Экономические науки
Талапбаева
Гульнар Едиловна
Сагындыкова
Айгерим, магистрант
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының телекоммуникация
нарығында «Қазақтелеком» АҚ– ның қызметін
экономикалық бағалау
«Қазақтелеком» АҚ — Қазақстан
нарығындағы қызмет көрсетудегі кең спекторлы
соның ішінде аудандық жерлерде қызмет көрсету бойынша
ірі телекоммуникациялық оператор саналады.
Компанияның
бар күші корпоративті басқарудың әлемдік
тәжірибедегі ең тиімді жолдарын енгізу, соған орай
мемлекеттің қатысуымен компанияның ұзақ мерзімді
құндылығын максимизациялау мүмкіндігі туады.
Бәсекелік позициясының мықтылығы, Компанияның
қаржылық тұрақтылығы, республиканың шамамен
барлық аймақтарында жоғары технологиялық
телекоммуникациялық желісі, нарықтағы үлкен
тәжірибесі Қоғам тұтынушыларына дәстүрлі
және жаңа қызметтердің жүзеге асырылуына
жағдай туғызады [1].
«Қазақтелеком»
АҚ телекоммниукациялық нарықтағы алатын үлесі
немесе
оның Қазақстан экономикасындағы рөлі өте
маңызды болып табылады. Осыған
көз жеткізу үшін төменде компанияның
көптеген телекоммуникациялық нарықта бүгінгі
күнгі жетістіктері дәлел болып отыр.
Қазақстанның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жалпы мемлекеттік
стратегиясын жүзеге асыру жолында ұлттық экономиканы дамытуда
маңызды орын алатын телекоммуникациялық сектор алдына
бірқатар стратегиялық міндеттер қойылғаны мәлім.
Мәселен, 2050 жылға қарай әлемдегі бәcекеге
барынша қабілетті 30 елге тән маңызды көрсеткіштерге
жету үшін бекітілген телефон байланысының тығыздығын,
ұялы байланыс пен интернет қызметтердің ену деңгейін
арттыру қажет. Бұл мәселедегі ерекше және жауапты
рөл телекоммуникация саласындағы жүйе құрушы
компания «Қазақтелеком» АҚ-на жүктелетіні
түсінікті де.
«Қазақтелеком»
АҚ сәтті қызметі жайлы «Euromoney» Халықаралық
баспа үйінің баслымдарында аталған. 2005 жылы «Қазақтелеком»
АҚ ТМД-ғы үздік телекоммуникациялық компания ретінде, 2006
жылы Орталық Азиядағы мықты телекоммуникациялық
компаниясы атанды. Қазақстандық қор биржасы «Қазақтелеком» АҚ
құрмет дипломымен, сонымен қатар бағалы
қағаздары Қазақстанның ұйымдық
нарығында 10 жылдан аса уақыт бойы айналымда жүрген
эмитенттерді марапаттады. «Қазақтелеком»
АҚ акциялары KASE-та 1997 жылдан бастап сатылады, қазіргі
таңда Қазақстанның қор нарығындағы
ең ликвидтті құралдары ретінде қарастырылады.
Қазақстанның
барлық аймақтарында Қоғам «операторлардың
операторы» болып саналады және телекоммуникация қызметінің
толық тұтынушылық қызметін қамтамасыз етеді,
яғни дәстүрлі телефония және телеграф қызметі,
мәліметтер берілуі мен Интернет желісіне қол жетімдігін,
Интеллектуалды және спутниктік желілерді және т.б. қамтамасыз
етеді [2].
