіріген өсімдік қалдықтарымен және су бетіндегі балдырлардың қабықтарымен қоректеніп, одан соң күріш көгінің тамырына ауысады. Әуелі дернәсілдер тамыр ұлпасын қырып жейді. Желінген тамырда ойық пайда болады. Үш жастағы дернәсіл күріш көгінің тамырын түгел кеміріп тастайды.

Жағалық шыбынның күріш егістігінде қуыршақтануы 20-25 мамамырда басталады. 

Қуыршақтану орны –күріштің  тамыры, жапырағы, сабағы, арамшөптер және атыздың шұңқыры мен сулы жерлер болып табылады. Ересек шыбын қуыршақтың жоғарғы жақ бөлігіндегі саңылаудан шығып денесінің ылғалды сіңірмейтін қасиеті арқасында су бетіне тез жүзіп шығады.

Шыбынның ұшуы күріш егістігінде 25-27 мамырдан бастап, маусым айының аяғына дейін жалғасады. Ұшып шыққан бойда шыбындар қарқынды қоректене бастайды, сонан соң жұптасады. Шыбындар қоректену, жұптасу және жұмыртқа салу кезеңінде атыз жағасы мен   бұрыштарында су бетіндегі арам шөптердің қалдықтарында, желмен ысырып әкелінген көбіктер мен балдырларда жиналады.  

Дернәсілдің екінші ұрпағының тууы 3-4 маусымнан басталып, екінші онкүндіктің аяғына дейін жалғасады.

 Күріш осы кезенде түптену дәуірінің бас кезінде болады.

Маусымның аяғында дернәсілдің қуыршақтануы басталады және   екінші ұрпақ шыбыны ұша бастайды. Жаз мезгілінде шыбынның ең белсенді қоректенуі сағат 12 мен 18 аралығында, ыстық уақытта 13 пен 15 сағат аралығында болады. Ауаның температурасы 36°С –тан асқанда  шыбындар қалтарыс жерлерге, әсіресе, күріш атызының арамшөппен қатты ластанған жерлерінде көп жиналады.

Шілде айыннан бастап күріш егістігінде шыбындар жұмыртқа салмайды, себебі сабақтану кезінде күріш атыздағы судың бетін түгелдей көлеңкелеп тастайды ( 1-кесте).

 


1-кесте. Жағалық шыбынның даму фенологиясы

 

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

Күріш себу

 

 

 

 

 

*

*

*

*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өсу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктеу

 

 

 

 

 

 

*

*

*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түптену

 

 

 

 

 

 

 

*

*

*

*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*

*

*

*

 

 

 

 

 

 

 

Шашақтану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*

*

*

*

 

 

 

 

 

Гүлдеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пісу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дән байлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*

*

*

 

 

 

Жинау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*

*

*

*

 

 

 

 

 

 


Нәтижесінде атыз  суының төменгі қабатына жарық түсу және ондағы жылу азаяды. Атыздағы судың температурасы, тез жылыйтын уақытша су жиналған жерлермен салыстырғанда 5-8°С-қа дейін төмендейді.

Соған қарамастан, кеш себілген (25 мамырдан кейін) күріш егістігінде, яғни осы кезеңде күріш әлі түптену дәуірінде болған жағдайда, атыздағы су ағыны жәй және топырағы мен суының тұздану дәрежесі жоғары жерлерде шыбындар кездесуі мүмкін.

Қызылорда облысында жағалық  шыбынның одан әрі дамуы, уақытша су көздерінде, қашыртқы суларда және жәндіктің табиғи көп өсіп-өнетін жерлерінде өтеді.

Күріш масасы. Қазақстанда күрішке күріш масасының дернәсілі зиян келтіреді.Күріш масасының Сhігоnоmdае тұқымдасына жататын екі туыстасы бар: Сhігоnоmus sр. және Сгісоtориs sp. Саны жағынан масаның ең көп кездесетін туысына СҺiгоnпоmus жатады. Бүл екі туыстас Еуропа, Азия жэне Солтүстік Америкада белгілі. Күріш масасының қоректенуін зерттеу арқылы оларды Черновский /55/ өсімдік қоректіге, ал Гостеева /56/ жеміс қоректіге жатқызады (1-сурет).

