Экология/5. Проблемы экологического воспитания молодежи

 

Молдумарова Ж.К., Ахаева А. А.

Казахский агротехнический университет им. С.Сейфуллина, Казахстан,

 

Экология мәдениетін студенттің жеке тұлғасын әлеуметтендіру факторы ретінде қалыптастыру

 

Қазіргі заманғы әлемдегі күрделі, толық қарама-қайшылық басымдылық кезінде экологиялық мәселелер өзекті ауқымды бағыт ала бастады. Адам табиғаттан тыс тіршілік ете алмайды, ол әрқашан оның қорларын пайдалана отырып өмір сүреді. Өкінішке орай, цивилизацияның пайда болуы және дамуы, әсіресе ғылыми-техникалық үдеріс дамыған мемлекет аймақтарында айқын көрініс тапқан биосферада адамдық экспансияның көбеюі мүмкіндік туғызды. Табиғаттың табиғи мүмкіндігін бұзатын үздіксіз қысым біздің тұрмыстағы өмірлік жағдайымызға ғана кері әсерін  тигізіп қоймай, кейінгі ұрпақтың өмірін де күрделі қылуға ықпал етеді.

Адам табиғаттағы және қауымдағы өз тәртібінің барлық формасында да оңашаланудан, қарсы тұрудан, күрестен, ынтымақтасу стиліне жеңу, өзара әрекет ету, экологиялық, табиғи саналы ойға және қызметте сұхбаттасуда дамулың жаңа бағыттарын жобалауы тиіс. Міне сондықтан да студенттердің экологиялық мәселелерді саналы түрде тануы қазіргі  заманның маңызды аспектілерінің бірі.

«Экология» және «мәдениет» деген түсінік маңызды түсініктердің біріне айналды және адамның табиғаттағы орны мен тарихи бағытын ойлауға, адам және табиғаттың өзара әрекеттерінің көп түрлілігі нәтижесінде мәдениеттің ұлттық түбірін, ел мен халықтың менталитетін  сақтауға көмектеседі.

Экология ғылым ретінде ХІХ ғасырдың соңында қалыптасты және тірі ағза, олардың жалпы өзара байланысы мен табиғатқа деген әсері туралы үйреніп білу дегенді ұғындырды. Бірақ, экология ХХ ғасырдың орта кезінде шынымен де өзекті маңызға ие болды, ол кезде ғалымдар Құрама Штатта топырақ пен әлемдік теңіздің ластануы, антропогендік әсер ету салдарынан жануарлардың көптеген түрлері жойылып кетудің пропорционалды тәуелділігін анықтады.

Осылайша, адамдықтың алпысыншы жылдары соңында «өзекті экологиялық дағдарыс» мәселесімен тұспа тұс келді. Өнеркәсіптің дамуы, индустрияландыру, ғылыми-техникалық революция, ормандардың жалпы мәліметі, атом, жылу және гидроэлектростанса секілді үлкен зауыттар салу сияқты өзгерістер бола бастады, бұның өзі бізге құлдырау үрдісі мен жердің құлазуын есімізге түсірді, ал ондай болған жағдайда әлемдік бірлестік алдында адамды қандай да бір тұлға ретінде сақтап қалу және оның өміршеңдігі туралы мәселе туындады.

Қазақ халқында бай, табиғат пен адам, табиғат пен қоршаған ортаның дәстүрлі диалогының жан-жақты әмбебап кешені құрылды.

Бұл диалогтың маңызды сипаттарының бірі жерге құрметпен қарау, суды құрметтеу, жасыл көшеттерге ұқыпты қарау болып табылады. Көбінесе адамдар табиғи күштен қолдау іздеп, содан демеу табады да өсімдіктермен, шамшырақтармен және аңдармен диалогқа (қатынасқа) түседі.

Күрделілік, көптүрлілік, табиғи байлық, жер қойнауында туындаған қоғам ресімделді, ол бұл қоғамның құрылу үрдісінің ұзақ және қаныққандығын көрсетті. Өзіңе, әлемдегі өз орныңа деген парасатты жауапты қарым-қатынас табиғи жағынан да әлеуметтік жағынан да мәдениет пен руханилықтың маңызды сипаты болып қалыптасты. Өнегелі өмірдің даму деңгейі, мәдениеттегі рухани іздеулер тереңдігі жан-жақты екендігін барлық әлем мойындады.

Біздің алдымызда тұрған міндет оны жоғалтып алу емес, оның жан-жақтылығын дамыту, яғни өз халқы мен өз мәдениетінің тарих пен жермен байланысты сезінуге және жаңғыртуға талпыну.

Табиғи жағдайлар мен факторлар қоғамда және оның құрылымдарына әсер етуші негізгі де негізгі емес себепті факторлардың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Қоғам табиғи жағдайлар мен факторлардың өзгерісіне әр кезде былай да әсер ететін: ол тек орналасқан жерін ғана ауыстырған жоқ, ол экологиялық мәдениеттің жаңа түрлерін өңдеп, жаңа технологияларға және т.б. ойлап шығарды және осы ретте ерекше маңыздысы – адамдар табиғат пен өз араларында қарым-қатынас жасаудың жаңа түрлерін  істеп шығарды.  Қоғам өзінің тұрақты өмір сүруін сақтау үшін қажетті мәдениет пен рухани өмірді қалыптастырды. Табиғат пен қоғамның өзара бейімделу үрдісі ғасырлар бойы әрекет етіп келеді, тіпті тұтас дәуірді құрады. Осы бейімделу өзара шартты сипатта болды, немесе қоғам өзін өз қажетінше қоршаған ортаға қосылуға бағыттады. Адам тағдырының табиғат жағдайлары мен факторларына тәуелділігі тарихи жағдайлардың бәрінде де жоғары күштің пайда болуы секілді қабылданды. Оның қоршаған ортаның сипаттық өзгерісіне деген әсері сұрапыл сипаттық көзқараста болды.