Қазіргі таңда
Қазақстан Республикасының телекоммуникация нарығында
терең диспропорция байқалады. Негізгі оператор және
монополист ретінде «Қазақстелеком» АҚ компаниясы болып отыр, иелігінде 81%
дәстүрлі инфрақұрылымды құрайды, ал
қалған жеке сектор (Қазақсатан бойынша 200 жуық)
операторларына қалған бөлігі қалып отыр, себебі
бұл сала бойынша бәсеке деңгейі төмен. Сонада да, сала
бойынша табыстың көбірек бөлігі жаңа
операторлардың үлесіне (56%) келіп отыр. Бұл жағдай
жеке байланыс операторлары негізінен ұялы телефондардың
қызмет көрсетуіне маманданған және оларға
баға тым жоғары белгіленуімен түсіндіріледі.
Қазақстан
Республикасындағы телекоммуникация нарығында қызмет
атқарушы операторлардың алатын үлес салмағы бойынша
бірінші орында әрине «Қазақтелеком» АҚ компаниясы алыр
отыр. 2010 жылғы көрсеткіш көрсеткендей 41%-ды
құраған, алайда 2011 жылы 37%-ды құрап, 4%-ға қысқарғанын
байқауға болады, бұл ең алдымен жақты операторлар
мен ақылы ТВ қызметіне үлестің арқанын
байқатады. Егер жақты оператор Кар-Тел үлесі 2010 жылы нарықтағы
үлесі 14%-ды құраса, 2011 жылы 17%-ға артқан
және ақылы ТВ қызметі 2010 жылы 2011 жылмен
салыстырғанда 1%-ға артып сәйкесінше екі жақтың
көрсеткіші 4%-ға артып отыр. Аталған компаниялардың
телекоммуникациялық нарықта алатын үлесін 1-ші суретте
қарастырылған.
Телекоммуникация
нарығындағы операторлардың үлес салмағы 0% 5% 10% 15% 20% 25% 30% 35% 40% 45% Кар-Тел Голден-Телеком Транстелеком KazTransCom Астел Алтел Арна Кателко 2009 2010 2011
Сонымен,
бекітілген байланыстың қазақстандық секторында «Қазақтелеком»-нан
басқа 8 ірі салыстырмалы операторлар бар, жергілікті,
қалааралық және халықаралық байланыс
қызметін қамтамасыз етеді. Бұлар «Транстелеком» АҚ,
«Казтранском» АҚ, «Нұрсат» АҚ, «Арна» АҚ, «Астел»
АҚ, «TNS Plus» АҚ, «Техникалық ақпарат Орталығы»
ЖШС, «Ивентис-Телеком» ЖШС. Екінші топ көшбасшылары «Транстелеком» және
«Казтранском» алғашқы кезде темір жолдары мен мұнай
секторына қызмет жасайтын құрылымдар ретінде болды. Сондықтан,
айталық, «Казтранском»-да еліміздің мұнайлық батыс
аймағында әрқашан мықты позициясы болатын. Осы екі компания да жеке
тұлғаларға және корпоративті тұтынушыларға
абоненттік базаны өсіруде жеткілікті техникалық потенциалы бар.
Басқа
компаниялар өз қызметтерін Қазақстанның тек ірі
қалаларында ұсынады, олардың қызметтері корпоративті
тұтынушыларға негізделген. Төмендегі 1-ші кестеде ҚР-ның
телекоммуникация нарығындағы қызмет көрсетуші
операторлардың сегмент бойынша қызмет түрлері берілген [3].
Кесте 1 – ҚР-ның
телекоммуникациялық нарығындағы негізгі операторлардың
нарықтағы сегмент бойынша қызмет атқаруы
|
Нарық сегменті |
Операторлар |
|
Қондырылған
телефон |
Казахтелеком, Нурсат, DUCAT (Арна+Рахат-телеком), Казтранском,
Транстелеком, Astel, TNS-plus |
|
Ұялы
байланыс |
GSM Казахстан,
Кар-Тел, Dalacom/Altel |
|
Ақпарат
тарауы және Интернет |
Казахтелеком,
Нурсат, DUCAT (Арна+Рахат-телеком), Казтранском, Транстелеком, Astel,
TNS-plus, Golden-telecom, Кателко |
Берілген
кестеде Қазақстан Республикасының телекоммуникация
нарығында қызмет көрсетуші операторлардың негізгі
нарықтағы сегменттер бойынша – бекітілген телефон байланысы,
ұялы байланыс, ақпарат тарауы және Интернет,
операторларға көрсетілетін қызмет, кабельді немесе
ақылы ТВ, және т.б. қызмет көрсету сегменттерінде
қай оператордың қызмет ұсыну деңгейі қай
сегментке сай келетінін көруге болады. Төмендегі 2-ші кестеде
«Қазақтелеком» АҚ қызметінің СВОТ талдауы
берілген.