 

1-сурет. Күріш масасы. 1-имаго, 2-дернәсіл, 3-зақымдалған жапырақ

 

Арал өңірінде масалар барлық күріш өсірілетін аймақтарға таралған. Күріш масасының табиғи өніп-өсетін жерлері, жағалық  шыбын сияқты, әртүрлі жаңбыр сулары мен көлшіктер. Кейіннен олардың құрғап кетуі нәтижесінде маса күрішке ауысады.Ересек масаның ұзындығы 2,5-тен 4-6 мм-ге дейін жетеді, түсі сарғыш, қанаты түссіз болып келеді.

Еркек масаның қанаты оны құрсақ бөлігіне дейін жауып тұрады, мұрттары қылшықтармен жабылған. Қарын бөлігі ұрғашы масаға қарағанда ұзынша әрі жіңішкелеу, ұрғашы масада ол жуандау және қысқа болып келеді. Аяғы ұзын, әлсіз. Хирономус туысына жататын масаның денесі қара, ал крикотопус туысына жататын масаның денесі сарғыштау, арқасында үш қара-қоңыр дақтары болады.

Күріш масасының ұрығы кішкене. Оның үзындығы 6-8, кейде 10 мм-ге дейін жетеді. Түсі ашық сары, басы қоңырлау. Аузының астыңғы иегінде тістері бар. 

Өмір сүру кезеңінде ұрықтарын күріш сабанының астына немесе атыздардың үлтанына тастайды. Күріш масасы үш үрпақ береді. Ересек маса өсімдік қалдығының астында, арам шөптердің қалдығында, үйілген сабанның астыңда қыстап шығады. Қыстап шыққан масаның ұшуы сәуірдің 15-17 жұлдызы, ал көктем салқын, ұзақ болған жылдары 28 сәуірден басталады. Масалардың бір бөлігі жұмыртқасын әртүрлі уақытша көлшіктерде салады.

Күріш масасы күріш егісін суға бастырған кезде пайда болады. ал 5-7 күннен кейін атыздарда масаның ұрығы көріне бастайды. Маса дернәсілінің бірінші  үрпағының даму мерзімі шілде айының 1-10 аралығында. Осы уақыттың ішінде дернәсіл үш рет түлейді. Түлеген дернәсілдің басы қызыл түске, кейінірек қоңыр-қара түске айналады. Масаның бірінші қуыршағы мамырдың 27-29 жүлдыздарында пайда болады. Қуыршақтану процесінің ұзақтығы бір тәулік. Осы кезеңде дернәсілдің кеуде сегменттері қатты ұлғаяды, денесі қысқарады. Масаның ұшып шығар кезінде бас жағы мен кеуде бөлігі жарылады да, пайда болған саңылаудан маса шығады. Масаның бірінші ересек үрпағы маусымның алғашқы онкүндігінен бастап ұша бастайды. Бірінші үрпақтың жұмыртқа салуы маусымның орта шенінде болады. Ұрғашы маса жұмыртқаны судың бетіне және судың бетінде қалқып тұрған күріш жапырағына салады. Эмбрионалды даму кезеңі 2-3 күнге созылады, жұмыртқасының саны 42-ден 196-ға дейін жетеді. Масаның ұшуы және жұмыртка салу күннің батуы мен шығу кезіне сәйкес келеді. Күндіз олар күріште, арамшөптерде, оның ішінде, шиінде қозғалмай отырады. Әсіресе оларға күріштің айналасындағы қалың өсімдіктер, мысалы жоңышқа ұнайды (2 -кесте).