Экологиялық мәдениеттің қалыптасу үрдісін студенттің рухани байлығы десек ол төрт мәнде, яғни құндылықтарға өрлеу (әрекет етуші абсолютті құндылықтардың объективті бағдары); мәдениетке өрлеу ретінде, онда құндылықтар өз айқындауын және материалдық өрлеу шыңы бойынша көрініс табады; өзінің өрлеу шыңына шығу; «Өзгеге» өрістеу бағытын көрсету ретінде қарастырылады.

Студенттерде экологиялық мәдениетті қалыптастырудың құрылу үрдісі кезінде мақсатты ой құндылық мәнмен ара қатынаста болады (рухани баю); мазмұны – мәдениет мәнінде (жасампаздық, көркемдік-шығармашылық қызмет); тәрбиелеу құралы – қоршаған ортаны тану, өзін өзі тану және түрлі жүйенің өзара қызметі іспеттес тізбектелетін этнопедагогика негізіндегі өзара әрекет ету мәнісімен «тәрбиеленушілердің түрлі сипаты, түрлі деңгейі, түрлі бағыты».

Біздің ойымызша экологиялық мәдениеттің қалыптасуы халықтық педагогика мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Қазақтарда табиғат пен адам қарым қатынасындағы дәстүрдің табиғат пен әлеуметтік, бай  жан-жақты кешені құрылды. Бұл диалогтың ерекше сипаттағыларының бірі қазақтардың жерге деген құрметпен қарау әрекеті болып табылады. Қазақ тілі мынадай сөз тізбектеріне бай: жер ана (мать земля), туған жер (мать Родина), жер, Отан. Отаннан, ата-бабаларының жерінен кетсе де ол санасынан туған жерін, өлкесін шығара алмайды, ол себебі адам ой санасына терең енген. Адамның табиғатпен қарқынды қарым-қатынаста болуы айрықша жоғары, ол фольклорда және әдебиеттерде көрініс тапқан. Бірақ көбінесе адамдар күшті табиғаттан алып, өсімдіктер, шамшырақтар мен жан-жануарлармен қарым-қатынас жасау арқылы сезінеді, алады. Бұл қарым-қатынас түрі ешқашан жойылмайды және поэзияға тән. Адамның табиғатпен, халықтың жермен тығыз тұрақты байланысы ғылымда жаңғырып, пайымдалады. Қазақ халқының педагогикалық мұрасын жан-жақты және тыңғылықты оқып үйрену өз ішінде нақты ғылыми-практикалық мақсатты қажет етеді. Қазақ педагогикалық ой бастауында келесілердей танымал тұлғалар, яғни ғалым, ақын, ағартушылар: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев және т.б. олар қазақ халқының сана-сезімінің қалыптасуына, олардың тарихын, мәдениетін, тұрмысын және тағы басқаларын дәріптеуде бағасы жетпес құнды салым салды. Олардың ойлары қазіргі уақытта аса өзекті болып келеді, онда адамдардың түп тамырына, бастауларына қайтып келу үрдісі айқындалады. Айрықша ерекшеліктердің дамуына негізделген қазақ халқының ауызша-поэтикалық шығармашылық дәстүріаға буынның өскелең ұрпақпен үздіксіз қарым-қатынас жасауын, жастарды ізгілік рухында тәрбиелеу, туған жерін, оның табиғатын сүюге бағытталған.

Тәжірибе көрсеткендей оқу – тәрбие жұмыстарының нәтижелілігі үйлесімдік бірлікте жүзеге асып келе жатқан тәрбие мен оқудың маңыздылығы халықтың педагогикалық дәстүрін тиімді пайдалануға тікелей қатысы бар екені мәлім.

Кез келген мақалда «педагогикалық сәт» - ғибраттылық нышаны болады: мақалда ғибраттық сипаттағы айтылатын сөз, өмірдің түрлі сыры жайында болып, қысқа да нұсқа тәртіпте беріледі. Мақалды барлық халық шығарады, сондықтан халықтың ұжымдық ойын білдіреді. Онда халықтың өмірге деген шынайы бағасы қорытындыланып, халық ойы бақыланады. Халық мақалдары еске сақтауға оңай үлгіде болып келеді, ол этнопедагогикалық мәннің маңызын арттырады. Оның есте сақталуы сөз ойынымен, түрлі дыбысталуымен, ұйқастықпен, ырғақпен,   кейде тіпті шеберлікпен жеңілденеді. Бұндай жағдайда поэзия кемеңгерліктің сақталуы мен таралуы ретінде, тәрбиені үлгілейтін танымдық қызмет тәжірибесі ретінде орындалады, ал оның нәтижесі – тәртіп.

Осылайша, бұл мақалада біз қоршаған ортаға қатысты халық кемеңгерлігінің барлық мүмкіндігін мақсатты түрде пайдалансақ, онда студенттің жеке тұлғасын экологиялық-мәдениеттілік жағынан жақсы бағытта қалыптастыруға болады.

Әдебиет:

1.     Молдумарова Ж.К. Аспекты экологического образования и мировоззрения. Астана: Дарын, РНПЦ, №2, 2009 г., с. 119.

2.     Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. М, 1990г.

3.     Молдумарова Ж.К. Формирование экологических  знаний в процессе обучения. Материалы конференции  «6 Международная научно-практическая конференция «Ключевые проблемы современной науки – 2010», г Прага, Чехословакия, с.27-29.