«Қазақтелеком»
АҚ алдағы уақытта телекоммуникация нарығында өз
монополиялық дәрежесін жоғалтуы, және ұялы
байланыстың қарқынды дамуы стационарлық байланысты
немесе оның позициясын айтарлықтай ығыстыра алатын
қаупі бар. Бұл
жағдайды 2 кестеде СВОТ талдауынан көруге болады, кәсіпорын
бүгінгі күні нарықта жеткілікті тұрақты орынды
қалап отыр. Алайда басқарманың жиі ауыстырылуы
кәсіпорынды көптеген тәуекелдерге алып келеді.
«Қазақтелеком» АҚ қызметінің 4 негізгі басымды бағыты
анықталған: инфрақұрылым және қызмет
көрсетудің сапа деңгейін көтеру; кең жолақты желіні және
Интернетке қол жетімдікті жетілдіру; қосылған
құнымен жаңа қызмет түрлерін енгізу; ұялы
сегментте өсуі; сыртқы нарыққа шығу.
Инновация және технология саласындағы өз уақытында
жасалған серпіліс Қазақстанның әлемдік
қоғамдастықтың толық құқылы
мүшесіне айналу мүмкіндігі айрықшы маңызды.
Кесте 2 – «Қазақтелеком»
АҚ қызметіне талдау жасау
|
Күшті
жақтары |
Әлсіз
жақтары |
|
Қызмет
көрсету түрінің бәсекелестерге қарағанда
көптігі. Бәсекелестерге
қарағанда материалды және қаржылық
базасының мықтылығы. Жоғары білікті
кадрлардың ауқымды үлесі. Салаға кіру
үшін жоғары қаржылық тосқауылдар. Фирма маркасы өте
танымал. Басқармада
қалааралық және халықаралық байланысқа
қол жетімдігі. |
Қызмет көрсету сапасы қатысты
төмен Салықтық өзгерістердің
қаупі Энерготасымалдарға бағаның
өсу қаупі Маркетингтің орташа ұйымдастырылуы |
|
Қауіп-қатерлер |
Мүмкіндіктер |
|
Мемлекеттік
деңгейде салада демонополизация
бағдарламасын енгізу. Бүкіләлемдік
тенденциялармен байланысты энерготасымалдарға баға
өсуінің қаупі бар. Қызмет
көрсету сапасы төмен болғандықтан, клиенттердің
ағылуы байқалады, ал бұл өтімділік нарығын
тарылтады және бәсекелестердің ұлғаюына
әсер тигізеді. Осыдан шығу үшін өз қызметін
сату кезінде сапасын көтеру қажет, яғни тұрақты
клиенттерге жеңілдіктер, сондай-ақ қосымша қызмет
түрлерін енгізу қажет. Орын басушы
өнімдердің сатылуының жоғарлауы – ұялы байланыс
қызмет түрлері |
Кәсіпорында
рационализаторлық ұсыныстарды енгізетін көптеген
жоғары білікті кадрлар бар, сондай-ақ кәсіпорын
өзінің дауында қолданатын шығармашылық
патенттер беру. Бұл қызметті модернизациялауға,
сапаның жоғарлауына, және байланыс нарығында
лайықты орын алуға көмектеседі. Кәсіпорынның
аумағында қалааралық және халықаралық
байланыс желілерінің болуы бүгінгі күнде қызметті
сатуда ең табысты көзі болып отыр, бұл
кәсіпорынға елдің көптеген өтімдік
нарығына қызметін көрсетуге және қызметті шет
елдерге экспортттауға мүмкіндік береді. |
|
Ескерту –
Автордың құрастыруы |
|
Инновациялық және
технологиялық дамудың шешуші факторы - өндірістің
тиімділігі және техникалық қайта жарақтану,
өнімдердің жаңа түрлерін игерудің
жылдамдығы, өндірістің жаңа технологияларын игеру және тиісті мамандармен
қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан үшін бұл
– маңызды бағыттардың бірі, өйткені ол
экономиканың басқа салаларындағы даму үрдістерінен
мультипликативті жандандыруға мүмкіндік береді [2].
