Биология магистрі Утебаева Б.Х.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Биология және химия кафедрасының оқытушысы

ШОРТАН-БУРАБАЙ КУРОРТТЫ АЙМАҒЫ МОЛЛЮСКАЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН СТИЛЕТТІ  ЦЕРКАРИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЙЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАР

  

Xiphidiocercariae тұқымдасының сорғыштары Бурабай көлдерінде кездесетін құстардың  паразиттері, ал олардың дернәсілдік кезеңі омыртқалы жануарларда ( балықтарда, амфибилирде, ) кең таралған, олар қосымша немесе аралық ие қызметін атқарады.  

Церкарилермен жұмыс жасаған кезде, олардың морфологиясын, тіршілік әркетін, даму циклін білу қажет. Жас зерттеуші ғалым жұмыс жүргізер кезде осы дернәсілдердің құрлымын терең үйрену үшін церкарияларды тірілей  зерттеп, ғылыми әдебиеттермен салыстыру қажет. 

Осы мақалада бізде церкариялардың морфологиясы туралы ғылыми әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, стилетті тұқымдасының церкарияларының  морфологиясы туралы мәліметтерді келтірдік.

Xiphidiocercariae атауын алғаш рет Люэ ұсынды. Бұлар сорғыш құрттардың үлкен тобын құрайтын дернәсілдер болып, оларға стилеттің               ( ине тәрізді құрылымның) болуы, көздерінің болмауы, ұзындығы дернәсіл денесінің  ұзындығына шамалас қарапайым құрылымға ие құйрығының болуы тән.

Стилетті церкариялардың денесі көпшілік жағдайда сопақ, созылыңқы пішінге ие. Көпшілік түрлерінің артқы ұшында құйрықтың денеге бекитін жерінде «құйрық қалтасы» деп аталатын ерекше ойынды болады. Сорғыштары жақсы дамыған. Тек Mикрофалидтер тұқымдасына кіретін церкарияларда құрсақ сорғышы болмайды, немесе ол бастама күйінде көрініс тапқан. Ауыз сорғышы дененің алдыңғы ұшында субтерминальды орналасқан. Құрсақ сорғышы дернәсіл денесінің орта бөліміне жайласып, кейбір түрлерде дененің кейінгі жартысына ығысқан[1].  

Кейінгі кездегі электронды микроскопиялық зерттеулер көрсеткендей стилетті церкариялар сыртынан ұсақ кутикулалы тікентәрізді өсінділері  бар тегументпен оранған. Стилетті церкариялардың сорғыштарымен құйрығында жоғарыдағы түзілістер болмайды. О.ranae церкариясының құрсақ сорғышының түбінде өте ұсақ тікен тәрізді өсінділер кездеседі. Стилетті церкариялардың көптеген түрлерінде « батырылған тікентәрізді өсінділер» болып, олардың өткір ұштары тегументтің бетіне шығып тұрмайды. Xiphidiocercaria тобының маңызды ерекшелік белгілерінің біріне ауыз сорғышын қаруландыратын стилеттің болуы жатады. Бұл түзіліс церкарияның екінші аралық иенің денесіне енуін жеңілдететін орган болып есептеледі. Стилет гомогенді мөлдір біліктік стерженнен тұрып, оның бір ұшында сүйір цилиндр немесе ұзынына созылған конус болады.  Конусты сыртынан жарықты сындыратын тығыз құндақ қаптап тұрады, мұнда стилет күшті және тығыз түзіліс күйінде бейнеленді(Сercaria һaematoloechus asper). Кейбір түрлерде құндақ стерженнің алдыңғы ұшын ғана жабады. Мұнда ол кейде стилеттің кейінгі ұшына дейін жетеді (c.Opisthioglyphe ranae, Telorchis ercolani және тағы басқа), кейде ол қақпақша күйінде стилеттің алдыңғы ұшында орналасады(Xiphidiocercaria sp.1Odening,1962). Бұл жағдайда біліктік стерженнің еркін жатқан бөлігі жақсы көрініп «бульба» деген атқа ие болады. Церкариялар цистаға ену кезінде стилетін тастайды, бірақ ол ұзақ уақыт циста қуыстығында жатады. Бұл жағдай  церкариялармен метацеркариялардың ұқсастығын анықтауды жеңілдетеді[2]. 