 

 


2-кесте. Күріш масасының егістіктегі фенологиясы

 

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

Күріш себу

 

 

 

 

*

*

*

*

*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өсу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктеу

 

 

 

 

 

*

*

*

*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түптену

 

 

 

 

 

 

 

*

*

*

*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*

*

*

*

 

 

 

 

 

 

 

Шашақтану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*

*

*

*

 

 

 

 

 

Гүлдеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пісу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дән байлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*

*

*

 

 

 

Жинау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*

*

*

*

 


Дернәсілдің екінші ұрпағы күріште маусымның екінші онкүндігінің аяғында үшінші онкүндігінің бас кезінде пайда болады. Күріш осы кезеңде толық түптену-сабақтану фазасында болады. Дернәсілдің қуыршақтануы мен масаның екінші ұрпағының ұшуы шілденің 6-9 жұлдызынан басталады, ал жаппай ұшу шілденің екінші онкүндігіне  тура келеді. Үшінші ұрпақтың дернәсілі шілденің екінші онкүндігінің аяғында пайда болады.

Бұл кезеңде туылған  дернәсілдер күріш жапырағының және арамшөптердің судың бетінде жүзіп тұрған жапырақтарын зақымдайды.

Үшінші ұрпақ дернәсілінің қуыршақтануы және масаның ұшуы тамыздың 17-19 жұлдызында басталып айдың аяғына дейін созылады

Масаның зақымдау фазасы –дернәсіл. Ол жапырақты, сабақты және өсіп келе жатқан тұқымды зақымдайды. Дернәсіл жапырақтың төменгі жағынан кеміріп жеп тек беткі жұқасын қалдырады. Нәтижесінде жапырақ бұзылып жіңішке жіпке айналады және өліп қалады. Жапырақ зақымдау кезіңде оны дернәсіл түгел немесе жартылай кеміреді, соның арқасында өсімдік өледі немесе бойы сау өсімдікке қарағанда қысқа болады. Күріштің себілген дәнін зақымдау кезінде бойына кажетінше ылғал жинаған дәннің қабығы ашылып,өскін шыкқан кезде дернәсіл дәнің ішіне еніп, ұрықты түгел жеп қояды, ал эндоспермге тимейді (2- сурет).

2

2-сурет.Күріш масасының зақымдау сипаты

 

Күріш масасы жұмыртқасының ұзындығы 0,27 мм-ден 0,36 мм-дейін болып,пішіні сопақ болады. Жұмыртқасының түсі кейде сұрғылт - көкшіл, кейде қоңыр- сарғыш. Жұмыртқаны ұрғашы масалар бірден суға немесе су бетінде калқып жүрген күріш жапырақтарына салады. Оңтүстік облыстарда күріш масасы үш ұрпак, кейде тіпті төрт үрпақ береді. Зияндылық коэффициенті 24,3 пайыз, ал егіннің жалпы шығыны 11,8 пайызға жетеді.

Күріш масасының табиғи жаулары негізінен құстар, өрмекшілер, инеліктер, жүзгіш коңыздар т. б.

 

 

Қортынды

Күріштің жас өскінін зақымдайтын зиянкестерге  жағалық шыбын және күріш масасы жатады.

Күріш зиянкестерінен қорғау нәтижелі болу, зиянкестердің пайда болу кезеңі және биологиялық ерекшелігіне, ауа- райының ылғалдылығына т.б. көптеген даму кезеңдеріне қарай қорғау шараларын ұйымдастыру керек.Әсіресе вегетация кезінде зиянкестер көп таралған зияндылығы көп жерлерде қорғау шаралары жүргізіледі.

Әдебиеттер

1.Әбілдаева .Ж. Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісі дақылдарының аурулары мен зиянкестері және олардан қорғау жүйесі. Қызылорда, «Тұмар» 2012ж. б 47-66.

2. Әбілдаева .Ж..Күріш ауыспалы егісіндегі дақылдардың зиянкестері, аурулары, арам шөптері және олардан қорғау шаралары. Қызылорда «Тұмар» 2007.б28-36.