«Қазақтелеком» АҚ
компаниясының инновациялық технологиясының
жетістіктірінің нәтижесінде тұтынушыларға
ұсынатын тиімді қызмет түрлерінің негізгі буындары.
Интернет желісіне қосылудың
кең жолақты қол жетімді қызметі – «Megaline».
«Қазақтелеком» АҚ нарықта Интернет қызметін
көрсету бойынша көшбасшы екені айқын, өзінің
мақсаты ретінде әрбір қазақстандық
компанияның, отбасының және әрбір адамның
өмір сүру деңгейін жеңілдетуде жоғары сапалы
Интернет желісімен қамтамасыз ету болып табылады. Нарыққа
кең жолақты Интернеттің максималды енуі
Қоғамның маркетингтік қызметінің негізгі белгісі
болып отыр.
Wi-Fi
— Интернетке қосылудың кең жолаңты сымсыз (ұялы)
қызмет ету қасиетімен ерекшеленеді. Қосылу Wi-Fi зоналарында қол жететін ноутбуктер, КПК
және тағы басқа «Centrino» (Wi-Fi) технологиясын
қамтамасыз ететін құралдар арқылы жүреді. Сонымен
қатар, «Қазақтелеком» АҚ 2006 жылдан бастап Интернет
желісіне Wi-Mах сымсыз технологиялары арқылы жобаларды атқарып
келеді.
Интернет Зонасы – жеті жыл бұрын «Қазақтелеком» АҚ компаниясының
арқасында Интернетке қол жетімдік әрбір
қазақстандықтар үшін, республиканың қай
жерінде болмасын «Зона Интернет» массалық
қызметі арқылы қосылу мүмкін болды. Қазіргі
күннің өзінде Интернет тұтынушылардың 70% жуығы осы қызметті пайдалануды қалайды.
«Қазақстандық Интернет» — бұл кез-келген қазақстандық провайдерлердің
серверлерінде орналасқан сайттар үшін қол жетудің
ең арзан жолы. Кез-келген азамат mail.kz
серверінде қалауы бойынша өзінің жеке электронды поштасын аша
алады.
Интернетке
қажеттіліктің кез-келген игіліктерін қанағаттандыру
мақсатында компания интернетке қосылудың «Тарлан+» және «I-card+»
атты карточкалық қызметін ұсынып келеді.
Ұялы
байланыс қызметі. «Қазақтелеком» АҚ
компаниясының еншілес компания тобы Теле 2, K’cell,
Activ атты бренді — GSM, PathWord, Dalacom стандартты ұялы байланыс
қызметін көрсетеді. Қазіргі уақытта өз
қызметін әрі қарай жетілдіру мақсаты бойынша
белігленген желіде конвергацияланған қызметін ұсынып отыр [4].