Асқорыту жүйесі. Ауыз тесігі ауыз сорғышының түбінде жайласқан. Ол қысқа жұтқыншақалдына жалғасады. Одан кейін дөңгелек немесе сопақ бұлшық етті жұтқыншақ келеді,оның қабырғалары жақсы білініп тұратын үш қалақшаны түзеді. Жұтқыншақтан жіңішке өңеш басталады. Ол ішектің екі тармағын түзеді. Өңештің екі тармаққа ажыралатын жері құрсақ сорғыштың алдында орналасады.

Стилетті церкариялардың морфологиясында безді түзілістер үлкен маңызға ие. Соңғысы өзінің құрылымына және функциясына қарай анық бірнеше топқа бөлінеді. Біріншісі – сілекей немесе стилет бездері деп аталатын ену бездері. Бұл атаулар қызметіне  дұрыс сәйес келмейді, себебі бұл органның нақты қызметін анықтамайды, екінші аралық иенің денесіне енген кезде бұл секрет басты роль атқарады. Ену бездері ережеге сәйкес, дененің  құрсақ сорғышының  деңгейінде екі латерал топ болып орналасады. Олардың өзектері алға қарай кетеді, дененің алдыңғы жағындағы стилеттің ұшының бүйіріне келіп ашылады. Көп жағдайларда церкаридің бір түрінің ену бездерінің барлық клеткалары басқа церкарий түрлерінде  бір бірімен өзінің құрылысы және секреттің құрамы жағынан  бірдей болып табылады. Алайда кейбір түрлерде бұл ұқсастық бұзылады, себебі секреттің түйіртпек дәрежесінің клеткалар санының әр түрлі болуынан. Церкария денесінде ену безінің мөлшері, формасы және орналасуы әр түр үшін тұрақты, сондықтанда систематикалық  анықтағыш белгі болып табылады. Кей жағдайларда оң және сол бүйірдегі клеткалар әр түрлі болуы мүмкін, алайда бұл теңсіздік осы дернәсіл үшін тұрақты.Ену безінің нақты санын анықтау кей жағдайда қиындыққа түсіреді(Opisthioglyphe ranae,С.Astiotrema trituri)  себебі церкаридің дұрыс емес формасы және цистогенді бездердің жақсы дамуы яғни олар ену бездерін көрсетпей тастайды[4].  

Екінші безді клетка болып стилетті церкарилерге цистоген  безі тән. Ену безінен негізгі айырмашылығы болып, ол  церкаридің  денесінде  жаппай дорзальды бағытта орналасады. Бұл клеткалардың секреттері цистаның қабырғасын түзуге қатысады. Цистогенді клеткалардың тым қатты дамуы басқа органдарды зерттеуге кедергі жасайды.

Кейбір церкарилерде (Opisthioglyphe ranae, Astiotrema trituri, Telorchis ercolani) дененің алдыңғы жағында  ауыз сорғыштың шетіне ашылатын бірнеше жіңішке безді өзектерді байқауға болады. Бұл өзектер үлкен емес безді клеткалардан басталады, олар тек метацеркария және жас мариталарда байқауға болады. Бұл безді түзілістің қызметі анықталмаған.

