Химия магистрі Пірімова Э.Р.

 А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Биология және химия кафедрасының оқытушысы

ГЭА-БА НЕГІЗІНДЕГІ  СОПОЛИМЕРЛЕРДІҢ БЕТТІК БЕЛСЕНДІ  ҚАСИЕТТЕРІ

Жұмыста Вильгельми әдісі бойынша 2-гидроксиэтилакрилаттың (ГЭА) бутилакрилатпен және метилакрилатпен (МА) сызықты сополимерлері және олардың полиакрил қышқылымен (ПАҚ) интерполимерлік комплекстері үшін сулы ерітінді-ауа фазалық бөліну шекарасында беттік қасиеттері зерттелінген. Ерітінділердің тепе-теңдік беттік керілу мәндері бірнеше сағат аралығында тұрақтанатындығы дәлелденген, яғни бұл ЖМББЗ-ға тән қасиеттер болып табылады. Полимерлер концентрацияларының беттік керілу шамасына әсерін зерттеу барысында ГЭА-БА СПЛ-нің мөлшерін 0,005-тен 0,1-ге дейін өсіру жүйенің беттік қасиеттерін белгілі мәнде төмендететіндігі көрсетілген. Сополимер құрылымындағы гидрофобты буын – БА мен МА болуы адсорбцияның ұзақтығына айтарлықтай әсерін тигізеді. ГЭА-БА сополимерлерінің беттік активтілігі ПГЭА-мен салыстырғанда шамамен 1,52 есе жоғарыласа, стандартты еркін адсорбция энергиясы шамамен 20 кДж/негіз-моль мәнде жоғары екендігі анықталған /1/.

Бұл жұмыста (со)полимерлер үшін адсорбциялық қабаттардың релаксация уақыты, беттік активтілік және адсорбцияның стандартты еркін энергиясы есептелінген, өйткені бұлар су-ауа фазаларының бөліну шекарасында өздігінен жинақтаушы заттарға тән маңызды сипаттамалар болып табылады. Сополимер құрамындағы гидрофобты компонент (БА, МА) болуы адсорбциялық қабаттағы релаксация уақытын төмендетіп, жүйенің беттік активтілігін жоғарылатады /2/.

ГЭА негізіндегі гомо- және сополимерлердің ПАҚ-пен комплекс түзілуінің әсері сулы ерітінді-ауа бөліну шекарасында беттік қасиеттері зерттелінген. Беттік керілудің тепе-теңдік мәні 20 минут аралығында тез тұрақтанған. Полимер ерітіндісінде ПАҚ-тың құрамы көбейген сайын, беттік керілудің төмендейтінін және белгілі-бір қатынасына жеткенде өсетіні анықталған. Сонымен қатар, полимер – ПАҚ үшін беттік активтілік және стандартты еркін адсорбция энергиясының мәндері есептелінген. Түзілген поликомплекстердің құрамы полиқышқыл ерітінділерімен полимер ерітінділерін турбидиметриялық және вискозиметриялық титрлеу арқылы дәлелденген /3/. Өзіндік ГЛБ санына сәйкес ГЭА-БА сополимерлерінің эмульгаторлар ретінде қолданылуына үлкен мүмкіншілік ашылған. ЖМББЗ ретінде алынған сополимердің гирофильді-липофильді баланс (ГЛБ) саны есептелінген. Өзіндік ГЛБ санына сәйкес алынған (со)полимерді эмульгатор ретінде қолданудың үлкен мүмкіншілігі ашылған /4/.

Әдебиеттер:

1.  Pelletier S., Hubert P., Payan E., Dellacherie E. Amphiphilic derivaties of sodium alginate and hualuronate: synthesis and physic-chemical properties of aqueous dilute solutions // Carbohydrate Polym., 2000, 43, 343-349.

2.  Rosilio V., Albrecht G., Baszkin A., Merle L. Surface properties of hydrophobically modified carboxymethylcellulose derivatives. Effect of salt and proteins // Colloids & Surfaces B,2000, 19, 163-172.

3.  Philippova O.E., Volkov E.V., Sitnikova N.L., Khokhlov A.R., Desbrieres J., Rinaudo M. Two types of hydrophobic aggregates in aqueous solutions of chitosan and its hydrophobic derivative // Biomacromolecules, 2001, 2, 483-490.

4.  Miralles-Houzelle M.C., Hubert P., Dellacherie E. Hydrophobic alkyl chains-pectin conjugates. Comparative study of some physicochemical properties in relation to covalent coupling vs ionic association // Langmuir 2001, 17, 1384-1391.