IP VPN: Metro Ethernet бағдарламасының
жүзеге асырылуы нарыққа кез-келген компанияға
қарапайым және еркін қол жетімді болатын корпоративті
виртуалды желінің құрылуына мүмкіндік туғызды. Қызмет ұйымдардың
құрылымдық бөлімдерін немесе
компания-серіктестерінің бір-бірімен қала ішінде, облыс ішіндегі
ауылды менкендерде, Қазақстан Республикасының барлық
территориясында және шетелде байланыстыруға мүмкіндік береді. IP VPN желісін құрудың
артықшылығы ретінде Қазақстан Республикасының
150-ден астам тұрғылықты пунктерінде қызметтің
қол жетімдігі, мәліметтердің берілуінің және
өңделуінің жоғары жылдамдығы, бекітілмеген
ақпараттың қауіпсіздігі, тәулік бойы техникалық
қолдау мүмкіндіктері жатады.
Байланыс операторларына қызмет. «Қазақтелеком» АҚ еншілес
компания топтары ауқымды инфрақұрылымды иелене тұра,
Қазақстан Республикасындағы қызмет жасап
тұрған операторларды өзінің және басқа
операторлардың желісіне қосылуын қамтамасыз етеді. Сол
оператор абоненттеріне Megaline қызметін франчайзингтік/агенттік келісім
арқылы жүзеге асырады.
Қоғамның Орталық корпоративті порталында «Байланыс
Операторларына» аталатын бөлім жасалған, онда байланыс
операторларының «Казақтелеком» АҚ телекоммуникация
желісіне қосылу жөніндегі айғақтайтын барлық
сұрақтар бойынша құжаттар енгізілген.
Телекоммуникацияның жалпы
қолданыс байланысына қосылу жөніндегі барлық
өтініштерін қабылдау мен қарастыру сұрақтары
бойынша 2009
жылы таксофонды байланыс арқылы қабылдау қызметі енгізілді. Ұялы байланыстың интенситві
дамуының өзінде таксофонды қызмет көрсету сақталып
келеді, бұл ең біріншіден заман талабына сай таксофон
тәулігіне 24 сағат бойы
кез-келген климаттық, кризистік және авариялық
жағдайларда қызметін жалғастыра беретінімен
түсіндіріледі.
Телевидениенің интерактивті қызметі (IP, ID
TV) кабельді ТВ-мен салыстырғанда кең спектрлі функциясымен
рекшеленеді. Негізгі артықшылығы ретінде: өтіп кеткен
телебағдарламаларды көруге (мысалы, кеше болған фильмді),
яғни телебағдарламаларды қолайлы уақытта көруге
болатындығында.
“Қазақтелеком” АҚ бүгінгі таңда NGN-желісін
құра отырып, қуатты техникалық база
қалыптастырды. Бұл қызметтер сапасын арттыруға
және операциялық шығынның артуына жол бермей,
өнімдік желіні кеңейтуге ықпал ететін болады. Шын
мәнісінде, Next Generation Networks ақпараттық
ағынның кез келгенін (дыбыс, деректер, бейне) басқару
мүмкіндігіне жол ашады. "Қазақтелеком" АҚ телекоммуникация желісін
Next Generation Network технологиясына көшіру" жобасының шеңберінде 2008 жылы Астанада
"Есіл өзенінің сол жағалауының мультисервистік
телекоммуникация желісі" жобасы аяқталды. Петропавл, Өскемен,
Семей және Шымкент қалаларында NGN желісі пайдалануға
қосылды. Атырау, Көкшетау және Ақтөбе
қалаларында NGN желісінің құрылысы басталды. 2011
жылдың аяғына NGN желісінің жалпы сыйымдылығы 712 066
абонентті құрады.
Қызмет
көрсету жүйесін жетілдіру шеңберінде 2008 жылынан бастап
«Қазақтелеком» АҚ «Электронды кезек» жобасын жүзеге
асырып келеді. Жобаны жүзеге асыру бойынша сервистік қызмет
көрсету пунктерінде жеке тұлға тұтынушыларына кезек
тәртібі бойынша орналастырылды. «Қазақтелеком» АҚ барлық
филиалдарында «Қоңыраулар бойынша қызмет көрсету
Орталығы», немесе «Call-центр» аталатын тұтынушылармен қарым-қатынасты
басқаратын CRM (Customer Relationship Management) базалық
жүйесінің аппараттық-комплекрограммалық шарасы іске
қосылды.