Бұл бездермен  стилетті церкарилердің кейбір органдарының қызметі байланысты. Бірінші ретте  «виргула» (алмұрттәрізід орган), ол екі қаптәрізді түзілістен яғни алмұрт тәрізді формадан тұрады. Оның мөлшері мен пішіні әр түрге байланысты өзгермелі және систематикалық анықтағыш белгі болып табылады. Виргула мукойдты бездердің секретінің резервуары болып табылады. Осыған сәйкес секретпен толтырылуы және түзілуі церкарилердің соңғы даму дәрежесінде болады, сонан соң мукойдты бездер түзіліп бітеді және қызмет ете бастайды.  Церкарилердің басқа түрлерінде қойма қызметін құйрық қалтасы орындайды, қуықтың негізінің екі бүйірінде орналасады. Виргула және құйрық қалтасының даму дәрежесі кері пропорциға байланысты: жақсы дамыған виргуласы бар церкарилерде құйрық қалтасы болмайды, ал құйрық қалтасы жақсы дамыған церкарилерде виргуласы болмайды. Виргула немесе құйрық қалтаның секреттері церкаридің денесінің сыртқы бетіне түседі және оны жіңішке жарғақшамен қаптайды, бұл қорғаныш қызметін атқарады[5].  

    Стилетті церкариялардың зәр шығару жүйесі күрделі емес. Жыбырлағыш клеткалар паренхимаға терең еніп орналасқан. Олардан нәзік капиллярлар басталады, олар бір-бірімен қосылып, кең каналдарды түзеді. Соңғылар ұзына бойы орналасқан жинақтаушы каналдарға құяды. Жинақтаушы каналдар дененің алдыңғы және кейінгі бөлімінен басталып, дененің ортаңғы бөлімінде бір-бірімен қосылып бас жинақтаушы каналды құрайды. Ол қалың қабырғалы қуыққа ашылады. Қуық дененің кейінгі жартысында орналасып, каудальды қалтаның түбінде жайласқан сыртқы ортамен байланысты зәр тесігіне ашылады.  

   Нерв жүйесі барлық сорғыш құрттарға тән типте түзілген.

  Ірі талшықты ганглий жұтқыншақ  облысында жайласқан. Одан дененің кейінгі жағында 2 ұзын, дененің алдыңғы жағына 2 қысқа нерв сабақшалары кетеді. Ұсақ нерв сабақшалары дененің бүйір беттеріне таралады. Стилетті церкариялардың сезім органдары  қызметін дененің алдыңғы ұшында шоғырланған сенсиллалар орындайды. Церкарилердің ішкі органдарының аралығы сезгіш борпылдақ  паренхимамен толтырылған. Құйрықтың бойлық білігі бойында кішкене, бірақ көптеген дөңгелек клеткалар жайласқан. Олар гликогеннің резервуары қызметін атқаратын “каудал денешіктер”[5].  

Стилетті церкарилер өте қозғалғыш болып табылады және көптеген уақытын  судың қабатында жүзіп жүреді. Стилетті  церкариялардың көпшілік түріне айқын байқалатын фото-және геотаксистер тән. Бұлар церкариялардың сыртқы ортадағы жүріс-тұрысын анықтайды.

Екінші аралық иенің қызметін стилетті церкарилерде әр түрлі  су организмдері ( моллюскалар, су жәндіктерінің  дернәсілдері, шаяндар) атқарады.

Әдебиеттер

1.                Гинецинская Т.А.,  Добровольский  А.А. К фауне личинок трематод пресноводных моллюсков дельты Волги.  Астрахань: Труды Астраханского   заповедника. 1964. С. 64-77

2.                Судариков В.Е. Трематоды фауны СССР. Стригеиды. – Москва : Наука, 1984.С.3-21

3.                Гинецинская Т.А. О природе жизненного цикла трематод//Вестн. ЛГУ. -1965-С.23-26.

4.                Гинецинская Т.А., Добровольский  А.А. Новый метод обнаружения сенсилл личинок трематод и значение этих образований для систематик //ДАН СССР.- 1963С.-153с.

5.                Дубинин В.Б., Дубинина М.Н. Паразитфауна колониальных птиц Астраханского заповедника//Тр.Астр. заповедн.Т.3.-1940.-14с.