Қазіргі таңда Қоғам Қазақстанда
аудандық тұрғылықты пунктерді толықтай
телефонизациялауға кірісті, сымсыз байланыстың цифрлық
стандарты CDMA (Code Division Multiple Access) аудандарда радиоарна сымсыз
байланыс технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылды. CDMA технологиясын пайдалану
арқылы “ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерін
жаңғырту және дамыту” жобасы
бойынша 200 базалық станция орнатылды және республиканың
600-ден астам ауылдық елді мекенінде 57 мыңнан аса абонент
қосылды.
«Қазақтелеком» АҚ инвестициялық саясаты
маркетингтік-бейімделген, инновациялық, ұйымдық және
компанияның экономикалық тиімділігі, телекоммуникациялық
саланың және әлемдік экономиканың глобализациясының
ырықтандыру шартына сәйкес
ішкі және сыртық нарықта бәсекеге қабілетті
компания құруға бағытталған.
Қоғамның
басымды инвестициялық даму бағыттарына Ұлттық
ақпараттық супермагистраль (ҰАСМ) жатады, жергілікті
телекоммуникация желісін дамыту және модернизациялау, ақпараттарды
беру, коммерциялық жобаларды дамыту, жаңа бизнес түрлерін
(инфокоммуникациялық бизнес, ұялы байланыс) дамыту жатады.
Біріншілік
желіні дамыту жобаларына келесі жобалар кіреді:
1)
Ұлттық ақпараттық супермагистраль (ҰАСМ)
құруды жетілдіру. DWDM технологиясы негізінде модернизациялау
ұлттық телекоммуникациялық нарықтың
қажеттіліктерін 5 жыл және одан жоғары
қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
2) Берілген
шешім ақпараттардың берілу желісінің
инфрақұрылымын толық сақтауға, сонымен
қатар MPLS технологиясы базасында қосылған
құнымен жаңа қызмет түрлерін ұсынуға
мүмкіндік береді. MPLS технологиясын енгізу қазіргі кезде
қолда бар ақпарат таралуының түрлі қызметін
біріктіруге мүмкіндік туғызады.
3) Қазақстандық Интернет желісін жоғары
технологиялық ақпараттарды таратудың негізінде дамыту.
«Екіншілік желі» дамыту шараларына ірі
қазіргі қолданыстағы желіні дамыту, жергілікті телекоммуникациялық
желіні дамыту және модернизациялау, заман талабына сай желінің
құрылымын тиімділеу және эксплуатцияның жаңа
әдістерін енгізу және ауылдық желіні дамыту, каналдық
сыйымдылықты кеңейту жатады:
1) NGN желісін құруды жетілдіру. Нәтижесінде желінің келесі буынын (NGN) дамытуды
жетілдіру пакеттік коммутация бойынша телекоммуникациялық желінің
әлемдік тенденцияларына сәйкес келеді.
2) Кең жолақты
Инетрнетке ADSL технологиясы
арқылы қол жеткізуді дамыту және жетілдіру.
3)
Сымсыз қол жеткізудің Wi-Fi, Wi-Max технологияларының
құрылысын одан әрі жетілдіру [4].
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. «Телефон байланысы қызметін
көрсету Ережесі», 2004 ж.
2.
«Продуктовый каталог услуг АО «Казахтелеком», 2011 ж.
3. Миссюль
Е.Э. «Модернизация телекоммуникационной сферы РК как условие интеграции в
мировое информационное пространство», Астана – 11.01.2007 ж.
4. Ахмедиянов
А.Ү., Ниязбекова Р.Қ., Ақылбекова Ш.Қ.,
«Телекоммуникациялыық қызметтердің бәсекелестік
мүмкіндіктері», Астана – 2006ж.